400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі ҚМЖ 4-токсан 9 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі ҚМЖ 4-токсан 9 сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі пәнінен қысқа мерзімді жоспар

9-сынып

«Арман ПВ» баспасы

ІV тоқсан-16 сағат

№53 сабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік


Сабақ тақырыбы:

Мектеп: Ақын Сара втындағы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің есімі:


СЫНЫП: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

9.1.6.1 қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтікжағдаятқасайтиістісөздер мен фразалардытаңдау, орта көлемді монолог дайындау;

9.2.3.1 тұжырымдамалардың құрылымы мен ресімделуі арқылы жанрлық ерекшеліктерін ажырату.

Сабақмақсаттары

Барлықоқушылар:Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, құрастырылған сұрақтарға жауап береді. Жағдаятқа сай сөздер мен фразаларды атайды.

Оқушылардың басым бөлігі:Мәтін мазмұны бойынша дайындалған сұрақтарға толық жауап береді. Топпен бірлесе жұмыс атқарады. Жазба жұмысты орындайды.

Кейбір оқушылар:Жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды қолданады. Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік


Қақтығыстар, бейбітшілік, келісім, келіссөздер, ынтымақтастық, Біріккен Ұлттар Ұйымы, қарусыздану.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Тарих, қазақ әдебиет

Алдыңғы тақырып

Бұқаралық ақпарат құралдары

Жоспарланған

уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер (төменде келтірілген жазбаларды жоспарланған әрекеттермен алмастырыңыз)


Ресурстар

Басталуы

5 минут


Мұғалім мен оқушылардың амандасуы

Кезекші мәліметі

Топтарға бөлу.

Гүл суреттері бойынша бөліну.

Оқушыларға сурет қиындыларын беремін. Сурет қиындыларын құрастырғанда раушан, тұңғиық, түймедақ гүлдерінің суреттері шығуы керек.


Психологиялық ахуал қалыптастыру:


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Бағалау критериийлері:

Мәтін бойынша сұрақтар дайындау, құрастырылған сұрақтарға жауап беру.

Жағдаятқа сай сөздер мен фразалардытаңдау, орта көлемді монолог дайындау;

және қолданады.

Топпен бірлесе жұмыс атқарады.

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Дескрипторлар

Мәтін бойынша сұрақтар дайындайды, құрастырылған сұрақтарға жауап береді.

Жағдаятқа сай сөздер мен фразаларды атайды және қолданады.

Топпен бірлесе жұмыс атқарады.

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.




Ортасы 20 минут

Білу және түсіну.


«Интервью» әдісі

Оқылым.

1-тапсырма. Мәтінді оқыңыз.

Бейбітшілік пен келісім – адамзаттың асыл құндылықтарының бірі. Адамзат өмір бойы үнемі тыныштықта, мәңгілік бейбіт өмір сүруді армандап келеді. Бірақ нақты өмірде оған ешқашан толық қол жеткізген емес. Зерттеушілердің деректеріне қарағанда, соңғы 5 мың жылда жер бетінде небары 292 жыл ғана бейбітшілік «билік» құрыпты. Қалған уақыттың бәрінде мемлекеттер «Тыныштық керек болса – соғысқа дайындал» деген қағидамен өмір сүрген көрінеді. Осы аралықта жер бетінде 15 мыңнан астам қантөгіс шайқастар өтіпті. Екінші дүниежүзілік соғыстан бері жер бетінде бейбіт өмір орнады десек те, әлемнің түрлі аймақтарында ірілі-ұсақты соғыстар, қарулы қақтығыстар, лаңкестік әрекеттер жиі кездесуде. Батыстың бір ғалымының есептеуіне қарағанда, өткен ХХ ғасырдың соңғы 45 жылында әлемде бар-жоғы 12 ғана «бейбіт» күн болыпты. Кейінгі 40 жылдың ішінде ғана дүниежүзінде 250 соғыс болып, 354 млн адам қаза тауыпты. Иә, жоғарыда келтірілген бұл деректер өте қорқынышты!..

Соғысты болдырмау үшін, әлемдегі одақтар мен мемлекеттердің, ұлттар мен ұлыстардың бейбітшілікте күн кешуі үшін олардың өзара келісімі болуы керек. Бұл идея сонау 90-жылдары ескерілгенмен, бүгінде мұны әлемдік саясатта мәселе ретінде көтеріп, іс жүзінде бейбітшілік пен келісімнің туын тіккен ел – Қазақстан. Жаһандағы мемлекеттердің өзара бейбітшілігі мен келісімін нығайтуда Қазақстанның, жалпы осы мемлекеттің атынан әлемдік саяси аренаға шығып жүрген президент Н.Ә.Назарбаевтың үлесі орасан зор.

Бейбітшілікке, бейбіт тыныш өмір сүруге ұмтылу – қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі екенін тарихтан белгілі. «Сырт көз – сыншы» деген ғой, арғы-бергі заманда қазақ жерінде болған саяхатшылар, ғалымдар, елшілер қазақ ұлтының меймандос, сабырлы, момын, ешкімге жамандық, қаскөйлік жасамайтын халық екенін, қазақ елі ежелден бейбітшілік сүйгіш ел, өз бетінше ешкімге ұрынбаған, соғыс ашпаған ел екенін сүйсіне жазған. Тәуелсіздікке қол жеткен тұста да, елбасымыздың және елдің бетке ұстар азаматтарының қажырлы, табанды еңбегінің арқасында біз осы асыл қасиетімізді тағы да бір дәлелдеп, оны әлемге паш ете білдік. Мәселен, сонау тәуелсіздіктің алғашқы жылдары Семей ядролық полигонын жабу еліміздің өмірінде ғана емес, әлемдегі айтулы оқиғаның бірі болды. Ядролық қару пайда болғалы ешбір ел ядролық полигонды өз еркімен жауып көрмеген болатын. Біздің еліміздің дүниежүзінде бірінші болып ядролық полигонды жабу жөніндегі осы қадамына БҰҰ мен дүниежүзілік қауымдастық үлкен баға берді. Дәл сол тұстан бастап әлем Қазақстанды бейбітсүйгіш ел екенін тани бастады.

Айтылым.

Тапсырмалар:

  1. Мәтінге тақырып қойыңыздар.

  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыздар.

  3. Мәтіннің құрылымы және рәсімделуі бойынша жанрына ажыратыңыз

Қолдану


«Венн диаграммасы»


Shape5 Shape4

Бейбітшілік

Соғыс












«Интервью» әдісі

Оқушылар өз ойларын, сұрақтарын стикерлерге жазып жабыстырады. Мұғалім әр сұрақты келесі топқа оқытып, жауабын тыңдап, ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.

Аяқталуы 12 минут

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы жаттығуларды орындау.



Рефлекция

«Екі жұлдыз, бір тілек»



Оқулық




стикерлер

Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



№54 сабақ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Әлемдегі қақтығыстар және бейбітшілік


Мектеп

Сабақтың тақырыбы:


Мұғалімнің аты-жөні:

Күні:

СЫНЫП: 9


Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны: 0

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
8 ұстаз жүктеп алған
3 сәуір
675
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі