400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі тест

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен тест Бастауыш сынып мұғаліміне қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қазақ тілі

Уақыты:





Сабақтың атауы

Тест



Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі



Жалпы мақсаттар

Оқушыларға тест арқылы алған білімдерін тиянақтау, тексеру

Өткен тақырыптарды меңгереді



Оқыту  нәтижесі



Топқа бөлу

Түрлі ойыншықтар арқылы топтарға бөлу.



Мұғалімнің іс-әрекеті





Ынтымақтастық атмосферасы

Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.



Үй тапсырмасын сұрау


Тест орындаймыз

Ондай болса жұмысты бастамай тұрып есімізге бірнеше ережелерді түсіріп алайық: Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

Сөйлем неден басталады?

Сөйлем соңына қандай тыныс белгі қойылады?



Қызығушылықты ояту

№1
1. Қай сөзге жұрнақ жалғанған? 
А)кітаптар Ә)кітабымен Б)кітапхана В)кітаптың 
2. Атау септігінде тұрған сөзді көрсет. 
А) дәптерде Ә)дәптер Б)дәптерді В)дәптердің 
3. Біріккен сөзді тап. 
А)ел-жұрт Ә)ана тілі Б)Астана В)Екібастұз 
4.Қайталама қос сөз қайсы? 
А)үлкен кісі Ә)айта-айта Б)дос-жаран В)қап-қара 
5.Күрделі сан есімді тап. 
А) тоқсан Ә)бес жүз елу Б)миллион В)сегіз 
6. Тәуелдеулі сөзді белгіле. 
А) кітабың Ә) кітапты Б)кітапқа В)кітаптың 
7. Ілік септіктегі сөзді тап. 
А)әжеге Ә)әжені Б)әжемен В)әженің 
8. ІІІ жақта жіктелген сөз қайсы? 
А)әдептімін Ә)әдепті Б)әдептісің В)әдептісіз 
9.Тасымалдауға болмайтын сөзді белгіле. 
А)әке Ә)ертең Б) аңшы В)сары 
10. Негізгі зат есімді тап. 
А)биші Ә) дәрігер Б)күй В)кітапхана 
11. Сын есімді тап. 
А)он бес Ә)оқушы Б) көркем В)кетті 
12. Заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөз тобы. 
А) сан есім Ә)зат есім Б) сын есім В)етістік 
13. Құрмалас сөйлемді анықта. 
А)Мен мектепке бардым. Ә)Аспанды бұлт басып, қар жауды. Б)Сабақ басталды. В)Жаңбыр жауды. 
14.Табыс септігінің сұрағын тап. 
А)кімді? нені? Ә)кім? не? Б)кіммен? немен? В)кімде? неде? қайда? 
15. Қарсы мәндес сөзді тап. 
А)ержүрек, батыр Ә)үлкен-кіші Б)жылы үй В)тап-таза 
16. Жалқы есімді белгіле. 
А)Айқын,бала, Алматы Ә)Қандыағаш,кітап, оқушы Б)Ертөстік, Қарағанды, Дина В)кітапхана, ит 
17. Жалаң сөйлемді тап. 
А)Күн күркіреді. Ә)Күн күркіреп, жаңбыр жауды. Б)Қуанғаннан айқайлап жіберді. В)түнімен әңгімелестік. 
18.Бірыңғай мүшелерді тап. 
А)ақ көйлек Ә)дәптер, қалам, кітап Б)оқушы, алма В) досым келді 
19. Адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем? 

А) Хабарлы сөйлем Ә)Сұраулы сөйлем Б) лепті сөйлем В)жалаң сөйлем 
20.Реттік сан есімді тап. 
А)екінші, бесінші Ә)алпыс, отыз Б)он мың,миллион В) жеті жүз қырық бес 
21. "Қанағаттанарлық" сөзінде неше буын бар? 
А) 5 Ә)8 Б) 6 В)4 
22. Негізгі етістікті тап.  А)оқы Ә) жүгірді Б) айтасыз В)келеді 
23. Болымсыз етістікті тап.  А)бар Ә) әкел Б)айтпа В)барды 
24. Жауап алу мақсатында айтылатын сөйлем. 
А)хабарлы Ә) сұраулы Б) лепті В)жайылма 
25.Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатында айтылатын сөйлем?

А) жалқы есім Ә)жай сөйлем Б) хабарлы В)сұраулы



Мағынаны тану




Сергіту сәті

Еркiн ұста денеңдi,

Тарсылдатпай едендi

Орнымыздан тұрып ап

Жүгiрейiк бiр уақ.



Ой толғаныс

Ереже қайталау



Үй тапсырмасы

Қайталау




Әдебиет




Сабақтың атауы

Ұйқы Ә.Жүсіп

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

 Тақта, бор, арнау өлең, тілек,  тақтаға көрме ретінде қою.

Жалпы мақсаттар

Оқушылар тақырыпты түсініп оқу арқылы әдеби тілдің ауызша және жазбаша түрін түсіндіру

Оқушылар тақырыптың жалпы сипаттамасы туралы түсініктерін дамытып, оқып үйренеді

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.

Ынтымақтастық атмосферасы

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Қызығушылықты ояту


ҰShape1 йқы туралы не білесіңдер?





Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

Ұйқы туралы ғылымның алғашқы қадамдары

Ұйқыны зерттеумен айналысатын ғылым – хронобиология. Ғылымның алғашқы зерттеушісі мишель Сиффр болған. Ғалым тәжірибелерді өзіне қойған. Үңгірде арнайы үй жасақтап, сонда тұрған. Тәжірибе барысында сағат, басқа да уақыт өлшейтін құралдар болмаған, сыртқа шығып та жағдайды білуге болмайтын. Осындай жалғыздықта ғалым көптеген айлар үңгірде болды. Бірнеше күннен кейін Сиффрдің биологиялық сағаттары қосылды. Ол жайында өз естіліктерінде: «Менің ұйқым тамаша болды. Ағзам ұйықтау үрдісін өзі реттеп алды. Ұйқы мен жұмыс циклы 24 сағат емес, 24 сағат 30 минутка тең болды»-деп, жазады. Осы тәжірибеден кейін ғалымдардың ұйқыны зерттеуде қызығушылығы артты.

Ұйқы қалай жұмыс істейді: ұйқы циклдары мен ояну

Адамның ұйқы сапасы оның циклдары мен ояну үрдісіне тікелей байланысты. Осы циклда екі негізгі ұғым бар:

Жай ұйқы фазасы (көбіне терең ұйқы деген атпен белгілі).

Соңғы 24 сағат ішінже алынған тәжірибені өңдеп, керек емес ақпаратты өшіріп, алынған ақпараттарды өзара байланыстырады. Сол себепті уақытылы әрі сапалы ұйықтай білу керек. Бірақ ағзаның жасы өзгерген сайын ұйқы жүйесі өзгереді.

Оқулықпен жұмыс.

Мәтінді тізбектеп оқу.

Сұрақтарға жауап беру.

Оқушылар ұйқы туралы мәлімет айтады.

Қанша уақыт ұйықтау керек

Қаншалықты ұйқы керек? Әр адам үшін ол әр келкі болу мүмкін. Бірақ ұйқының ортақ көрсеткіштері болады. Ұйқының жеткіліксіздігі жинақталу қасиетіне ие. Уақыт өте келе ол жинақталып, нейробиологиялық әсер етеді. Ұйқы жетпеген кезде когнитивті қабілеттеріміздің әлсіреген байқамаймыз. Өмір сүру жылдамдығының артуы, стресстердің болуы ұйқыға деген қажеттілікті арттырады. Ұйқыға жұмсалуы керек сағат жоғалса, оның өзіндік құны бар. Мысалы, зерттеулер бойынша ұйқының қанбауы АҚШ бизнесіне жылда $100 млрд алып келеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, тиімді ұйқының уақыты 7 пен 7,5 сағат аралығы. Мамандардың ортақ пікірі бойынша өте жоғары өнімділік көрсету үшін 7 мен 9 сағат ұйқы керек.

Тез ұйқы фазасы.

Жай фаза кезінде дене босаңсып, тыныс алу баяулап, қан қысымы түседі, ми сыртқы қоздырғыштарға жауап бермей, тыныш күйде болады. Осы кезең ағзаның қалпына келуіне өте маңызды. Иммундық жүйе қалпына келеді. Ағзаның өсуіне қажетті гормондар бөлінеді. Тез ұйқы фазасы ми үшін аса қажетті. Осы кезеңде күні бойы алынған ақпарат өңделеді. Нейрондық байланыстар күшейе түседі.

Сергіту сәті

Апам үшін күнде мен

Отынға ағаш жарамын.

Суғарамын гүлдерді,

Дүкенге де барамын

Сыпырамын үй ішін,

Жуамын ыдыс аяқты.

Апам бірақ мен үшін

Оқымайды сабақты.

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

«Егер ұйқы болмаса.....» эссе

Эссе жазады

Үй тапсырмасы

Оқып,мазмұндау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

Мақтау,мадақтау бағалау

Сабақтан алған әсерлерін айту

Бағаланады

Сабақтан алған әсерлерін айтады

Кері байланыс



Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Машқар Гумеров . Бақшада

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Сабақтың жабыдығы

Түрі

Сабақтың мақсаты:

Гумеловтың шығармасымен таныстыру.

Оқушыларды «Бақшада » әңгімесімен таныстыру. Шығарманың мазмұны мен идеясын меңгерту. Сауатты, мәнерлі, әсерлі оқуға баулу. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту.

Қолданылатын модулдер: Диалогтік оқыту, Оқыту үшін бағалау.

Стратегиялық іс әрекет: «Ой қозғау», «Кезектесіп қайталау», «Ой талқы»

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.


Тақырыпқа байланысты суреттер. Қимақағаздар.

«Жазушылар» топтамасы

Ой қозғау

Shape2

Жыл мезгілдерінің ерекшеліктері



Shape3 Shape4

Shape6 Shape5

Күз байлығы диқаншылық

Күзгі еңбек түрлері




- Сұрақтарға жауап береді.

Тақырыпты ашу Тақырыпты айту, мақсатпен таныстыру Мақсатқа идея қосады.

Сергіту сәті

Сергіту сәті Қамажай қимыл- қозғалыс биі.

Ой толғаныс Оқулықпен жұмыс

Негізгі бөлім

«Бақшада»

- Мәнерлеп оқып беру.

- Мазмұнын түсіндіру.

- Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту.

Мәтін мазмұнымен танысу Тізбектей оқу Мәнерлеп оқу Оқулық

Сөздікпен жұмыс.

Сол сөздердің мәнін ашу, түсіндіру.

Ой жинақтау

Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар қою.

1. Балалар бақшада не істеді?

2. Олар не нәрсеге таңданды?

3. Балалар картоп ауруын қалай анықтады?

4. Картоп ауруын қалай емдейді екен?

5. Картоп ауруын емдемесе қайтеді?

6. Сен бақша өсімдіктерін күту жөнінде не білесің?

7. Биыл сен бақшаңа қандай өсімдіктер ектің?

8. Мәтін неліктен «Бақшада» деп аталған?

9. Осы әңгімеге тағы қандай ат қоюға болады?

Сұрақтарға жауап беру

Топпен жұмыс Топтарға тапсырмалар беріледі.

1. Мәтінді бөлімдерге бөліп, әрбір бөлімге ат қой.

2. Осы әңгіменің желісімен өзің әңгіме құрастырып көр.

3. Әңгімедегі Кәрімнің портретін беретін тіркестерді тауып оқы.

Оқушылар топпен бірлесе отырып, тапсырманы орындайды. Флипчартқа жазылған тапсырмалар

Ой түйін

Үйге тапсырма

Әңгімені мәнерлеп оқу. Түсінік айтуға дайындалу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Біз не білдік? Талқылау.Рисунок 1

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады









































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 ақпан
542
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі