400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді пайдалану.

Материал туралы қысқаша түсінік
«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай ,бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу-бүгінгі заманның талабы. RWST бағдарламасы –ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оразбаева Айнагуль Алгалиевна

Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, С.Мұқанов ат. Тимирязев жалпы білім беретін мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі







Қазақ тілі сабақтарында сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларын тиімді пайдалану.

«Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуллер айтқандай ,бала бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу-бүгінгі заманның талабы. 
RWST бағдарламасы –ағылшын тілінен аударғанда «Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу» дегенді білдіреді.Бұл бағдарлама алпыс түрлі стратегияларынан тұрады. Мақсаты – шығармашылық ойлауды, сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Мұғалімнің міндеті – баланың өзіне деген шығармашылық қабілетін дамыту, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу.Өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде жолын таба алады. 
Білім берудің сапасын жақсарту мақсатында «Сын тұрғысынан ойлау» технологиясын өз сабақтарымда қолданып жүрмін.Сын тұрғысынан ойлау технологиясының тиімділігі: оқушы өзі материалдарды іздеп пайдаланады. Ол бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім осы әрекетте бағыттаушы, ұйымдастырушы. 
Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз - сабақта оқушылардың қызығушылығын арттыра отырып,өз ойын еркін және зерттей талпындырып ,тұжырым жасау;
ой қозғай отырып, өз ойымен өзгелердің ойына сыни қарап,естігенін ,білгенін талдап,салыстырып, реттеп,сұраптап, жүйелеп,білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға , өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасау.Оқушылардың осындай қабілеттерін дамытуға әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуда, ойларын еркін айтуға тез арада дұрыс шешімдер табуға атсалысатын бірден-бір тиімді бағдарлама деп есептеймін. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясымен жұмыс жасау кезінде бұл сабақтар оқушының танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігіне көзім жетті:
1.Оқушылар бір-бірімен пікірлесе отырып,ортақ қорытынды шығарады. 
2.Түсініксіз жерлерін айқындайды. 
3.Бірлесе отырып сұрақтарына жауап береді. 
4.Қорытынды шығарады , өз пікірлерін дәлелдейді.
Сыни тұрғыдан оқу мен жазудың көмегі зор. Оқушы жеке жұмыс істеуге жаттығады. Өз ойын көпшілікке жеткізуге ықпал етеді. 
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде берілмейді. Мұғалімнің шеберлігі арқылы оқушының қызығушылығын оятады. Әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушының алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді. 
Сабақтың мақсаты үш бөліктен тұрады: 
а)қызығушылықты ояту-сұрақ қою; 
б)мағынаны ажырату – жауаптар іздеу,мәселені зерттеу; 
в)ой толғаныс – ойлау процесінің ең жоғарғы сатысы. Мен сабақтарымда СТО стратегияларымен оқу бағдарламасына сәйкес бірізді жүйелі түрде қолданамын. Қызығушылықты ояту кезеңінде: білетін материал мен жаңа білім байланысты болады. Үйренуші жаңа ұғымдарды,түсініктерді,өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі.Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады.Осы арқылы ойды қозғату,ояту,ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, сыныптасымен бөліседі, тобында талқылайды.Осы кезеңде қызмет ететін «Топтау», «Түртіп алу», «Ойлану», «Жұпта талқылау», «Болжау», «Әлемді шарлау», «Ыстық орындық» т.б. стратегиялармен пайдаланған жөн.
Екінші кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады,тақырып бойынша жұмыс істейді,тапсырмалар орындайды.Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасау керек. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар.Соның бірі INSERT.Ол бойынша оқушы мәтінмен танысу барысында V- «білемін»,- - «мен үшін түсініксіз»,+ - «мен үшін жаңа ақпарат», ?- «мені таң қалдырады» белгілерін қойып отырады. INSERT –оқығанын түсінуге,өз ойына басшылық етуге,ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бұл кезеңінде оқушылар білетіндерін анықтап,білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. 
Бағдарламаның үшінші кезеңі: ой толғаныс. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру,өзіне,басқаға сын көзбен қарап,баға беруге үйренеді.Оқушылар өз ойларын,өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады.Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, үйрену жолын, кесте жасау мақсатында басқалардан біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне , ауыр –жеңілдігіне қарай қолданылады.
Сын тұрғысынан ойлау - жеке тұлғаға әсер етеді: танымдық процестеріне; еріктік процестеріне; сезімдеріне, эмоцияларына. 
Осының бәрі : өздігінен білім ала білуін, сын тұрғысынан ойлау іскерлігін, 
кейбір әдістемелік тәсілдерді дағдыға айналдыруын қалыптастырады. 
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде оқушылар арасында: бір-бірінің пікірін тыңдау,сыйлауға ;  өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; бір-біріне құрметпен қарауға;  өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;  өзін-өзі,бірін-бірі бағалауға;  мұғаліммен еркін сөйлесіп,пікір алмастыруға;  достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесу;  белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады. 
Белгілі ғалым Ахмет Байтұрсынұлы былай депті: «Шеберліктің белгісі-түрлі әдісті болу.» Сабақтың әр кезеңдерінде түрлі әдістерді орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады: оқушылардың білім сапасы жақсарады , сыныптан тыс шараларға белсенді қатысады, аудандық, облыстық, республикалық байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындарға иеленеді. Көп ізденудің, жаңаға деген айрықша ұмтылыстың нәтижесінде биік шыңдардан көрінуге болады.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
477
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі