Қазақ тілі сабағында оқушыларды мәнерелеп оқуға үйрету жолдары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі сабағында оқушыларды мәнерелеп оқуға үйрету жолдары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі сабағында оқушыларды мәнерелеп оқуға үйрету жолдары. Бүгінгі таңда оқушының фунционалды сауатты болуы, сапалы білім алуына ерекше мән беріліп отырғаны бәрімізге аян. Мектеп оқушыларын халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиет туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата аламыз.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі сабағында оқушыларды мәнерелеп оқуға үйрету жолдары.

Бүгінгі таңда оқушының фунционалды сауатты болуы, сапалы білім алуына ерекше мән беріліп отырғаны бәрімізге аян. Мектеп оқушыларын халқымыздың ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, көркем әдебиет туындыларымен сусындата алсақ қана жасөспірімнің жан дүниесін жадырата аламыз.

Мектептің бастауыш сыныбынан бастап, жас жеткіншектерді әсемдікке, әдемілікке,ойлылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде көркем шығарманы өз дәрежесінде оқытудың тәбиелік мәні өлшеусіз.

Ал баланы біліммен сусындататын, тәрбие беретін әрбір мұғаліммінің халық ауыз әдебиеті туындыларын, балаларға лайықты ертегі , тақпақ, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал- мәтелді т.б көп білетін, оны көркемдеп мәнерлі де әсерлі оқи алатын, жатқа білетін, балалар аудиториясын өзіне тәнті етіп басқара отырып әңгімелеп бере алатын өз ісінің шебері болуын уақыт талап етіп отыр. Баланың дұрыс оқуы мен дұрыс сөйлеуіне, ой- өрісінің жан-жақты дамуына тікелей әсер етіп тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімінің алатын орны ерекше

.Оқылатын көркем туындыдан эстетикалық тәрбие алуда мынандай тапсырмаларды ұйымдастыруға болады.

  1. Шығарманың аудиожазбасын тыңдауды ұйымдастыру.

  2. Балаларға сұрақ -жауап қойып әңгімеге тарту, жазып алу.

  3. Жазып алынған әңгімені дәптерден оқу, салыстыру.

Көркем шығарманы оқытуға оқушы ынтасын артыруда мәнерлеп оқуды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор.

Мәнерлеп оқуды дұрыс жүргізу үшін оқу кезінде қойылатын дауыс ырғағының кідірістерін игерту қажет.

Олар: а) логикалық кідірістер;

ә ) психололгиялық кідірістер

б ) грамматикалық кідірістер болып бөлінеді

Мектеп оқушылары оқу дағдысы қалыптасқан сайын сөйлемдегі сөз мағынасын дұрыс түсініп, мәтіндегі оқиғаның әсерін бір- бірінен ажыратып, бәрін бір дауыс

сазымен оқи салуға болмайтынын ұғынады.

Мәнерлеп оқуда көбірек қолданылатын, жиі ұшырайтын кідірістер – грамматикалық кідірістер немесе нормативтік дауыс ырғағы деп аталады. Нүкте сөйлем аяғында қойылатын , яғни хабарлы сөйлемді аяқтап тұратын грамматикалық белгі. Сөйлем оқылып келе жатып аяқталуға жақындағанда немесе нүктеге жақындағанда кідіру кілт тоқталмай, сөйлем соңындағы сөз немесе сөз тіркесі баяу созылыңқырап оқылады. Сондықтан нүкте жай қойыла салған шартты белгі ғана емес, мағыналық белгі екенін, оның оқылуын практикалық жолмен меңгерту керек.

Мысалы: Мәтінді оқып, нүктеге, леп белгісіне дауыстың қойылуына жаттығу жаса деген сияқты тапсырмалар бере отырып оқыту.Оқу, сөйлеу кезінде көп нүкте қойылған сөйлемге кенет тоқталып үзіліс жасалады. Сол кезде тыңдаушы ой аяқталмағанын, ой жалғасы барын анықтайды. Бұндай сөйлемдер көркем шығармада жиі кедеседі.

Оқушыларды мәнерлеп оқуға даярлау үшін алдымен сөйлеу техникасына жаттықтыру, дыбыстау мүшелерінің қызметін дұрыс түсіндіру керек.

Сөйлеу техникасын жете меңгерген ұстаз өз шәкіртінің де дұрыс сөйлеуіне ерекше назар аударады, тілдік дыбыстарын анық та ашық айтуға үйретеді.

Жаттығулар:

  1. Демді ішке тарту (3 сек) Демді шығарғанда дауыстап асықпай 1- ден 5- ке дейін санау. Бұл жаттығуды сабақта демалу жаттығуы ретінде қолдана отырып, сөзді дұрыс айтуға дағдыландыруға болады.

  2. Мына мәтінді алдымен іштей оқып алыңдар. Тыныс алу ережесін сақтай отырып, дауыстап, әр сөзді анық оқыңдар деген сияқты тапсырмалар бере отырып көркем оқуға жаттықтыру.

Мәнерлеп оқуда дауыстың маңызын оқушыға түсіндіру қажет.Дауыс сөйлеуші адамның сөзін, өзіндік үнін, көңіл-күйін,тыңдаушыға бағыттап отырады.

Оқушыларға берілетін жаттығу тапсырмалар:

  1. Мына шумақты буындап оқы, буынды созып дауыста

  2. Мына шумақты буындап жазып, екпін түсір, дауыстап оқы.

  3. Мына өлеңді әр түрлі дауыс қарқынымен: орташа, жай және тез оқып көр

  4. Берілген мақал- мәтелдерді жатқа айт

  5. Жатқа жаңылтпаш айт

Бұл жаттығулар тіл дыбыстарының артикулясын меңгертуде де маңызы зор. Сабақта өлең айту, жаңылтпаш айту, жұмбақтар шешу сяқты тапсырмаларды орындатқыза отырып қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айту дағдылары қалыптасады.

Жаттығу тапсырмалары:

Мына жаңылтпашты алдымен жай оқып біртіндеп дауысты тездетіп үш қайтара оқы.

Есет атам ет асатар, Анау Арал қай арал,

Ет асатса, бес асатар. Қайыңды арал, талды арал.

Мына жаңылтпаштарды тез оқығанда қай дыбыс өзгеріп кетеді, сөз мағынасы өзгеруіне мән бер.

Шілікті шаптым,

Жілікті астым.

Шілікті шақтым,

Жілікті жақтым.

Сөйлеу тілі ойлаудың нәтижесі болғандықтан, бала түсініп, дұрыс оқығанда ғана әңгімелеу дәрежесіне көтеріледі.Әңгіме айту мен шығарманы мәнерлеп оқу бір- бірімен тығыз байланысты.Әрине, оқушы бірден өзі оқып, өзі әңгімелесе, түсінбейтін сөз, сөйлемдері көп.

Сол себепті мұғалім мына нәрселерді ескеруі керек:

1.Тақырыпты алдын ала талдап жүйелеп алу

2. Тақырыптағы сөз, сөз тіркестері, тұрақты тіркес, мақал- мәтел, синоним т.б. сөздерді баланың ұғымына жақын баламасымен түсіндіру

3. Сабақ сайын баланың сөздік қорына жаңа сөз, таулар ендіріп, оны күнделікті сөйлеу тіліне қосып сөйлеуге баулу.

4. Балалардың алдында өлең шумақтарын, мақал- мәтелдерді, тіпті шағын әңгімелерді сөзбе-сөз жатқа айтып беру

5 Мұғалім үстелінде мұқабасы түрлі түсті журнал, кітапшалар жатуы керек.Үзіліс кезінде балалар оны көріп танысады.

Шағын әңгімеден бастап, көлемді повесть, романнан берілген үзінділердің ең қажетті жерлеріне назар аудара отырып, ықшамдай әңгімелеу де мұғалімнен шеберлікті қажет етеді..

Қандай әдіс- тәсілдерді қолданасақ та баланы жүйелі сөйлеуге, айтпақ ойын жеткізе білуге, көркем шығарманы оқуға құлшынысы бар, функционалды сауаттылыққа баулу- мұғалімнің басты міндеті.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Ақшолақов Т. Көркем шығарманың эстетикалық табиғатын таныту. Алматы, «Мектеп»

  2. Бозжанова К. Бастауыш мектепте оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру.Алматы, «Мектеп»

  3. Қожахметова Х Мәнерлеп оқу

  4. Интернет ресурстары













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.12.2021
554
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі