Қазақ тілі сабағында оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары
Мәтіндік оқу мaтериaлдaрының ерекшеліктері және олaрды қaзaқ тілі сaбaқтaрында іріктеу әдістемесі, оқушылaрдың мәтінді тaпсырмaлaрды қaбылдaуының психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.
Тілдік пәндерді оқыту процесінде оқушылардың негізгі құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін модель ретінде мәтіндік оқу материалдарын пайдалану тәсілдері ұсынылады. Мектеп оқушыларының тілдік дағдыларын қалыптастыру процесі, оқу-әдістемелік кешеніне сәйкес қазақ тілі сабағын жаңаша ұйымдастырып, рухани білім негізіне тәрбиелеу басты негізге айналып отыр. Білім алушылардың ой өрісін кеңейтуге, мұқият оқу дағдыларын дамытып, өз ойын еркін жеткізуге бағытталған. Оқу бағдарламасы негізінде оқушылардың сауаттылығын әрі ой еркіндігін ширату, дағдыландыру мақсатын қажет етеді. Аталмыш мақала
оқушылардың тілдік тағдыларын шыңдап, іздендіреді, мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырады деп ойлаймын.
Тілдік дағдыларды қалыптастыруда ең алдымен қарым-қатынас дағдыларын дамытатын табиғи тілдік орта құру, оқушыны қызықтырып, ішкі уәжін ояту қажет.
Төрт дaғды коммуникaтивтік дaғдылaр: оқылым, тыңдaлым, жaзылым және aйтылым дaғдылaры болып тaбылaды. Aтaлмыш дaғдылaрды меңгертудің өзіне тән ішкі ерекшеліктері бaр. Сондықтaн өтілетін тaқырыпты жоспaрлaудa әр дaғдының өзіндік ерекшеліктерін тиімді құрaстырa білу үлкен жaуaпкершілікті тaлaп етеді.
Оқушылардың тыңдалым және айтылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-тыңдауға, мазмұнын түсінуге түрлі стилдегі мәтіндерді ұсыну;
-мәтінді қайталап тыңдау, негізгі ойды анықтау;
-тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-мәтін бойынша жоспар құру;
-тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу
-мәтінді өз қиялымен өзгертіп аяқтау;
-мәтіндегі оқиғаларды, іс-әрекеттерді салыстыра талдай алу;
-ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі бойынша ауызша есеп беру;
Оқушылардың оқылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын болжау;
-мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-«ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу, мәтінге ауызша және жазбаша шолу жасау;
Оқушылардың жазылым дағдыларын дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу;
-сөздердің орфографиясын меңгертуге арналған тапсырмалар;
-газет-журналдарға шағын хабарлама/мақала жазу
-белгілі оқиғаны өз ойынша өзгертіп аяқтау.
Оқылым дағдыларын сыныпта қолдану
• Егерде оқушы жоғарыда аталған дағдыларды (оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым) өз ана тілінде меңгерген болса, онда оқушыға ол дағдыларды екінші тілде қолдану оңайға түседі. Оларды екінші тілде қалыптастыру көп жағдайларда қиынға түседі. Сол себепті төрт тілдік дағдыны әуелі ана тілінде қалыптастырған дұрыс.
• Мәтінді түсіну үшін оқушыларға өз білімдерін пайдаландыру мақсатында сабақтың кіріспе бөлімінде жаттығулар ұйымдастыруға болады. Жаттығулар мәтіндегі суретпен немесе тақырып мазмұнын болжаумен байланысты болу мүмкін. Сонымен қатар миға шабуыл жаттығуын да қолдануға болады, яғни тақырыпқа байланысты идеялар, сөздер немесе оқушылардың тәжірибесін тақтаға жазу, кейін оқып болған соң салыстыру.
• Сонымен қатар мәтін оқушылардың жасына, тілдік деңгейіне сай дұрыс таңдалуы қажет. Мазмұны қызықты етіп алыған мәтін оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі. Егер мәтіндегі сөйлем құрылыс тым күрделі болса, онда ол оқушыларға түсінуге тым қиын болуы мүмкін.
Дилогқа қатысу (әңгімеге араласу). Сабақ барысында.
Оқылымнан кейінгі тапсырма: мәтінде көтерілген мәселеге, ақпараттарға байланысты талқылау сұрақтары. Мұндағы сұрақтар олар үйренген жаңа сөздерді, мәтінде кездестірген сөздерді қолдана отырып, жауап бере алатындай ұйымдастырылуы қажет. Сонымен қатар сұрақтар оқушылардың өмірлік тәжірибесімен де байланысып, өз көзқарастарын білдіруге мүмкіндік бере алатындай жасалды.
Тілдік пәндердің сабақтарына арналған мәтіндік оқу материалдарын іріктеуде мұғалімдер келесі жағдайларды ескеру қажет:
1) мәтін дәл және сенімді мәліметтері бар, қазіргі заманғы ғылымның жетістіктер деңгейіне сәйкес келуі тиіс;
2) баяндалатын мәтін материалы жүйелі, логикалы және бірізді болуы тиіс;
3) мәтін материалы құрылымды және мөлшерлі баяндалуы тиіс;
4) мәтін білім алушылардың қабылдауы үшін нақты, түсінікті және қолжетімді болуы тиіс;
5) мәтіндегі анықтамалар нақты белгілер арқылы анықталатын мазмұнды ашуы, мөлшерлі, түсінікті болуы және екі мәнді ұғымдар қолданылмауы тиіс. Педагогтар үшін тілдік пәндердің сабақтарына арналған мәтіндік оқу материалдарын іріктеуде Үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру деңгейлеріне көңіл аудару да қажет, олардың өзіне тән мақсаты және міндеттері, мәтінмен жұмыс істеу түрлері болады.
Қорытынды
Күнделікті сабақта жүргізілетін оқылым, жазылым түрлерімен қатар, материалдың мазмұнына, даму қарқынына негізделген өз бетімен оқу мәтіндері, түрлі жобалық тапсырмалар арқылы берілген жазылым тапсырмалары да болуы тиіс:
— Айтылым дағдысында – тапсырмалар тақырыпқа қатысты ойын білдіру, өз көзқарасын дәлелдеу, шешім шығару, қорытынды пікір жасау туралы түсінік пен біліктілік деңгейіне бағытталады.
— Тыңдалым дағдысы бойынша: негізгі ойды түсіну, ақпаратты анықтау, түсінгенін практикада қолдана білу бағаланады.
— Оқылым дағдысында – мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты әртүрлі деңгейде қабылдауы және түсіне білуі, тілдің айтылым заңдылықтарына сәйкес оқи алуы. Оқылым бойынша біліктілік деңгейін анықтау және бағалау келесі нәтижелермен айқындалады: түсініп оқу, зерттеп оқу, шолып оқу, мәселені сын тұрғысынан бағалау, негізгі аргументті анықтап, дәлелдеу.
— Жазылым дағдысында келесі көрсеткіштер бойынша бағаланады: тақырыпты аша білуі, грамматикалық сауаттылығы, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеуі, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын дәлелдеуі. Тілді жaттықтыру кезінде оқушылaр сөйлеу тілін өздері тaңдaй aлaды және оны дaмытуғa aрнaлғaн жaттығулaр жобa жұмысы, пікіртaлaс, мәселені шешу, себебін aнықтaу сияқты тaпсырмaлaрдaн тұрaды. Бұл тaпсырмaлaрдың бaрлығы дa оқушылaрғa жaңa aқпaрaттaрды бір-бірімен бөлісуге және қaрым-қaтынaсқa түсуге мүмкіндік береді.
Құрaстырғaн: Қалибекова Нұргүл Қалибекқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз