Тақырып бойынша 11 материал табылды

«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал) НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Материал туралы қысқаша түсінік
«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ» (әдістемелік көмекші құрал) НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Материалдың қысқаша нұсқасы


РАМАЗАНОВА Г.З. қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі


«ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДАҒЫ МӘТІНДЕРГЕ БАЙЛАНЫСТЫ
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ»
(әдістемелік көмекші құрал)

НЕГІЗГІ БӨЛІМ


Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды жаңа заман талаптарына сай сауаттандырып, әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге лайықты қылуын қажет етіп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарауға тиіс. Бұл – мәтінмен жұмысқа да қатысты талап.

Күні бүгінге дейін көп көңіл аударылмай келе жатқан жазба жұмыстарының бірізділігін, жүйелілігін, әртүрлі дағды қалыптастыратындай, түрлі творчестволық ізденістерге апаратындай болуын қамтамасыз ету керек. Сондықтан оқулықтардағы жаттығуларға жаңа талаптар деңгейінен қарап, жаңа технологиялық тұрғыдан орындап, жаттығуларды орындау тәсілдерін өзгертіп отыруға зер салсақ, қателіктерге жол берілмес еді.

Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушының сезім- түйсігін, қабылдауын, зейінін, есте сақтау қабілетін, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, ерік-қайратын, дағды машықтарын, жауапкершілігін, дербестігін, өз бетінше ізденісін дамытамыз.

Дайын материалды талдау түсіндірмелі жаттығулар бойынша өткізіледі. Түсіндірмелі жаттығулар мазмұнына қарай ірі тақырыптар бойынша және жеке тақырыптар бойынша орындау болып екіге бөлінеді.

Орындау тәсіліне қарай түсіндірмелі талдау да екіге бөлінеді: ауызша талдау және жазбаша талдау. Жаттығуды ауызша талдауда мынандай методикалық талаптар қойылады:

а) оқытылып отырған материалдың өзіндік белгілері көп болмауы тиіс;

ә) тақырыптың анықтамасы сөйлем жағынан ықшам болуы қажет;

б) орындалатын жаттығудың мақсаты күрделі болмауы керек;

в) жаттықтырылатын материалдан оқушылардың жалпы түсінігі болуы абзал.

Бұндай жаттығуларды төмендегідей жүйе бойынша жүргізуге болады.

Алдымен, оқушылардың ойын бағыттау үшін тыңдап отыруын талап ету қажет. Дәптерге ештеңе жаздырылмайды. Өтілген тақырыпқа сай, жаттығулардың шартын ауызша әңгімелейді.

Мәселен, мәтінді түгел оқып шығыңдар, еріндік пен езуліктерге назар аударыңдар, мәтіндегі объектілерді ауызша атаңдар, осыған ұқсас мысалдар келтіріңдер, тақырыптың өзіндік ерекшеліктерін саралап түсіндіріңдер, анықтамасын айтыңдар.

Жаттығуды ауызша талдау арқылы оқушыларда мынандай дағдылар қалыптасады:

1. Оқушылардың білімі бекітіледі.

2. Есту қабілеті қалыптасады.

3. Сенімділік қабілеті нығаяды.

4. Байқау қабілеті дамиды.

Ауызша және жазбаша өтілетін талдау жаттығуларды жүргізу орнына қарай тақтада және орнында отырып орындау болып екіге бөлінеді. Тақтада орындау үшін сынып тақтасы мен жылжымалы тақта пайдаланылады. Тақтада тақырыптың неғұрлым қиын және күрделі түрлері орындалады.

Жаттығудағы талдаулар төмендегі тәртіппен өткізіледі:

1. Жаттығудың нөмірі жазылады, орындау үлгісі көрсетіледі.

2. Объектінің өзіндік белгілері бойынша қалай сұрыпталатыны, жазылу емлесіне байланысты заңдар қалай дәлелденетіні түсіндіріледі.

Ал орнында отырып орындалатын жаттығулардың шартын дауыстап оқып, дәлелдеп түсіндіреді.

Ауызша талдау көбінесе күрделі мақсатты объектілерді түсіндіру үшін жүргізіледі. Оқулықтағы материал бірер оқушыға дауыстап оқытылады. Оқулықтың беті, параграфтың, жаттығудың беті мен нөмірі тақтаға жазылады. Бір оқушыны тақтаға шығарып, жаттығудың шартын орындатады, бірер үлгісін мұғалім өзі жазып көрсетеді, қалғанын сыныпқа сұрақ қоя отырып, үлгісін тақтаға жаздырады.

Жазу тілі ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауыз тілге сүйеніп отырады. Жазудың құрамына алфавит, графика және орфография енеді. Жазба тілінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Бастауыш сынып оқушыларының жазу тілін дамыту мәселесінің күрделі екендігі белгілі, сондықтан балалардың жазу тілін дамыту үшін, алдымен оларды жазудың өзіне дағдыландырып алу керек.

Жазу дағдысының бастамасы әріптің әрбір бөлігін сызып, жүргізу арқылы жаттықтырылады. Бұл кезеңде бала басымен, бүкіл денесімен жоғары көтеріліп, төмен еңкейіп, екі жағына қисайып, неше түрлі қозғалыстар жасайды.

Жазуға үйрету методикасы тіл ғылымының ерекше бір саласы болып табылатын жазу теориясына сүйенеді. Бұл жұмыстардың мақсаты- балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйретеді. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады:

  1. Әріптердің негізгі элементтерінің және сөз ішіндегі әріптердің бір-бірімен қашықтығы біркелкі болу керек.

  1. Сөздерді жазғанда әріптердің дұрыс жалғастырылуы қажет.

Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат- балаларды шапшаң жазуға үйрету. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулары жүргізіліп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады.

Мұғалім тіл құбылыстары мен жазу ерекшеліктерін анық түсіндіріп, оқушыларға сол ережелерді меңгерту тәсілдерін қарастырғаны жөн. Жазуға байланысты жаттығу жұмыстары әртүрлі факторларға негізделеді:

1. Көру, қимыл жасау факторларына негізделетін көшіріп жазу.

2. Есту арқылы қабылдауға сүйенетін мәтінді жазу.

3. Орфографиялық тапсырмалары бар жаттығулар- қалдырылып кеткен әріптерді тауып жазу немесе түзетіп жазу.

Жазу жұмыстарының бұл көрсетілген түрлері бір-бірімен тығыз байланысты, яғни таза біреуінің қолданылуы мүмкін емес. Мысалы, диктант есту қабілетіне негізделгенімен, көру қимылынсыз іске аспайды. Сондықтан жоғарыдағы сияқты топтау тек шартты түрде, жаттығудың қай түрінде мәселенің қайсысы негізгі екендігіне көңіл аударылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.07.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12