Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал)

Материал туралы қысқаша түсінік
«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал)
Материалдың қысқаша нұсқасы


РАМАЗАНОВА Г.З. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ»
(әдістемелік көмекші құрал)


ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең күрделі жұмыс түрлерінің бірі – сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды ұйымдастыру.

Мәтінмен жұмыс дегеніміз – сабақта өтілетін әр түрлі жұмыстардың жиынтығынан құралады.

Олар:

1. Дыбыстармен жұмыс.

2. Сөздіктермен жұмыс.

3. Сөздік қорларын жетілдіру.

4. Тіл дамыту.

5. Ережемен жұмыс.

6. Ауызша сөйлей білуге дағдыландыру.

Мәтінмен жұмыс жоғарыда айтылған сабақ кезеңдерін бір жүйеге келтіреді. Мәтінмен жұмыс істегенде әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады. Бірақ сол қолданылатын әдіс-тәсілдердің мақсаты оқушыларға айқын болуы керек. Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар - балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықтап беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай болу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады. Мәтінмен жұмыс істеудің алғашқы түрі - мәтінді дұрыс оқи білуге дағдыландыру. Ол үшін қазақ тілінде оқудың төмендегідей ерекшелігін меңгерткен дұрыс.

- Қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуы, жазылуы.

- Ол дыбыстарды айтылу, жазылу жағынан бір-бірінен ажырата білу.

- «О» дыбысының қазақ тілінде ешқандай өзгеріссіз болатынын орысша айтылуымен салыстыра түсіндіру.

Мұғалім мәтінді оқудың мынандай түрлерін пайдаланады:

а) Дауыстап оқу. Оқушының мәнерлеп оқуын қадағалайды. Оқушылар бірінің қатесін бірі естіп және оны түзетеді.

ә) Іштей оқу. Оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтайды. Мысалы, мұғалім оқушыларға іштей оқу үшін мәтін береді, қай жерге дейін оқу керектігін айтады, әркім белгіленген жерге келгенде кітаптарын жауып, мұғалімге бітіргенін айтады. Осыған қарап, мұғалім олардың оқу шапшаңдығын анықтайды.

б) Араласып, кезекпен оқу.

в) Буынға бөліп оқу.

г) Мәнерлеп оқу.

Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі әдіс – тәсілдер қолдана отырып анықтауға болады. Бұл жерде күнделікті сабақ сайын мәтіннің бір сөзін қалдырмай аударып, тек осындай аударма жұмысымен шектеліп қалмау керек. Ол балаларды зеріктіріп, ынтасын кемітіп, ойлану қабілетін тежейді. Сол себепті әр түрлі әдістерді қолдануға болады:

1. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару;

2. Оқыған мәтіннің мазмұнын айтқызу, қазақ тілінде жеткізуге қиналса, орыс тілінде айтқызу;

3. Мұғалімнің сұрағына дайын жауап беру;

4. Берілген мәтіндегі ойды бірнеше сөйлемдер арқылы айтып беру;

5. Оқыған мәтінге немесе бөлімге тақырып қою;

6. Үлестірмелі кеспе қағаздарға мәтінді түсінгенін айтуға көмектесетін тірек сөздер жазылады. Сол бойынша мәтіндегі ойды әңгімелейді;

7. Мәтіннің мазмұнына сай келетін суреттерді таңдап алып, соларды пайдалана отырып, әңгіме құрауға болады;

8. Жоспар құрғызып, мәтіннің мазмұнын түсінгендерін тыңдау;

Мәтінмен жұмыс істеу мұғалімнің жан-жақты ізденуін, дайындалуын қажет етеді. Мұғалім барлық жұмыс түрлерін қадағалап отыруы тиіс. Мәтінді толық түсіну үшін арнайы тапсырмалар беріледі, олар оқылады.

Мәтін бойынша төмендегідей тапсырмалар беруге болады:

1. Сөздікпен жұмыс;

2. Жай сөйлемнен сұраулы сөйлем жасау жұмысы;

3. Сұрақтарға жауап беру;

4. Синоним, омоним, антоним сөздерін табу;

5. Сөздерді септеу, жіктеу жұмысы және т.б.

Осындай тапсырмалар арқылы оқушылар мәтінді меңгереді.

Бұл тапсырмаларды орындау барысында мұғалім бақылау жүргізеді, жіберген қателерін үнемі дер кезінде түзетіп отыруы тиіс.

Қорыта келе тоқталар болсақ, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтінмен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой-өрісі дамып, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Мәтін-адамдар арасындағы тілдік қатынас, яғни, адам ойын мәтін арқылы жеткізеді, баяндайды. Мәтін - ойлау, хабарлау, қабылдау, баяндау құбылыстармен тығыз байланысты, адамдар арасындағы тілдік қатынасатын іске асуына негіз болатын жүйелі құрылым.

Қазақ тілі сабағын оқытуда жаңа технологияның өзіне тиімдісін қолдана отырып оқушының мүмкіншіліктеріне қарай деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыстар, тіл байлығын, сөздік қорын байытуға арналған мәтінмен жұмыс түрлерін ұйымдастыру. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, оқушылардың білім сапасын жоғары көтере алады. Міне, бұл ретте осынау әдістемелік жинақтағы тың тұжырымдар мен сол бағыттағы сабақ жоспарлары сіздерге көмек бере алады деп сенемін.













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12