Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Қазақ тілі пәнінен тжб жұмысы. 5-класс. 1-тоқсан.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
Жиынтық бағалауға шолу
Ұзақтығы: 45 минут
(уақыт оқылым мен жазылым жұмысына арналған. Тыңдалым мен айтылым сабақтан
тыс, қосымша уақытта өткізіледі)
Оқылым – 20 минут Жазылым – 25 минут
Балл саны: 30
Тапсырмалар түрлері
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 компоненттен тұрады: біріншісі - тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған
Тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Тапсырма |
Қамтылатын мақсаттар |
Тапсырмалар түрлері |
Тапсырмалар сипаттамасы |
Орындау уақыты, мин |
Балл |
1 |
11.1.3.1 мәтінде көтерілген мәселені (қоғамдық-саяси, ғылыми) талдай отырып, негізі ойды анықтау және ғаламдық мәселелермен салыстыру |
Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 200-250 сөзден тұратын тақырыпқа қатысты мәтінді тыңдайды. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсініп, мәтін мазмұнына сүйеніп, көтерілген мәселені талдайды, негізгі ойды анықтайды, ғаламдық мәселелермен байаныстырып айтады. |
Тыңдалым мен айтылым сабақтан тыс, қосымша уақытта өткізіледі (әр білім алушыға 3-5 минут беріледі) |
10 |
1-10 |
11.2.2.1 таза ғылыми стильді тілдік құралдар арқылы тану (терминдер, ұғымдар, шартты белгілер, синтаксистік құрылымы)
11.2.3.1 таза ғылыми стильдегі тезис, аннотацияның құрылымы мен рәсімделуін білу, жанрлық ерекшеліктерін талдау |
Қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
200-250 сөзден құралған мәтін беріледі. Мәтінді оқып, мазмұны негізінде берілген сұрақтарға жауап береді және мәтінге қатысты өз пікірін, көзқарасын білдіріп жазады. Таза ғылыми стильдегі мәтіннің құрылымы мен рәсімделуін анықтайды, тілдік ерекшеліктерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. Мәтіннен терминдерді, тілдік оралымдарды, өзге стиль элементтерін анықтайды. |
20 |
10 |
1-2 |
11.3.5.1 әртүрлі тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, шығармашылық жұмыстар (өлең, әңгіме, естелік, шығарма) ұсына білу
11.4.1.1 мәнмәтін бойынша тілдік бірліктерді орфографиялық нормаға сай жазу
11.4.5.1 мәтін және мәтін үзінділері деңгейінде тыныс белгілерін қолдана білу |
Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар |
Оқушылар ұсынылған екі тақырыптың бірін таңдап, 150-180 сөзден тұратын әңгіме не естелік жазады. Жазылым жұмысында тақырып бойынша көркемдегіш құралдарды ұтымды қолданып, ойын дұрыс жүйелеп жеткізуді ескереді, орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазуы бағаланады. |
25 |
10 |
Барлығы |
45 минут |
30 |
Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 1-нұсқа
Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Киіну. Сән.Талғам. Фонетика
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика
Тыңдалым мен айтылым [10]
Тапсырма. Оқылған мәтінді мұқият тыңдаңыз. Есіңізде ерекше қалған сөздерді, тіркестер туралы ойыңызды 7-8 сөйлеммен толықтырып жеткізіңіз.
«Әлем назарын аударып жүрген дизайнерлер Қазақстанда да жоқ емес. Еліміздегі эстрада жұлдыздары мен атақты жүргізушілер, кәсіпқой қыз-келіншектер отандық дизайнерлердің киім үлгілерін кие бастады. Шетелдік D&G, Louis Vuitton сынды брендтерді «Aya Bapani», «Aida Kaumenova» шығарған киімдер алмастырып отыр. Көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген танымал дизайнерлерді бізден біле аласыздар. Ая Бапани Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани. Оның өнерге деген таланты әкесінен дарығандығы айтылып жүр. Ая Бапани қазақ көркем сурет өнерінің классигі Әлібай Бапановтың қызы. Ая Бапани киім үлгілерін ұлттық нақышта сәндеп жүр. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді. «Fashion TV Central Asia 2013» премиясында Орта Азияның үздік сән дизайнері атағын иеленді.
ОҚЫЛЫМ
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жакап беріңіз.
ҚЫЗЫР АТА КЕЛГЕН КҮН
Бірде Қызыр ата дүниенің төрт бұрышын аралап жүріп, Қазақ еліне тап болыпты. Әне ел деп осыны айт. Жері қандай кең-байтақ болса, халқы да сондай дарқан. Шетінен мейірімді. Доспын дегенге құшағы айқара ашық. Ата дән риза болады. Әрине, Қызыр атаның жүрген жері қашан да молшылық. «Тойларың тойға ұлассын. Мейрамдарың көп болсын!» деп бата береді. Қызыр ата келген күн жыл сайын мейрамға айналыпты. Оны өздерінше «Наурыз» деп атап алса керек.
1.«Қызыр ата» деген кім? [2]
2.Мәтінде қазақтың қандай ұлттық мейрамы туралы айтылған? [1]
3.Мәтінде аталған дәстүр қалай тойланады? [2]
4.Қарамен белгіленген сөздің мағынасы қандай? [1]
5.«Дос» сөзінің антонимін табыңыз. [1]
6.Дастарханда отырғанда қандай бата бересің? [2]
7.Қызыр ата жылдың қай айында, күнінде келеді? [1]
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Берілген тақырыпқа жарнама немесе эссе жазыңыз. (150 сөз)
Сіз қазақи нақыштағы фирма ашып жатырсыз. Заманауи үлгідегі қазақша киімдерді тігіп, сатылымға бердіңіз. Алайда, сатып алушылар еуропалық стилдегі киімдерге көптеп ұсыныс тастап жатыр. Фирмаңыздың гүлденуі үшін жарнама жасаңыз.
Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары 2-нұсқа
Мәдениет: тіл және қарым-қатынас. Фонетика
Киіну. Сән.Талғам. Фонетика
Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер. Лексика
Тыңдалым мен айтылым [10]
Тапсырма. Оқылған мәтінді мұқият тыңдаңыз. Есіңізде ерекше қалған сөздерді, тіркестер туралы ойыңызды 7-8 сөйлеммен толықтырып жеткізіңіз.
«Әлем назарын аударып жүрген дизайнерлер Қазақстанда да жоқ емес. Еліміздегі эстрада жұлдыздары мен атақты жүргізушілер, кәсіпқой қыз-келіншектер отандық дизайнерлердің киім үлгілерін кие бастады. Шетелдік D&G, Louis Vuitton сынды брендтерді «Aya Bapani», «Aida Kaumenova» шығарған киімдер алмастырып отыр. Көпшіліктің ықыласына бөленіп жүрген танымал дизайнерлерді бізден біле аласыздар. Ая Бапани Отандық сән әлемінде ерекше көзге түсіп жүрген дизайнердің бірі – Ая Бапани. Оның өнерге деген таланты әкесінен дарығандығы айтылып жүр. Ая Бапани қазақ көркем сурет өнерінің классигі Әлібай Бапановтың қызы. Ая Бапани киім үлгілерін ұлттық нақышта сәндеп жүр. Жас дизайнер тек спортта ғана емес, сән үлгісінде де ел мәртебесін арттыруға болатындығын дәлелдеді. «Fashion TV Central Asia 2013» премиясында Орта Азияның үздік сән дизайнері атағын иеленді.
ОҚЫЛЫМ
Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып шығып, төмендегі сұрақтарға жакап беріңіз.
Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова – қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.
«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының
атқарушы директоры.
Оқушы кезінен-ақ достарының арасында көшбасшы болуға тырысқан. Сыныпта
болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлген. Алғашқы
қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген іс-шараға үнемі қатысатын болған.
Дизайнерлік салада «Kuralai» сән үйі бар. Ол өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанында-ақ қағаз бетіне
түсіре бастаған. Сән салонында қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді ұнатқан екен. Нәтижесінде 1994 жылы өзінің сән үйін ашады.
1. Құралай Заманбекқызы деген кім? [2]
2.Мәтінде Құралайдың қандай қасиеттері туралы айтылған? [1]
3.Мәтінде не туралы айтылған ? [2]
4.Қарамен белгіленген сөздің мағынасы қандай? [1]
5.«Дос» сөзінің антонимін табыңыз. [1]
6. Сән үйі қалай аталды және қашан ашылды? [2]
7.Көшбасшы болу дегенге қалай түсінесің ? [1]
ЖАЗЫЛЫМ [10]
Берілген тақырыпқа эссе жазыңыз. (150 сөз)
«Отбасылық ғұрыптар» туралы не
білесіз? Дәлелдер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100-150
сөз көлемінде)