«Жанай орта мектеп-бақша»
КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Темирханова Райхан
Еселжановна
«Қазақ тілі сабағындағы
ұлттық ойындардың рөлі»
Бүгінгі күні уақыт алға
жылжыған сайын қоғамның даму қарқыны ұстаздар еңбегін есепсіз
ауырлатып,оның өз басының даярлық дәрежесіне,оқыту
шеберлігіне,методикалық әдіс-тәсілдерді ұтымды қолдана білуіне
талапты күшейтті. Қазіргі мұғалімдердің алдында тұрған міндет –
оқушыларды сабаққа ынталандыра білу,сол арқылы әр тақырыпты жете
түсіндіру.Ал оқушыны сабаққа қалай ынталандыруға болады? Бұл
сұрақтың бір ғана нақты жауабы бар,тек сабақты қызықты өткенде
ғана.Күнделікті сабақта ұстаздар арасына кеңінен тараған тағы бір
әдіс – сабақта ойын элементтерін пайдалану.Қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында грамматикалық ойындар оқушының сабаққа қызығушылығын ,
белсенділігін арттыруда, шығармашылық қабілетті дамытуда өте тиімді
екендігі мәлім.Бала белсенділігі ойын үстінде танылады. Жақсы
ойынға бар ынтасымен берілген бала,алуан мәлімет,дағды мен
шеберлікті меңгереді.Алайда,ойынды үнемі пайдаланамын десем-артық
айтқан болар едім.Ойынның белгілі бір уақыттарда жүзеге
асырылып,сабақ кезеңдеріне нұқсан келмейтіндей жымдасып жатуын
көздеймін.Ұлттық ойынды көбіне қайталау , қорытынды сабақтарда ғана
қолданамын. Кейінгі кездерде сабақтарыма ұлттық ойындарды кіргізіп
жүрмін.Алдыма қойған мақсатым-оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттыру мен әр тақырыпты жете меңгерту.Осы орайда ұлттық ойындарды
өткізе отырып,халқымыздың әдет-ғұрып,мәдениетімен жете таныстыру
мақсаты да назарда болмақ.Сол себепті де өз сабақтарымда ұлттық
ойындарды қолдануды әдетке айналдырдым. Мысалы,6-сыныпта «Сөздің
жасалуынан өткенді қайталау» тақырыбын өткенде «Көршіңмен татусың
ба?», «Сан есімді» өткенде «Ақ серек,көк серек», «Белгісіздік
есімдігін» өткенде «Сақина тастамақ» , 5-сыныпта
«Омоним,синоним.антоним» тақырыптарын өткенде «Хан
талапай»,7-сыныпта «Етістіктің шақ түрлерін қайталау», «Еліктеуіш
сөздерді талдау» тақырыптарын өткенде «Қоржын той» ұлттық ойындарын
қолданып,сабағымды қызықты , тартымды
өткіземін.
Енді 7-сыныпта «Етістіктің
шақтарын қайталау» кезінде «Көкпар» ойынымен сабақты қалай
өткізгенімді айтып берейін.
Сабақтың
тақырыбы: Етістіктің шақ түрлерінен
өткенді қайталау. Мақсаты: а)
Білімділік: Нақты мысалдар келтіре
отырып,етістіктің шақ түрлерінен өткенді қортындылап,оқушылардың
теориялық білімдерін сарапқа салу. Б)Дамытушылық: Шығармашылықпен жұмыс істей
отырып,сөйлеу тілін дамыту.Сұраққа жауап беріп,өз ойын жеткізе
білу. В)Тәрбиелік: Ана тілін қастерлеу,өз
ұлтының ерекшелігін таныту,пәнге деген қызығушылығын
арттыру. Сабақтың
көрнекілігі:1.Нөмірленген асық салынған
қоржын.
2.Слайд-ою-өрнек,етістіктің
шақтары туралы.
3.Қамшы.
4.Топ аты көрсетілген
табло,секуд өлшегіш.
5.Ұпайды көрсететін слайд
«Шығамын білім шыңына». Сабақтың
түрі: «Көкпар»
сабақ. Құрылысы: «Зерделілер сайысы». Сабақта
қолданылатын әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап,сұрақ- тапсырмалар,топ
жетекшілер сайысы,сөйлем талдау,шығармашылық
жұмыс. Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру: 1.Оқушылармен сәлемдесу.
2.Оқушыларды түгендеу. 3.Үй тапсырмасын сұрау.
II. «Көкпар»
сабақ. 1.Ойынның шарты түсіндіріледі
де, топқа бөлінеді: «Рауан», «Дидар». 2.Қоржыннан топ жетекшілері
асық алып,слайдтағы сұрақты топ мүшелерімен ақылдасады. 1 минуттың
ішінде дайындалып,жауап беруге тиіс. Сөз сұрарда қамшы
көтеріп,белгі береді.Егер жауап дұрыс болмаса не жеткілікті
болмаса,қарсылас команда қосымша айтуға болады.Осылайша әр команда
ұпай санын жинайды,ол ұпай сандары «Шығамын білім шыңына» қалташаға
салынып көрсетіледі.Әділқазылар берілген жауапқа байланысты ұпай
санын жинап,жеңімпаз топты атайды. 3. Ою-өрнекке жазылған
сұрақ-тапсырмалар: 1.Етістік дегеніміз не?Сұрақтары,мысал және жеті
атаны ата. 2.Етістіктің шақтары.Осы шақ,түрлері және жеті қазынаны
атап бер. 3.Етістіктің шақтары,келер шақ,түрлері және жеті жұтты
ата. 4.Етістіктің шақтары,өткен шақ және аптаның жеті күнін ата.
5.Етістіктің шақтары.Жалпы сипаттама.Үш арсыз,үш жұрт туралы не
білесің? Сабақты қорытындылау;Үйге
тапсырма беру;Оқушы білімін
бағалау.