Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал)
Материалдың қысқаша нұсқасы


РАМАЗАНОВА Г.З. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ»
(әдістемелік көмекші құрал)



Ғалым-ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың: «Біздің заманымыз – жазу заманы: жазумен сөйлеу ауызбен сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман» - деп осыдан бірнеше жыл бұрын айтқан сөзі қазіргі уақыт талабын дөп басып отыр. Жазбаша шығармашылық – адамның рухани өсуінің бастауы. Демек, «Баланы жастан» демекші, бүлдіршін мектеп табалдырығын аттап, қолына қалам ұстаған күннен бастап, жазба тілді дамытуды мақсат ету қажет.

Ал ғалым С.Аманжоловтың: «Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп, үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды олай үйрене алмайды», - деп айтқанындай, жазбаша сөйлеуге үйрету – ауызша сөйлеуге үйретуге қарағанда күрделі, қиын жұмыс. Сондықтан оның әдістемелік жағдайларын, жолдарын іздестіру – маңызды іс.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырды. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар.

Мәтінмен жұмыс барысында оқушылардың білімдері бекіп, өз беттерімен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады, яғни зейін қойып тыңдай білу, белгілі бір жобалар бойынша сөйлем мүшелеріне талдай алу, сұрақ қоя білу, қажетті деректерді теріп алу, сөздікпен жұмыс істей алуға үйренеді.

Әрбір материал мұғалім тарапынан жақсы түсіндіріліп, қаншама дағды берілгенімен, әр оқушының білімі, дағдысы, шеберлігі есепке алынбаса, олардың материалды қалай меңгергені, нәтижесі, оған қалай жеткені белгісіз болып қала береді. Оның үстіне балалар өз еңбегінің нәтижесін біліп отырмаған соң, келесі еңбекке ынтасы азайып, сабаққа белсенділігі төмендейді. Сондықтан қай жазба жұмысы болмасын оның орындалуына ерекше мән беріліп, оқушы еңбегі бағалануға тиісті. Жазба жұмыстарының түрлері көп, соның ішінде біз тоқталмақшы түрлері: жаттығу жұмыстары (талдау жұмыстары), диктанттар (жатжазу), творчестволық жазба жұмыстары.

Мәтінмен (үлгімен) жұмыстың мақсаты – сабақтың тақырыбы мен мақсатына орай мәтінді талдау барысында қажетті білім-түсінікті игерту.

Мәтінмен жұмыс:

а) дайын мәтінді талдау;

ә) оқушылардың өздері құрған мәтіндерін талдау;

б) мәтіннің жеке элементтерін (тақырыбына, негізгі ойына, жоспарына т.с.с. байланысты) талдау жұмыстары арқылы іске асырылады.

Мәтінмен жұмыс жасау барысында мына талаптар ескеріледі:

1) Біріншіден, белгілі бір тақырыпқа қатысты талдауға ұсынылатын мәтінді күні бұрын дайындау керек.

2) Екіншіден, ұсынылатын мәтін баланың түсінуіне жеңіл, ықшам, көркемдігі жоғары әрі қызықты болу қажет.

3) Үшіншіден, мәтіннің тәрбиелік мәні ескеріліп, оқушының жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру мақсатына сай болу керек.

Мәтінге талдау жасалып, оқушыларға түсіндірілуі тиіс қажетті ақпараттар игертілген соң, жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Мәтін жұмысының мақсаты – оқушыларды жазбаша шығармашылыққа жаттықтыру, мәтін түзудің әдіс-тәсілдерін, заңдылықтарын меңгерту. Бұл мақсатқа жету үшін орындауға ұсынылатын жаттығулар дұрыс іріктеліп, оны орындату жолдары белгіленеді.

Оқушыларды жазбаша шығармашылыққа баулитын жаттығулар мақсатына және қызметіне қарай 4-топқа жіктеледі.

1. Өзі жазатын ойының бағытын, мазмұнын және нәтижесін алдын ала болжай білуге үйрететін жаттығулар.

Мысалы, 1-тапсырма. «Көлдің суы қандай?» деген сұраққа жауап беретін, көлді суреттей алатын сөздерді тап.

2-тапсырма. Төменде берілген тірек сөздерден «Менің досым» атты әңгіме құра.

Көңілді, үздік, көп біледі, үйретеді, түсінеміз, әрқашан біргеміз.

3-тапсырма. «Нан қайдан келеді?» деген тақырыпқа байланысты негізгі ой қандай болуы тиіс екенін ойлан. Әңгіменің мазмұнын бере алатындай тірек сөздерді тап.

2. Ойдың жоспарын жасай білуге үйрететін жаттығулар.

Мысалы, 1-тапсырма. Әңгімені бөлімдерге бөл. Әр бөлімге байланысты сурет сал. Мәтіннің аңдату мазмұндау, қорыту бөлімдерін тап және әрқайсысында не туралы сөз болатынын түсіндір.

2-тапсырма. Көргенің не бастан өткізген оқиғаң туралы әңгіме жаз.
Ол үшін алдымен жазатын әңгіменің әр бөлімінде не туралы айтылатынына қысқаша түсінік бер.

3-тапсырма. Құрылымы бұзылған мәтінді қалпына келтір. Бөлімдерін тап және әр бөлімде не туралы айтылатынын түсіндір.

3. Жоспарланған ой, мазмұнды тұтас мәтін түрінде жарыққа шығара білуге үйрететін жаттығулар.

Ерекшелігі: бұл жаттығулар бала тілінің дамуына, сөздерді дұрыс, дәл таңдап, іріктеп, орынды қолдана білуге төселуіне ықпал етеді. Бұған сөйлемдерді дұрыс құруға, сөздерді дұрыс және стильдік жағынан дәл қолдануға, шығарманың көркем болып шығуы үшін синонимдер мен антонимдерді, ауыспалы мағыналы сөздерді көркемдегіш, бейнелегіш құралдарды, сөйлемдерді бір-бірімен байланыстыратын тілдік амал-тәсілдерді меңгеруге жетелейтін тапсырмалар жатады.

4. Өзі жазғанын өзі бақылап, тексере білуге, жетілдіре білуге үйрететін тапсырмалар.

Мысалы, 1-тапсырма. Берілген сөйлемді жалғастырып, мәтін құра. Мәтініңе ат қой. Құраған мәтіндегі байланыстырушы сөздерді тауып, астын сыз.

Әкем орманнан қоян ұстап әкелді.

2-тапсырма. Мәтінді оқы, қатесін тап. Қайталанып тұрған сөзді мағынасы жуық сөздермен я басқа сөздермен ауыстырып, көшіріп жаз .

Мынау – әліппе. Әліппеде әріптер жазылады. Әліппеде түрлі суреттер бар. Барлық адам оқуды әліппеден бастайды.

3-тапсырма. Мәтінде негізгі ойға қатысы жоқ артық сөйлемдер бар ма? Болса екі жағынан жақшаға алып, сызып таста .

Қазан – күз айы. Бұл уақытта егіс даласында, бау-бақшаларда астық пен көкөністерді жинап алады. Көкөніс деп – картоп, сәбіз, қауын, пияз сияқты жерде өсетіндерді айтамыз. Қазанда орман-тоғайдағы тышқан, кірпі, тиіндер де қысқа әзірленеді. Тиіннің іні ағаштың діңінде болады. Ал суыр, аю ұзақ ұйқыға кетеді.

Сонымен, тапсырмалар оқушылардың жазбаша шығармашылық біліктіліктерін қалыптастырып, жетілдіруде маңызды орын алады.

Осындай жұмыс түрлерін өткізу арқылы, балалармен бастауыш сыныптан бастап орындалған әрбір жұмыс нәтижесі сынып жоғарылаған сайын артып, оқушылардың шғармашылық , танымдық қабілеті, нақты ой-өрісі дами береді.

Сөз соңында айтарым, білім беру жұмысын қазіргі талаптарға сай ұйымдастыру мұғалімнен, парасаттылықты, білімділікті, шығармашылықты талап етеді. Олай болса, оқушыларға білім берудегі еңбегіміз нәтижелі болсын дегім келеді.





















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12