Материалдар / «Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық. Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Қараша 2018
331
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БҚО, Орал қаласы, Казталов ауданы

А.Оразбаева ОЖББМ

қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі Э.А.Ильясова


«Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияларды

пайдаланудың тиімділігі»

Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тәлім-тәрбие және білім беруді жетілдірудің, мемлекеттік тілді оқытудың басым бағыттарын айқындау педагогика тәжірибесінің көкейкесті мәселелерінің бірі болып отырғаны анық. Қазіргі ғылым мен техниканың кең қанат жайған кезеңінде оқыту әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесіне де, тұтастай ақпарат технологиясын дамытуға да үлесін қосты.«Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін, ең алдымен азаттық пен білім керек» деп көрегендікпен Шоқан Уәлиханов айтқандай, халқымызды кемеліне келтіру үшін жастарымызды білімді, мәдениетті, Отанын, тілін шексіз сүйетіндей етіп дайындауға - әрбір ұстаз міндетті. Осыған орай жаңа экономикалық және әлеуметтік-мәдени жағдайларда Қазақстандық білім беру жүйесінің алдында тұрған білім беру сапаларын арттыруға, стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған түбегейлі қайта өзгертулер педагогикалық үрдіске жаңа талаптар жүктейді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңында еліміздің білім беру жүйесінің басты міндеттері атап көрсетілген. Соның бірі: «Білім беру жүйесін ақпараттандыру, оқытудың жаңа технологиясын енгізу, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін, нәтижеге бағытталған білім берудің жаңа жүйесіне көшу үшін әр мұғалім, жеке тұлға күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа ақпараттық технологияларға, әлеуметтік, тұлғалық және жеке құзыреттіктерге ие болуы тиіс. Бұл талаптар күнделікті әдістемелік жұмыстың жүйелі түрде ұйымдастырылуы негізінде жүзеге асырылады.Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, қашықтан оқыту, дара тұлғаға бағыттап, оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылату – бүгінгі күннің басты талабы.

Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай:

1.Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі уақыт аралығында

айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады;

2.Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу

материалдарының сапасын арттырады.

Қазақ тілі сабағында ақпараттық технология арқылы берілетін білім оқу материалын жүйелі беруге, ақпаратты көруге, есте сақтауға, қатысымдық тұрғыдан меңгеруге, қазақша тілдік қатынасты игеруге мүмкіндік береді.

Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың мүмкіндіктерін қолдануда төмендегідей нәтиже беруде:

-Ілімділік оқу материалын оқу бағдарламасы бойынша ғылыми негізінде ең

жоғарғы дәрежеде меңгеріп шығуы және ілімдік білімін іс жүзінде тиянақты,

саналы түрде қолдана білуі;

-Ақпараттық технология мүмкіндіктерін қолданып, өз бетімен білімін

толықтыруға дағдылануы;

-Игерген материалдарын шығармашылықпен талдап, өңдеп, қорытындылап,

өз көзқарасын қорғай алуы;

-Жеке қабілеттеріне қарай шығармашылық жұмыстарға белсене араласып,

белгілі бір ғылыми білім саласында өз мүмкіндігін көрсете алуы;

- Ілімді жаңалық ашуға немесе ілімді іс жүзінде қолданудың жаңа жолдарын

іздеуге ұмтылуы тиіс.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары:

Интерактивті тақта

Мультимедия

Интернет кеңістігі

Электронды оқулық

Интерактивті тақтаны пайдалану

«Ауызша айтсаң – тез ұмыттым,

Көрсетсең – есте сақтаймын,

Іске кіріссең – үйренем.» деген екен қытай даналығында. Ендеше оқушылар интербелсенді тақтаға назар аудара отырып, өтіліп отырған сабақтарын ұтымды түсінуге мүмкіндік алады.

Интерактивті тақта-топтағы оқушылардың барлығын оқыту үшін құнды құрал. Бұл оқытушы жаңа материалды өте қызықты етіп түсіндіруге көмектесетін көзге көрінетін құнды құрал. Оның ақпаратты түрлі мультимедиялық ресурстар көмегі арқылы танысуға мүмкіндігі зор.

Орыс сыныптарында Қазақ тілін, мемлекеттік тілді оқыту жүйесі қарапайым және бастапқы, негізгі, орта және ортадан жоғары деңгей бойынша базалық және пәндік құзыреттерді жүзеге асыра отырып, қазақ тілін қатысымдық тұрғыдан меңгерту; сөйлесім әрекетінің түрлеріне сай оқушыны тілдік білім негізінде әдеби тілде сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету арқылы дара тұлғаның тілдік қабілетін дамыту, бір-бірімен сабақтас, жүйелі тақырыптарды коммуникативтік тұрғыдан ұсына отырып, оқушыларға қазақша тілдік қатынасты игерту мақсатын көздейді. Осы аталған мақсатқа қол жеткізу үшін оқытудың ақпараттық технологияларын пайдаланған орынды.Сабақ барысында ақпараттық-қатынастық  технологияны қолданудың жақсы жақтары:

1.Түрлі – түсті иллюстрациялар,  ұлттық музыка,  анимациялар есте сақтау

үрдісі үшін тиімді.

2.Әр сабақта сөйлеу әрекетінің бес түрі де қолданылады: тыңдалым,

сөйлесім, оқылым, жазылым, айтылым.

 3.Әр сабақ төмендегілерді қамтиды:

а) компьютермен үзіліссіз тілдік қарым – қатынас;

ә) бірнеше рет тыңдау мен оқып – білген материалды қайталаудың         арқасында дағдыларды машықтандырғанға дейін меңгертіледі.

 4.Компьютер оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастырады.

 5.Компьютер оқытудың аудио және бейне құралдардың мүмкіндіктерін

табысты байланыстырады.

 6.Компьютерлік желілермен жұмыс істеу арқылы оқушылардың тілдік

сауаттылығы, шығармашылық потенциалының, тілдік құзіреттілігінің

дамуына мүмкіндік туады. 

Осы кезеңдер бойынша сынып оқушыларының қазақ тілі сабағында оқу әрекеті қалыптасып, белсенді қызмет етуге ұмтылады. Бұл әр оқушының дербес компьютердің және мұғалімнің көмегімен өзара түсінісу ортасында қазақ тілі сабағында жаңа білімдерді алуына, танымдық іс-әрекетін дамытуына айтарлықтай септігін тигізеді және оқушының танымын, тілдік құзіреттілігін қалыптастыруда бірігіп жұмыс жасаудың жоғары түрлеріне көтереді.

Орыс сыныптарында оқушылардың қазақ тілі пәнінен білімін бағалау негізінен, екі түрлі шартқа байланысты. Оның бірі– түсінгенін дұрыс айта білу, яғни сөйлемді дұрыс құрастыру, жеке дыбыстарды, сөз тіркестерін дұрыс оқуы. Екіншіден, сөз тіркестерін ауызша, жазбаша дұрыс қолданып, ерекше дыбыстарды (ә,ө,ғ,қ,ң,ү,ұ,і,һ) меңгермейінше, қазақша дұрыс сөйлеу, сауатты жазу мүмкін емес.  Сондықтан қазақ тіліне тән дыбыстарды меңгерту барысында компьютерлік ойындардың да тигізер пайдасы зор.Компьютерлік ойындар жаттықтыру, оқыту және дамыту сипаттарын ескере отырып жасалынса, олардың әрбір оқушының білім сапасын арттыруға тигізер пайдасы зор.Оқушының коммуникативтік қарым-қатынасын, тілдік құзіреттілігін, шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында жұптық, топтық тапсырмалар беріледі. Мысалы, берілген сөздерді орыс тіліне аударып, сөйлем құрайды немесе сурет салады. Жұпта жасаған жұмыстарын ортаға салады. Мұнан оқушылардың  айтылым, жазылым, тыңдалым, тілдесім әрекеттерін байқауға болады.

Қорыта келе айтарым, оқу үрдiсiнде ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы өте зор.Ақпараттық технологияны қолдана отырып, қазіргі заман талабына сай дамыған тұлға тәрбиелеуге болады.

 



Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №6 «Ақпараттық технологиялардың тиімділігі».

2.Қазақ тілі мен әдебиеті 2004 ж.№6 «Қазақ тілі сабақтарында АКТ-ны

пайдалану»

3.Қазақстан мектебі. 2008 ж. №11 «Электрондық оқулықтарды пайдаланудың

педагогикалық ұстанымдары».

4.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде 2016ж.№1 «Қазақ тілі сабағында

ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оқушылардың

қызығушылығын арттыру»

5. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы

Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана: Елорда, 2008. – 23-б

6.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде 2015ж.№7 «Ақпараттық-

компьютерлік технологияларды тиімді қолдану –заман талабы»

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!