400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту жүйесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдеріне көмегі бар деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында дамыта оқыту жүйесі.

«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған Ж.Пиаженің еңбегінде ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн және басқа да психиканың функциясын зерттеген Б.Г.Ананьев, А.А.Люблинская және басқа да іс - әрекет теориясының психологиясын жасаған А.Н.Леонтьев, П.Я.Гальперин еңбектерінде жан – жақты талданды. Осылардың негізінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарды.

Зерттеулердің мақсаты Л.С.Выготскийдің 1930 жылдардың басында жасаған оқыту мен дамытудың арақатынасы жайлы болжамының дұрыстығын тексеру, нақтылау.

Көрнекі психолог Л.С.Выготский айтқандай оқыту дамудың  алдына шығып отырса, ол бала дамуының «ең таяу аймағын» жасайды, баланы іздендіруге талаптандырады және дамудың бірнеше ішкі процестерін қозғалысқа келтіреді. «Ең таяу даму аймағы» одан әрі «актуальды даму аймағына» көшуі тиісті тапсырмаларды өз бетімен орындайды.

Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, бір тұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін - өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.

Демек, дамыта оқытуда – оқушы өз іс - әрекетін өзі құруға, өзін - өзі дамытуға, білімді өз бетімен меңгеруге, өз ойын еркін айтуға, дәлелдеуге, шешімнің дұрыс – бұрыстығын қабылдауға, өз бетімен іздену жұмыстарын жүргізуге, өзін - өзі бағалауға үйретіледі.

Сабақ білім беру процесінің негізгі элементі болып қала береді, бірақ Л.В.Занков жүйесінде оның атқаратын қызметі, ұйымдастыру формасы елеулі өзгеріске енеді. Оның инвариантты (тұрақты) сапалары төмендегідей :

- сабақтың мақсаты тек жаңа материалдардан хабардар ету мен білік, білім,дағдыны тексеруде ғана емес, жеке тұлғаның басқа да қасиеттеріне бағындырылады;

-сыныпта оқушылардың өз бетімен ойлауына негізделген әрекеттер жүзеге асады;

-мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы.

Сабақтың әдістемелік мақсаты – оқушылардың таным белсенділігін көтеруіне жағдай жасау. Бұл мақсат төмендегі жолдар арқылы жүзеге асады:

  • мұғалім сабақта проблемалық жағдай туғызады;

  • оқушылардың субъектілік тәжірибесін ашатын оқу қызметін ұйымдастырудың сан-алуан формасы мен әдістерін қолданады;

  • сабақ жоспарын оқушылармен бірге отырып жасап, талқылайды;

  • әр оқушының жұмысқа қызығушылығын тудыруға жағдай жасайды;

  • оқушыны ынталандырып отырады, тапсырманы орындауда қателесуден, дұрыс емес жауаптан қорықпау үшін түрлі тәсілдерді пайдалануға үйретеді;

  • сабақ барысында оқушы оқу мазмұнынының неғұрлым маңызды түрі мен формасын таңдауға көмектесетін дидактикалық материалдарды пайдаланып отырады;

  • тек соңғы нәтижені ғана емес, оқушының қызмет әрекетінде бағалап отырады;

  • оқушының есеп шығаруда т.б. жұмыста өзінше әдіс табуға ұмтылуын қолдап, басқа оқушылардың әдістерімен салыстырып, тиімдісін мақұлдап отырады;

Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор. Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады. Екіншіден – дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. "Жақсы оқушы”, "Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады. Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды. Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым-қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – "орындаушы”, "мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренген жаңа сападағы оқушы ретінде дәлелдей алады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 қыркүйек
1123
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі