400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі Сөз тіркесі 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 сынып

Пәні: Қазақ тілі күні:

Сабақтың тақырыбы: Сөз тіркесі

Сабақтың мақсаты: Сөз тіркесі туралы білімдерін тереңдету, сөз тіркесінің сыңарларына сұрақ қоя білуге дағдыландыру. Байланыстырып сөйлеу тілін, сөздік қорын дамыту. Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, талдау, жинақтау, көрнекілік.

Көрнекіліктері:кестелер, сызба.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа дайындық.

Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді!

Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. 5-жаттығу, аралап тексеру, оқыту.

ІII. Жан-жақты білімдерін тексеру. Сөз тіркестерінен диктант. Сөздердің басыңқы бөлігін оқушы жазады.

Алтын ...(дән), киіз... (үй), қалың... (тон), озат ...(оқушы), жүйрік... (ат), кең... (дала), қыран... (құс), еңбекқор... (адам), қамқор ...(әке), ауыл... (тынысы), тәтті... (тоқаш).

Қандай диктант жаздық?

-Сөз тіркестеріне берілген диктант

-Сөз тіркесі дегеніміз не?

Екі немесе бірнеше сөздің бір-бірімен байланысуы сөз тіркесі деп аталады. Сөз тіркесінде алдыңғы сөз бағыныңқы, соңғы сөз басыңқы болады.

IҮ. Жаңа материалмен жұмыс. а) оқулықпен жұмыс., дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу.

1-жаттығу. Тыйым сөздерден жарыс. (тақтаға орындалады)

2-жаттығу. Өлеңдер оқу.

3-жаттығу. Мәтінді оқып, түсіндіру. Сөз тіркестерін табу. Бағыныңқы, басыңқы бөліктерін айт, сөздерді ажырат. Ақан деген кім? Ол туралы не білесің?

Әрбір топ оқушылары келесі топқа сөздер жазып береді. Оған келесі топ тіркес жазады. Сөйтіп, сөз тіркесін құрайды. Үшінші топ сол сөз тіркесіне сөйлем құрайды.


4-жаттығу. Екі бағанды салыстыр. Қандай айырмашылық байқадың? Қай бағандағы сөз тіркестері сөйлем бола алады?


Әр топқа жеке-жеке сөздер үлестіру.

  1. жел, үй, адам

  2. жапырақ, көйлек, теледидар

  3. қорықпау, қатысу, жазылу

Осы сөздерден сөз тіркесін құрастыру.

Ағаш-сөзі, ағаш қасық –сөз тіркесі.

Біздің үйде атам жасаған ағаш қасық бар.-сөйлем

Қорытынды: Сөздер бір-бірімен мағыналық байланысқа түспей тіркес жасай алмайды...

Жұптық жұмыс.

Бірінші оқушы бір сөз жазады, екінші оқушы тіркес айтады.

Мақсаты: сөз тіркесін жасай білу туралы білім қалыптастыру.

Көркем жазу.

Әр топ берілген тіркестерден мақал құрап, соны әдемі етіп дәптерлеріне жазады.

  1. Ананың ойы ұяда,

Баланың ойы қияда.

2) Ат жүйрігі айырады, 3) Жаманға шөп батады,

Тіл жүйрігі қайырады. Жақсыға сөз батады.


V. Бекіту. «Кімнің ойы ұшқыр?» ойыны. Мақсаты: Сөз тіркесі туралы білімдерін арттыру, тиянақтау. Сурет бойынша мәтін құрастыру.



Сөз тіркестерін құрастыр. Осы сөз тіркестерін қатыстырып сөйлем құра.



Shape2 Shape1 су оқы

сShape4 Shape3 алқын жел шапшаң жүр

Shape6 Shape5 үй кел


Қорытындылау.

Үйге тапсырма. 5-жаттығу, 38-бет.

Бағалау. Әр топ бір-бірін бағалайды.Смайликтер арқылы
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 қаңтар
1378
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі