400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылыққа бейімдеу тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» мақсатында қазіргі заманғы казақстандық оқушыларға білім берудегі басты мақсат-білім алушыларды функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағдарлауға мән берілгені туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Исайн Мейрамгул Сайлауханқызы

Абай облысы

Абай ауданы

Қарауыл ауылы

«ЖББ Қарауыл гимназиясы»КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


Қазақ тілі сабағында функционалдық сауаттылыққа

бейімдеу тапсырмалары


Қазақстан Республикасының Білім және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту» мақсатында қазіргі заманғы казақстандық оқушыларға білім берудегі басты мақсат-білім алушыларды функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағдарлауға мән берілгені туралы айтылады.

Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр.

Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығы дегеніміз-оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімін сыныптан тыс жерде, кез-келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету. Сабақта функционалдық сауаттылықты қалыптастыру –білім алушыны кез келген ортада тұлғаның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін білім, білік, дағдыға үйрету. Оқудағы функционалдық сауаттылық - түрлі типтегі мәтіндерді (мәліметтерді) ойлау және түсіну қабілеті. Балалардың жазба мәтіндерді түсіне оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия жасау, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы жатады.

Қазақ тілі сабақтарында функционалдық сауаттылықты қалыптастыру коммуникативтік құзыреттілікті дамытуды ғана емес, сонымен қатар тілдік құзыреттілікті дамытуды да білдіреді. Тілдік құзыреттілік- тіл жүйесін білуді, дамытуды және орфографиялық, пунктуациялық сауаттылықты қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Тілдік құзіреттілікті дамыту кезінде сөздер мен формаларды талдау, бір құбылысты екіншісімен салыстыру, диаграммалар мен кестелер құру, диаграммалар мен кестелер негізінде мәтін құру болуы мүмкін. Осындай жұмыс түрінде іздену барысында әрқашан дайын және қабілетті, шығармашылық тұлға қалыптасады. Білім алушылардың жазбаша және ауызекі сөйлеуін дамыту үшін оқылған тақырып бойынша эссе, әңгімелер, эссе-пайымдау, сұраққа жазбаша жауап жаза білуі, мәтіндердің түрлері мен стильдерін анықтай білуі тиіс екендігі ескеріледі.

Білім мазмұнын игерген оқушылардың білімдерін өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді; іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында пайдалануды қамтамасыз етеді.

Қорытындылай келе, функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған бағдарлама мазмұнын игерген оқушылардың білімдері мен біліктері өмірлік жағдаяттарда қолдана білуді, әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс істей білуді және алынған ақпараттарды сыни тұрғыдан бағалай білуді, өзінің болжамдарын ұсыну және зерттеулер жүргізу, өзінің ойын негіздей білуді, іскерлігі мен дағдыларын пайдалануды қамтамасыз етеді.





Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Әлімов А. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013. - 446 б.

  2. Рауандина, А.К. Қазақ тілін оқытуда оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру әдістемесі (орыс тілді мектептердің 5-6-сыныптары): педагогика ғылымдарының канд. дис. авторефераты: 28.12.2010 қорғалды / А.К. Рауандина. – Алматы, 2009. – 32 б 4. Функциональная грамотность младшего школьника: книга для учителя /

  3. Асанбаева Е.Б. Оқу сауаттылығы – оқушылардың функционалды сауаттылығының негізі. Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінің Хабаршысы. 2018;(2)



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.09.2025
76
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі