жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТКЕ ДАЙЫНДАУДЫҢ ТИІМДІ ӘДІСТЕРІ
БАТАЕВА ДИНА МУХАНБЕТОВНА
Шиелі ауданындағы №149 Ә.Монтаев атындағы
орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі
Нағыз тәрбие мен білім ережелерден емес,
жаттығулардан тұрады.
Жан-Жак Руссо
Оқушы білімін саралаудағы бірден-бір көрсеткіш Ұлттық бірыңғай тест болса, оны белгіленген талап деңгейінде тапсыруы - бүгінгі білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі
Оқушылар білімінің мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкестігін бақылауды ұйымдастырудың бір түрі – тестілік бақылау жүйесі. Әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру, жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде қазіргі білімнің ажырамас бөлігіне айналған.
Тестік бақылау жүйесі – оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу әрекетін арттырады, оқытудың тиімділігіне қол жеткізеді, ойлау қабілетін, шығармашылық әрекетін белсендіреді. Осыларға қоса оқушылардың алған білімдеріндегі олқылықтарын анықтайды, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Тест тапсырмаларын мұғалім өз қалауынша тақырып, тарау, курс бойынша құрып немесе дайын тестерді оқыту үрдісінде қолдана отырып, шәкірттерінің білім деңгейін жүйелі түрде тексеріп отыруға мүмкіндігі бар.
Көптеген
мұғалімдер қазіргі қолданыстағы
педагогикалық өлшем нақты деп ойламайды.
Оқушылардың жұмысын обьективтік және
нақты бағалау бір жылғы мәселе емес. Әр
мұғалім оны өз бетінше шешеді. Көбі
бүгінде барлық әлемдік тәжірибеде
кеңінен танымал тестілеу әдісін
қолданады. Қазіргі тәжірибеде қазақ
тілі сабағында тестілеу әдісі тиімді
әрі пайдалы, нақты педагогикалық өлшемнің
бірі болып тұр.
Өз оқушыларымның
білім деңгейін тексеру барысында әртүрлі
жұмыс түрлерін қолданамын. Соның бірі
- тестілеу әдісі. Тест арқылы бақылау
барысында мені қызықтырғаны: білім
сапасын шұғыл білу, қателерді дереу
түзеу, ескертулерді түзеу. Яғни, бұл
мұғалімге артық уақытсыз оқушылардың
білім дәрежесін тез тексеруге көмектеседі.
Тестілеудің тағы бір тиімді жағы - барлық
оқушылар бір деңгейде жұмыс істейді.
Тест әдісін қолдану оқушының білім
деңгейін көрсете отырып, мұғалімнің
жұмысының нәтижесін де көрсетеді.
Оқушылар өз білім деңгейін көре алады,
өзіне өзі бақылау жасай алады. Ата -
аналар өз балаларының білімін бақылай
алады.
Тест тапсырмаларын құру
барысында әртүрлі сала, әртүрлі
бағдарлама, әртүрлі тақырыптар қамтылады.
Бұл өз тарапында оқушының білім деңгейін
анықтай отырып, нақты тапсырмалар беруге
көмегін тигізеді. Мысалы: әртүрлі
ережелерді білу, әртүрлі білім саласы
бойынша оқушылардың деңгейін анықтау,
бағдарламалық материалдарды қамтуын
бақылау, есте сақтау және қолдану барысын
бақылауға болады.
Оқушыларды Ұлттық бірыңғай тестке дайындауда қазақ тілі сабақтарында тілдік талдауларды (фонетикалық, лексикалық, морфологиялық, синтаксистік талдаулар) үздіксіз жүргізудің маңыздылығы зор. Бұл талдау жұмыстарын үнемі қатар алып жүру арқылы оқушының қай тараудан, қандай тақырыптардан қателікті жиі жіберетіндігі байқалады.
Оқушы білімін тұрақтандыруда кесте бойынша ұйымдастырылатын қосымша сабақтарды тиімді пайдаланудың орны бөлек:
Қазақ тілі сабақтағында тіл білімінің салалары бойынша дайындық жоспарына сәйкес тақырыптарды теориялық тұрғыдан жүйелі түрде қайталау жұмыстары жүргізіледі.
Өткізілетін сабақтың тақырыптары:
Фонетика саласы бойынша: дыбыстың түрлері, буын, тасымал, үндестік заңы, орфография, орфоэпия
Лексика тарауы бойынша: сөз мағынасы, сөздік қор, сөздік құрам, фразеологизм
Морфология бойынша: сөз құрамы, сөз таптары
Синтаксис бойынша: сөздің байланысу тәсілдері, түрлері, сөйлем түрлері, сөйлем мүшелері
Пунктуация бойынша: тыныс белгілері туралы
Сабақ теориялық тұрғыдан түсіндіріліп болған соң, оқушылардың бойында қайталанған тақырыптарға сәйкес білім-білік дағдысын қалыптастыру мақсатында төмендегідей тапсырма түрлері орындалады.
Фонетика тарауы бойынша өтілетін сабақтың тақырыптары мен бөлімдері:
Тіл дыбыстарының жіктелуі. Дауысты дыбыстардың емлесі. Дауыссыз дыбыстардың емлесі. Буын. Буынның түрлері. Тасымал. Екпін. Үндестік заңы. Буын үндестігі. Дыбыс үндестігі. Орфография және орфоэпия.
Сабақ үлгісі: Буын. Буынның түрлері.
I.Теориялық ұғым.
Буын – сөзді айтқан кездегі дауыс толқыны.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Қазақ тілінде буынның 3 түрі бар:
Ашық буын. 2. Тұйық буын. 3. Бітеу буын.
Ашық буын
Ереже: 1. Бір дауысты дыбыстан болады.
Дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталады.
Мысал: А-ға, ә-ке, ке-рі, ша-на-ны, ба-ла-ға, бо-са-ға.
Тұйық буын
Ереже: Дауысты дыбыстан басталып, дауыссыз дыбысқа бітеді. Көбінесе бірінші буында кездеседі.
Мысалы: 1-буында: ат, ет, өрт, арт
2-буында: ки-ік, ти-ын
3-буында: тұңғи-ық, ақи-ық
4-буында: әдеби-ет, мәдени-ет
Бітеу буын
Ереже: Ортасындағы дауыстыны екі жағынан дауыссыз дыбыс қоршаған буын.
Мысал: бал, таң, тарс, қант, грамм, мек-теп, бал-дыр-ған.
II. Тапсырмалар жүйесі
Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасау
1. «Атамекен» сөзі: ( 6 әріп, 8 дыбыс )
А- дауысты , жуан, ашық, езулік.
т- дауыссыз, қатаң.
а- дауысты , жуан, ашық, езулік.
м- дауыссыз, үнді.
е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
к- дауыссыз, қатаң.
е- дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
н- дауыссыз, үнді.
А-та-ме-кен сөзінде 4 буын бар. Ашық, ашық, ашық, бітеу. Тасымалданады.
2. « Елтаңба» сөзі. (6 әріп, 7 дыбыс)
Е - дауысты, жіңішке, ашық, езулік.
л - дауыссыз, үнді.
т - дауыссыз, қатаң.
а- дауысты , жуан, ашық, езулік.
ң – дауыссыз, үнді.
б - дауыссыз, ұяң.
а- дауысты , жуан, ашық, езулік.
Ел-таң-ба. 3 буын бар.Тұйық, бітеу, ашық. Тасымалданады.
3. «Оқушылар » сөзіне математикалық тәсілмен мінездеме беріңіз.
1.Шешуі: Оқушылар- 8 =4 ( о,у,ы,а)+4 ▲( қ,ш,л,р)
а) тілдің қатысына қарай = 4 ( о,у,ы,а)
тіл арты/жуан ә) жақтың ашылу дәрежесіне қарай:
2(о,а)ашық
4
=
2(у,ы)қысаң
б) Ерін мен езудің қатысына қарай :
2(у,о)еріндік
4
=
2(а,ы)езулік.
4. Бір жұмбақ өлең құрастырып, шешуі болатын дыбысқа сипаттама
беріңіз.
Мысалы: Жаңада жоқ,
Ескіде бар.
Танада жоқ,
Ешкіде бар.
( І – дауысты, жіңішке,қысаң,езулік).
5. Дауысты дыбыстардың дауыссыз дыбыстардан ерекшелегін айтып,
сөйлемдегі дауысты , дауыссыз дыбыстарды ажыратыңыз.
Білім- сенің серігің, өмірлік жолдасың.
Б,л,м,с,н,ң,р,к,ж,д-дауыссыз дыбыстар.
І,е,ө,о,а,ы- дауысты дыбыстар.
«Білім»
сөзі ( 4 әріп,5 дыбыс)
Б-дауыссыз,ұяң.
і-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік.
л-дауыссыз,үнді.
і-дауысты,жіңішке,қысаң,езулік.
м-дауыссыз,үнді.
Бі-лім. 2 буын бар. Ашық, бітеу. Тасымалданады. Буын үндестігіне сай жазылған.
Оқушыларды дайындық сабақтарында бағалау парағымен түсінбеген сұрағы арқылы қатемен жұмыс жүргізіледі, тестік талдау жасатудың тиімділігі зор.
Мынадай тест тапсырмаларын оқушылар арасында талдау оң нәтиже береді. Мысалы, Ашық буынды тап.
Буын сөздегі дауысты дыбысқа негізделеді. Яғни сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады. Дауысты дыбысты А деп аламыз, дауыссыз дыбысты В деп аламыз. Ережесін де сол бойынша еске түсіреміз.
Ашық буын. А, ВА
Тұйық буын. ВА
Бітеу буын. ВАВ
Тестілеуді жеке оқушыларға және топтық, жұптық жұмыс ретінде де қолданамын. Тест тапсырмалары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Тестілеу оқушыларды өзін - өзі бақылауға, пікір алмасуға, қорытынды жасауға, нәтиже шығара білуге үйретеді.
Қазақстанның болашағы – келешек ұрпақтың білімділігі мен біліктілігіне байланысты. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» дегендей, оқушының бойына шынайы білім дағдыларын дарытып, алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге үйрету – біздің міндетіміз. Сондықтан әр жасаған еңбегімізден оң нәтиже таба білейік!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ш.К.Бектұров «Қазақ тілі: лексика, фонетика, морфология, синтаксис» Алматы, «Атамұра» -2006ж
І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі (лексика, фонетика)». Алматы - 1975ж
Ж.Б.Жеткізген «Қазақ тілін оқытудың тиімді әдістері» Әдістемелік құрал. Алматы -2011ж
Г.Қосымова, Ж.Дәулетбекова. 5-сынып. «Қазақ тілі» оқулығы. Алматы, Атамұра – 2015ж
«Қазақ тілі мен әдебиеті» журналдары. №7,2014ж; №8,2015ж;
Қ.Ибрагимов «Қазақ тілі: ҰБТ-ға дайындық оқулық-тесті» Алматы: «Шың-кітап», 2012ж
«Қазақ тілі пәнінен тест тапсырмалары» Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқу-әдістемелік құрал. Алматы – 2000ж
Ж.Сәдуақасұлы «Тілдік талдау үлгілері» әдістемелік көмекші құрал. Қызылорда – 2000ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген