400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілі Тақырыбы: Зат есім «Ас атасы-нан»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі пәнінен өткен сабақ жоспары өзара тәжірибе алмасу мақсатымен жіберіп отырмын
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы «Ас атасы-нан»


Сабақтың мақсаты: нанның дастарханға келетін жолы мен оған деген еңбегі туралы білулеріңе әрекет жасау.Еңбек адамдарын сыйлай білуге,қасиетті тағамымыз-нанды қастерлеуге үйрету.


Міндеттер:

1. «Нан» туралы мақал-мәтел,нақыл сөздердің мағыналарын түсінуге көмектесу.

2. Зат есіммен фонетиканы пысықтау.

3. Оқушылардың сөйлеу қабілетін дамыту.


Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд-шоу, шығармашылық дәптерлер, ұлттық нан түрлері.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ


Сабақтың әдістері: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, проблемалық сұрақ, деңгейлік тапсырмалар, ой қозғау, жұптық жұмыс.


Пәнаралық байланыс: этнопедагогика, дүниетану, әдебиеттік оқу.

Сабақтың барысы

І.Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіңдерме,балалар?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күзде не жинаймыз?

-Егін жинаймыз.

-Адам өміріңе ең қажетті тағам не?

-Иә, нан

-Нан-тіршілік нәрі,нан дастарханға оңайлықпен келмейді.

-Бүгінгі сабақта нан туралы,оның біздің дастарханға келетіні туралы әңгімелесеміз.Нансыз біздің таңғы асымыз да,күнделікті тамақтануымызда,қонаққа арналған мерекелік дастарханымыз да жасалмайды.


ІІ.Слайд-шоу. Нан дастарханға қалай келеді?

Тракторшы жер жыртады, бидай тұқымын себеді. Диқаншы оны суарады. Комбайншы піскен егінді жинайды. Жүргізуші бидайды диірменге тасиды. Диірменші ұн тартады. Ұнды нан зауытына апарады. Наубайшы ұннан нан пісіреді. Нан дүкенге түседі. Сатушы нанды халыққа сатады.


ІІІ.Жаңа сабақ. (ертегіден үзінді) көру

-Балалар, сендер нанның қандай еңбекпен келетінін көрдіңдер.

-«Нан дүкенінде» қандай нан түрлері сатылады?

-Қара нан, ақ нан, батон, тоқаш, құймақ.

-Балалар, қандай қазақтың ұлттық нан өнімдерін білесіңдер?

-Бауырсақ, шелпек, ши бауырсақ, таба нан.

-Үйде жаттап келген нан туралы мақал-мәтел, өлеңдерді айтыңдар.

Ас атасы-нан.

Нан болса, ән де болады.

Нан тамақтың атасы,

Ынтымақ-көптің батасы.

ІҮ.Мәтінмен жұмыс.

а) Сөздік жұмысы

Бекер айтпаған

Дастархан

Қою керек

Тоқтық

Байлық

ә) Мәтінмен жұмыс

«Ас атасы-нан», -деп бекер айтпаған. Сондықтан да дастарханға алдымен нан қою керек. Нанды шашуға,жерге тастауға болмайды.

Нан – тоқтық, нан – байлық.


б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

-Нан туралы қандай мақал бар?

-Дастарханға алдымен не қояды?

-Нан нені білдіреді?

-Нан туралы тыйым сөздерді айт.

Ү.Деңгейлік тапсырмалар. Дәптермен жұмыс.

1-деңгей. Мына сөздерден сөз тіркестерін құрастыр. Нан, ас,дәмді,тәтті.

2-деңгей. Фонетикалық талдау. «Нан»

3-деңгей. Тірек сөздерді пайдаланып,әңгіме құрастыру. Ас, қою керек, нан, тоқтық, байлық, дастархан.


ҮІ.Сергіту сәті.

Нан қиқымын шашпаңдар!

Жерде жатса,баспаңдар!

Теріп алып,қастерлеп,

Торғайларға тастаңдар!


ҮІІ.Сөзжұмбақ.

Сөзжұмбақта нанды біздің дастарханға қою үшін еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған.

-Нанды біздің дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді? Оны біз ұлттық тағамымыз бауырсақтан табайық.










б















а















у















ы















р















с















а















қ








1.Пекарь.(наубайшы)

2.Тракторист.(тракторшы)

3.Водитель.(жүргізуші)

4.Комбайнер.(комбайншы)

5.Мельник.(диірменші)

6.Продавец.(сатушы)

7.Хлебороб.(диқаншы)

8.Кладовщик.(қоймашы)


ҮІІІ.Рефлексия.

-Қандай жаңа сабақ өттік?

-Нанның қандай түрлерін білесіңдер?

-Нанды дастарханға әкелу үшін кімдер еңбек етеді?

-Қазақтың ұлттық нан өнімдерін атаңдар.

Проблемалық сұрақ.

-Балалар,нанға не істемеу керек?

-Нан –дәм басы.Нанды төңкеріп қоюға,шашуға,жерге тастауға болмайды.


ІХ.Үйге тапсырма.

«Нан» туралы әңгіме жазып келу.


Х.Бағалау.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 желтоқсан
734
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі