400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі "Сын есім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспары бастауыш сынып ұстаздарына арналған қысқа мерзімді жоспар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі

Мектеп:Әлихан Бөкейханов атындағы №1 гимназия

Ортақ тақырып

Саяхат

Күні

Мұғалімнің аты-жөні:Тынар Муфильдақызы Асадилова

Сынып:2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Сан есім

Осы сабақ арқылы қол жеткізілетін оқу мақсаттары

2.1.3.1 күндeлікті өмірде кездесетін жағдаяттарға байланысты өзара сұхбаттасу

2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық және әріптік қателерді мұғалімнің көмегімен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру

2.4.2.5 дара және күрделі зат есім/сын есім/сан есім/ етістікті анықтау

Сабақ мақсаттары






Барлық оқушылар:Сан есімнің сұрақтарын пaйдалана отырып,өмірде кездесетін жағдаяттар туралы өзара сұхбаттасу.

Көптеген оқушылар:мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтау.

Кейбір оқушылар:Мұғалімнің көмегімен өз қателерін тауып түзету.

Оқу дағдылары

Білу,түсіну,қолдану.

Бағалау критериилері

1.Сан есімнің дара және күрделі түрін анықтайды.

2. Сөйлем құрау кезінде дара және күрделі сан есімді қолданады, қатесін түзетеді.

3.Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап береді

Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сан есімнің ережесі,дара және күрделі сан есім.

Құндылықтарды дарыту

Шығармашылық , сын тұрғысынан ойлау құндылығы,қарым –қатынас жасау қабілеті құндылығы.

Құндылықтарды дарыту топтық жұмыстар арқылы беріледі.

Пәнаралық байланыстар:

Математика сабағымен байланыс топтық жұмыста іске асады.

АКТ қолдану дағдылары:

Интерактивті тақта.


Бастапқы білім:

Заттың санын білдіретін сөздерді таниды,сұрақ қоя біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері:

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар



Сабақтың басы

5 мин










Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

Бір,екі,үш .Сынып іші тып-тыныш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

«Түймедақ » әдісі арқылы топқа бөлу.

«Қызыл» «Сaры» «Жасыл»

Ширату жаттығуы.

«Сен маған ,мен саған» әдісі

Балаларға түрлі-түсті күлтешелер тарату.Сұрақтар қою.

-Балалар сендерге қай түс ұнайды?

-Қолдарыңдағы не?

-Не істеді?

-Түсі қандай?

-Барлығы неше күлтеше?

Балалар санайды.Біріктіреді.Үш түймедақ құрастырады.

-Бізде неше түймедақ шықты?

«Үш»саны қандай мағынаны білдіреді?

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

«Сан есім»

Белсенді оқу «Нұсқау беру және айту» .

«Диалог және қолдау көрсету»саралау тәсілі «Сен маған ,мен саған» әдісі арқылы жүзеге асады.






Гүл күлтешелері







Сабақтың ортасы

Оқу дағдылары

Білу ,түсіну

25 мин









































Сабақтың соңы



«Интервью»әдісі 1-тапсырма (Ж.Ж.)

-Сенің атың кім?

-Сенің жасың нeшеде?(8)

-Сен нешінші сыныпта оқисың?(2)

-Сен нешінші пәтерде тұрасың?(17)

-Қай санды ұнатасың? (5)

-Үйге нешінші автобуспен барасың? (46)

-Дескриптор:

  • Бір-біріне сұрақ қояды.

  • Заттың санын білдіретін сөздерді табады.

  • Күрделі сан есімді анықтайды.

Қ.Б. «Бас бармақ»әдісі(ынталандыру мақсатында)

Белсенді оқу «Нұсқау беру және айту» .

«Диалог және қолдау көрсету»саралау тәсілі «Сен маған,мен саған» әдісі арқылы жүзеге асады.


Жұптық жұмыс. 2-тапсырма.

Мәтінмен жұмыс.

«Теңіз көлі» мәтінін оқу.

Теңіз көлі Ақмола облысынығ аймағында орналасқан.

Тереңдігі 3 метр.Теңіз көлінде 60-қа жуық кішігірім аралдар бар.Бұл жерде балықтардың 10,сүтқоректілердің 35 түрі бар.

Дескриптор.

1. Сан есімнің ережесін біледі.

2.Сұрақтарын анықтайды.

3.Дара және күрделі түрін ажыратады.

Қ.Б. «Смайликтер»

Белсенді оқу «Сұрақ қою және талқылау»

Саралау «Тaпсырмаларды саралау» арқылы жүзеге асады.


Сергіту сәті «Табиғат құбылыстары»

Дара сан есімді естігенде -жел соғады,

Күрделі сан есімді естігенде-күн шығады.




№3 тапсырма . «Таза тақта» әдісі .

Жұмбақ шешу. Жатқа жазу.

Тоғыз белбеу ,қос жібек,

Екі мұрын,бір шүмек.

1-топ.Сан есімді табады.

2-топ.Дара cан есімнен күрделі сан есім жаса.

3-топ.Сан есiмді қатыстырып сөйлем құра.

Дескриптор.

  • Сан есімді табады.

  • Дара сан есімнен күрделі сан есім жасайды.

  • Сан есімді қатыстырып сөйлем құрайды.

Қ.Б. «Бағдaршам»әдісі бойынша .

Белсенді оқыту «Бекіту және қолданысқа енгізу»

Саралау «Тапсырмаларды саралау » арқылы жүзеге асады.


Оқулық,

сызбалар ,













Оқулық ,

2 сынып



















Рефлексия «Бағалау терезесі»



Смайликтер

Саралау-оқушыға қалай қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау-оқушылардың материалды меңгeру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?



Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Оқушыға қолдау көрсету «Тапсырмаларды саралау» арқылы, «Диалог және қолдау көрсету » тәсілі арқылы саралау жүзеге асады.

Қалыптастыру шы бағалаудың «Бас бармақ», «Бағдаршам» , «Смайликтер»

әдістерін оқушыларды ынталандыру үшін қолданамын.

Материалды қалай меңгергенін анықтау үшін дескрипторды пайдаланамын.

Интерактивті тақтамен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережесі;

сынып бөлмесіндегі қауіпсіздік,топтық жұмыс кезіндегі өзара мәдениет,дәптер және кітаппен жұмыс кезіндегі отыру мәдениеті.

Рефлексия

Сабақтың мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды ,неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз.Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Сабақ мақсаттары оқу мақсаттарына негізделіп құрылды.Оқушылар сабақ жоспарының оқу мақсатына негізделіп ,дұрыс құрылуына байланысты оқу мақсатына қол жеткізді.Сабақта саралаудың «Тапсырмаларды саралау», «Диалог және қолдау көрсету»,тәсілдері арқылы жүзеге асты.Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды.

Жоспардан ауытқу болған жоқ.


Жалпы баға:


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі: (оқыту туралы да ,оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқушыларды «Таза тақта »әдісі арқылы шағын топтарға бөліп өткізген жұмыс нәтижелі болды.

2:Мәтінмен танысу арқылы сан есімдерді табу ,олардан күрделі сан есім жасау,сөйлем құрау оқушылардың дамыта ойлау қабілетін арттыруға мүмкіндік жасады.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады:

1:Белсенді оқу әрекетін жүйелі қолдану

2: Әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Тапсырмаларды дамыта оқуға негіздеп құру.Оқушылардың қабілетіне қарай әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар дайындау.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 қараша
509
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі