Материалдар / «Қазақ тілі» Т2 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Қазақ тілі» Т2 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2023
379
3 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.

Спецификация 2-сыныпта «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


«Қазақ тілі» пәні бойынша (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1-4 сыныптар).


  1. 2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу


    1. Ұзақтығы – 40 минут

Балл саны – 15

Айтылым бөлек тексеріледі.


    1. Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.

Берілген нұсқа көп таңдауы бар және қысқа жауап қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады.

Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.

Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.

Бірінші тапсырма тыңдалым дағдысын, екінші тапсырма айтылым, үшіншісі- оқылым, төртіншісі жазылым дағдысын тексеруге бағытталған.




















Ортақ тақырып

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Тапсырманың сипаттамасы

Тапсырма саны

Жалпы балл

1

Менің мектебім

Тыңдалым

2.1.3.1 Тыңдаған материалдың (ұзақтығы 1-1,5 мин) мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру және оған сәйкес фото/сюжетті суреттер/сызбалар таңдау/ сипаттау

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды

1

3

2

Айтылым

2.2.5.1 Мәлімет, кейіпкер, оқиғаларды салыстыру негізінде қарапайым пікір («мен

...деп ойлаймын», «мен...деп

санаймын», «маған... сияқты»,» маған... тәрізді») білдіру

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды

1

4

3

Туған өлкем

Оқылым

2.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, жаңылтпаш, жұмбақ,ертегі, әңгіме) ажырату

Білім алушы жабық түрдегі көп таңдауы бар тапсырманы орындайды

1

4

4

Жазылым

2.4.2.1 Оқыған/ аудио/бейнематериалдың мазмұны бойынша жиі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерін қатыстырып сұраққа жауап (сөйлем) жазу

Білім алушы ашық түрдегі қысқа жауапты қажет ететін тапсырманы орындайды

1

4












«Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалау


Тыңдалым


  1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.


Екі кітап

Екі кітап кездесіп қалады.

- Сен қандай әдемісің! Сенің суреттерің өте керемет! Ал маған қарашы, менде ешқандай сурет жоқ. Мен әдемі емеспін, - деп мұңаяды.

Сонда екінші кітап:

- Ай, досым-ай, сурет маңызды емес қой. Ең бастысы, мазмұның жақсы болу керек. Балалар бізді оқып, білім алулары керек. Сонда ғана біз пайдалы боламыз, - дейті.

- Рақмет! Мен енді бәрін түсіндім! - деп суреті жоқ кітап қуанып кетеді.

1.Мәтінде не туралы айтылған?


А.дос туралы B.кітап туралы С.сурет туралы D.білім туралы [1]


2.Кітаптар өзі туралы не айтты? Сөздер мен тіркестерді сәйкестендіріп сыз.

Бірінші кітап


сурет маңызды емес

Екінші кітап

енді бәрі түсінікті

[2]

Балл қою кестесі




Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

1

В

1


Бірінші кітап - енді бәрі түсінікті

1


Екінші кітап - сурет маңызды емес

1

Барлығы

3



Айтылым

  1. Сұрақтарға жауап бер.


1.Бірінші кітап неге мұнаяды?

2.Қандай кітаптар пайдалы деп ойлайсың?

3.Саған қандай кітаптар ұнайды? Неліктен?



[4]



Балл қою кестесі




Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат






2

Мен әдемі емеспін, - деп мұңаяды.

1


Ең бастысы, мазмұның жақсы болу керек.

1

Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Білім алушының ықтимал жауаптары: Маған шағын әңгімелер ұнайды. Өйткені  оқуға деген қызығушылығым артады.

2

Сұраққа қатысты басқа да дұрыс жауаптар қабылданады.

Қойылған сұраққа қатысты ойын айтады - 1 балл.

Өз көзқарасына дәлелді пікір айтады -1 балл қойылады.

Барлығы

4



Оқылым


Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.

Қу түлкі

Жолбарыс  бір  түлкіні   ұстап   алады.  Түлкі:

Мені жей алмайсың! Мен - осы орманның патшасымын!—дейді.

Жолбарыс түлкіге сенбейді.

—  Сенбесең,  орманға  жүр.   Ормандағы  аңдардың  менен  қалай қорқатынын  көресің, — дейді түлкі.

Олар орманға келеді. Түлкі жолбарыстың алдында жүреді. Түлкінің соңында келе жатқан жолбарысты көрген аңдар мен құстар қорқып, жан-жаққа қашады. Ал қу түлкі мақтанып:

Көрдің бе? Менен қорықпайтын аң бар ма екен? — дейді.

— Иә, сен расында күшті екенсің, — депті алданған жолбарыс.

1.Мәтінде не туралы айтылған?

А) жолбарыс туралы

В) түлкі туралы

С) аңдар туралы

D) құстар туралы






2.Мәтіннің жанрын анықта.

А) әңгіме

В) ертегі

С) өлең

D) жұмбақ

[4]


Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат


3

В

2


А

2


Барлығы

4



Жазылым


  1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап жаз.


  1. Жолбарыс нені ұстап алады?

  2. Олар қайда келеді?

  3. Түлкі жолбарысты алдады ма?


[4]

Балл қою кестесі



Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

4

Білім алушының ықтимал жауаптары:

  1. Жолбарыс бір түлкіні ұстап алады.

  2. Олар орманға келеді.


  1. — Иә, сен расында күшті екенсің, — депті алданған жолбарыс.

4

Жауаптың кез келген нұсқасы қабылданады.

Әр дұрыс жауапқа

1 балл қойылады. Сөздерді сауатты жазады -1 балл.

Барлығы

4





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!