жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілі сабағында саралау тапсырмаларын беру жолдары
|
Сабақтың тақырыбы: Сабақта саралау тапсырмасын беру жолдары |
Тренердің аты-жөні: Мирманова С. И Күні: 17.08. 18 ж |
|||
|
Шебер сабаққа негізделген мақсаттар |
Мұғалімдерге оқушылардың саралау тапсырмасын орындауға бағытталған тиімді жолдарын ұсыну • Сабақ өткізуде оқушы
белсенділігінің әсерін арттыруда, |
|||
|
Сабақ нәтижесі: |
• Сабақ өткізуде оқушы
белсенділігінің әсерін арттырады; |
|||
|
Бағалау критерийі |
Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Пән мұғалімдері сабақтарында саралау тапсырмасын орындатуда интербелсенді әдістерді қолданады. |
|||
|
Ресурстар |
Слайд, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер. |
|||
|
Әдіс-тәсілдер |
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!», «Пазл» әдісі, «Қос шеңбер» әдісі, «Крест-нөл» ойыны, « Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі, «Блум» таксономиясы, «Конверттегі сұрақ», кері байланыс түрлері: «РАФТ», «Қосу,алу, қызықты», «ПОПС», «Синквейн» әдісі |
|||
|
Шебер сабақтың жоспары |
||||
|
Жоспарланған уақыт |
Сабақ барысы : |
«Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз!» .
«Пазл» әдісі
«Жаңғырық» мәтінін оқиды және қорытынды пікір ұсынады
|
||
|
Басталуы 5 минут Ойтүрткі сұрақтар қойылады |
Ұйымдастыру кезеңі 2 минут Сәлемдесу Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру Топтасады 3 минут «Жаңғырық» мәтінін тыңдайды. Тақырыпты ашады. Қорытынды ықтимал жауап: «Біз өзіміз, мұғалімдер, не берсек алдымыздағы біздің оқушымыздан соны аламыз. Қысқаша айтқанда, не ексең –соны орасың» Бүгінгі тақырып: «Сабақта саралау тапсырмасын беру жолдары |
|||
|
Жаңа білім 5 минут |
Білу және түсіну:
Саралау тапсырмаларын
қандай әдістер арқылы орындатуға
болады? 1.Саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік бере ме? 2.Саралау тапсырмалары оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын,белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етуге ықпалы бар ма? 3.Өз тәжірибелеріңізде саралау тапсырмасын үнемі қолданасыз ба? Саралау тапсырмаларының артықшылықтары қандай? 4.Саралау тапсырмасын орындату арқылы оқушының білім деңгейін анықтауға бола ма? «Ойлан! Жұптас! Бөліс!» әдісімен саралау жұмысын орындауда қолданатын әдіс түрлері және оның ерекшелігі туралы айтады.
Нәтижесінде: |
«Ойлан! Жұптас! Бөліс! » әдісімен әр топ саралау тапсырма-лары және оның тиімділігі, ерекшелігі туралы өз ойларын айтады. |
||
|
Ортасы 20 минут |
Қолдану: «Крест-нөл» ойыны, « Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі, «Блум» таксономиясы, «Конверттегі сұрақ» жаттығуы 1-топқа : «Крест-нөл» ойыны 2-топқа : « Атаулар туралы 3 сұрақ» әдісі 3-топқа : «Конверттегі сұрақ» әдісі 4-топқа : «Блум» таксономиясы Нәтижесінде:
-Белсенді оқу
әдістерін пайдаланады -Өз тәжірибесінде саралау тапсырмаларын орындайды. |
Әр топ өздеріне берілген әдіс арқылы сұрақ төңірегінде ой бөліседі. |
||
|
Сергіту сәті 2 минут |
«Бәрі де өз қолыңда» бейнефильм |
Ойтүйін жасайды |
||
|
Кері байланыс: 8 минут |
Синтез: 1-топқа:«РАФТ» 2-топқа:«Қосу,алу, қызықты» 3-топқа:«ПОПС» 4-топқа:«Синквейн» |
|
||
|
Қосымша ақпарат |
||||
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғарыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? |
Бағалау - Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? |
|||
|
|
|
|||
|
Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін әріптестер не білді? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? |
|
|||
|
Қорытынды бағамдау Қандай екі нəрсе табысты болды (келешекте ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (алдағы уақытта ескеріңіз)? 1: 2: |
||||
1-қосымша
«Өзіңізге тілегенді басқаларға
Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің да бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады.
2-қосымша Тыңдалым «Өмір жаңғырығы»
Ғани әкесімен бірге үлкен тау жартастарының арасымен серуендеп келе жатқан еді. Кенет Ғанидың аяғы кішірек тасқа сүрініп кетіп: А-а-а-а! деп айқайлап жіберді. Сол кезде жоғарыдан А-а-а-а! деген дауыс естілді. Ғани өзінің даусының қайталанғанына таңырқап:
– Сен кімсің? - деп дауыстағанда, Ғаниға:
– Сен кімсің? - деген жауап келді.
– Ғани түкке түсінбей жынданып:
– Сен қорқақсың! - деп бақырды.
Таудан шыққан дауыс та:
– Сен қорқақсың! - деп жауап берді.
Қатты ашуланған Ғани әкесіне қарап:
– Әке, бұл кім өзі? - деп сұрады. Әкесі:
– Ұлым, менің сөзіме құлақ сал, - деді де тауға қарап тұрып:
– Мен сені жақсы көремін! - деп айқайлады.
Таудан:
– Мен сені жақсы көремін! –деген жауап келді. Әкесі тағы да айқайлап:
– Сен әдемісің! -деді. Жауап:
-Сен әдемісің! - деді.
Ғани не болғанын білмей, таңданып тұрып қалды. Әкесі жаңғырықтың сырын былай деп түсіндіріп берді:
– Мұның атын жаңғырық дейді. Жаңғырық адам баласына көптеген нәрсе үйретеді. Сен өміріңде не істесең, істеген ісіңнің сыбағасын аласың. Өмір айна сияқты. Сен қандай болсаң, солай көрсетеді. Егер мейірімділікті каласаң, мейірімді болуға тиіссің. Адамдардың сабырлы болуын қаласаң, сен де сабырлы бол. Адамдардың қайырымды болуын қаласаң, сен де қайырымды бол.
Бұл – өмір заңдылығы. Өмірде кездейсоқтық деген нәрсе жоқ. Сондықтан өзің түзелмесең, өзгелерді түзей алмайсың.
3-қосымша
«Ойлан, жұптас, бөліс» – оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған тәсіл. Тақтада сұрақ, тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3 – 4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалім 2-3 жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрануына болады.
«Крест-нөл» әдісі 1-топқа «Менің атым Қожа» хихаяты бойынша
|
1. Өзіңіз және кітаптағы басты кейіпкер жайлы өлең жазыңыз – сіздің оқырмандарыңыз сіз бен кейіпкердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көруі қажет. Әр өлеңде анағұрлым маңызды белгілерді көрсетуді ұмытпаңыз. |
2. Кітаптағы кейіпкер туралы 20 жылдан соң орын алған жағдай сипатталады. Бөлігін жазыңыз. Оны өмір ағысы қайда апарды? Не себепті? Енді өзіңіз туралы да дәл солай етіңіз, 20 жылдан кейін сіз қандай боласыз. Екі мәтіннің де қызықты мақала екеніне көз жеткізіңіз. |
3. Сіз «портрет жасаушысыз». Жеке қасиеттеріне назар аудара отырып, кітаптағы қызықты кейіпкердің толық әрі пайдалы бейнесін жазыңыз және көрсетіңіз. Өзіңіз үшін де солай етіңіз. |
|
4. Романдағы оқиға орын алған жерге ұқсас қаланы/жерді зерттеңіз. Салыстыру жасау үшін карта, эскиз, халық саны және өзге де демографиялық деректерді пайдаланыңыз. |
5. Сіздің өміріңіз бен кейіпкер өміріндегі маңызды жерлер моделін немесе картасын жасаңыз. Оқырмандарға қандай жерлерді ұнататыныңызды түсінуге көмектесіп, сіздің өміріңіз бен кейіпкер өміріндегі жерлердің не үшін маңызды екенін көрсетудің әдісін табыңыз. |
6. Уақыт пен орын, сол уақытта орын алған белгілі бір оқиғалар адамдар мен оқиғалардың қалыптасуына ықпал етеді. Осы кітапты пайдалана отырып, ойыңызды сенімді түрде дәлелдейтін әдіс табыңыз. |
|
7. Өмірі мен тәжірибесі қарастырылып отырған романның тақырыбымен ұқсас тарихта болған әйгілі адам немесе ағымдағы оқиға жайлы мәлімет табыңыз. Олардан өзіңізге қандай сабақ алғаныңызды бізге көрсету үшін шығарма жазыңыз. |
8. Романның түйінді тақырыбын зерттейтін таныстырылым жасаңыз. Таныстырылымыңызда кем дегенде үш әдіс пайдаланыңыз (мысалы, бейнелеу өнері, әуен, фотосурет, поэзия, драма, мүсін өнері, каллиграфия және т.б.). |
9. Кітаптың негізгі ойына сәйкес келетін, оны бейнелейтін бірнеше ән таңдаңыз. Аудио-коллаж дайындаңыз. Тыңдаушыға осы әннің кітаптың ойын қалай көрсетеді деп ойлайтыныңызды түсінуге көмектесетін көрсетілім картасын жазыңыз. |
2-топқа
«Атаулар туралы 3 сұрақ»
Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:
1.Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?
Терминдер: «Етікші», «Пайда-зиян», «Қарыз»
Ақылды етікші
Бұрынғы өткен заманда бір
патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен
орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық
пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да
мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді
мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына
келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап
уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда
қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді
халыққа естіртіп болып, патшаға:
- Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына
келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн
болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай
орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр
екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе,
үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны
көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы:
- Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың?
«Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда?
- дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір
қылып отырған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде
төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен
сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», -
дейді. Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт
уәзірін шақырып алып: Сіздерді басқалардан ақылы көп деп, өзіме
уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне
төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын.
Сол
пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба алмасаңдар,
бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар,
жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де
шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді патшаға
көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге
келіп:
- Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер
едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші
уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға
барады да:
- Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт
сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі
қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды
әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті.
Сонда патша:
- Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де
түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, -
депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты:
- «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда
өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма
беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме
беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне
тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін дегенім, -
депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне
уәзір қылған екен.
6-қосымша. 3. «Конверттегі сұрақ». «Ғылманның өнері» мәтіні 3-топқа
Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
«Блум» таксономиясы 4-топқа «Батпан құйрық» мәтіні
|
1Білу.Оқушы меңгерген жаңа білім негіздері. |
2. Түсіну.Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді. |
3. Қолдану.алған білімді қолданады. |
|
Бейнелеу, суреттеу құралдарын жаз. |
Бейнелеу, суреттеу құралдарын пайдалана отырып, шығармадағы кейіпкер бейнесін 5-6 сөйлеммен жаз. |
|
|
Шығармадағы негізгі идея неде? Өз пікіріңді дәлелдеп жаз. |
||
|
4. Талдау. Жай қабылдамайды, талдайды, салыстырады. |
5. Жинақтау. Алған білімінен жаңа өнім жасап шығарады. |
5. Бағалау. Өз пікіріңді сындарлы тұрғыдан сипаттап жаз. |
|
Шығарма кейіпкерінде кездесетін жағдайдар өмірде кездесуі мүмкін бе? 6-7 сөйлеммен талдап жаз. |
Шығармадағы негізгі идеямен қоғамдағы жағдайды салыстыра отырып, түйінді пікір жаз. |
Кейіпкер бейнесін ашу барысында жазушы қолданған құралдардың маңыздылығы қандай? |
Блум» таксономиясы 4-топқа «Батпан құйрық» мәтіні

8-қосымша «Бәрі де өз қолыңда»

9-қосымша
«РАФТ»-Р-рөл, А-аудитория, Ф-форма, Т-тақырып
1-топқа. «РАФТ» стратегиясы.
Р-кім боласың (кім жазады)
А-кімге жазасың
Ф-қай түрде жазасың (форма: хат, шығарма, ресми қағаз, баяндама, құттықтау, сенім хат, қолхат, арыз, түсініктеме т.б.)
Т-қандай тақырыпта.
2-топқа. «Бес жолды өлең» стратегиясы. Алған мағлұматтарды өзіндік қорытындылайтын және тақырыптық толық мазмұнын аз сөзбен сипаттайтын, қысқа да нұсқа түрде тірек сөздермен жазылатын өлең жолдары.
1 жол – тақырыпты сипаттайтын зат есім;
2 жол – мәтіннің мағынасын ашатын, негізгі мәселені сипаттайтын екі сын есім;
3 жол – мәтіндегі тақырып бойынша іс-әрекетті көрсететін үш етістік;
4 жол – тақырыпқа қатысты төрт сөзден құралған сөйлем;
5 жол – тақырыпты айқындайтын бірінші сөзге синоним соз.
3-топқа. «ПОПС»
1.Пікір
2.Дәлел
3.Идея
4.Қорытынды)
4-топқа.«Қосу, алу, қызықты»
1.Мен өзіме алдым
2. Өзімнен мынаны алып тастаймын
3.Мен үшін қажет болды
10-қосымшалар (Қажетті мәтіндер)
Ақылды етікші
Бұрынғы өткен заманда бір
патша болған екен. Оның әрбір тәртібін халқы екі етпей уақытымен
орындап тұрады екен. Бір күні бұл патша: «Менің әрқашан халық
пайдасына еткен әмірім орнына нақпа-нақ келіп тұрады және халқым да
мені жақсы көреді. Сондықтан да мен олардың пайдасын ойлаймын. Енді
мен осы халқыма зиянды бір әмір таратайын. Халқым тыңдап, орнына
келтірер ме екен? Жоқ, келтірмес пе екен?» - деп ойлап
уәзірлеріне:
- Халыққа тегіс хабарландырыңдар: «Ешкім басына пайда
қылмасын!» - деп, әмір қылады. Бұдан соң уәзірлер бұл әмірді
халыққа естіртіп болып, патшаға:
- Халқыңыз әміріңізді нақпа-нақ айтқаныңыздай орнына
келтіретін болды, - дейді. Патша уәзірлеріне еш жауап айтпайды. Түн
болған соң үстіне бөтен, ескі киім киіп, әмірінің қалай
орындалғанын көру үшін көшеде жүрсе, шеттегі бір үйде шам жанып тұр
екен. Патша қайыр сұраған кісі болып, шам жанып тұрған үйге келсе,
үйдің ішінде бір етікші етік тігіп отыр екен. Етікші қайыршыны
көріп тұра келіп, бір кішкене нан береді. Сонда қайыршы:
- Сен патшаның әмірін тұтпаған не қылған адамсың?
«Ешкім басына пайда қылмасын және шам да жақпасын», - дегені қайда?
- дейді. Сонда етікші: «Сенің онда не жұмысың бар? Сондай әмір
қылып отырған патша да ақымақ. Себебі, мен жарлы адаммын. Күнде
төрт теңге пайда қыламын да, төрт теңге зиян қыламын. Міне, мен
сонымен күн көріп отырмын. Патша ақылды болса, осыны білер еді», -
дейді. Патша бұған жауап қайтармастан үйіне келеді де, ақылды төрт
уәзірін шақырып алып: Сіздерді басқалардан ақылы көп деп, өзіме
уәзір қылып едім. Енді менің сіздерден сұрайтын сауалым бар. Күніне
төрт сом пайда, төрт сом зиян қыламын.
Сол
пайдам мен зияным не? Үш күн ішінде соны табыңдар. Таба алмасаңдар,
бастарыңды аламын! Өздерің таппасаңдар да табатын кісі тапсаңдар,
жазадан құтыласыңдар! - депті. Уәзірлер үш күннің ішінде өздері де
шеше алмай және табатын кісі де таба алмаған соң, енді патшаға
көрінбей, қашпақшы болып жүргенде, баяғы етікші уәзірлерге
келіп:
- Мен патшаның сұраған сауалын тапсам, сіздер маған не берер
едіңіздер? - дейді. Уәзірлер төрт мың ділда бермекші болады. Етікші
уәзірлерден төрт мың ділданы санап алып, олармен бірге патшаға
барады да:
- Тақсыр, мен етік тігіп, әр күні төрт сом пайда, төрт
сом зиян қылам. Ол былай: бір сомды қарызға беремін. Бір сомды ескі
қарызымды төлеуге беремін, бір сомды құдыққа тастаймын, бір сомды
әйеліммен екеумізге жұмсаймын, - депті.
Сонда патша:
- Әйеліңмен екеуіңе жұмсалған ақшаға бәріміз де
түсінеміз, қалған үш сомның жұмсалған орнын анықтап түсіндір, -
депті. Бұл сөзге етікші былайша жауап қайырыпты:
- «Бір сомды қарызға беремін», - дегенім: «Қартайғанда
өзімді асырар», - деп балама беремін. «Бір сомды ескі қарызыма
беремін» - дегенім: өзімді жасымда асыраған кәрі әкем мен шешеме
беремін. «Енді бір сомды құдыққа тастаймын» - дегенім: күйеуіне
тұрмай, қайтып келіп отырған қызым бар, соған беремін дегенім, -
депті. Сонда патша: «Бұл етікші ақылды адам екен», - деп, өзіне
уәзір қылған екен.
Батпан құйрық
Қарны ашқан қасқыр тамақ
іздеп, арсалаңдап келе жатады. Сол кезде түлкі жолығады.
- Қасеке, жолың болсын! Қайда жортып барасың? - деп сұрайды
түлкі жылмаңдап.
- Түкем, қарным ашты. Тамақ іздеп барамын.
- Қасеке-ай, менің де қарным ашып келе жатыр еді, өзің
кездестің. Жолым болады екен. Бірге іздейік.
- Ал, түке, ендеше баста, - дейді қасқыр. Қасқыр мен
түлкі жорта жөнеледі. Бір мезгілде төңкеріліп жатқан қойдың
тегенедей құйрығына тап болады. Қуанғаннан қасқырдың екі көзі
сексеуілдің шоғындай жайнап кетеді. Оп-оңай табыла қалған тамаққа
таңырқап, түлкіден сұрайды:
- Түке, түке, бұл неғылған батпан құйрық, тегіннен тегін
айдалада жатқан құйрық?! Түлкі ойлаған боп, қипаңтай жауап
қайырды:
- Апырмай, қасеке-ай, бір алаңғасар базарға барған шығар.
Арзан бағаға алған шығар. Қанжығасына бос байлап, содан түсіп
қалған шығар.
- Ай, түке, сонда да мен осыныңнан қауіптеніп
тұрмын.
- Қасеке, сен қауіптеніп, қорқатын болсаң, мен-ақ жей
салайын, - деп, түлкі құйрыққа үмтыла бергенде:
- Тоқта, тоқта! - деп, қасқыр арс ете
қалады. Түлкі жалт беріп, құйрығын бұлғаңдатып, шоңқып отыра
кетеді. Ашқарақ қасқыр былқылдақ құйрыққа ауызды салып кеп
жібереді.
- Қасеке, мені де ескерсейші! Олжаға ортақ емеспіз бе? - деп,
түлкі өтірік мүләйімсиді. Қасқыр оған ала көзімен ажырая қарап,
тісін ақситып:
- Был-жыр-рра-ма...- дейді де, қойдың тегенедей
құйрығын төрт-ақ асап, толғап-толғап, қылғи салады. Қарны тойып,
қарық болған қасқыр аузын кере қарыс ашып, ыңыранып, бір керіліп
алады да, жорта жөнеледі.
Іші біліп, мұртынан күліп, қасқырдың соңынан келе жатқан
түлкі:
- Апырай, қасеке-ай, әлгі май құйрықтан тым болмаса бір
асам дәм татырмадыңыз-ау, ә?! - деп, күңкілдейді.
- Түке-ау, мұрныңа майдың иісі барғаны да жетпей ме! -
деп, қомағай көкжал қарқ-қарқ күледі. Біраздан кейін қасқырдың көзі
алақтап, тілі салақтап, жанын қоярға жер таппай, дөңбекшиді де
калады.
- Е-е... құйрық жейтін батырмысың, жан бергелі жатырмысың?! - деп,
түлкі қусықылықтай кеп күледі.
Емің бар ма, түлкіжан-ау... Түкешім, аясаңшы ағаңды, - деуге
қасқырдың тілі әрең келіпті. У барған ішке су барса, тез
өлтіретінін білетін түлкі:
- Удың емі су болады, қасеке. Су ішсең, жаның қалады, сәтін салса,
- дейді. Қасқыр бар қалған күшін жинап, суды тілімен жалап-жалап
алады да, қалпақтай ұшып түседі.
- Міне, саған батпан құйрық, айдалада тегіннен-тегін жатқан құйрық!
- дейді де, түлкі өз жөніне кете
барады.
Ғылманның өнері
|
Бұрынғы өткен заманда Бағдат шаһарында Ғылман
деген бір ақылды адам болған екен. Бағдатта оның әр түрлі
дәрігерлік өнерімен атағы шығады. Мұны естіген Бағдат патшасы
Ғылманды өзіне шақырып алдырыпты. Патша күн сайын онымен бірге
кеңесіп отырады екен. Ғылманның өнерлеріне таң қалып жүреді екен.
Бір күні патша үлкен уәзірін шақырып алып: |
-
Мәтіннен негізгі және туынды зат есімді табыңыз?
2.Сапалық және қатыстық сын есімдерді тауып, қатыстық сын есімнің жасалу жолдарын анықтаңыз.
3.Мәтіннен төл сөзді сөйлемді, төлеу сөзге айналдырыңыз.
4.Мәтіндегі негізгі идеяны тауып, түйінді пікір жасаңыз.
5.Мәтіндегі түйінді ойды өмірмен байланыстырып, мысал келтір.
1. Мәтіннен негізгі және туынды зат есімді табыңыз?

Конверттегі сұрақ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген