Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындау" кітапшасы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Материалдың қысқаша нұсқасы


Көкшетау қаласының «№8 орта мектебі» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Саликова Гульсара Базкеновна



Қазақ тілі пәнінен ҰБТ-ға дайындау(жоба тақырыбы)

Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін үйретудің жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тіл табысуға қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу. Осы мақсатқа жету үшін ынталандырушы және қолдаушы ортаны құра отырып , қажетті тілдік дағдыларды дамыту керек. Мұндай ортада оқушылар тілдесімнің түрлі формаларын қолдана отырып, өз пікірін еркін білдіре алады. Оқу процессінде оқушылардың сыныптастармен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасында тілді сауатты пайдалануын ынталандыру қажет. Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Тілдік төрт дағды оқушының сөйлеу әрекетін қалыптастырады. Сондықтан оқушыларға осы төрт дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор.

Тыңдалым дағдысы оқылым сияқты қабылдаушы дағды. Тыңдалым – «аудирование» деген терминнің білдіретін мағынасы – «Есту арқылы түсіну». Бұл айтылған не техникалық ақпараттарға жазылған аудио мәтіндегі сөздерді, сөйлемдерді тыңдай білудің нәтижесінде қабылдау және түсіну деген ұғым. «Тыңдалым кезінде тілді меңгерген тыңдаушы бір не бірнеше адам айтқан ауызша ақпаратты

Айтылым – өндіруші дағды. Тілді қабылдап үйренуден гөрі сөйлеу көрініс тауып отырады. Айтылым дегеніміз өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсу барысында ойымызды жеткізу үшін сөздерді қолдану.

Тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

*тыңдауға, мазмұнын түсінуге әр түрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;

*мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;

*тыңдаған мәтін бойынша сұрақтар қою;

*мәтін бойынша жоспар құру;

*тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;

*мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;

*мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;

*мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;

*ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;

*жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру; жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу;

*берілген тақырып бойынша диалог құру.

2017 жылғы ҰБТ жаңа форматын тапсыру ережесі


Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі кезеңде өтеді.

1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

2. ҰБТ – жоғары оқу орындарына түсу емтиханы.

1. 11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі, екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

Ұсынылған үш тақырыптан оқушы бір тақырыпты таңдайды. 250-300 сөзден тұратын эссе жазуы қажет.

Эссе тақырыбын таңдағаннан кейін бітірушілер негізгі идеяны анықтауы (ол не туралы?), проблеманы жинақтауы, дәлелдер жазуы, тіл құралдарын және тілдік әдістерді (салыстырулар, эпитеттер, метафоралар, риторикалық сұрақ, кіріспе сөздер мен ұсыныстар т.б.) пайдалануы, эссенің жалпы қорытындысын қалыптастыруы керек.

Қазақ тілінен эссенің үлгілік тақырыптары

  1. Саяхатшылар өзі келген елдің салт-дүстүрін сақтауға

міндетті ме?

2. Ғылыми-технологиялық прогресс адамдарға әсер етеді деп ойлайсыз ба?

3. Киноөндіріс жастарға өз әсерін тигізеді деп ойлайсыз ба?

Барлық жұмыстарға бірыңғай бағалау өлшемшарттары қолданылады.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар математикалық фактілерді, түсініктерді және тәсілдерді меңгеру деңгейін анықтауға, есеп шығару және логикалық тапсырмаларды шешу дағдыларын, функционалдық сауаттылығын білуге бағытталған.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

Әр билетте 3 сұрақтан болады. Екі сұрақ Қазақстан тарихының барлық курсының негізгі бөлімдерінен теориялық сұрақтар, 3-ші сұрақ шығармашылық тұрғыдағы тапсырма (карта, кескіндер, портреттер, хранологиялық кестелер пайдалану арқылы тапсырмалар т.б.).

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

Бұл пәндердің тапсырмаларының саны мен нысаны мынадай болады.

Лексикалық-грамматикалық блок – 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; 

«Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін,

200-250 сөз);

«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз).

5) Таңдау бойынша бір пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды) тестілеу.

Бұнда барлығы 40 тест тапсырмасы болады (80 минут, 40 сұраққа – 60 балл беріледі), оның 20 сұрағы бір дұрыс жауабын табу арқылы (20 балл беріледі), 20 сұрағы бірнеше дұрыс жауабын табу арқылы (40 балл беріледі).

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді

Емтиханға берілген бағалаумен келіспеген жағдайда, бітіруші келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің және облыстық білім басқармаларының жанынан құрылған комиссияға шағымдануына болады.

Қорытынды аттестаттаудың нақты мерзімі Министрліктің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығымен айқындалады (2017 жылғы 30 сәуірге дейін). Емтихандар шамамен 2017 жылғы 29 мамыр мен 9 маусым аралығында өтеді.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдарын дайындауды және білім басқармаларына дейін жеткізуді Ұлттық тестілеу орталығы, ал мектептерге дейін жеткізуді білім басқармалары ұйымдастырады.

Жазбаша және ауызша емтиханды бағалауды, берілген дұрыс жауап кодтары негізінде жауап парақтарын тексеруді мектепте құрылған емтихан комиссиясы әр пән

бойынша жүргізеді.

Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап

парақтары, сұрақ кітапшалары т.б.) мектепте бір оқу жылы бойында сақталады.

Бітіру кештері мектепте 2017 жылғы 15 маусымға дейінгі мерзімде  өткізіледі.

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ (ҰБТ)

ҰБТ жоғары оқу орнына түсу емтиханы және мемлекеттік гранттарды бөлу жүйесі  ретінде қалады.

2017 жылғы ҰБТ форматы бойынша 120 сұрақ   (20+20+20+30+30=120 тапсырма) 5 пән бойынша, оның 3-і міндетті және талапкердің жоғары оқу орнына тапсыратын мамандығына байланысты 2-і бейіні бойынша қарастырылған. Барлық сұрақтар ескеріледі.


Тест

І нұсқа


1. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздердің атауын табыңыз.

A) Омоним.

B) Көп мағыналы.

C) Антоним.

D) Синоним.

E) Фразеологизм.

2. Жуан дауысты дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) ң, и.

B) а, ы.

C) е, ң.

D) у, ң.

E) і, о.

3. Бірыңғай қатаң дауыссыз дыбыстар қатарын көрсетіңіз.

A) Б, в, п, й.

B) Р, т, к, қ.

C) Р, н, л, м.

D) Щ, ш, х, ц.

E) У, т, з, ж.

4. Тұйық буынды сөзді табыңыз.

A) Тұз.

B) Ана.

C) Ақ.

D) Көк.

E) Нан.

5. Сөйлемді аяқтаңыз:

22 қыркүйек - Қазақстан халықтарының ...

A) Білім күні.

B) Жаңа жыл.

C) Жеңіс күні.

D) Тілдері күні.

E) Тәуелсіз күні.

6. «Екінші Аристотель» деп атанған ғалымды анықтаңыз.

A) Платон.

B) Анақарыс.

C) Әли ибн Сина.

D) Әл-Фараби.

E) Қ.А.Иасауи

7. Қазақтың тұңғыш кинорежиссерін белгілеңіз.

A) А.Әшімов.

B) Қ.Байсейітов.

C) Ш.Айманов.

D) Қ.Тастанбеков.

E) Д.Жолжақсынов.

8. Ғарышқа ұшқан тұңғыш қазақ азаматын белгілеңіз.

A) Ю.Гагарин.

B) Т.Мұсабаев.

C) С. Королев.

D) Т.Әубәкіров.

E) В.Титов.

9. Көп нүктенің орнына сәйкес келетін сын есімді қойыңыз. Айдынның көзі қара, бойы ұзын, мінезі ...

A) Жұмсақ.

B) Кіші.

C) Көк.

D) Ұзын.

E) Қысқа.

10. Тек жіңішке дауысты дыбыстар қатарын анықтаңыз.

A) Ә, ө, і.

B) А, ә, е.

C) Ы, і, и.

D) Э, о, ү.

E) О, ө, у.

11. Түбір сөзді көрсетіңіз.

A) Достық.

B) Жазбалар.

C) Кірме.

D) Ой.

E) Аумалы.

12. Жұрнағы бар сөзді анықтаңыз.

A) Елім.

B) Еліміздің.

C) Елмен.

D) Елдік.

E) Елде.

13. Жалпылау есімдігін табыңыз.

A) Дәнеңе.

B) Кейбір.

C) Түгел.

D) Өзіміз.

E) Әрқалай.

14. Күрделі сан есімді белгілеңіз.

A) Алты.

B) Үшінші.

C) Он үш.

D) Бес.

E) Жиырма.

15. Болымсыздық есімдіктерді аңықтаңыз.

A) Олар, бұлар.

B) Ешқашан, ешқайда.

C) Кейбіреуге, біреудің.

D) Мен, сен.

E) Менен, одан.

16. Ауыспалы келер шақта тұрған етістікті табыңыз.

A) Келдім.

B) Алдың.

C) Отырмын.

D) Келемін.

E) Жүрді.

17. Толымды сөйлемді табыңыз.

A) Абай Тоғжанмен қимай қоштасты.

B) – Қайда барасың?

C) – Ертең барасыз ба?

D) Ертең келеді.

E) Өзеннен аулаймыз.

18. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

A) Оқу басталатын уақытта жетті.

B) Күн шықты.

C) Мұғалім көңілді.

D) Мектеп тап – таза.

E) Таң атты.

19. “Түріктер мекені, елі” деген мағынаны білдіретін қаланы табыңыз.

A) Отырар.

B) Жамбыл.

C) Алматы.

D) Түркістан.

E) Астана.

20. Ауыспалы мағынада жұмсалып тұрған сөзді табыңыз.

A) Мамық төсек.

B) Суық жел.

C) Кеңпейіл адам.

D) Суық қолды адам.

E) Салқын ауа.





ІІ оқылым


СЫБАҒА

Күн суытып, аяз қарып, жолға шығу қиындап кетті. Сөйтіп, Сағат қысқы демалыста атасының ауылына бара алмады.

«Қаңтарда ауылға барам, ата» деген ем. Өтірікші болдым, мінеки, – деп Сағат өкіне, бармағын тістеді.

Атам сенің келе алмайтыныңды білмейді емес, біледі. Анада: «Қар қалың түссе, ауылға барам деп әуреленбей–ақ қойсын» деп жазыпты хатында. Қысқа арнап сойылған соғымнан атам саған сыбаға алып қойыпты, – деді үлкен ағасы Медеу.

Атам қашан да өзін емес, бізді ойлап жүреді, – деді Сағат аптыққан көңілін басып.

Сағат пен Медеу атасының ауылына жазғы демалыста бір-ақ барды. Атасымен мәре-сәре құшақтасып, амандасты. Күні бойы атасының жанынан бір елі қалмай, шөп жинасты, қораларды жөндеуге көмектесті.

Кеш түсе кең дастархан жайылып, піскен ет салынған табақ атасының алдына тартылды.

Атасы сырбаз қозы сойған екен. Сонымен бірге сүрленген қазы мен бір жапырақ кепкен ет көзге бірден-ақ байқалды.

Атасы сүрленген ет пен қазыны Сағаттың алдына жақындатып:

Же, балам, – деді.

Ата, мен жаңа ет жегім келеді.

Ә, асықпа, балам, оны да жейсің. Алдымен қыс бойы сақтаған сыбағаңнан ауыз ти, – деп атасы көне қоймады.

Сөйтті де:

Ілгеріде қой сойылып, қол қусырып күтсе де, соғым кезінде келе алмаған мейманы сыбағасы асылмаса «Мені есіне алмапты. Өзі жеп қойыпты» деп өкпелейді екен. Сол сияқты қазы мен осы бір жапырақ ет сенің сыбағаң, – деді. Атасы сөзін қайтадан жалғастырып:

Ілгеріде ілулі тұрған осы сүр етпен қазыға көз түскен сайын «Сағатжан қашан келер екен, сыбағасынан тезірек дәм татса екен» деп, жақсы ниетпен жүруші ем, – деді етті пышақпен ептеп болған соң.

Атасы, Сағат және Медеу дастарханға қол созып, дәм татып отырды. Сағат атасының берекелі көңіліне, бір асым етті өзі келгенше сақтап, сарғая күтіп жүрген пейіліне бір жасап қалды.



Ақпараттардан дұрыс жауабын тап

Иә

Жоқ

1

Сағат қысқы демалыста атасының ауылына бара алды ма?



2

Атасы Сағаттың алдына жеміс әкелді ме?



3

Күні бойы атасымен жидек жинасты ма?



4

Күн суытып, жолға шығу қиындап кетті ме?



5

Сағат пен Медеу атасының ауылына жазғы демалыста барды ма?



ІІІ. Аудирование


Сөйлеудің күнделікті өмірдегі мәні мен қажеттілігі

Тапсырмалар:

  1. Күнделікті өмірде біз не істейміз?

  2. Айдос неге көңілсіз?

  3. Айдостың қай жері ауырды?

  4. Сөйлеудің басты құралы не?

  5. Не арқылы қарым-қатынас жасаймыз?


  1. Тәуелдік жалғауы бар сөзді табыңыз?

a) сөйлеудің

b) қажеттілігі

c) күнделікті

d) қажет

e) күнделік

7. Жіктік жалғауы бар сөзді анықтаңыз?

a) әңгімелесеміз

b) жауап беру

c) сұрады

d) айтқан

e) жазыпты

8. Отбасына қатысты сөздерді көрсетіңіз?

a) дос

b) оқушы

c) іні

d) ұстаз

e) ардагер

9. Қаратпа сөзді табыңыз?

a) Бері келші!

b) Айдос, бері келші!

c) Неге көңілсіз келе жатырсың?

d) Мен сені қазір көңілдендірейін.

e) Қойшы

10. Бұйрық райда айтылған сөйлемді көрсетіңіз

a) Тіл сөйлеудің басты құралы екенін есте сақта!

b) тілдің сөйлесуге қатысы бар ма?

c) тіл сөйлеудің басты құралы

d) қарым-қатынас жасау әрекеті

e) өнер алды - қызыл тіл

ІІ нұсқа

І тест

1.«Ы» әрпі қойылатын сөзді көрсетіңіз.

А) Жазғ... . В) Кәр... .   С) Д...мді.   D) Бөр...к.   Е) М...нез.

2.Буын құрай алмайтын дыбысты көрсетіңіз.

А) а    В) ү   С) ж   D) ы   Е) и

3.Түбір сөзді көрсетіңіз.

А) Жаз.   В) Күзгі.   С) Қалалық.   D) Ойшыл.   Е) Ашулы.

4.Жанама толықтауышты белгілеңіз.

Кәсіпкерлер кәсіптеріне қаржыны өздері табады.

А) Кәсіпкерлер.    В) Қаржыны.   С) Өздері.   D) Кәсіптеріне.   Е) Табады.

5.Құрмалас сөйлемді белгілеңіз.

А) Үйлердің төбесін, ағаштарды, терезені қырау басты. В)  Қар аралас жаңбыр жауды.  

С) Күн суық болды.   D) Табиғаттың көрінісі тамаша!   

Е) Күн аса суық болмағанмен, ызғары бар.

6.Наурыз мейрамы нені білдіретінін белгілеңіз.

А) Тәуелсіздік мейрамы.    В) Қонақ күту.   

С) Жаңа жыл.   D) Ерлер мейрамы.   Е) Әйелдер мейрамы.

7.Қазіргі Қазақстан астанасы орналасқан облыстың атауын белгілеңіз.

А) Оңтүстік Қазақстан облысы.   В) Қызылорда облысы.   

С) Қостанай облысы.   D) Ақтөбе облысы.   Е) Ақмола облысы.

8.Музыкалық аспаптар жасайтын адамды белгілеңіз.

А) Дәрігер.    В) Шебер.    С) Ұста.    D) Сәулетші.    Е) Зергер.

9.«Киіз үй» сөз тіркесіне қойылатын сұрақты табыңыз.

А) Қайда?    В) Не?   С) Неге?   D) Қашан?   Е) Ненің?

10.Асханаға қатысты сөздерді табыңыз.

А) Қасық, пышақ. В) Әдемі, жақсы.   С) Ұстаз, оқушы.   

D) Сурет, дәптер.   Е) Кітабыңыз, сызғыш.

11.«Бітім жасау» сөзінің орыс тіліндегі синонимдік қатарын табыңыз.

А) Соглашение, примирение.    В) Содружество, солидарность.  

С) Группа, община.   D) Владелец, правящий.   Е) Могучий, сильный.

12.Антоним сөздерді көрсетіңіз.

А) Жаны, қасы.    В) Қасиетті, құрметті.   С) Әдемі, сұлу.   D) Үлкен, ұзақ.   Е) Ұзын, қысқа.

13.Бірыңғай жіңішке дауыстылардан жасалған сөзді табыңыз.

А) Қауіпті.    В) Мәжіліс.   С) Әлдеқашан.   D) Өнерпаз.   Е) Ауыл.

14.Ұяң дауыссыз дыбыстар жоқ сөзді көрсетіңіз.

А) Көмір.    В) Міндет.   С) Өзгеріс.   D) Қазба.   Е) Лездеме.

15.Буын үндестігіне бағынбай тұрған қосымшалы сөзді көрсетіңіз.

А) Еңбекқор.    В) Есікті.   С) Қалалық.   D) Өмірде.   Е) Берекелі.

16.Сөз тудырушы жұрнақты көрсетіңіз.

А) Жолаушы.   В) Әрі-бері.   С) Әжесінен.   D) Жақсы.   Е) Ауа райы.

17.Жалқы есімі бар сөйлемді табыңыз.

А) Адам ұлы адамша өмір сүрсін.    

В) Үстінде шетін кестелеген ақ көйлек, қызыл пүліш қамзол.   

С) Көрісіп амандасқаннан көзімді ала алмадым.   

D) Мен сені Алатаудың аясында қарсы аламын.   

Е) Біреудің кісісі өлсе, қаралы ол.

18.Сын есімді табыңыз.

А) Әйелді құрметте.    В) Естігенді меңгер.   С) Дәмді ас.   D) Дәптерді аш.   Е) Кеткенді аңсама.

19.Есептік сан есімнің сұрақтарын белгілеңіз.

А) Нешеу?   В) Кімдер? Нелер?   С) Нешінші? Қаншасыншы?   

D) Қандай? Қай?   Е) Неше? Қанша?

20.«Әркім, әрқашан, әрне» есімдіктің қай түрі екенін белгілеңіз.

А) Белгісіздік.    В) Жіктеу.   С) Сұрау.   D) Болымсыздық.   Е) Өздік.

 

ІІ оқылым.


ҚОЯННЫҢ ҚҰЛАҒЫ НЕГЕ ҰЗЫН?

Ертегі

Ерте, ерте, ертеде қоян орман патшалығында достарын туған күніне шақырмақ болыпты. Түрлі ағаш жапырақтары мен көз нұрын алатын гүлдермен үй ішін безендіріпті. Жан-жаққа тараған жұпар иіс қоянның қиялына қанат бітірді.

Үнемі ұялып жүретін кірпі, іші-баурыңа кіретін түлкі, сөзге шорқақ болса да салмақты қасқыр, маңғаздана тіл қататын аюдың да келетін уақыты болып қалды. Қоян әзірлеген дастарханына жылдам көз жүгіртті де, туған күніне арнап тіккен көйлегін киіп алды. Өзінше ән айтып, айна алдында біраз уақыт тұрды.

Сәлден соң сыртқа есік жай ғана ашылғандай болды.

Туған күнің құтты болсын, ақ қоян, – деп тікенек кірпі кірпігін кере қоянды құшақтап, арнап әкелген шырша жаңғақтарын ұсынды.

Үйің қандай жылы, көйлегің де өзіңе құйып қойғандай жарасымды, – деп түлкі де үйге сөйлей кірді.

Бауырым қоян, туған күніңмен. Әрқашан жүзіңнен күлкі таймасын. Саған әрдайым тілектес досыңмын, – деп қасқыр кітапша мен бір топ қалампыр гүлдерін ұсынды. Қоян риза көңілмен достарын дастархан басына шақырды.

Аю неге кешікті? – деп төртеуі бір-біріне қарады.

Үйі алыс қой, – деді кірпі.

Жайбасар аюдың әдеті осы емес пе? – деді түлкі ернін жалап. Қасқыр үндемеді. Тыңдап отырғандай рай танытты.

Аз-кем уақыттан соң есіктің сыртында тықыр естілді. Аю екен. Кешіккеніне кешірім сұрады. Қоянға арнап бал әкеліпті.

Бәрі де дастархан басына жайғасып тағамдардан дәм татты, қоянға ақ тілектерін білдірді. Көңілдері көтеріліп, орманды жаңғырта ән шырқады.

Аю да қоянға денсаулық тілеп, жанына шақырды.

Енді сен бір жасқа үлкейдің, туған күніңмен, – деп құлағынан тартқылады. Қоянның құлағын тартқаны соншалық, айна алдына барған қоян өз көзіне өзі сенбей қалды. Құлағы лезде қамыстай қалқайып, ұзарып кетіпті. Содан бері қоянның құлағы ұзын дейді.


2.Сөйлемдердің сыңарын мағынасына қарай сәйкестендір.


1

Аю да қоянға денсаулық тілеп,

а

туған күніңмен

2

Бауырым қоян,

b

бал әкеліпті.

3

Әрқашан жүзіңнен

c

жанына шақырды.

4

Қоянға арнап

d

құлағы ұзын дейді.

5

Содан бері қоянның

e

күлкі таймасын




ІІІ. Аудирование

Тіл және сөйлеу

Тапсырмалар:

  1. Сөйлеу кімге тән қасиет?

  2. Жануарлар бір-біріне қалай хабар береді?

  3. Ауызекі сөйлеу қашан пайда болған?

  4. Ерте заманда адамдар ауызекі тілде не айтты?

  5. Алғашқы суретті қайда салған?

  6. Көмекші сөзі бар сөз тіркесін табыңыз?

a) Сурет арқылы

b) жазба сөйлеу

c) суретті таңбалау

d) әріп пайда болды

e) теріге жазу жазды

7. Өзгелік етісті көрсетіңіз?

a) сал

b) жарыққа шықты

c) баспаналар салынды

d) жазбаша жеткізу

e) өз ойын жеткізу

8. зат есімнің болымсыз жұрнағы белгілеңіз?

a) тіл, сөйлеу

b) сөйлеусіз, тілсіз

c) сөйлеумен, тілмен

d) айту, тыңдау

e) тілге, сөйлеуге

9. Біріккен сөзді табыңыз?

a) ауызекі

b) сызу

c) жазбаша

d) заманда

e) ертегі

10. Табыс септіктегі сөзді табыңыз?

a) суретті

b) таңбадан

c) әріп

d) теріге

e) жазу










ІІІ нұсқа

І тест

  1. Қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөзді көрсетіңіз.

А) Достар . В) Отан.   С) Мемлекет.   D) Саудагер.   Е) Көзілдірік.

  1. Тұйық буынды сөзді көрсетіңіз.

А) Қала.    В) Бесік.   С) Ғимарат.   D) Таңғажайып.   Е) Ұлт.

  1. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) а,ы,і.   В) у,ұ,ө.   С) о,ө,ұ.   D) ә,ү,у.   Е) э,ә,и.

  1. Туынды сөзді табыңыз.

А) Күзгі.    В) Бас.   С) Оқу.   D) Біл.   Е) Көр.

  1. Бастауыш қай сөз табынан екенін көрсетіңіз.

Жиналыста ешкім сөйлемеді.

А) Зат есім.   В)  Үстеу.  С) Есімдік.   D) Етістік.   Е) Сын есім.

  1. Құрмалас сөйлемнің түрін көрсетіңіз.

А) Сабақтас.    В) Жақсыз.   С) Хабарлы.   D) Толымсыз.   Е) Жай.

  1. «Пырақ» сөзінің аудармасын белгілеңіз.

А) Герб.   В) Мифический конь.   С) Гимн.   D) Символ.   Е) Флаг.

  1. Қыста болатын мерекені табыңыз.

А) Конституция күні.    В) Отан қорғаушылар күні.    С) Республика күні.    D) Тәуелсіздік күні.    Е) Жеңіс күні.

  1. Ядролық қаруға қарсы қоғамдық қозғалыстың атауын белгілеңіз.

А) «Жас Алаш»    В) «Жер - Ана»   С) «Невада – Семей»   

D) «Жасыл ел»   Е) «Экология»

  1. «Отбасы» тақырыбына жатпайтын сөзді белгілеңіз.

А) Іні. В) Сіңлі.   С) Тон.   D) Ана.   Е) Әке.

  1. Мақалды толықтырыңыз.

Өнер алды - ... тіл.

А) Жасыл.    В) Ақ.   С) Көк.   D) Қызыл.   Е) Қара.

  1. «Дәулет» сөзінің синонимін табыңыз.

А) Аз.    В) Байлық.   С) Үлкен.   D) Бас.   Е) Қас.

  1. «Оңай» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Толық.    В) Аз.   С) Қиын.   D) Жеңіл.   Е) Үлкен.

  1. «Ү» қандай дыбыс екенін көрсетіңіз.

А) Ашық.    В) Жуан.   С) Дауыссыз.   D) Езулік.   Е) Жіңішке.

  1. Қатаң дауыссызға аяқталған сөзді көрсетіңіз.

А) Күйші.    В) Терең.   С) Жазғы.   D) Жұмбақ.   Е) Отыз.

  1. Түбір сөздер қатарын табыңыз.

А) Өзен, малшы, әнші.   В) Ғалым, жаз, кел.   С) Суретші, жазушы, келші.   D) Ауыл, оқыған, елші.   Е) Жұмбақ, қалам, суретші.

  1. Тәуелдік жалғауының сыпайы түрін көрсетіңіз.

А) -сы.   В) -ым.   С) -мыз.   D) -ы.   Е) -ңыз.

  1. «Көгілдір, сұлу» сөздері қай сөз табына жататынын табыңыз.

А) Етістік.    В) Сын есім.   С) Үстеу.   D) Зат есім.   Е) Сан есім.

  1. Бөлшектік сан есімді көрсетіңіз.

А) Үшеу.   В) Бестен екі.   С) Елуінші.   D) Қырықтай.   Е) Он екі.

  1. Болымсыздық есімдігімен толықтырыңыз.

... келмеді.

А) Оқушылар.    В) Ешкім.   С) Біз.   D) Ол.   Е) Олар.

 

ІІ  Оқылым

 

Менің жеке бюджетім неден тұрады?

Мен окушымын. Әзірше жұмыс істемеймін. Әзірше жұмыс істемеймін. Тұрақты табысым жоқ. Ата-анам «сенің негізгі жұмысың — сабақты жақсы оқу, бос уақытыңда үй тіршілігіне қолғабыс жасау» дейді. Сондықтан менің жеке бюджетім ата-анамның табысынан бөлінеді. Ай сайын ата-анам маған қалта шығынына деп ақша беріп отырады.

Мен ата-анам берген ақшаны үнемдеп жұмсауға тырысамын. Өйткені үнемдей білу — еңбек етіп тапқан ақшамен тең. Мен ақшаны мектепке түскі ас ішуге, оқуыма қажетті кеңсе тауарларын алуға, оқушының жол жүру билетін алуға жұмсаймын. Өзіме өте қажетті деген заттарды ата-анаммен кеңесе отырып, алдырамын. Ал артық заттарды алмаймын.

Демалыс күндері достарыммен киноға, театрға, ойын-сауық орталықтарына барамын. Бірақ бос жүруге, көп қыдыруға әуес емеспін. Егер жеке бюджетім әдеттегіден аз болса, көңіл көтеруге кететін шығындардан бас тартамын. Себебі мен отбасы бюджетін жоспарлауға, үнемдуге тырысамын. Мен қалта шығынымды азайтсам, отбасы бюджеті де үнемделеді. Сондықтан кейбір балалар секілді қымбат заттарға, ойындарға құмар емеспін, оған босқа ақша жұмсамаймын. Ата-анамның маңдай терімен келетін еңбекақысын орнымен жұмсау арқылы бойымдағы тұтынушы мәдениеті әбден қалыптасады деп ойлаймын.

Қазіргі таңда оқушылардың көбі жазғы демалыстарын кітап оқумен өткізбейді. Бір реттік немесе жаз бойғы жұмыс істеп, күзде мектепке қажетті керек жарақты өзі сатып алады. Мысалы көлік жуады, жарнама мәтіндерін, газет-журналдар таратады, кішігірім құрылыс алаңдарын күзетеді, кафе, асханаларда даяшы қызметін атқарады. Еңбегіне қарай ақысын алып, маңдай терімен тапқан қаражатын өз ретімен жұмсағаны дұрыс шығар. Дегенмен кәмелеттік жасқа толып, толыққанды Қазақстан Республикасының азаматы болғаннан кейін ғана тұрақты жұмыс істеуге болады.


1. Жеке бюджетіңді қалай жұмсайсың?

а) бос жүруге, көп қыдыруға әуеспін

в) оқушының жол жүру билетін алуға жұмсаймын

с) қымбат заттарға, ойындарға құмармын

d) түскі ас ішемін

е) босқа ақша жұмсаймын

2.Антоним сөздерін тап

а)түскі-кешкі

в)отбасы-бюджет

с)қымбат-арзан

d)ақша-қалта

е)заттар-ойыншықтар

3. «Өйткені үнемдей білу — еңбек етіп тапқан ақшамен тең»

Берілген сөйлемде сызықшаның қойылу себебін түсіндір

а. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері

в)сабақтас құрмалас сөйлем

с) оқшау сөздер

d)бастауыш пен баяндауыштың арасында қойылатын сызықша

е)оңашаланған айқындауыш

4.Біріккен сөзді тап

  1. ата-ана

  2. газет-журнал

  3. мәдениеті

  4. тұрақты жұмыс

  5. еңбекақы

5.Берілген сөздерден кейінді ықпалды тап.

  1. ақысын

  2. дұрыс

  3. еңбегіне

  4. табысым

ІІІ. Аудирование


Туған күн кешінде

Тапсырмалар.

  1. Қарындасы кімнің туған күніне барды?

  2. Ағасы не істеп отыр?

  3. Әсел туған күнін қайда жасады?

  4. Әселдің ата-анасы не сыйлады?

  5. Ағасы не сыйлады?

  6. Сын есімдерді табыңыз?

a) үлкен, мөп-мөлдір

b) аквариум суы

c) балықтар көп

d) аквариум ішінде

e) балдырлар

7. Антоним сөздерді көрсетіңіз?

a) үлкен, кішкентай

b) жасыл, көк,

c) тастар, құмдар

d) ауа, су

e) сыйлық, аквариум

8.Біріккен сөздерді табыңыз?

a) Қазақша көйлек

b) Қазақ қуыршағы

c) Қарашаш

d) Ұзын, қара шаштары

e) Қатты қуанды

9. Күшейткіш үстеуді табыңыз

a) дөңгелек, үлкен

b) дөп-дөңгелек, өте үлкен

c) қызыл, сары

d) Туған күн

e) қызықты өтті

10. Сөз тудырушы жұрнағы бар сөздерді көрсетіңіз?

a) жазба, ауызекі

b) жазбаша, ауызша

c) жазу, айту

d) жазған айтқан

e) жазып, айтып



ІV нұсқа

І тест

1.Жуан дауысты дыбыстарды көрсетіңіз.

А) Ы,и,ә,у. В) Ұ,у,ү,и.   С) А,о,у,ы.   D) О,т,ұ,а.   Е) Қ,ғ,о,а.

2.Тек ашық буыннан жасалған сөзді табыңыз.

А) Дастархан.    В) Арқар.   С) Тамыр.   D) Шам.   Е) Тамаша.

3.Жіңішке буынды дәм атауын көрсетіңіз.

А) Ащы, қышқыл.   В) Семіз, ерен.   С) Тәтті, дәмді.   D) Тұзды, қатты.   Е) Күшті, үлкен.

4.Түбір сөздерді табыңыз.

А) Кет, айт, жаз.    В) Барсын, жазу, айтты.   С) Көгілдір, ақшыл, келді.   D) Емші, сонау, беру.   Е) Беру, сенің, оның.

5.Қай септікте тұрғанын көрсетіңіз: «Тоғыздан».

А) Барыс септік.   В)  Шығыс септік.  С) Атау септік.   D) Ілік септік.   Е) Табыс септік.

6.Төл сөз автор сөзінен кейін тұрғанда дұрыс қойылған тыныс белгіні көрсетіңіз.

А) Автор сөзі: Төл сөз.    В) Автор сөзі – Төл сөз.   С) Автор сөзі, - төл сөз.   D) Автор сөзі: «Төл сөз».   Е) Автор сөзі, Төл сөз.

7.Астана қаласы орналасқан өзеннің атауын белгілеңіз.

А) Қаратал.   В) Обаған.   С) Ертіс.   D) Есіл.   Е) Тобыл.

8.Сырға, білезік, алқа жасайтын адамды қалай атайтынын белгілеңіз.

А) Оқытушы.    В) Зергер.    С) Жүргізуші.    D) Шебер.    Е) Ұстаз.

9.Әкеңіздің әкесі сізге кім болатынын белгілеңіз.

А) Қайын ата.    В) Ата.   С) Көке.   D) Ағатай.   Е) Аға.

10.Қыс айын белгілеңіз.

А) Мамыр. В) Шілде.   С) Маусым.   D) Қазан.   Е) Желтоқсан.

11.«Парыз» сөзінің синонимдерін табыңыз.

А) Сұлу, көркем.    В) Міндет, борыш.   С) Арнайы, әдейі.   D) Ірі, үлкен.   Е) Тәрбиелі, әдепті.

12.«Жоғары» сөзінің антонимін көрсетіңіз.

А) Кішкентай.    В) Аласа.   С) Ұсақ.   D) Қысқа.   Е) Төмен.

13.«О» дыбысы қандай дыбыс екенін анықтаңыз.

А) Сөздің кез келген буынын талғамайды.    В) Ашық дауысты.   

С) Езулік дауысты.   D) Қысаң дауысты.   Е) Жіңішке дауысты.

14.Қатаң дауыссыз дыбыстар санын көрсетіңіз.

А) 25.    В) 7.   С) 18.   D) 11.   Е) 6.

15.Зат есімнің құрамына қарай түрлерін табыңыз.

А) Деректі, дерексіз.    В) Жалпы, жалқы.   С) Жанды, жансыз.   

D) Туынды, негізгі.   Е) Дара, күрделі.

16.Сын есім нені білдіретінін көрсетіңіз.

А) Заттың іс-қимылың мезгілін.   В) Заттың іс-қимылының мекенін.   С) Заттың түр-түсін.   D) Заттың қимылын.   Е) Заттың атын.

17.Толықтырыңыз.

«... кітабыңыз өте қызық екен.»

А) Сіз.   В) Біздің.   С) Сенің.   D) Сіздің.   Е) Менің.

18.Келер шақ есімшені табыңыз.

А) Ол ертең қазақ тілінен емтихан тапсырар.    

В) Мейрамды халық бір кісідей тойлаған.   

С) Дем алуға саяжайға кетті.   

D) Қазақ тілінен жаттығулар жазды.   

Е) Олар ауылға барған.

19.Көп нүктенің орнына керекті демеулікті қойыңыз.

Сапарың сәтті болды ...?

А) бе.   В) ме.   С) ба.   D) ма.   Е) ақ.

20.Дара бастауышы бар сөйлемді көрсетіңіз.

А) Әжем көне суреттерді көрсетті.        В) Менің айтып отырғаным - аңыз.   

С) Ертең құрылыс жұмысы басталады. D) Еңбек еткен ер атанар.   

Е) Үй іші ұзақ жым-жырт болды.















ІІ оқылым

Сәбидің дүниеге келуі – ата-ананың қуанышы ,немерелі болған ата-әженің,туған-туыстың қуанышы.Дүниеге сәби келгенде, ағайын-туғаннан сүйінші сұралады. Немерелі болған әже сүйінші сұратып,балалары мен келіндерін жан-жаққа жібереді.Сүйінші сұраушы : «Сүйінші! Бөпем келді дүниеге!» деп қуанышты хабар айтады. «Ұл ма,қыз ба?» деген сұраққа сүйінші сұраушы ұл болса «тізгін ұстар» ,ал қыз болса «кесте тігер» деп тұспалдап жауап береді. Сүйінші сұраушы адамды бос қайтармайды. Сүйіншіні жеткізуші – бір отбасын қуантып,жақсы хабар әкелетін адам.Оның қалағанын,сұрағанын беруге үй иесі міндетті.Сүйіншіге жақын туыстары мал, қейбіреулер ақша,бағалы заттар береді.

Сәбилі болған отбасына туыстары, ауыл адамдары ізгі ниеттерін білдіреді. Олар «Бауы берік болсын!» ,«Құтты болсын!» деп жақсы тілектер айтады.

Дүниеге келген сәбиге ат қоюға байланысты ежелден келе жатқан салт- дәстүрлер бар.Көп дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған.Қазақ халқы бала ат қоюға ерекше мән береді. Қазақ халқында «Балаға қандай ат қойылса,оның болашақ тағдыры соған байланысты болады» деген наным –сенім бар. Есім таңдағанда,түрлі ырымдар,тілектер ескеріледі.Ата-аналар бала есімінің мағыналы ,көркем әрі әуезді болғанын қалайды.Нәрестеге үш күннен қалдырмай ат қояды.Нәрестеге атасымен әжесі немесе ауылдағы сыйлы адам ат қояды.Ат қоюшы адам нәрестенің құлағына : «Сенің атың - Әлібек» деп, үш рет қайталайды.Бұлайша ат қоюды «Азан шақырып ат қою» деп атайды.Ат қойған адамға арнайы сыйлық беріледі.Нәрестенің құлағына азан шақырып ,жақсы ат қою – ат а-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.


Тапсырмаларды орындаңыз:

  1. Дүниеге сәби келгенде ағайын-туғаннан не сұралады?

А.мал

В.сүйінші

С. азан шақыру

Д. сыңсу

Е.тағам

2.Синонимдік қатарды табыңыз

А. сәби,нәресте

Б.бала,адам

С.жолдас,тату

Д.перзент,бөпе

Е.қонаққа шақыру,сұрану

3.Бала дүниеге келгенде қандай тілек айтылады?

А. «Ақ мол болсын!»

В. «Күнің оңынан тусын!»

С. «Бауы берік болсын!»

Д. «Шаңырағың берік,керегең кең болсын!»

Е.Дастарқаның тоқ болсын!

4.Сөйлемдердің сыңарын сәйкестендіріңдер.

1

Қазақ отбасында баланың дүниеге келуіне байланысты

а

тағдыры соған байланысты болады» деген сенім-наным бар

2

Қазақ халқында «Балаға қандай ат қойылса,оның болашақ

ә

ежелден келе жатқан салт-дәстүрлері бар

3

Ат таңдағанда түрлі ырымдар ,

б

қалдырмай ат қояды

4

Нәрестеге үш күннен

в

тілектер ескеріледі

5

Нәрестеге атасы мен әжесі,

г

құлағына: «Сенің атың - Әлібек» деп, үш рет қайталайды.

6

Ат қоюшы адам нәрестенің

ғ

немесе ауылдағы сыйлы адам ат қояды

5. Берілген сөйлемдерден мезгіл-бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді анықтаңыз.

А. Дүниеге сәби келгенде, ағайын-туғаннан сүйінші сұралады.

В. Нәрестенің құлағына азан шақырып ,жақсы ат қою – ата-ананың перзенті алдындағы маңызды міндеттерінің бірі.

С.Көп дәстүрлер бүгінгі күнге дейін сақталған.

Д. Сәбилі болған отбасына туыстары ,ауыл адамдары ізгі ниеттерін білдіреді.

Е. Бұлайша ат қоюды «Азан шақырып ат қою» деп атайды.


ІІ. Аудирование

Маймақ қаз

Тапсырмалар.

  1. Нешінші балапан жарыққа келіпті?

  2. Анасы нені байқады?

  3. Балапандар шулағанда әкесі не деді?

  4. Балапан неге сүріне берді?

  5. Ағалары оны қалай атады?

  6. Жинақтық сан есімді көрсетіңіз?

a) бір, екі

b) бірінші, екінші

c) біреу, екеу

d) бірден, екіден

e) бірмен, екімен

7. Одағай сөзді табыңыз?

a) ие болды

b) бері келші?

c) аяғы кемтар

d) ойбай, япырау

e) байғұс балам-ай

8. «младший сын» қазақша қалай аударылады?

a) маймағым

b) кенжем

c) балапаным

d) жетінші

e) тұңғышым

9. Тәуелдік жалғауының үшінші жағын көрсетіңіз?

a) әкесі

b) анам

c) әкесіз

d) ағаның

e) әпке

10. Демеулік шылауларды табыңыз

a) бірге

b) ғой

c) не болды

d) сонша

e) ойбай

Кілттер

І нұсқа

1.C

2.B

3.D

4.C

5.D

6.D

7.C

8.D

9.A

10.A

11.D

12.D

13.C

14.C

15.B

16.D

17.A

18.A

19.D

20

Оқылым кілті

1.иә

2.жоқ

3.жоқ

4.иә

5.иә

Тест

ІІ нұсқа

Оқылым

Кілті:

1.с

2.a

3.e

4.b

5.d


ІІІ нұсқа

Кілті:

1.е

2.с

3.d

4.е

5d

ІV нұсқа

Кілті:

1b.

2.a.d

3.c

4.1-ә, 2-а, 3-в, 4-б, 5-ғ, 6-г.

5.а



Ұлттық бірыңғай тестілеуді жаңа форматта тапсыру ережесі бойынша «» кітапша жасадым. Кітапшаға лексикалық-грамматикалық блок –20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауабын таңдау арқылы; «Тыңдалым» блогы – 10 тест тапсырмасы (2 мәтін, 200-250 сөз);«Оқылым» блогы – 10 тест  тапсырмасы  (2 мәтін, 200-250 сөз) қостым. Брошюрада төрт нұсқасы берілген. Мектепте балалар Ұлттық бірыңғай тестілеуден жақсы нәтижені көрсетуде. (2017ж.-97%; 2018ж.-100 % ). 2017 жылы осы кітапшамен Халықаралық педагогикалық инновациялық жәрменкеге қатысып, құрмет грамотамен марапатталым.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
25.01.2019
1853
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі