Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмаларын қолдану үлгілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмаларын қолдану үлгілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмаларын қолдану үлгілері. Қазақ тілінен сабақ беретін оқытушыларға арналған әдістемелік көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұғыну және бағалау

Мәтін түрі

Мәтін мазмұны

Кіріктіру және түсіндіру

Табу және үзінді келтіру

Мәтіннен тыс бөлімге сүйену



Мәтінге сүйену

ОҚУ

САУАТТЫЛЫҒЫ

Жарқайың ауданының

«Білім бөлімі» ММ

«Өмірлік негізгі мектебі» КММ





Оқушылардың оқу сауаттылығын дамытуда

PISA тапсырмаларын қолдану үлгілері




Жинақтаған:

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Абишева Жанаргүл Бауыржанқызы




Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмалары


Елбасы Н. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық іс-қимыл жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің Қаулысымен бекітілді [1]. Ұлттық жоспар Қазақстан Республикасындағы білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары ретінде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту іс-қимылдарының мақсаттылығын, біртұтастығы мен жүйелілігін қамтамасыз етуге бағытталып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үдерісін мазмұндық, оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін қамтиды. Сонымен қатар, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында да анық көрсетілген [2].

Бағдарламаның басты мақсаты жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның құбылмалы әлемге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Осыған орай алған білімдері негізінде әрекет етуге қабілеттілік пен даярлықты білдіретін қалыптасқан құзыреттіліктерді анықтауда халықаралық зерттеу тапсырмаларының маңызы зор.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын, жалпы айтқанда грамматикасын үйрету –қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Оқу сауаттылығына білім алушының жазба жұмыстарды түсінуі және оларға рефлексия жасауы, өзінің мақсаттарына жету жолында олардың мазмұнын пайдалана алуы, білімінің дамуы және қоғамдағы өмірге белсене қатысу мүмкіндігі жатады. Оқығанын өмірлік мақсаттарға қолдана алу түсінігі мен қабілеті бағаланады [7, 40 б.].

PISA тесті оқу сауаттылығы бағытында алдыңғы қатардағы халықаралық сарапшылар қажет деп таныған мектеп түлегінің алған білімін сәтті жүзеге асыруы және шынайы өмірде қолдана алу құзыреттіліктерін белгіледі. Оқу сауаттылығын бағалау үшін білім алушыларға берілген мәтіндегі материалдарды салыстыру, автордың ойын аңғару, жауапқа дайындалу барысында нақты дәлелдемелер табу ұсынылады.

Мәтін, жағдаят және сұрақ – оқу сауаттылығын бағалаудың 3 негізгі өлшемі. Оқуға арналған материалдар әртүрлі форматта көрсетілген, атап айтқанда, көркем әдебиет және ғылыми танымал мәтіндер, ресми құжаттар, қоғамдық маңызды жағдайлар туралы мәлімет, кестелер, графиктер, диаграммалар мен карталар форматында.

Осылайша «білім алушылардың функционалдық оқу сауаттылығы» бағытында зерттеу әдістемесі тек қана оқуды емес, сонымен қатар адамның мәтінмен қатынасының жеке аспектілерін қарастырады. Бәрінен бұрын, жеке хаттарды оқуды енгізетін өз мақсаттары үшін оқу, көркем әдебиетке қызығушылық пен әртүрлі ақпараттық мәтіндер мен нұсқауларды есепке алады.

Мәтіндерінің шынайылығы (өмірдегі мысалдар) PISA тестерінің ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің осы бағыты бойынша тест сұрақтары ретінде көркем мәтіндер қолданылады.



Shape1







1-сурет – PISA / функционалдық оқу сауаттылығы

Мәтін №1 «ЕМ»



Демалыс күндерінің бірі. Барлығымыз серуенге шықтық. Тап-таза ауаны жұтып, құстардың түрлі-түрлі сайраған үндерін естіп, көңіліміз көтеріңкі. Балалар әр нәрсені сұрап, соларға жауап беріп келе жатқан болатыңбыз. Маржан қарағайда шор болып қатып қалған хош иісті шайырдан опырып алып иіскеп тұр. "Әке мына шайырды қарағайға кім жақты?" — дейді. "Балам, бұл шайыр ағаштың өзінен шыққан ғой. Демалуға келген, табиғатқа жаны ашымайтындардың кеселінен болган жара ма, кім білсін. Қалың шөптің арасында жоғалтып алатын болған соң, біреу ағашқа пышақ шанышқан. Пышақты суырып алғаннан кейін, әлгі жараланған жерден хош иісті шайыр ағып, жараны бітеп, емдеген. Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер, - деді әкесі.

Сұрақ 1: Ем

Әкесінің: «Қарағым, ағаш екеш, ағаш та өзін-өзі емдейді. Сендер еш уақытта мұндай іс істемеңдер», - деген сөзді айтуының мәнісі неде?

___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

Сұрақ 2: Ем

Бүгінде заман талабына сай пышақсыз ота жасауға бола ма?

__________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________

Сұрақ 3: Ем

Ретімен жазып сәйкестендір


1

Есептік сан есім


Екінің бірі ән айтады

2

Реттік сан есім


Бес – алтыдан бөлінді

3

Жинақтық сан есім


Бесеуі жолға шықты

4

Болжалдық сан есім


Бір сағат өтті

5

Топтау сан есім


Жетпістей адам келді

6

Бөлшектік сан есім


Екінші үйде тұрады





Дауысты дыбыстар

Shape2



















Сұрақ: Неліктен дауысты дыбыстар /түсіндір/

1 тілдің қатысына қарай жуан және жіңішке болып бөлінеді?

2 жақтың қатысына қарай ашық және қысаң болып бөлінеді?

3 еріннің қатысына қарай еріндік және езулік болып бөлінеді?

---------------------------------------------------------------------------------------------------------

------------------------------------------------------------------------------------------------------ Мәтін №2 Дегелеңдегі жарылыс

-Айтуар! Айтуар! Ананы қара! Дегелең жақтан саңырауқұлақ шықты. Қара! Қарасаңшы! Саңырауқұлақтың үлкені-ай! Қып-қызыл от...Жалын...Күннен де жарық...Қара, қара деймін! Күн көрінбей қалды. О-охо-хо! Қызыл күн...Қызыл күн шықты...- деп Қажымұрат жартасқа жабыса айғайлайды. Бірақ мен жартас қуысына кіріп, қорыққаннан көзімді тарс жұмып, жер бауырлап жата бердім. Тұла бойым дірілдеп, менімен бірге бүйірімдегі қара жер де солқылдады. Маңайды дүріл басып, бетті жалын жалап, төңіректі жай отындай сәуле шарпыды. Шілде айының аптабынан да ыстық, күшті дауыл тұрды. ...Сол жылы күзде үздік оқитын Қажымұрат мектепке келмеді. Соқыр болып қалған оны әке-шешесі Алматыда емдетуге көшіп кетіпті.

  • Қара жер қандай күйге енді?

  1. Жылады

  2. Солқылдады

  3. Қайғырды

  4. Еңіреді

Дұрыс жауабы: B)Солқылдады

  • Жартас қуысына тығылған баланың аты кім?

  1. Қажымұрат

  2. Айтуған

  3. Алпамыс

  4. Айтуар

Дұрыс жауабы: D)Айтуар

  • Төңіректі қандай сәуле шарпыды?

_____________________________



р\с

Мәтін

Иә

Жоқ

1

Қажымұрат өзінің соқыр болып қалғанына кінәлі ме?



2

Айтуарды қорқақ деп санайсыз ба?



3

Сәуле мен дауылдың ортасында байланыс бар ма?







  • Сізше, Қажымұраттың сауығуына мүмкіндігі бар ма? Жауабыңызды дәлелмен келтіріңіз.

_________________________________________________________________------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------



  • Қазіргі таңда атом станцияларының салынуына сіздің көзқарасыңыз қандай?

_______________________________________________________________

























Мәтін № 3 Тұмау

Қыстың суық күндерімен қосылып бізге тағы бір қауіп келеді- ол тұмау. Бұл өте қауіпті, жұқпалы ауру, вирус арқылы жұғады. Басқа жұқпалы ауруларға қарағанда тұмау өкпенің қабынуына, отит, гайморит, жүрек ауруларына және жүйке ауруларының асқынуына әкеліп соқтырады.

Өкінішке орай, біз әлі тұмауға қарсы шара қолдануды үйренген жоқпыз. Бірақ, интерферон, ремантадин, ликопид, амиксин, арбидол, афлутон дәрілерінің өте пайдалы екенін білдік. Бұл дәрілердің бәрінің вирусқа қарсы емдік қасиеттері бар.Тұмаудан қорғанудың бірден-бір жолы- егу. Ресейдің «Гриппол», француздың «Ваксигрипп» компаниялары тұмауға қарсы 11 түрлі дәрі-дәрмек ұсынды.

  • Тұмау қай кезде қозады?

  1. Жаз айында

  2. Ауа райының суық кезінде

  3. Жаздың қапырық кезінде

  4. Жауын- шашынды күндері

Дұрыс жауабы: B)Ауа райының суық кезінде



  • Бетпердені күніне неше рет ауыстыру керек?

_____________________________________

Дұрыс жауабы: 8

  • Тұмау кезінде қабынатын ағзаларды атаңыз:

_____________________________________

Дұрыс жауабы: Өкпенің қабынуы, отит, гайморит, жүрек аурулары

р\с

Мәтін

Иә

Жоқ

1

Тұмаудың алғашқы белгілері пайда болғанда дәрігер шақырту керек пе?



2

Бөлмені күніне 2 рет таза ауамен желдету жеткілікті ме?



3

Тұмау кезінде сұйықтықты ішуді шектеу қажет пе?





  • Тұмауға қарсы екпені алу тиімді ме, тиімсіз бе?

_______________________________________



  • Жұқпалы тұмаудың жыл сайын жаңа түрлері пайда болуда. Сонда адамзаттың тұмауға қарсы күресі өз нәтижесін бермеді ме?

_______________________________________



Мәтін № 4 «Вексиллогия»

Әлемде жалғыз-ақ вексиллология (вексиллюм –ту деген латын сөзінен шыққан, вексиллология –ту туралы ғылым) институты бар. 1973 жылы Лондонда вексиллологтердің бесінші конгресі өткізіліп, оған 14 елден 57 делегат қатысты. Конгрестің төрағасы болып вексиллология институтының директоры американдық Уитни Смит сайланды. Смит конгресте өзі басқарған институттың нәтижелі жұмыс істеп жатқанын зор интуиазммен хабарлап, оған мысал ретінде Оңтүстік Американың Гайана мемлекеті институт жасаған ту суретінің жобасын қабылдағанын айтты. Мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу үшін вексилологтер тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларын жасау бір жерден басқарылғанын дұрыс деп есептейді. Мысалы, Индонезияның туы Монаконың және Польшаның туларына ұқсас болып кеткен.

Конгреске қатысушылар «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланады.

«Табиғат ғажайыптары» кітабынан.



Келесі сұрақтарға жауап беру үшін,жоғарыда келтірілген «Тулардың да тарихы бар» мәтінін пайдаланыңдар.

Сұрақ 1: «Тулардың да тарихы бар»

Егер мәтінге сенетін боласақ «Барлық мемлекеттердің туларынан жаугершілік рухты білдіретін рәміздер алынып, бейбіт еңбек рәміздері бейнеленсін» деген үндеу жарияланған. Үндеуді жариялауға 14 елдің делегаттарының қатысуына не себеп болды деп ойлайсыңдар?

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Біздің Мемлекеттік Ту халықаралық сарапшылар тарапынан жақсы баға алған. Бонн қаласындағы Дүниежүзілік вексилология ғылыми-зерттеу институтының директоры Р. Климеш мырзаның 1992 жылы жазған хатында біздің Мемлекеттік Туға жоғары баға берген көрінеді. Осындай жақсы лебіздер АҚШ, Германия, Ресей елдерінің тутанушылар тарапынан да айтылған.

«Алтын бесік» журналы

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді пайдаланыңдар.



Сұрақ 2: «Тулардың да тарихы бар»

Вексилология –ту туралы ғылым. Қалай ойлайсың, вексикология институты қазір жұмысын жандандырып жатыр ма? Жауаптарыңызды растайтын мысалдар келтіріңіз.

.....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



Әр халықтың, әр ұлттың жанына жақын, айрықша қастерлейтін өз баяуы, өз түсі де болады. Осыған орай ұлттық бояу деген ұғым кең тараған. Оның терең танымдық мәні, қолдану үрдісі және әріден бастау алатын төл тарихы болады.Алғашқы геральдистердің бірі Ансельм жасаған кесте бойынша, ол-адалдықтың, кіршіксіз тазалық пен бейкүнә пәктіктің нышаны, әрі осы реңдес ту көтерген елдің саясатына ерекше сенім көрсетуге болады деген ойға жетелейді.

«Қазақстан рәміздері» кітабы

Келесі сұрақтарға жауап беру үшін жоғарыда келтірілген мәтінді пайдаланыңдар.

Сұрақ 3: «Тулардың да тарихы бар»

Бұл мақалада не айтылды?

А. Вексиология институты

В. Рәміздердің тарихы

С. Мемлекеттік туға жоғары баға беріді

Д. Ұлттық бояу

Е. Тутанушылар



4. Есімдіктің мағыналық түрлерін жазыңыз.

Shape3


Тапсырмаларды орындауға арналған ұсыныстар:

1-тапсырма

1. Мәтінді оқыңыз.

2. оқушы ойы

2-тапсырма.

Мысалдар келтіру

3-тапсырма

1. Дұрысын табу

Жауаптары:

1 Жауап: Үндеуге 14 елдің делегаттарының қатысуына мемлекеттік тулар мәселесіндегі қиындықтарды шешу. Тәуелсіздік алған жаңа мемлекеттердің туларынан бейбіт өмірдің нышаны айқын сезілуін және бір үлгіде жасалынып кетпеуін, бір жерден басқарылуын дұрыс деп есептейді.

2 Жауап: Вексилология институты 1973 жылдан бері өз жұмысын жалғастырып жатыр.

3 Д. Ұлттық бояу

4 Жіктеу, Сілтеу, Сұрау, Өздік, Жалпылау, Белгісіздік, Болымсыздық.

Бағалау кестесі.

Ең жоғары балл – 6













Әлем тілдерінің алуан түрлілігі

Адам қанша тілде сөйлейді?

Картаға қарап, кейбір бағалаулар бойынша біздің планетамызда 6800 – ге жуық тілдер бар екені туралы ойланып көріңдер. Барлық

тілдердің тоқсан алты пайызында жер халқының 4% ғана сөйлейді. Әлемдегі сөйлеу тілдерінің нақты санын іс жүзінде анықтау мүмкін емес.

Бұл тілдерде қай жерде сөйлейді?

Этнологке сәйкес, Азияда шамамен 2200, Африкада -2060, Австралия мен Мұхит өңірінде – 1300 тілде сөйлейді, Солтүстік және Оңтүстік Америкада -1000 және Еуропада -230 тіл қолданылып жүр.

Әлем тілдерінің қолданылуы диаграммада көрсетілген.

Қолданылатын тілдердің ең көбі қай елдерде?

Әлемде белгілі тілдердің жартысын небәрі сегіз елдің халқы пайдаланады.

Ел

Тілдер саны

Халық (миллион)

Папуа Жаңа Гвинея

832

6,3

Индонезия

731

231,6

Нигерия

515

148

Үндістан

400

1169

Мексика

295

106,5

Камерун

286

18,5

Австралия

268

21,1

Бразилия

234

187,2








Неліктен тілдердің нақты санын анықтау қиын?


Біріншіден, көптеген тілдер жөнінде біз өте аз білеміз. Әлемнің көптеген бөліктерінде тілді зерттеу аяқталған жоқ. Кейбір тілдерді табу (ашу) әлі алда. Көптеген тілдер жеткілікті зерттелген жоқ. Бұл Азияның, Африканың, Австралияның, сондай – ақ Солтүстік және Оңтүстік Американың да көптеген тілдеріне қатысты.

Екіншіден, ұлттық болмыс пен өзара түсінісу нышандары үйлеспеуі мүмкін. Кейбір жағдайларда саяси нышандар лингвистикалық мәселелерден басым болып жатады. Мысалы, швед, дат және норвег тілдері өзара түсінісуге қиыншылық туғызбайды, дегенмен әр түрлі елдерде осы тілдерде сөйлейтін болғандықтан олардың үшеуі де өз алдына жеке тілдер болып саналады. Басқа жағынан алғанда, қытай тіліндегі көптеген диалектілер өзара түсініспейді, бірақ бір елде сөйленетіндіктен және бір жазу жүйесін қолданатындықтан, бір тілдің нұсқалары деп саналады.

Бір тілде қанша адам сөйлейтінін анықтау неге қиын?

Белгілі бір тілде сөйлейтін халық санын бағалаулардың едәуір айырмашылықтары болуы мүмкін. Кейбір зерттеулер тек ана тілінде ғана сөйлейтіндерді есепке алады. Басқалары ана тілінде де, қарым – қатынас жасайтын тілде де сөйлейтіндерді қосады. «Этнолог» бүкіл әлемде ағылшын тілін қолданудың мынандай статистикасын келтіреді: бірінші тіл ретінде – 508 миллион адам қолданады.


Сұрақ 1: Әлем тілдері

Қай өңірде тілдер бәрінен аз?

А. Солтүстік және Оңтүстік Америка

В. Африкада

С. Еуропа

Д. Азия

Е. Австралия және Мұхит өңірі


Сұрақ 2: Әлем тілдері

«Барлық тілдердің тоқсан алты пайызындағы жер халқының 4% - ы ғана сөйлейді» (1 – ші азат жол)

Бұл нені білдіреді?

А. адамдардың көпшілігі тек бір тілде сөйлейді.

В. Кейбір адамдар көп тілдерде сөйлейді.

С. Көптеген әлем тілдерінде адамдар өте аз сөйлейді.

Д. Кейбір әлем тілдері қолданыстан шыққан.






Сұрақ 3: Әлем тілдері миллион адам, ал бірінші және екінші тіл ретінде -Оқырман бірінші беттің соңындағы кестеге, содан кейінгі екінші беттегі мәтіннің бірінші азат жолына қарап, былай деді: «Мақаланың бұл екі бөлігі бір – біріне қарама қайшы».

Ол не туралы айтты?

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сұрақ 4: Әлем тілдері

Мақаланың екінші бетінде тілдердің нақты санын анықтау қиындығының бірнеше себебі аталады.

Төменде осы қиындықтың мүмкін екі себебі келтірілген.

Бұл мүмкін себептердің әрқайсысы мақалаға енгізілді ме? Жауап беру үшін «Ия» немесе «жоқ» сөздерінің бірін айналдыра сызыңыз.

Мүмкін себеп

Бұл себеп мақалаға енгізілді ме?


Адамдардың «тіл» деп нені санау керек екені жөнінде пікірлері қайшы.

Ия/Жоқ

Кейбір тілдер тек ауызша түрде ғана бар, олардың жазуы жоқ.

Ия/Жоқ





















Мен «алмасу оқушысы» бола аламын ба?

Мен де алмасу оқушысы бола аламын ба? Бұл ой мені қорқытады, бірақ, сонымен бірге өте қызығарлық. Егер мүлде қорықпасаңыз, бұл танданарлық болар еді.Ең бастысы – сіз мұны қалайтыныңыз және сіздің күтуіңіздің толық орындалуы.

Үміткерден не талап етіледі? Оқушылар алмасумен шұғылданатын әр түрлі ұйымдардың талаптарының айырмашылығы аз ғана, бірақ олардың барлығы үміткердің жасына, бітірген сынып санына, үлгеріміне және жеке басының қаситеттеріне нақты талаптар қояды. Әдетте жас шамасы 15 – тен 18- ге дейін. Оқушы негізгі мектепті (9 сынып) немесе 10 сыныпты бітіруі талап етіледі.

Оқушылар алмасу жұмысының алғашқы жылдарымен салыстырғанда, қазіргі кезде, үлгерім шешуші фактор емес. Көптеген жағдайларда, «орташа үлгерім» жеткілікті болады. Үлгерімнің біршама төмен деңгейінің есесі әңгіме өткізу кезінде оқушының жақсы әсер қалдыруымен қайтарылуы мүмкін. Көп жағдайларда мектептен немесе мұғалімнен мінездеме қажет болады. Бұдан басқа, өтінішіңізге сіздің мектептегі бағаларыңыз бар көшірмені қосу керек.

Тілді білу жиі жазба жұмыс (тест) арқылы және өте сирек ауызша экзамен арқылы бағаланады. Сірә, үміткердің шет тілінде жүгіртіп сөйлей білу талап етілмеуі тиіс, өйткені тіл біліктілігі мен дағдысын дамыту оның шетелге оқуға баруға әзірлену себептерінің ішінде бірінші орында тұр. Әңгімелескенде үміткерлер күнделікті өмірдегі қатынаста ең болмағанда өздерінің пікірі мен қалауын қарапайым сөздермен білдіру және қысқаша, жеңіл – желпі сөйлесе алуы ескеріледі.

Жақсы денсаулық міндетті шарт. Бірақ сізге өз еліңізде мектепке баруға ештеңе кедергі жасамаса, онда сіздің алмасу оқушысы болмайтыныңыздың себебі де жоқ. Кейбір созылмалы аурулар, мысалы, қатты аллергия, сіз бірге тұратын, лайықты отбасын іздеу уақытын көбейтуі мүмкін. Бірақ бұл сізді тоқтатпауы тиіс.

Барлық ұйымдар оқушының жеке басының қасиеттеріне ерекше көңіл аударады. Әсіресе, ісі мен әрекеттеріндегі сенімділік, жақсы әдеттер, көңілді мінез, қарым – қатынас жасай білу, бейімделе алу, ұжымда жұмыс істеу білу, кемелдену, оқуға ынтығу және ой өрісінің кең болуы маңызды деп есептеледі. Бұл қаситеттердің барлығы үміткермен жеке әңгімелесу барысында және мұғалім немесе мектеп әкімшілігі берген мінездеменің негізінде бағаланады.

Сұрақ 1: Мен «Алмасу оқушымы бола аламын ба?»

Бұл мақаланың басты ойы неде?

А. Оқушылар алмасатын жеке бағдарламаны жарнамалау

В. Алмасу бағдарламаларға қатысу қандай мүмкіндіктер беретінін түсіндіру.

С. Алмасу бағдарламасының мақсаттарын атап шығу.

Д. Алмасу бағдарламасына қатысу талаптарын сипаттау.



Сұрақ 2: Мақалада не жазылғаны туралы айтуға болады (оның мазмұны туралы)

Мақала қалай жазылғаны туралы айтуға болады (оның стилі туралы)

Мақаланың авторы келешекте алмасуға қатыса алатын оқушылардың назарын аудару үшін. Оны осындай мәнерде жазуға тырысты.

Қалай ойлайсыңдар, бұл оның қолынан келді ме? Жауаптарыңызды растайтын мысал келтіріңіз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................

Сұрақ 3. Мақаладағы мәліметті пайдаланып, неліктен сізер таңдаған талап алмасу агенттігі үшін сонша маңызды екенін түсіндіріңіз.

....................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................................



PISA тапсырмаларын оқу әрекетіне кіріктіру тәжірибесінде пайдаланудың тиімділігі

Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуда оқу бағдарламасындағы әрбір пәннің рөлі зор. Соның ішінде қазақ тілі мен әдебиетінің алатын орны ерекше. Осы ретте, оқушыға халықтың қоғамдық өмірін, арман-мүддесін танытуда, оларға идеялық-саяси, рухани-адамгершілік, этикалық-эстетикалық т.б. тәрбие беруде, дүниеге көзқарасын, мінезін, жалпы мәдениетін қалыптастыруда көркем әдебиетті қуатты құралдардың бірі ретінде пайдалану – әдебиет пәнінің басты мақсаты болып есептелсе, тіліміздің өзіндік қалыптасқан нормаларын үйрету – қазақ тілінің басты міндеті болып танылады.

Нұрсұлтан Назарбаев : «Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.

Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс.

Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды.»

Болашақ азамат өз ұлтының тілі мен әдебиетінің асыл мұрасымен сусындау арқылы туған халқының тарихымен, мәдениетімен жете танысып, білімін кеңейтеді. Қазақ тілінің грамматикасын терең меңгерген оқушы, қоғамның кез келген саласында қиналмай жұмыс істеп, өзінің функционалдық сауаттылығын көрсете алады.

Жалпы білім беретін орта мектептегі оқушыны жеке тұлға ретінде және оның ұлттық сана-сезімін, өзіндік, дүниетанымын, азаматтық ұстанымын, рухани құндылықтарын қалыптастыруға негіз болатын әлемдегі аса бай, мазмұнды, көркемдік деңгейі жоғары әдебиеттердің қатарындағы қазақ әдебиеті пәнін жүргізудің өзіндік қыры сан қилы.

Әдебиет – оқушыға беймәлім өмірді танытатын қуатты құрал. Әдебиет арқылы біз оқушыларға ұлттық болмысымызды, асыл қасиеттерімізді танытамыз. Адамға тәрбие беруші әуелі, ата-ана, сонан соң ұстаз, мектеп, қоршаған орта екені баршамызға белгілі. Өнер, ғылым бар жұртта өскелең ұрпақ тәрбиені ата-анадан да, мектептен де, араласатын ортасынан да, өздері оқып жүрген қазақ әдебиетіндегі түрлі аңыз-ертегілерден де аларына ешкім шүбә келтірмейді. Әдебиет адамға өмірді танытып қана қоймайды, ол адамды тәрбиелейді. Адамның өмірге көзқарасын танытады, мінез-құлқына ықпал етеді, күллі тіршілігіне әсер етеді. Қазақ әдебиетіндегі көркем туындыларды оқыған сайын өмір сырын, Отан, ерлік, елдік, жақсылық, жамандық, секілді ұғымдардың мәнін оқушы терең аңғарады. Олар өнерді сүйетін, одан рухани ләззат ала білетін, көркемдік талғамы бар, адамгершілікті, нәзік сезімді болып өседі. Дөрекілікке, бойкүйездікке, жамандыққа аяқ баспайды. Пән мұғалімі оқушының назарын аудару үшін сабақ кезінде әртүрлі тақырыптық, пәнаралық, сыныпаралық байланыс орнатып, қызықты әңгімелерді сахналық көрініс ретінде өтуді ұйымдастыра білуі қажет. Сондықтан, түрлі көрнекілік құралдарын қолдану, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау, ажырату, тақтаға жазу, айтқан ойды мысалдармен дәлелдеу, сөздікпен жұмыс, проблемалық мәселелерді шешу, нақтылы және жалпылама тапсырмалар беріп, шағын шығармашылық жұмыстарды орындату, оқушының бірін-бірі сынауы, өзіндік пікір білдіруі, баяндама жасауы, ғылыми зерттеу жазып қорғауы т.б. алуан түрлі әдіс-тәсілдерді қолданған жөн. Осындай әдіс-тәсілдерді түрлендіріп, жүйелі түрде пайдаланатын мұғалімнің шәкірттері өздігінен жұмыс істеуге тез үйренеді. Орта буын оқушыларының арнайы ереже дәптерлері, альбомдар, сөздіктері, канспектілері, хронологиялық кестелері болуға тиіс. Сонымен бірге, шығармашылық дәптері бөлек болғаны дұрыс. Оған оқушы өздеріне ұнаған мақал-мәтелдерді, афоризмдерді, шешендік сөздерді де жазып алып жүруге баулу керек. Осы ретте, шығармашылыққа жақын кейбір оқушылар сол дәптерге қысқа әңгіме, мақала, күнделік, пікір жазып үйренуіне мүмкіндік туады.

Тіл мәселесі, әсіресе, небір бұлыңғыр күндерді, тар жол, тайғақ кешулерді бастан өткерген қазақ тілінің мәселесі қашан да өткір әрі өзекті болмақ. Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы әркімде де толғандыруы тиіс.

Қазақ тілін оқыту алдына үлкен міндеттер, оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру қажеттілігі қазіргі таңда да қарастырылып келе жатқан мәселе. Демек, тіл ғылымының үздіксіз дамуының нәтижесінде, адам баласы ой-санасының, дүниетанымының өсуіне байланысты оқыту әдістемесі де қатар жетіліп байып отыр. Өйткені, озат мұғалімдер тәжірибелерінен толығып оның мазмұны мен жүйесі, құрылысы, кеңейіп, байып отырады. Қоғам ілгері дамыған сайын оқыту мазмұны да күнделікті жаңарып, жетіліп отырады.

Озық ойлы адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық, әлеуметтік, мәдени өзгерістер дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.Жаңа технологияның басты мақсатының бірі – баланы оқыта отырып оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Яғни, ғылыми негізде білім беру үшін жаңа технологияларды меңгере отырып, оны сабаққа енгізу педагогтар алдындағы өзекті мәселе екені анық.

Түйін сөз: Оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту – бүгінгі заман талабы. Осы ретте, қазақ тілі мен әдебиеті пәнін дұрыс меңгерте білудің маңызы зор. Педагогтың шеберлігі, яғни шығармашылық пен жауапкершілікті ұштастырып сабақ өткізу- заман талабынан туындап отырған мәселе. Жоғары деңгейде сабақ беретін оқытушының алдынан шыққан оқушы – өмір айдынындағы өз жолын адаспай табады, азамат болып қалыптасады. Бұл ұстаз үшін абыройдың үлкені, әрбір мұғалім осыған ұмтылса ұрпақ алдындағы қарыздың өтелгені.Сыныптан тыс оқу бағдарламасындағы «Абайдың әңгімесі» шығармасын осы PISA талаптарына сай танытудың үлгісін ұсынамын.

Абайдың әңгімесі

-Менің Әбдрахман деген балам бар еді.Оны ерте жасынан Семейдегі орыс мектебіне түсірдім.Оны бітірген соң,Петерборға жібердім.Қыс оқып,жазда демалысқа үйге келді.Баламның ғалымдығын сынап білейін деген оймен әңгіме үстінде : «Қалқам,Әбіш,осы әлемдегі жаратылыста ақ зат асыл ма ,қара зат асыл ма ?»-деп сұраған едім. Ол іркілместен :

-Ақ зат асыл ғой,-деді.

-Неге,қара зат асыл емес пе?

Әбіш бетіме қарап күліп:

-Қараны қалай асыл дейсіз?-деді.

-Біріншіден,адам баласы барлық дүниедегі жаратылысты көзбен көреді емес пе?-дедім мен.-Бірақ көздің ағы көрмейді.Ортасындағы кішкене қарашығы ғана көреді.Екіншіден,қағаз-ақ,одан адам оқып білім ала алмайды,үстіне қара сиямен жазғаннан өнер-білім алады.Үшіншіден ,жас шақта адамның сақал-шашы қара болады.Қартайғанда адамның шаш-сақалы ағарады.Ал,адамда ,білім,қайрат та азаяды,сондықтан қараны асыл ма деп ойлаймын,-дедім,

-Оның бәрін қалай білдіңіз?

-Ақылмен білдім.

-Олай болса ,ақыл мида болмай ма,ал ми ақ зат емес пе? Екіншіден ,ақыл-нұр,жарық зат.Ал жарық ол да аққа ұқсамай ма?-деді Әбіш.

Ұлымның тауып айтқан сөзіне риза болып,маңдайынан сипадым.

1.Психологиялық көңіл –күй тудыру. Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін тыңдату.Мұғалім әрекеті .Сұрақ-жауап арқылы:- Бұл әнді тыңдағанда қандай ой келеді. Оқушыларға сұрақ бере отырып тақырыпты ашу. Яғни тақырып «Абайдың әңгімесі».

2. Операциялық кезең . Мәтінді мұқият оқу.

1. «Қолжетімділік және үзінді» аспектісі бойынша мына сұрақ қойылады.

Мәтінде не туралы айтылған?

А. Баласы әкесін құрметтеуге лайық

Ә. Әкесі баласын сынады

Б. Баласы әкесінің махаббатына ие бола алмады.

В. Баласы әкесін аяды.

2. «Біріктіру және түсіндіру» аспектісі бойынша мына сұрақ қойылады.

А) Абай Әбдрахманды неліктен сынағысы келді?

Жауабыңызды дәлелдеп жазыңыз. Осы жерде «қысқа сөйлемдер» стратегиясын қолданыңыз.

Ә)Мәтінді бірлесе оқып ,қажетті белгілерді қойыңыздар.

Код белгілері

Белгі мағыналары


Сіз үшін жаңа мәлімет немесе жаңа сөз,сөз тіркесі болса

_____________

Маңызды ақпараттың астын сызыңыз

+

Келіскен пікірдің жанына немесе үстіне белгі қойыңыз

Х

Келіспеген пікірдің жанына немесе үстіне белгі қойыңыз

?

Түсінбеген мәліметтің қасына қойыңыз


Ұқсас ақпаратты байланыстыру үші

Күні:

Сыныбы: 7

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы:

Келер шақ. Болжалды келер шақ


Оқу мақсаты:

Келер шақ, келер шақтың бір түрі болжалды келер шақ туралы толық түсінік алады.

Міндеттері:

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге үйрету;

Сөйлеу мәдениетін дамыту;

Ана тілін құрметтеуге тәрбиелеу.


Күтілетін нәтиже

Барлығы: Келер шақ. Болжалды келер шақ туралы түсінік алады.

Көбісі:Келер шақ. Болжалды келер шақты басқа шақтардан ажырата алады

Кейбірі: Келер шақ. Болжалды келер шақты ажыратып, дәлелдей алады.

Тілдік мақсат

Үштілділік: шақ - время – tense

Тақырыпқа қатысты терминдерді біледі және диалогта пайдаланады

Өтілген тақырып

Келер шақ. Болжалды келер шақ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдер

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ресурстар

І. Сабақтың басы

10 минут

Ұйымдастыру кезеңі

а) сәлемдесу, сынып тазалығы

ә) оқушыларды түгелдеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

Психологиялық ахуал «Сен жақсысың, өйткені...» (2 минут)

  • Суреттер арқылы оқушыларды үш шаққа қатысты жұпқа бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру

154 – жаттығу. «Ауыспалы шақтардың сыры» атты шағын мәтінді аяқтау. (5 минут)

Жұп – жұппен үй тапсырмасын тексеріп өтеді.

Сұрақ – жауап әдісі.

Қызығушылықты ояту (2 минут)

Балалар, бүгінгі біздің сабағымыз «керуен» түрінде жүргізіледі. «Керуен» сөзін естігендерің бар ма?

Керуен – алыс жерге жүк тасу немесе сауда жасап қайтуға арналған көлік тізбегі.

Мұғалім: Қандай керуен жолын білесіңдер?

Керуен сөзі қазір қолданыла ма?

  • Керуен жайлы видео көрсетіледі.

  • Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы осы керуен сөзіне байлансты?

  • Бізді алдымызда не күтіп тұр деп ойлайсыздар?

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады )

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы келер шақ және келер шақтың түрі болжалды келер шақ деп аталады. Өздерің айтқандай алдымызда болатын іс әрекетті болжалдап беру болжалды келер шақтың қасиеті.

Оқушылар сәлемдеседі, кезекші оқушы сыныпты түгендейді

Тренингке қатысады

Үй тапсырмасын оқушылар жұп – жұппен тексеріп өтеді. Қойылған сұраққа жауап береді, мағынасын ашады.

Қазіргі таңдағы қолданысы жайында өз ойларымен бөліседі.



Гүл, қиылған суреттер









Интерактивті тақта

ІІ. Сабақтың ортасы



30 минут


Жаңа білімді меңгерту (5 минут)

  • Бүгінгі сабағымыздың табысқа жету критерийлерін айтып өтейік. Оқушылар айтып болғаннан кейін сабақтың мақсаты шығады.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Келер шақ қимылдың, іс – әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді. Мысалы: Мен бұл жұмысты бітірем.

Болжалды келер шақтың жасалу жолдары:

Болжалды келер шақтың жасалу үлгісі

-ар, ер, р

Мыс: Әперер

Болымсыз етістіктен кейін есімшенің с жұрнағы жалғанып жіктелуі арқылы жасалады.

Болжалды  келер шақтың  жіктелуі:

Жекеше:                                   Көпше:

I. Бар-ар-мын                       Бар-ар-мыз

II.Барарсың                          Бар-ар-сыңдар

Барарсыз                               Бар+-ар-сыздар

III.Барар                                Барар


«Өз елім» (5 минут + 3)

1 тур. «Өз елім» біздің керуеніміз өз елінен шығып бара жатыр.

1-тапсырма – Етістіктің шақтарын қатыстыра отырып өз елі жайлы жоба жасау.

1 – жұп. Өткен шақ 2 – жұп. Осы шақ 3 – жұп. Келер шақ

Критерийлері: Етістіктің шақтарын қатыстыра отырып, өз елінің тарихы туралы сөйлемдер құрау.

Дескрипторлары

  • Етістіктің шақтарын қатыстыра отырып, сөйлемді дұрыс құрауы;

  • Өз ойын дәлелді айта алуы;

  • Деректермен дұрыс жұмыс жасауы.


«Тапқырлар қалашығы» (5 минут)

Біздің керуеніміз, балар әрі қарай жылжуда. Біз «Тапқырлар қалашығындамыз»

2-тапсырма. Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» әңгімесінің аудио нұсқасы тыңдатылады. Оқушылар осы аудиомәтін бойынша тапсырмалар орындайды.

1 – жұп: мәтін бойынша сұрақтар дайындайды.

2 – жұп: мәтіннен етістіктерді теріп жазып, шақтың түрін анықтайды

3 – жұп. Мәтіннен сөйлемді теріп жазып, сөйлем мүшесіне талдайды.



Критерийлері. Аудиомәтінді тыңдап, берілген тапсырмаларды орындау.

Дескрипторлары:

  • Етістіктің шағын дұрыс табу;

  • Өз ойын дәлелдей білу;

  • Сұрақ құруда етістіктің шақ түрлерін дұрыс қолдану;


Сергіту сәті: «Айтқан сөзімді тап» (1 минут)

«Білімділер елі» (5 минут)

Біздің керуеніміз әрі қарай жылжуда, біз «Білімділер еліне» келдік.

3-тапсырма. Тақтаға үш оқушы шығып, оларға тапсырмалар беріледі. Қалған оқушылар осы тапсырмаларды дәптерлеріне орындайды.

  1. Тапсырма – сатылай кешенді талдау бойынша математикалық әдіспен фонетикалық талдау жасау.


ұстаздар: = 8 0 = 3    ( ұ , 2 а )

5( с , т , д , з , р )


2 – тапсырма. Етістікті жіктеу.


3 – тапсырма. 155 – жаттығу. Болжалды келер шақтың қосымшасын бөліп көшіріңдер.


Критерийлері: Берілген тапсырмаларды талапқа сай орындау.

Дескрипторлары:

  • Өз ойын дәлелді айтуы;

  • Келер шақтың жасалу жолын меңгеруі;

  • Тапсырманы талапқа сай орындауы.

«Дарындылар шахары» ( 5 минут)

Енді балалар біздің керуеніміз «Дарындылар шахарына» келді.

«Печенье» деген мәтін беріледі, сол мәтін бойынша тапсырмаларды орындайды

Сұрақ – 1. Әңгіменің басында қыз бала не істеді?

А)Вокзалда поезд күтіп отырды

В)Вокзалды тастап шығып кеткісі келді

С) Вокзалдан газет сатыл алды

Сұрақ -2. Әңгіменің ортасында қыз : «Сене алар емеспін!» деп ойлады. Қыз бала неге сене алмады.

Сұрақ -3. Көз алдыңызға елестетіңізші, әңгімеде сөз болған қыз бен ер адам әңгіме аяқталғаннан кейін бірнеше минут кейін кездескен болса, қыз бала ер адамға не айтар еді.


Критерийлері. Тапсырманы орындау барысында шақтарды орынды қолдана алу.

Дескрипторлары

  • Сөз байлығының болуы;

  • Шығармашылық тұрғыдан қарауы;

  • Болжалды келер шақтың жалғауларын дұрыс қолдану.


Дәптермен жұмыс, жаңа тақырыпты жазып, түртіп отыру әдісі






Тапсырмаларды орындауда шығармашылық белсенділік танытады


Бағалау парақшасын қолданып бағалап отыру



Дәптермен жұмыс жүргізеді











Оқушылар сергіту сәтіне қатысады.






Берілген тапсырманы орындайды















Берілген ұйқастарды негізге ала отырып, өлең құрастырады



Тұрақты тіркестерді жазып, етістіктің шақтарының астын сызады

«Біздің болашағымыз» тақырыбында эссе жазып өтеді


Оқулық, дәптер















Плакат, суреттер, маркер














ІІІ. Сабақтың соңы

5 минут





Үй тапсырмасы. (4 минут)

Бағалау парағы Күні:

Тақырыбы: Келер шақ. Болжалды келер шақ.

Аты-жөні: ________________________________

Сыныбы: 7

Жұмыс түрлері

Ұпай

Оқушының өзін-өзі бағалауы

Мұғалімнің бағасы

1.Үй жұмысы




2.Жаңа сабақты меңгеруге байланысты тапсырмалар

1-тапсырма

2-тапсырма

3-тапсырма

4 –тапсырма











Қорытынды баға




Бағалау критерийлері:

«5» - 14 – 12 балға дейін «4»-11- 9 балға дейін «3»- 8 - 6алға дейін

Бүгін мен білдім:__________________________________________

Бүгінгі сабақта ұнады:_____________________________________

Қиындық тудырды:________________________________________

Білгім келеді:______________________________________________


Кері байланыс жасайды


Өзін өзі бағалау


Үй тапсырмасын түсінеді және күнделікке жазады


Кері байланыс, бағалау парақшалары



Өзіндік талдау
















Сабақтан көрініс







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.03.2025
195
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі