400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды орынды қолдану «Тыңдалым мен Айтылым»

Материал туралы қысқаша түсінік
өз білімін көтеру жоспары.Қазақ тілі мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Рысқалиева Самал Жеңісқызы

өз білімін көтеру

жоспары 

Мұғалімнің әдістемелік тақырыбы:

Қазақ тілі сабағында дидактикалық материалды тиімді қолдану жолдары

Өз білімін көтеру тақырыбы:

 «Қазақ тілі сабақтарында тілдік дағдыларды орынды қолдану «Тыңдалым мен Айтылым»  

Өздігінен білім алудың мақсаты:

1. Оқу және тәрбие әдістерін жетілдіру және кеңейту мақсатында жалпы педагогикалық және психологиялық білімдерін жетілдіріп, кеңейту;

2. Өз пәнінің саласы бойынша терең білім алу;

3. Озық педагогикалық тәжірибелер мен педагогикалық ғылым жетістіктерін меңгеру;

4. Мұғалімнің жалпы біліктілік, білімділік деңгейін жетілдіру,

 


  Мұғалім туралы мәлімет

Аты жөні    Рысқалиева Самал Жеңісқызы

Туған күні     11.03.1993 ж.

Білімі  жоғары

Оқу орны АрМПИ 2014 жылы

Мамандығы     Орыс мектебіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Еңбек өтілі    3,5жыл

Педагогикалық өтілі    3,5 жыл

Санаты     педагог-модератор

Апталық жүктеме 24 сағат

Сынып жетекшісі  11 – сынып



Біліктілігін көтеру курстары

 

Мекеменің аты

Тақырыптың аты

Курсты өту мерзімі

Куәліктің

нөмірі










































Күтілетін нәтижелер:

1.   Сөз бен сөйлемнің ерекше белгілерін білу.

2.   Оқушы ойын толық жеткізе алу.

3.   Оқушы сұрақтарға ойланбай жауап бере алу.

4.   Оқушы жағдаяттан қиналмай шыға алу.

Істей білу:

1.   Мәтінді мұқият тыңдай біледі.

2.   Сөздердің мағынасын өзгертіп, сөйлем құрастырып айталады.

3.   ТКО әдісін орындай алады.

4.    Мәтіннен хабарлау, сұраулы, лепті сөйлем таба алады.

5.    Өз ойын қорғап шыға алады.

6. Мәтінді тыңдап әр түрлі тапсырмаларды орындай алады   

7.    Мәтіннің негізгі ойын табады.

 







Өз білімін жетілдірудің бағыттары

 

Негізгі бағыттар

Өткізілген жұмыстар

Орындалу мерзімі

Кәсіби

1.    Пәндік баспалар мен

 Интернет арқылы жаңа педагогикалық технологиялармен танысу

 

әрдайым

2.    Өзара сабаққа қатысу


 

Жыл бойы

3.    Аудандық,обылыстық семинарларға қатысу


 

әрдайым

4.   Қазақ тілі мен әдебиеті пәні курстарында біліктілігімді арттыру

 

2019 ж

Психолого-педагогикалық

1.    Қазіргі психология

 мен педагогика аясында өз білімімді жетілдіру


әрдайым

Әдістемелік

1. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен

қазіргі білім мазмұны бойынша білімімді жетілдіру

 

әрдайым

2.    Оқытудың жаңаәдіс, тәсілдерімен танысу

әрдайым

3.  Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жұмысына белсенді қатысу

 

әрдайым

4.    Дарынды оқушылармен жұмысты ұйымдастыру және сайыстарға, ғылыми конференцияларға, олимпиадаларға  қатыстыру

 

2018-2019жж.

5.   Интерактивті тақтамен белсенді жұмыс жүргізу

 

әрдайым

6.    Газет –журналдарға мақалалар жариялау

 

әрдайым

7.    Өз жұмысымды талдау, сараптау

 

әрдайым

9.    Ашық сабақтар өткізу

 

Жылына 3-4 рет

10.  Өз білімін жетілдіру

 бойынша баяндамалар оқу

жоспар бойынша




























Өз білімін көтеру жұмысының

негізгі кезеңдері


Кезеңдері

Жұмыстың мазмұны

Мерзімі

Сарамандық қызмет

Диагностикалық

1.    Мәселе бойынша әдебиеттік басылымдарды зерттеу

 

2015-2019

1.    Мұғалімдердің білімін жетілдіру курстары

2.    Мектептің әдістемелік бірлестігінің мәжілісінде сөйлеу

3.    Әдістемелік әдебиетіне жазылу

4.    Өз тақырыбым бойынша әдебиетті зерттеу

Болжау кезеңі

1.    Тақырыптың мақсаты мен міндеттерін анықтау

2018-2019

1.    «Диалог оқушылардың тілін дамыту тәсілі» тақырыбымен әдістемелік бірлестігінің мәжілісіне қатысу

2.    Жоспар құру

2018-2019

3.    Нәтижелерін болжау

2018-19

Сарамандық

1.    Жұмыстың тәжірибесін енгізу

2018-19

1.    Педагогикалық кеңесте баяндама оқу

 

2.    Әдістемелік кешенін құру

2018-19

2.    Конференцияларға,олимпиадаларға, конкурс - тарға қатысу

 

3.    Жұмысты түзету

2018-19

3.    Ашық сабақтар өткізу

4.    Тілектестермен байланысу үшін электрондық пошта құру

Жинақтау кезеңі

1.    Жұмысты қорыту

2018-19

1.    Баяндамалар мен есептерді ортаға салу

2.    Аудандық конференцияларға, олимпиадаларға қатысу және олардың қорытындысы

3.    Жұмыстың қорытындысын рәсімдеу

2018-19


3.    Оқушыларға консультативтік көмек көрсету

Енгізу кезеңі

Тәжірибенің таратылуы

2018-19

1.    Тәжірибені басылымдарға жазу

2.    Тақырыптың нәтижелерін мектеп сайтына орналастыру

  




Тіл негізі - ой дамыту

 

Тіл негізі - ой дамыту
Тіл адамзаттың бір - бірімен пікірін, түсінуін қамтамасыз ете келіп, тілдік қарым - қатынасты іс жүзіне асырады.
Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді, «сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді. Ал Жүсіп Баласағұн «ақыл - ойдың көркі – тіл, тілдің көркі – сөз» деп айтқан екен.

Қазіргі таңда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, дара қабілеттігін дамытуға мүмкіндік беретін бағдарлы білім беруге жол ашатын Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандартына сәйкес оқыту мазмұнын қоғам талабын ескеріп, жаңарту қажеттігі - оқушыларды ауызша және жазбаша сөйлеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз бетінше міндетті және мүмкін деңгейлерді игере білуге үйретуді көздейді.

Тіл дамыту жұмысы – күрделі де творчестволық процесс. Бала тілін дамытуда басты назар аударылатыны – олардың орындаған жаттығуларының мазмұндылығы, жүйелігі, анықтығы, мәнерлігі, тазалығы, өрнектей, түрлендіре алушылығы және грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық, орфоэпиялық қатесіздігі.

Тіл дамыту - ойдың жұмысына негізделіп, ойлауды іске асырады. Көптеген зерттеулерге қарағанда, нашар оқитын балалардың көпшілігінің тілдері нашар дамыған, ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Керісінше, тілі жақсы дамыған бала ойын да дәл, шебер жеткізеді, оқуы да ойдағыдай меңгереді, олардың табиғат пен қоғамдағы күрделі байланыстарды дұрыс тану мүмкіндіктері де мол болады. Тілді меңгеру барысында бала қорытынды жасайды, жалпылау, нақтылау, абстракциялау сияқты ойлау операцияларын қолданады.

Сөйлеу арқылы бала тек басқа адамдармен қарым - қатынас жасап қоймайды, сонымен бірге айналасын да таниды. Сөйлеуді меңгеру - шындықты меңгеру.

Тіл дамыту үш салаға бөлінеді: 1. сөздік жұмыс; 2. сөз тіркесі және сөйлеммен жұмыс; 3. байланыстарда сөйлеуге үйрету жұмысы. Бұл жұмыстар бір - бірімен байланыстырыла, қатар жүргізіледі. Әсіресе байланыстыра сөйлеуге үйрету жұмысында қалған екеуінде үйренген білім, икемділік, шеберліктері ұштасады, яғни ойлау, жүйелеу, текст құрастыру, материал жинау, орфографиялық шеберліктері іске асырылады.

Жалпы сөйлеу дегеніміз өзі адамның ойын, білгенін, сезімін екінші біреуге жеткізу үшін, яғни қарым – қатынас жасау үшін тіл арқылы байланысу болып табылады.
Тіл дамыту балаға тек жаттығулар мен мазмұндама, шығарма жұмыстарын орындау арқылы ғана емес, сонымен қатар сөйлеу баланың өзін көрсететін құралына айналып, оны қуантып көңілін шарықтататын болуы керек. Балалардың ойын дамыту үшін негізінен мынадай жұмыстар іске асырылады.
1. Бақылау, тіл дамытудың қайнар бұлағы. Бақылау арқылы жинаған материалдарын сөйлемдер, мазмұндама, шығарма етіп жазуға, сол сияқты түрлі жаттығуларға пайдаланады.
2. Шығарма жаздыру. Ш. Кәрібаев:« Шығарма жаздыру жұмысы оқытушының үнемі басшылық етіп отыруына талап етеді. Оқушылармен тиісті әңгіме жүргізіп, байқап сұрастыра отырып, шындыққа үйлесетін, шамасы келетін, жақсы білетін материалды жаздырған дұрыс» - дейді.
Тіл дамыту жұмысы мынадай мақсаттарды көздейді: 1. Оқушылардың байқағыштық, ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдап, өз бетімен қорытынды шығара білуге үйрету.
2. Қазақ тілі нормасына сай, өз сезімін, ойын дұрыс жазып бере алатындай дағдылап беру.
3. Қазақ тілін сүюге, оның алтын қорын, тамаша сырын, көркем де нәзік сөз байлығын қолдана білуге тәрбиелеу.
4. Жазу тілін дамытуға септігі тиетін мазмұндама мен шығарма жұмыстарының оңай да тиімді түрлерін іріктеп ұсыну.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
07.04.2019
635
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі