15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨПТІЛДІ ЖӘНЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚҚА ҚАДАМ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА КӨПТІЛДІ ЖӘНЕ КӨПМӘДЕНИЕТТІ ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ - ЖАҺАНДЫҚ АЗАМАТТЫҚҚА ҚАДАМ
Орындаған: Аруай Хасенова6 8 сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі: Нурсейтова Маржан Жұмағазықызы
Қазақ тілі мене әдебиеті мұғалімі
"Тобыл орта мектебі" КММ
Жоспар
1. Көптілділік - жаһандану үрдісіне қанат жайды
2. Жаң формациядағы шәкірт
3. Мектепте сабақта көптілді жетілдірудің жолдары
Көптілділік - білім берудің жаңа сатысы өркендеуімен қатар, көптілді білім беруде ХХІ ғасыр дағдылары мен тұлғаны қалыптастыру жолдары жаһандану үрдісіне кеңінен қанат жайып келеді. Жаһандық азаматтыққа қадам – тұлғаны қалыптастырушы ретінде қазақ тілі сабағындағы оқушының парадигмасының өркендеуінен қалыптасады. Көптілді тұлғаны даярлау арқылы шәкірттік үрдісті құрып, өздігімен білім жетілдіріп, цифрлық жүйе қалыптасуымен қатар ғаламтор көмегімен болашақ жаһандық азаматтыққа жақындауға қабілетін арттыру жолдарын әр ұстаз көздейді.
Қазақ тілі сабағында көптілді тұлғаны қалыптастырудағы мақсат - бәсекеге қабілетті тілді игерген болашақ дайындау, білімдар шәкірттің ортасы – мемлекеттік тіл білімінде өріс алса, ізденімпаз шәкірттің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабаққа қызығушылығының артуымен, басқа тілді де алып кетуіне әсер етуі.
Жаңа формациядағы көптілді шәкірт - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған зерттеуге икемді, әлеуметтік тұлғалы, коммуникативтілік, ақпараттық және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен тани білетін, рухани- адамгершілікті, азаматтық жауаптылықты қажет ететін, белсенді де, сауатты, мобильденген көптілді тұлға. Сондықтан мен болашақта нағыз маман болудың алдын-алу үшін көптілді тұлға болып қалыптасуым қажет.Айтарым, осы бағытта ғылыми жетекшімнің ғылыми жобасына сүйене отырып, оның қазақ тілі сабақтарында ғана емес басқа да, орыс және ағылшын тілдері сабақтарында қолдану арқылы тілдік тұлғаның қалыптасуына сенімдімін.
Әр пән мұғалімдерінің әдіс-тәсілдеріне қарай, мына біздердей шәкірттердің тілдік танымы арта түспек. Ойындар түрлерімен де тіл үйрену қолайлы болып келе жатыр. Атап айтқанда, іскерлік ойындардың: «Мың бір мақал», «Үздік тілші», «Бос микрофон», «Әнші» сынды тағы басқа ойындарды өткізудің үштілді меңгертудегі маңызы айрықша. «Мақалмәтелдер» тақырыбын өткенде қазақ мақалдарының екі тілдегі баламасын тауып, «Мақал-мәтелдердің үндестігін» салыстыру жұмысы - қызыға орындайтын тапсырмалар. Ойын элементтерін көптілде тілде енгізе отырып, шәкірттерімнің коммуникативтік құзыреттіліктері мен функционалдық сауаттылықтарын негіз қылдым.
Логикалық ойындар: «Ғажайып қоржын» ойынының шарты - қоржынға салынған асықтар нөмірленіп, билеттер жасалынып, қолға іліккен нөмірге билет бойынша жауап қайтарылады. Басқа тілдерден ауысатын сөздердің болатындығын ескеріп, білетін тілдерінде еркін аудара алады. "Зерек" ойынын доппен өткіземін. Допты кез келген ойыншыға лақтырып, бастаушы өткен тақырыптарға сөздерді атай бастайды, оқушылар сөздердің аудармасын үш тілде айтулары керек. Мысалы: 5 өсімдік түрі, 5 жеміс түрі, 5 оқу құралдары, 5 аң-құс немесе жануарлардың аттары.
Жазба ойындар: «Полиглот» ойыны., «Тіл білгірі» Ойынның шарты: жасырылған сөздерді тауып ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде аудармасын айтуға болады. The game «Polyglot» find the missing words and say them in Russian and Kazakh. 1. The----------of the country is Astana. (сapital - астана-столица) 2. Kazakh is the state ---------of the country.( language-тіл-язык) 3. The -------of the country is strongly continental. (сlimate-климат-климат) .
« Сөздік жазба айтыс» ойыны да сиыр – корова, жол – дорога; слон піл – язык – тіл т.б.с: кейіннен ағылшын тілінде айтысады. Көбіне жазбаша аудару арқылы екінші сайыскермен ілесіп аударып отыруы қажет.
Грамматикалық ойындар: Сөздік қорымызды кеңейту мақсатында лексикалық тақырыптар, материалдар қолдану арқылы \Kazakhstan English Kazakh Russian Country Ел Страна Capital Астана Столица Language Тіл Язык Rivers өзендер Реки Lakes Көлдер Озера anthem Гимн Гимн emblem Елтаңба Гербжаңа\ мәтін сөздерімен танысу, үш тілде аудармасын үйрену, граматикаға талдау көптілділікті арттыру мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізеді. Мәтіндегі сөйлемдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аудару, сөздердің үш тілде аудармасын табу арқылы балаға сол мәтінді толық меңгерту. Нәтижесінде бала үш тілді қатар меңгереді. Үш тілді оқушыға меңгерту кезінде ойын түріндегі грамматиканы пайдаланудың маңызы зор. Қазақ тілі сабағында ұйымдастырылған ойын түрі қызықтырушы құрал ретінде қолданылады. Соның бірі "Әріптер құпиясы" ойынын ойнату арқылы да көптілді ұқсастықтарға қызықтап қарайды. Мысалы: торт - орысшада- сладкий торт, төрт-қазақшада - төрттік сан; бар-қазақшада - сен бар, бор орысшада - сосновый бор деген мағыналар бір әріптің ауысуынан болған түсінік беретін сөздермен жұмыс жүргізуге болады. Кейбір сөздердің орыс тілімен үндесуін де зерттеуге болады. Таракан - тарақан, стакан - стақан, машина - машине, журнал - жорнал т.б.с. Осындай тәжірибемдегі ойындарды пайдалану және топпен жұмыс жасау арқылы оқушылардың салыстыру дағдысы қалыптасып, жүйелі сөйлейді, қазақ тілін білумен қатар орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылығы оянады.
Көптілді қалыптастыру –оқушы дәрежесінің өсуін ғана емес, өз білім деңгейінің асқар шыңға жетуіне ықпал етеді. Тілдерді үйренуде ХХІ ғасырдың дағдылары арқылы түрлі заңдылықтар қалыптасқан:
1. Сын тұрғысынан ойлау - CPITICAL THINKING - оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып, өз ойыңды еркін және зерттей талпындырып, тұжырым жасау.
2. Медиасауаттылық - MEDIALITERACY - технологияны қолдану арқылы негізгі пәнді жылдам оқыту және түсіндіру.
3. Қарым-қатынас - COMMUNICATION - сыртқы орта тілімен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті, қарым - қатынас жасай алу.
4. Коллаборативтілік - COLLABORATION - ынтымақтастықта бірлесе отырып, қабілеті орта оқушы өзінің сыныптасынан көмек алу, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын жүзеге асыру арқылы топ жұмысына үлесін қоса алады.
5.
Ақпараттылық - INFORMATION LITERACY -
коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына
негізделеді
6. Креативтілік - CREATIVITI - Креативтік - өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады.
ХХІ ғасырдың дағдыларына сүйеніп тәжірибемде төмендегідей әдіс-тәсілдер қолдандым. Көптілді тұлға қалыптасқанда:
Сын тұрғысынан ойлау - CPОTICAL THINKING сын тұрғысынан тыңдай алу, шешімге келу, идеялар біріктіру, тапсырма үлестіру: ортақ жауапкершілікте бола тұра, бірге жұмыс істейді, негізгі шешімдерді бірге қабылдап, өзара тәуелді болады. Әйгілі тележурналистерден Опра немесе Малахов стилінде дамудың жолдарын ашуға болар еді. Көптілді тұлғадағы шәкірт өзінің қабілетінің өсуіне байланысты ғылыми жобаның көзін ашып, ұстазды тыңдай алып, идеясын біріктіретін қалыптастыра келе, нәтижесінде, болашаққа бағдар бере алатын жаһандық азаматтыққа бет бұрады.
Медиасауаттылық - MEDIALITERACY күрделі коммуникация, мультимодалды: нақты аудиторияда дәлелдеуді қажет етеді: кішкентай және үлкен аудиторияға бейімделеді.
Сабақта "сұрақтар шеңбері" әдісімен оқушылар кезекпен сұрақ қояды. Оқушылар төрт немесе бес адамнан шеңберлер құрады. Тақырып және ойлануға біршама уақыт беріңіз. Сосын талқылауды бастаңыздар, әр оқушы үш минут (немесе басқа уақыт ) үзбей сөйлейді. Бұл уақытта ешкімге еш нәрсе айтуға рұқсат етілмейді. Барлығы айтарын айтып болғаннан кейін. Шағын топ үшін және ортақ талқылау үшін тақырыпты ашыңыз. Оқушы сөзін, өз ойымен емес алдында айтып кеткен оқушының айтқанымен құру керек, сондай-ақ олар жаңа идеялар келтірмеу керек. (Брукфилд & Прескил, 1999), "ТД - шоу" әдісінде мұғалім жүргізуші оқушылармен, түрлі кейіпкеролермен сөйлескендей тақырыпты талқылайды. Аудитория сұрақтар қояды, талқылауға қатысады, сыныптастар бағалайды және т.б. қажет болған жағдайда Нюзнайт, Монтель стилінде болуы мүмкін. Оқушылар қабілеттеріне қарай екі тілде еркін сөйлеуге тырысып, ағылшын тілінде пікір қосады..
Қарым-қатынас - COMMUNICATION өзін-өзі басқару: сұрақ -жауап алмаса алады, оқушылар өз жұмыстарын жоспарлай алады, кері байланыспен жұмыстары өңделеді.
"Даналық парақшасы"әдісімде қазақ тілінде сұхбаттасып, көптілде сөздерге, сөйлемдерге аударма жасай отырып, нәтижесінде тілек немесе алғыс жазысады. "Баланың тілімен" бастауыш сыныптарында ертегі кейіпкерлерін түрлі тілдегі атауын зерттеп, олардың образын ашу ретінде шағын қойылым жасасды, қабілетіне қарай кейбір оқушылар пазл жинау арқылы суретті сөздік құрастырып, аударма жасады, нәтижесінде оқушыларының көптілділігі анықталады.
Коллаборативтілік - COLLABORATION инновация, басты талапты шешу: өзекті мәселені қарастырады, мәселе шынайы өмірлік болады, тілді меңгерудегі қабілетін көрсетеді.
"Де Боно қалпағы" - алты қалпақ бар, ойланудың түрлі рөлін атқарады. Қалпақ беріп сабақ тақырыбын (шынайы немесе ойдан шығарылған), қалпақты қолдану арқылы талқылауды ойластыруларын сұрайды. Мағынасы – сұрақтың немесе идеяның түрлі элементтерін басатын карта жасау. Түрлі қалпақтарға бөлінген сыныпты мұғалім талқылайды
- "Ақ қалпақтағы" - фактілер, орташа обьективті ақпарат беруді көрсетеді.
- "Қызыл қалпақтағы" - болжамдар сезу, алдын ала білуді сездіртеді.
- "Қара қалпақтағы" - сыни аналитик, логикалық позитивте болады.
- "Жасыл қалпақтағы" - шығармашылық өсу мүмкіндігі, идеялар жолында жаңалық ашады. "Көк қалпақтағы" - мұғалім, бағдарлама жасап, үдеріс үстінде, ұйымдастырушы, шолушы, шешім қабылдаушы екенін аңғартады.
. Ақпараттылық - INFORMATION LITERACY - ақпаратты терең түсіну: сыни ойлайды, өзге контексте қолданады, тіл білімін құрастырып, бірнеше тілді байланыстыра алуға дағдыланады.
"Үш қадамдық сұхбат" сыныпты топқа бөлемін: Ұлы, Орта және Кіші жүз және Хандық.
1 қадам - Ұлы жүз сұхбаттайды, Орта жүзге, ал Орта жүз Кіші жүзге сұхбаттайды және Хандық әңгілеп береді.
2 қадам керісінше.
3 қадам әр оқушы өз жұбы туралы ақпаратпен топта бөліседі. Ақпараты басқа тілде айтып, аудармашылар сайлауға болады.
АКТ қолдану: АКТ қолдану мүмкіндігімен білім жүйесін құрастыртады. АКТ қолдану арқылы сабақ қорытынды сәттерінде "Ғаламторда" ғалымдар айтады, "Менің интернет-олимпиадам" қиын сұрақтарға түзету жұмыстары, «Радиоға қоңырау шалу» әдісін қолдану т.б.
Шет елдік тележурналистердің мотивациясы арқылы жаһандық азаматтыққа қадамға бет бұруды көздемей-ақ, өзіміздің «Айтуға оңайдағы» Бейсен Құранбек, «Кеш жарық» Мейрам Сапарғали бағдарламаларының тележүргізушілеріне де еліктеп мемлекеттік тілде таза сөйлеуге талаптанатын қазақ сыныптарымен қатарласа жүрген орыс сынып оқушылары да өз үлестерін аз да болса қоса алады.
Мектептегі үйреніп жатқан үш тілдік пәндерге қоса, басқа пәндерден де ғылыми термин атауларының мазмұны арқылы көптілді тұлғаны қалыптастыру – жаһандық азаматтыққа қадамның ұласуына үлесі мол болды. Жобаның мазмұны – рухани жаңғыруды жетілдіру, білімдерін жан-жақты көрсету,көптілді болуға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу арқылы жаһандық азаматтыққа тұлғаны қалыптастыру. Менің болашақта үштілді еркін танып білуіме жол ашатын жобалардың бірі - жетекшіммен бірге ізденген тәжирибеміздің дәлелі болмақ.
Жаһандық азаматтыққа бет алу - жаңа білім көздеріндегі ХХІ ғасыр дағдыларын танып білуден басталады. Көптілді қазіргі шәкірттің аузынан естіген заманда жан-жақты болу - жаңа заман талабы. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - халықаралық қатынас тілі, ағылшын тілі - әлемдік қатынас, әрі бизнес тілі, оны меңгеру – жастарға әлем танудың кілті болмақ. Көптілді білу біздің шәкірттерге шексіз мүмкіндіктер ашады. Өзімізді әлемге танытқымыз келсе, көптілді меңгеруіміз қажет. «Үштілділік - нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым-қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы»- деп Б. Хасанұлы анықтама бергендей, бүгінде оны қолдануға жан-жақты күш салынуда, өйткені саясат үшін қажет. Соның өзінде де қазақ тілі тыс қалмайды, тек латын графикасында жазсақ та, мемлекеттік тілде де жаһандық азаматтықта қолдану аясы өріс алмақ. Көптілді білім берудің мақсаты бола тұрып, оң нәтижесін көрсеткен мұғалімде көптілді тұлғаның қалыптасуының боларына шексіз сенімдімін. Көптілді тұлғаны қалыптастыру - жаһандық азаматтыққа қадам басуы осымен жалғасын таппақ. Болашақ "Көптілді білім беру: ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру арқылы жаһандық азамматтыққа жол салатын ұстаздың жемісі миуалы болсын! Назарларыңызға рахмет!
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы 2010.6-б
Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б.
"Көптілді және көпмәдениетті тұлғаны қалыптастыру" Ғылыми жоба 2019 жыл. Нурсейтова М.Ж. Ахмет Байтұрсын атындағы ҚМУ-дегі баяндамасынан алынды.
Б.А. Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуметін біліктілікті арттыру жағдайында дамыту.: теория және тәжірибе // Aлматы. 2005, 174-бет
К.Құдайбергенова. Құзырлылық – тұлға дамуының сапалық критерий // «білім сапасын бағалаудың мәселелері: әдіснамалық негізі және практикалық нәтижесі » атты халықаралық ғылыми – практикалық конференцияның материалдары. 2008. 30- 32-б
1. Білім беру мекемесіндегі мұғалім қызметінің ұйымдастырылу бағыттары. (Әдістемелік нұсқау) Валиева М.-Алматы: ОПҚБАИ, 2012. 2. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012. 3. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты.Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 15 желтоқсан 2012

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген