400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі Сөйлем 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға сөйлемнің сөзден құралатынын,белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінікті тиянақтау,сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып,соңынан тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні: Қазақ тіліТақырыбы:Сөйлем

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға сөйлемнің сөзден құралатынын,белгілі бір тиянақты ойды білдіретіні туралы түсінікті тиянақтау,сөйлемнің алғашқы сөзін бас әріппен бастап жазып,соңынан тыныс белгісін дұрыс қоюға дағдыландыру. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай үш түрге бөлінетінін меңгерту. Дамытушылығы :Таным белсенділігін арттыру,шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөздік қорын жетілдіру.Тәрбиелілігі:Кітап оқуға деген қызығушылығын ояту,сурет өнерінің сұлулығын түсініп бағалай білуге баулу.Таза ауада ойнап шынығуға тәрбиелеу. Типі:Аралас сабақ.Әдісі:Қайталау,салыстыру,графикалық диктант,топтастыру,ойын, дәлелдеу,сызба құрастыру. Көрнекілігі: интерактивті тақта, Қастеев портреті, салған суреттері, кеспе сөйлемдер, кесте сөздер.

Жүрісі: I Ұйымдастыру Психологиялық дайындықII Үй жұмысын тексеру1. Құрап келген мәтіндерін оқыту. (Мәтіннің дұрыс құралуына көңіл аудару)2. Мәтін туралы бекіту сұрақтары: - Мәтін дегеніміз не?- Мәтіннің бөліктерін ата.- Мәтіннің түрлерін ата.III Жаңа сабақ1) 1.Жұмбақ шешу арқылы тақырыпты шығарып алу. Өзім сөзден тұрамын,Аяқталған ойды құрамын. ( Сөйлем )2. Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігі: Әр тапсырманы орындап болған соң, ойымызды сөйлемдер арқылы қорытындылап отырамыз. Ол сөйлемдер құпия сандықшаның ішінде сақтаулы. Қорытынды пікіріміз дұрыс болса ғана сан- дықша ашылады. Қате болса ашылмайды. Сондықтан әр тапсырманы түсініп, дұрыс орындауға тырысайық .

Сандықшадан алған сөйлемдерімізді топтастырамыз.2) 1-тапсырма. «Дәлелдеп үйрен »164-жаттығу сөздерді салыстырып оқы. -Қайсысы сөйлем? Неліктен?-Қандай қорытынды жасаймыз? (- Сөйлем неден құралады?- Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?- Сөйлем нені білдіреді? )

3) 2-тапсырма. «Ойлан, тап»165- жаттығуЖақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына қарай өзгертіп жаз.

Әр топтан бір-бірден оқушы шығады. (Тақтамен жұмыс)1-топ Ажар (кітапхана) барды.2-топ (Кітапхана) адам көп.3-топ Ол (кітапхана) кітап алды.Қосымша сұрақтар?-Әр сөйлемде неше сөз бар?- Олар қалай жазылған?-Сөйлем нені білдіреді?- Қандай қорытынды жасаймыз? ( Сөйлемдегі сөздер өзара байланысады)

Тәрбиелік мәнін ашу. -Сендер кітапханаға барасыңдар ма?-Кітапхана не үшін керек? -Ол халыққа қандай қызмет көрсетеді?-Кітапханаға кімдер барады деп ойлайсыңдар?

4) 3-тапсырма. Ойын «Адасқан сөздер»166-жаттығуБерілген сөздерден сөйлем құра. 1-топ Сырғанақ, бірнеше, бала, теуіп жүр.Барлығы: Ақан, сырғанады, шанамен.2-топ Ол, айырылып, қалды, шанадан, абайсызда.3-топ Төмен, шана, қарай, сырғанай жөнелді.Соңынан бір оқушы тұтас оқып шығады.Қорытынды: Сөйлемдерден не құралады? (Мәтін)Сөйлем бас әріппен жазылады.Тәрбиелік мәнін ашу.-Қыста таза ауада ойнаған қандай?(Пайдалы)5) Сергіту сәті6) 4-тапсырма «Мәнерлеп оқы»167-жаттығуСөйлемдердің соңына тиісті тыныс белгісін қой және тыныс белгісіне сай ырғақпен оқы. Бұл сөйлемдердің айтылу мақсаты әр түрлі екенін дәлелде.

1-топ Мына сурет қандай әдемі салынған 2-топ Бұны қазақтың атақты суретшісі Әбілхан Қастеев салған 3-топ Қастеев атаңды білесің бе

( Әр топ ақылдасып тыныс белгісін табады. Мәнерлеп оқиды ,айтылу мақсатын түсіндіреді.)

Қорытынды: Сөйлемнің айтылу мақсаты бірдей ме? Олай болса, сөйлем айтылу мақсатына қарай неше түрге бөлінеді екен? (Сөйлем айтылу мақсатына қарай 3 түрге бөлінеді: хабарлы, сұраулы, лепті сөйлемдер)

Тәрбиелік мәнін ашу. Ә.Қастеев туралы пікірлесу. Суреттерін көрсету.

IV Үйге тапсырма168-жаттығуРебусты шешіп, шешуіндегі сөзге әңгіме құра.

V. Сабақты қорытындылау

1) Графикалық диктант (Әр топтағы барлық оқушы өз сызбасына сай сөйлем құрап жазады.)

1-топ .

2-топ ?

3-топ !


Құраған сөйлемдерін оқиды.

Қорытынды: Сөйлем соңына қандай тыныс белгілері қойылады?

(Сөйлем соңына нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі қойылады.)

2) Сабақтың соңында «Сөйлем» атты құралған үлкен сызбаны пысықтайды.

VI Бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
699
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі