Материалдар / Қазақ тілі сабағында қолданылатын түрлі тапсырмалар жиынтығы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілі сабағында қолданылатын түрлі тапсырмалар жиынтығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Септіктердің сөйлемдегі қызметі,бірыңғай мүшелер,тыныс белгілерінің қойылуы,қарсы мәндес сөз табу,толықтауышты табу,сұрақ қою,көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын қою,септік жалғауларын табу,анықтауышты табу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Наурыз 2023
300
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан қаласы Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназиясы








ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТҮРЛІ

ТАПСЫРМАЛАР ЖИЫНТЫҒЫ













Қазақ тілі пәнінің мұғалімі

Кеутешова Жарқынай

Жолдасбекқызы











*СЕПТІКТЕРДІҢ СӨЙЛЕМДЕГІ ҚЫЗМЕТІ


Мысалы: Ғалымжан ( кім? ) кітап оқып отыр. Ердің ( кімнің? )

сыншысы – елі. Қаланың ( ненің? ) көшелері кең. Ол досына ( кімге?) хат

жазды. Білгеніңе (неге? ) сенбе, біліміңе ( неге?) сен. Мен Алматыға

(қайда? ) жүретін поезды күтіп тұрмын. Мен Сараны ( кімді? )көрдім.

Оспан газет ( нені? ) оқыды. Біз суды (нені? ) өзеннен аламыз.Қалада

(қайда? ) досым тұрады. Сенің жүрегіңде ( неде? ) адамға деген жылылық

бар. Біз Астанадан (қайдан? ) келдік .Радиодан ( неден? ) жаңалықтарды

естідім. Ермекпен (кіммен?) бес жыл бірге оқыдым. Берілген

тапсырманы абыроймен ( қалай?) орындаған жақсы.



*ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСЫ


Туған жеріңді,еліңді,мектебіңді, оқытушыңды,партаңды сүй.Мынау тастар Жезқазған,Алтай,Алатау,Қаратау кендерінен табылған.Бұғыбай – көрікті,ашық,ақ жарқын,ақ көңіл жігіт.Менің қайда екенімді ол да біліп,ойлап жүрсін. Көл бетінде су құстары:үйрек,қаз,аққу,бірқазандар жүр.Жұрттың айтуынша қасқыр не алқым, не шап сияқты қайдағы әлсіз жерден ауыз салады.Халық болған соң,өзіндік тарихы,тілі,мәдениеті,дәстүрі болуы шарт.Шал да, Жандос та,ауыл да итті жоғалдыға жорыды.Абай қажымай, жалықпай,ылғи ғана ынтығып тыңдайтын.


Шарты: бірыңғай мүшелер сөйлемнің қай мүшесі, тыныс белгілері неліктен қойылғанын түсіндіріңдер.



*БІЛІМІҢДІ БАЙҚАП КӨР


Көп нүктенің орнына қарсы мәндес сөзді тауып, оларды түрлендіру.


Семіз – арық. (С.т-арықтау, К.ш-өте арық, тым арық)

Жаңа-көне (көнелеу, өте көне, ең көне)

Қараңғы-жарық (жарықтау, өте жарық, жап-жарық)

Сұйық-қою (қоюлау, өте қою, қоп-қою)

Жуас-пысық (пысықтау, өте пысық)

Үлкен-кіші (кішілеу, кішірек, өте кіші, тым кіші)




* Тиісті сұрау қою арқылы толықтауышты тауып,астын сызыңдар,

олардың қай септікте тұрғанын анықтаңдар.



1.Мектептің алдында құжынап көрінген балалардан көз тұнғандай. 2. Асқақтата шырқалған ән құлаққа саңқылдап анық естілді. 3. Сәлкен де қартпен қатты қол қысысып амандасты. 4. Сөзіңіздің адал ниетпен айтылып тұрғанын ұғамын. 5.Сәлкен мен саған бір шаруамен келіп тұрмын. 6.Шаруаңызды айтыңыз. 7. Мені сиыр фермасына жіберші. Сиыр бағуға қиналмаймын. 8. Тілегіңізді қабыл алды. 9. Жылқы күзетіне басқа біреуді қоямыз. 10. Мен енді көшудің қамына кірісейін.



*Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып,мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар да,олардың мазмұнына көңіл аударыңдар;содан кейін септік жалғаулы сөздерге сұрау қойып,толықтауыштың астын сызыңдар.



Тілің ... жүгірме,білім ... жүгір. 2. Аузы ... әзілі жоқтың қолы ... қол шоқпары бар. 3. Ақымақ ... айтқан сөз ағып жатқан су... тең; ақылды ... айтқан сөз қол ... ұстаған ту ... тең. 4. Татулық ... табыс мол. 5. Қорқақ көлеңкесі ... де қорқады. 6. Су ... шым тоқтатар;сөз... шын тоқтатар.



*Мына сұрауларға жауап беріңдер де,толықтауыштың қай септікте тұрғанын айтыңдар.


Нені арман етесің? 2. Кімді құрмет тұтасың? 3. Немен шұғылданасың?4. Кімге ұқсағың келеді? 5. Неге (неменеге) әуессің? 6.Неден әсер аласың? 7. Кімнен үлгі аласың? 8. Жиналыста не туралы әңгімелестіңдер? 9.Кіммен жолдассың?






* Жақша ішіндегі сөздерге тиісті септік жалғауын жалғап(немесе туралы,жайында,жөнінде шылауларын тіркестіріп) толықтауышқа айналдырыңдар да,оны өзі қатысты мүшемен бөлек жазыңдар.



Шота мектепте барлық (пән) (бес) оқыды. Әсіресе (математика) қатты ұнататын. Ағасы Тұрсын (сурет салу) айналысатын. Әуелі оның әрбір (қимыл),түрлі түсті (бояулары) қызыға қарайтын. Кейін өзі де ақ (қағаз) шимайлауды шығарды. Мұның да (сурет) достары көп мақтайтын. (Ешкім) сездірмей (өлең де) жазып жүретін. Көбіне (Пушкин) еліктейтін. Жазу столында (оң қолы)(басы) сүйеп (ойлану) (Александр Сергеевич) үйренген. (Мектеп) (медаль) бітірген Шота Москва архитектура институтына (бару) бел буды. Архитектура (институты) кідіріссіз қабылданды. Әсіресе (сурет) «төрттік баға алғандағы (қуанышы) шек болған жоқ.




*Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауын не туралы,жөнінде,жайында деген септеулік шылаулардың бірін қойып,толықтауышқа айналдырыңдар да,оның (толықтауыштың ) қай мүшені толықтырып тұрғанын көрсетіңдер.



Мынау хат ...... жаңа Абай ағам Әбіш ..... жазып еді. Кәкітай хат ...... қалта ..... салды. Бұл үй ....... қатынас тек түнде ғана болу керек. Әбіш екі қағаздың соңы ...... бояулы қарындаш .......... Мәкеннің өзі ....... қолы .......... қойғызды. Мен олардың ерліктері ........... қысқаша баяндап бердім. Біз бір-біріміз ......... жап-жақсы түсінетін адамдар .... ұқсаймыз. Көрген көз ......... жазық жоқ. Сіз ......... менің ешбір күдігім жоқ. Шана ........ айдап келе жатқан қызыл әскер ........... генерал аттар .............. тоқтау............ бұйырды.




*Көп нүктенің орнына тиісті анықтауыш қойып,көшіріп жазыңдар. Анықтауыштың астын сызыңдар.



.......... жерге қақ тұрар,....... ерге бақ тұрар.Жігіттің.....күшін сұрама,....ісін сұра, ...сөз- жан азығы, еңбек-ырыс қазығы. ...наны тәтті,...жаны тәтті. ...көркі- құрақ ,...көркі-бұлақ.


К е р е к т і с ө з д е р : көлдің,таудың,еңбектің,жалқаудың,жақсы,қатты,қайратты,жұмсаган,бітірген.




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!