15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Қазақ тілі сабағында танымдық белсенділікті дамыту
Дюсебеков Серик Токенович
«Балқаш қаласы жалпы білім беретін №24 орта мектебі» КММ
орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Қазақ тілі сабағында танымдық белсенділікті дамыту
Қазақ тілі пәнін оқытуда білім алушының осы тілде еркін сөйлеуі, айтылған ойды толық түсіне білуі – қазақ тілі мұғалімінің тынымсыз да ерен еңбегінің жемісі. Оқушылардың тіл үйренудегі жетістігі әр мұғалімнің сабаққа тиянақты дайындалуына, сабақ әдістерін түрлендіре пайдалануына, жоспарлы және жүйелі жүргізуіне, еңбекқорлығына, іскерлігі мен біліктілігіне байланысты.
Қазіргі кезде қазақ тілін үйрету көптеген ұстаздарға кейбір қиындықтар тудырып жүргені жасырын емес. Бұл орайда, ең басты мәселе - білім алушылардың сол тілге деген қызығушылығы, үйренуге ынта-ықыласы қажет. Сондықтан алдымызда отырған шәкірттеріміздің әр сабаққа деген сезімін ояту - ұстаздардың үлесінде.
Ойын-сабақтар, шығармашылық, тіл дамыту сабақтары, сондай-ақ танымдық белсенділікті дамытатын сабақтардың түрлері білім алушылардың логикалық ойлау жүйесін дамытумен қатар, ауызша, жазбаша сөйлеу дағдылары жетілдіреді. Бұндай сабақтар оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, тілдерін байытуға, сөйлем құрау шеберліктерін жетілдіруге ықпалы зор екені сөзсіз.
Өзімнің сабақтарымда көбінесе теориялық білімді тәжірибемен ұштасып өтілуін қалаймын. Оқушыларға ауызекі сөйлеу тілі мен жазу сауаттылығын меңгертуде танымдық белсенділікті дамыту жұмыстарын дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор екендігі үнемі есте ұстап, әрбір тақырып бойынша 2-3 сабақта теориялық тұрғыда меңгертіп, нәтиже, бекіту сабақтарда тәжірибемен байланыстырамын.
Осы сабақтарда өзім қолданатын әдіс-тәсілдерімнің бірі – «Сиқырлы сандар» сұрақ-жауап сайысы:
Қырық (ру, қадам, құбылу, пышақ, шілтен, тесік, қырқынан шығару, қырқын беру, қырықтың бірі – Қыдыр); тоғыз (тоғыз жолдың торабы, тоғыз саққа жүгірту, бас тоғыз); жеті (жеті ата, жеті басты жалмауыз, жеті ғалам, жеті түнде, жеті қырдың астында, жеті жұт, жеті қазына).
Мақалды толықтыру:
1. Жеті түрлі білім біл – жеті елдің ... ...
2. Ұлық болсаң - ... ...
3. Жүз сом ақшаң болғанша, жүз ... ...
Қазақ тілінде баламасын табу:
1. Тамшы тама-тама дария болады (По капельке образуется река).
2. Ердің атын еңбек шығарады (Человека прославяет труд).
3. Көрнекті іс көмілмейді (Хорошее дело не пропадает).
4. Аз да болса, дұрыс болсын (Меньше да лучше).
Арасында интервалы жоқ біртұтас сөйлемді жік-жікке бөліп шығу:
1. Біздіңмектептеталаптыдатәртіптіоқушыларбілімалады.
2. Мынаорналасқанүлкенқондырғыныңнегізгіқызметіқандай?
3. Нұрлансендеқазірқандайсабақболады?
4. Алақайертеңканикулбасталады!
Сөйлемдегі орысша сөздерді аудару:
Оған мақтау грамотасын вручили
Ваняның өшіргіші у тебя.
Онымен мен есеп решаю.
Сен жұмыстан когда қайтасың?
Шатасқан әріптер:
1. Қаздар сынап бөлмесінің шамын сүртті, ал малалар емен жуды.
2. Қыс кеспе бігіп, әжесі құлақ құрап атыр.
Тірек сөз таптары арқылы сөйлем құру:
Зат есім + зат есім + сын есім, зат есім + сын есім + етістік (Қыста түн ұзақ, күн қысқа болады).
Одағай + есімдік + үстеу + сан есім + етістік (Алақай, мен бүгін бестік алдым).
Тілімізге сіңісіп кеткен бөгде сөздермен жұмыс:
Звондаймын (қоңырау шаламын), өшірет (очередь), мәйкі (майка), нәски (носки, шұлық), кәтталынайық (давайте покатаемся – сырғанайық).
Орфографиялық және орфоэпиялық заңдылықтарға байланысты тапсырмалар (орыс тілімен салыстыр):
ше
Осы сияқты белсенділік пен танымдылықты дамытатын тапсырмалар белгілі бір тақырыпты меңгеруге септігін тигізеді. Сондай-ақ жоғарыда атап айтқандай, бұл тапсырмалар оқушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру, алғаш теориялық білімдерін практикада пайдалана білуге дағдыландырады, қазақ тілінде сұрақ қою білу, берілген сұраққа жауап беру, жүйелі түрде өз ойларын жеткізе білу басты мақсат етіп алынады.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыруда оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін таңдай білу, оқу материалдарын жүйелі, мазмұнды сұрыптау, сабақтардың өзін түрлендіріп өткізу тілді жылдам игеруге ықпалын тигізеді. Қазақ тілі сабағында жиі қолданылатын бұл тапсырмаларды флипчарт, презентация, компьютердегі қолданбалы бағдарламаларда, интерактивті тақтада, сондай-ақ карточкалар, тірек-сызбалар, кестелер арқылы мүмкіндігінше түрлендіріп, күрделендіріп пайдаланып жүрмін. Өтілген материалдарды бекітуге, алған білімдерін жинақтауға, жаңа тақырыпты түбегейлі игеруге оқушының белсенділік қабілеттерін дамытуға негізделген бұл жұмыстар мұғалімдерге де сабақта жан-жақты әдістемелік тұрғыда шыңдап өткізуге септігін тигізеді.
Әдебиеттер
1. С. Исаев, Г. Нуркина «Сопостовительная типология казахского и русского языков», Алматы, «Санат», 1996 ж.
2. О. Мараховская, О. Тәжімұрат «Қазақ тілі мен орыс тілінің салыстырмалы грамматикасы», Астана, «Фолиант» баспасы, 2010 ж.
3. Ж. Адамбаева «Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқытудың кейбір мәселелері», Алматы, «Рауан», 1993 ж.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген