400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі пәнінен тжб жауаптары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен екінші тоқсан жиынтық бағалау
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ

Қазақ тілі

7- сынып

Білім алушының аты-жөні:

Күні:


Бөлім: «Сүйіспеншілік пен достық», «Музыка өнері және қазақтың киелі домбырасы»


Оқу мақсаттары:


7.О4. Идеясы ұқсас











публицистикалық және көркем



әдебиет стиліндегі мәтіндердің



тақырыбы, құрылымы, мақсатты


аудиториясы, тілдік ерекшелігін


салыстыра талдау






7.ӘТН4.2. Еліктеу сөздердің



стильдік мәнін түсініп қолдану



7.Ж5. Оқылым және тыңдалым



материалдары бойынша тірек







сөздер мен сөз тіркестерін







синонимдік қатармен ауыстыра


отырып, жинақы мәтін жазу.








Бағалау критерийі:


  • Идеясы ұқсас







публицистикалық және көркем

әдебиет стиліндегі мәтіндердің тақырыбы мен құрылымын;

  • Аудиториясы мен тілдік ерекшелігін салыстыра талдау

  • Еліктеу сөздеді түсініп қолданады;

  • Тірек сөздер мен сөз тіркестері синонимдік

қатармен ауыстырып, жинақы мәтін жазу


Ұзақтығы: 40 минут











Оқылым – 15 минут

Жазылым – 25 минут

Балл саны: 15

Тапсырмалар түрлері

Оқу және жазу сауаттылығы тапсырмалары

Бір жауап сұрақтар

Көп таңдауы бар сұрақтар

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар

Толық жауапты қажет ететін сұрақтар


Жиынтық бағалаудың құрылымы

Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 2 компоненттен тұрады: біріншісі -


- оқылым және әдеби тіл нормаларын, екіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

1- тапсырма. Мәтіндерді мұқият оқып, тұжырымдардың дұрыс, бұрыстығын анықтап, кестені толтырыңыз



1- мәтін


Ертеде бір ақылды қария болыпты.Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп:

-Ақсақал, мен қандай жігітпін? Сынаңызшы, -депті.Қарт жігітке:

-Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын, -депті. Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті.Қарт жігіттің жолдасымен ұзақ сөйлесіп, ақырында жігіттің өзін шақырыпты.Жігіт келген соң, қарт:

-Шырағым, жаман жігіт емессің,-депті.

-Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?-депті жігіт.Қарт күліп:

-”Жігітті жолдасына қарап бағала”  дейді халық,-депті.



2- мәтін


Қазақтың киіз үйі, қара домбырасы және айтыс өнері әлем елдерінің ең ежелгі мұралары ретінде "ЮНЕСКО" тізіміне енгені белгілі. Табиғаттың үнін, тұлпардың дүбірін, адамның сырын шанағынан төгілткен домбыра енді жыл сайын ұлықталатын болды.Домбырадан төгілген күмбір-күмбір күйлер кейде сылқ-сылқ күлген ару қыздың күлкісін елестетсе, кейде сылдыр- сылдыр бұлақ үнін құлағыңызға әкеледі. Сол сәтте көлбең-көлбең сағым елес көз алдыңыздан өтеді.

Алтайдан Анадолыға дейінгі түркі халықтарында домбыра аспабы кең таралғанын білеміз. Қазақтың қара домбырасының тарихы тым әріден басталатындығын айғақтайтын деректер жетерлік. Домбыраны талай ғалымдар зерттеп,тер төкті. Білгендерімен бөлісті. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидың еңбектерінде тамбур аспабы жайлы айтылады. Өзбектердің дутары алғаш рет әл-Хусейнидің "Музыкалық канон" деген трактатында кездеседі. XI ғасырда Махмұд Қашқари ежелгі түріктердің бірнеше аспаптарының түрін атап кеткен. Ол – қобыз, бубен, тамбурин, барабан, қоңырау, сыбызғы, сигналдық барабан.

– Хорезм маңынан табылған балбал тастағы суретте бала қолына бір аспапты ұстап отыр. Оған әлемде ең ұқсасы – қазақтың домбырасы. Осы балбал тастың тарихы б.з.д. 5 мыңыншы жылдан басталады. Қазақ дегеннің аты да, иісі де жоқ кез. Демек қазақтан бұрын домбыраның болғандығын көрсетеді. 

[5]


Тұжырымдар

дұрыс

бұрыс

Танымайтын адамды жолдасына қарап бағала



Домбырадан бұрын қазақ пайда болған



«Музыкалық канон» трактатында домбыра туралы айтылады



Домбыра тұлпардың дүбірін келтіреді



Айтыс – ең ежелгі мұралар




2- тапсырма


1. 2- мәтіннің стилі [1]

A) Көркем әдебиет

B) Ғылыми стиль

C) Пулицистикалық

D) Іс-қағаздар стилі

E) Ауызекі сөйлеу стилі


2. Мәтіндердің мақсатты аудиториясы[1]

A) Ғалымдарға

B) Оқушыларға

C) Студенттерге

D) Барлығына

E) Дәрігерлерге


3. Қазақтан бұрын домбыра пайда болғандығының дәлелі [1]

A) "ЮНЕСКО" тізіміне енгені

B) Әл-Фарабидің еңбектері

C) «Музыкалық канон» трактаты

D) М.Қашқари еңбегі

E) Балбал тастағы сурет


4. 1- мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын даналық ой [1]

A) Досыңа достық — қарыз іс.

B) Жаман дос: көлеңке...

C) Досы көпті жау алмайды.

D) Жақсы дос – сатылмайтын байлық.

E) Кімнің досы жақсы болады, өзі де жақсы болады.


5. 1- мәтінде кездесетін еліктеуіш сөз [1]

A) Балбал тас

B) Сылдыр-сылдыр

C) Домбыра үні

D) Көлбең-көлбең

E) Тұлпардың дүбірі



  • 3- тапсырма. Берілген мәтіндегі асты сызылған тірек сөздер мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстырып, жинақы мәтін жазыңыз, тақырып қойыңыз. Көлемі 60-70 сөз [5]



Қоңқайдың «Қамбардың майда қоңыры» күйінің аңызы домбыра аспабының шығу тарихынан сыр тартады. Жылқының пірі атанған Қамбар ата алғаш домбыра аспабын жасап, онда алғаш күй шығарып тартқан адам деген аңыз қазақ пен қатар түркі халықтарының біразында кездеседі. Осы аңызды Қоңқай күйшінің білгені анық. Қоңқайдың «Қамбардың майда қоңыры» күйінің аңызында осы жағдай егжей-тегжейлі баяндалған. Осы бір күйді орындап, әрі аңыз-әңгімесін айтып жеткізуші Күнес ауданы Талды ауылы Шегірбұлақ қыстағының тұрғыны домбырашы Шыңғысхан Тұтқабекұлы: «Жылқы пірі Қамбардың жорға-жүрісі бірдей қоңыр аты болыпты. Ол осы атына мініп, қайыру бермей жабайы болып кеткен жылқыларды өрістен айдап келіп ауылдың атпал азаматтарына құлындарды шыңғыртып байлатып, асау биелерді ұстатып саудырып, тұңғыш рет қымыз ашытыпты. Қамбар ата қымыз іше отырып, мүсіні мен жүрісіне, желісі мен шабысына жылқы малы тең келмейтін қоңыр атына арнап күй шығарыпты. Ең алғаш домбыра жасап күй шерткен де осы Қамбар ата екен. 





Оқылым. Балл қою кестесі




1

дұрыс

бұрыс

балл

Тұжырымдар




Танымайтын адамды жолдасына қарап бағала

+


1

Домбырадан бұрын қазақ пайда болған


+

1

«Музыкалық канон» трактатында домбыра туралы айтылады


+

1

Домбыра тұлпардың дүбірін келтіреді

+


1

Айтыс – ең ежелгі мұралар


+


1

2- тапсырма


Дұрыс жауабы

балл

2- мәтіннің стилі


С

1

Мәтіндердің мақсатты аудиториясы


Д

1

Қазақтан бұрын домбыра пайда болғандығының дәлелі


Е

1

1- мәтіннің мазмұнын қорытындылайтын даналық ой


Е

1

1- мәтінде кездесетін еліктеуіш сөз


В

1

Барлығы



10 балл



Жазылым балл қою кестесі

Талаптары

Балл

Қосымша

Тірек сөздер мен сөз тіркестерінің синонимдерін алмастырады.

1


Мәтін мазмұнын сақтайды.

1


Жинақы мәтін құрады.

1


Мәтін құрылымын сақтайды, тақырып қояды

1


Сауатты жазады

1


Барлығы

5 балл








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
26 желтоқсан
780
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі