400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында бағалаудың тиімді жолдары. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал шебер сынып өтікізетін мұғалімдерге әдістемелік көмек ретінде ұсынылады. Шебер сынып жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Асқар Г.

Шебер – сынып тақырыбы

Қазақ тілі сабағында бағалаудың тиімді жолдары. Қалыптастырушы бағалаудың тиімділігі.

Мақсаты

Оқу мен оқытуда қалыптастырушы бағалау мен табыс критерийлерінің маңыздылығы және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу.

Күтілетін нәтиже

Қалыптастырушы бағалаудың тәсілін практика жүзінде қолдана біледі.

Пайдаланатын материалдар

Бейнеролик, маркер, интерактивті тақта, презентация, мәтін

Түйінді идеялар

Қалыптастырушы бағалау –табысқа жету баспалдағы.




Мұғалімнің әрекеті

Қатысушылардың әрекеті

Ресурстар

Психологиялық ахуалды орнату.

3 мин.

Психологиялық ахуал тудыру

Релаксация. «Сәлем- сауқат» әдісі

Қатысушы мұғалімдер «Сәлем сауқаттан» ала отырып және Релакс «Табиғат дыбыстары Жаңбырдың дыбысы» тыңдау арқылы өздеріне жақсы көңіл күй сыйлайды


https://youtu.be/ZSES8O6fU-M


https://youtu.be/ZSES8O6fU-M


Топқа бөлу.

2 мин.

«Flipptіy» бағдарламасы арқылы төрт топқа бөлемін

«Flipptіy» бағдарламасы арқылы төрт топқа бөлінеді


«Flipptіy» бағдарламасы

https://flippity.net/


6 мин.

Қызығушылығын ояту

«Сұрақтар бұрқасыны» критериалды бағалау туралы сұрақтар қоямын

  1. Қалыптастырушы бағалау дегеніміз не?

  2. Мақсатымен принципі қандай?

  3. Қашан өткізіледі?

  4. Ақпарат кімдерге беріледі?

  5. Оқушының рөлі қандай?

  6. Мұғалімнің рөлі қандай?

  7. Қандай формада өтеді?

Мұғалімдер критериалды бағалау туралы ойларымен бөліседі



Сұрақтарға жауап береді

  1. Қалыптастырушы бағалау оқушы мен мұғалім арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін және оқу үдерісін дер кезінде түзетуге мүмкінлік беретін бағалаудың түрі болып табылады

  2. ҚБ принциптері:

  • оқытудың бір бөлігі («оқыту үшін бағалау»);

  • барлық оқу мақсаттары қамтылады (оқу мақсаттары барлық сыныптарда пәндер бойынша оқу жоспарларында нақтыланып белгіленген);

  • бағалау белгіленбейді;

  • оқу мақсаттарына жеткендігі бағалау критерийлеріне сәйкес жүзеге асады;

  • әр оқушының ілгерілеуі туралы кері байланыс беріледі;

  • ҚБ нәтижелері оқыту сапасын, оқу бағдарламасын жақсарту үшін қолданылады.

  1. Тоқсан барысында өткізіледі

  2. Тапсырманы қаншалықты дұрыс орындағаны жөнінде ақпарат береді

  3. Оқушының рөлі: оқытуға белсен қатысады, күтілетін нәтижені түсінеді, өзін өзі және бірінбірі бағалайды

  4. Мұғалімнің рөлі: оқу мақсатына сәйкес бағалау критерийін анық жазады; Бағалау критерийіне сәйкес тапсырмалар құрастырады; тапсырмаға дескриптор құрастырады; оқушыға тиімді кері байланыс береді; ойлау дағдыларының деңгейіне сәйкес тапсырма құрастырады

  5. Өткізілу формасы: жеке, жұппен, топпен

Презентация

Мақсат мен күтілетін нәтиже 5мин


Шебер сыныптың мақсатымен таныстыру

Мақсаты: Оқу мен оқытуда қалыптастырушы бағалау мен табыс критерийлерінің маңыздылығы және оны оқу үдерісін жетілдіру үшін қалай қолдануға болатынын зерделеу.


Күтілетін нәтиже: Қалыптастырушы бағалаудың тәсілін практика жүзінде қолдана біледі.

Шебер сынып мақсаты мен күтілетін нәтижемен танысады.



Презентация

Топтық жұмыс

10 мин.


Топқа таратпа ресурстар беріледі. Тапсырманы орындау жөнінде нұсқаулық беремін. Тапсырманың дескрипторымен таныстырамын.


Мұғалімдер мәтінмен танысады. Тапсырманың шарты мен дескрипторымен танысады.

Топта берілген тапсырманы орындайды. Жинақы мәтін жазады.

Ойларымен бөліседі.


Презентация



Мәтіндер

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

10 мин

Орындалған тапсырманың дұрыс жауабын көрсетемін.

Орындалған жұмысты топтап бір-бірімен алмасады. Топтар бір-бірінің жұмысына дескрипторды негізге ала отырып «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс береді

Пікір алмасады.

Бағалайды


Жұптық жұмыс

«Ойлан жұптас -бөліс»

5 мин.

Мұғалімдерге тапсырма үлестіремін


Болжалды жауапты көрсетемін.

Жұпта бірлесе отырып, берліген тапсырманы орындайды.


Жұпатар дескрипторды негізге ала отырып бірін-бірі бағалайды.



Презентация

Жеке жұмыс


https://www.classtime.com/library платформасымен жұмыс

https://www.classtime.com/library платформасы арқылы тапсырма беремін



Кері байланыс беремін

https://www.classtime.com/library платформасындағы тапсырманы орындайды


Өзін-өзі бағалайды

https://www.classtime.com/library

Рефлексия

3мин. «Жолаушының қойын дәптері»

Кері байланыс аламын


«Жолаушының қойын дәптері»


Мақсат мен күтілетін нәтижеге ораламын

Мұғалімдер

Презентация






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
04.10.2022
911
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі