Қазақ тілі пәнінен
11-сыныптарға арналған тоқсандық жиынтық
бағалау
2-тоқсан 11-сынып
ҚГБ
Оқылым. Мәтінді мұқият
оқып,стилін,тілдік құралдарын,синтаксистік құрылымын
анықтаңыз.(5ұпай)
XX ғасырдың алғашқы жартысында
өмір сүрген ең әйгілі тұлғалардың бірі – Альберт Эйнштейн. Көзі
тірісінде көптеген жетістіктерге жеткен ғалым Нобель сыйлығын алып
қана қоймай, ғылымның ғалам жайлы түсінігін түбегейлі өзгертіп
кетті. Оның 300-ге жуық ғылыми жұмысы мен 150-ге жуық кітабы, сан
алуан мақалалары білімнің әр саласын қамтыған. 1879 жылы Германияда
дүниеге келіп, 1955 жылы 76 жасында АҚШ-та қайтыс болған Альберт
Эйнштейн туралы замандастары түрлі аңыз-әпсана қалдырған. Оның
қайсысы рас, қайсысы өтірік екені де
белгісіз.
Эйнштейннің ғылымға деген
қызығушылығы 5 жасында туған. Бірде ол ауырып қалып, әкесі оны
жұбату үшін қолына компас берген екен. Бала Альберт құралдың
құрылымына қатты қызығып, содан бастап түрлі зерттеулерге ден
қойған деседі.
Эйнштейннің музыкаға деген
махаббаты ерекше болған. Ол бала кезінде скрипкада ойнауды үйреніп,
өмір бойы сол аспапты өзімен алып жүрген.
XX ғасырдың ортасында Израиль
мемлекеті құрылған шақта еврей ұлтынан шыққан Эйнтштейнге ел
президенті болу туралы ұсыныс түскен. Тәжірибенің жоқтығы мен
өзінің саясаткер емес, ғалым екенін айтқан ол бұл ұсыныстан бас
тартқан.
Өзінің атағын пайдаланып,
ғалым бір кездері әр қолтаңбасы үшін 1 доллар ақы алып отырған.
Түскен қаржының бәрін ол қайырымдылыққа
жұмсаған.
Альберт Эйнштейн бала кезінде
математиканы нашар оқыған деген қате пікір бар. Шын мәнінде ол 15
жасының өзінде дифференциалды және интегралды есептеу жүйелерін
жақсы меңгеріп үлгерген.
Бірде трамвайда отырып қатты
ойланып кеткен ғалым жол ақысын дұрыс төлемеген екен. Кондуктор қыз
ескерту жасағаннан кейін ғана Эйнштейн қатесін байқап, ақшаны толық
беріпті. Оны танымаған қыз күлімдеген күйі: «Түк етпейді, ата. Тек
математиканы үйреніп алсаңыз көмегі тиер еді» деген
екен.
Физик ешқашан шұлық кимегені
белгілі. Тіпті, үлкен шаралардың өзіне де ол шұлықсыз келетін.
Бірақ ол өзінің бұл әрекетін ешқашан түсіндірген
емес.
Ғалым өлер алдында неміс
тілінде бірнеше сөз айтқан. Алайда оған қараушы медбике неміс тілін
білмегендіктен, оның не айтқанын түсінбеген және есінде сақтай
алмаған.
-
Стилі:..................................
-
Тілдік
ерекшеліктері:..........................................
-
Терминдер:......................................
-
Морфологиялық
құрылымы:...................................
-
Синтаксистік
құрылымы:..................................
-
тапсырма.Мәтінді мұқият
оқып,күрделі жоспар құрыңыз.(5ұпай)
ЖЫРТЫҚ АЯҚ
КИІМ
(эпиграф,мақалмен
түйінді ой жазуға болады)
І
Кіріспе
А)............................
ІІ.Негізгі
бөлім
А)..................................
В)..................................
С)...................................
ІІІ.Қорытынды
бөлім
А)..................................
Бір шәкірт ұстазымен егін алқабын аралап келе
жатады. Кенет әлгі екеудің жол шетінде жатқан тозығы жеткен бір аяқ
киімге көздері түседі. Шәкірт
ұстазына:
– Шамасы, мынау егінші шаруаның аяқ киімі
сияқты. Тығып қойсақ қайтеді? Сосын бір жерге жасырынып, қалай
абдырап, сасқалақтағанын қызықтайық, – дейді. Сонда
ұстазы:
– Кедейлерді әбігерге салуды қызық көріп,
олардың есебінен көңіл көтергеніміз адамдыққа жатпайды. Өзіңе бақыт
пен шаттық сыйлағың келе ме? Онда оны мазаққа айналдырмай,
керісінше, аяқ киіміне ақша салып қояйық. Сонан кейін ғана не қызық
болатынын тамашалайық, – дейді. Ұстазының ұсынысы бірден көңіліне
қонған шәкірт айтқанын орындайды. Содан соң екеуі жақын тұрған
ағаштың артынан жасырынып, бақылауды
бастайды.
Сәлден соң жүзі әбден тотыққан, жұпыны киімді
бір шаруа келеді. Аяғын аяқ киіміне сұққаны сол еді, ішіндегі затты
сезіп, аяғын дереу қайта суырып алады. Қолын салып еді, ақша екен.
Екінші сыңарынан да сондай ақша шықты. Ақшаға бір, жан-жағына бір
қарап, таң-тамаша болып тұрып қалды. Көз жетер жерде ешкім
байқалмайды. Ақшаны қалтасына салды да, жерге тізерлеп отыра
кетті.
Жасаураған жүзін аспанға көтеріп дауыстап
сөйлей бастады: «Я, Раббым! Сен менің хәлімді өзімнен артық
Білушісің. Әйелімнің ауру екенінен, балаларымның аш-жалаңаш
екенінінен хабардарсың. Бәрімізді басқа түскен нәубеттен құтқардың.
Шүкір, шүкір…». Осылайша, ұзақ уақыт жасын төккен күйі Жаратушысына
алғыс айтып, шүкірлігін
білдіреді.
Манадан бері одан көз жазбай қарап отырған
шәкірт қос жанары жасқа толып, қатты әсерге бөленеді. Шәкіртінің
бойындағы өзгерісті байқап отырған
ұстазы:
– Қазір
бұрынғы хәліңнен бақыттырақ екеніңді сезіп отырған сияқтысың.
Алғашқы ойыңды іске асырғанда қандай күйде болар едің?! – дейді.
Шәкірті:
– Иә,
ұстаз! Өмір бойы ұмытпастай дәріс алдым. Сізге алғысым шексіз!
«Берген кездегі қуаныш алған кездегі қуаныштан көп артық болады»
деген сөздің мағынасын енді түсіндім, – деп жауап
қатты.
Жазылым.Берілген 3 тақырыптың бірін
таңдап, жазба жұмыстарын орындаңыз.
[10]
-
«Парасат» журналына
«Қазақстанда көші-қон
мәселесіне қатысты оралмандар мен келімсектер қандай қиындықтарға
кездеседі?» деген тақырыпта 150-180
сөзден тұратын мақала
жазыңыз.
-
Мектеп газеті келесі
айдың басылымын әлемді өзгерткен өнертабыстар тақырыбына арнайды.
«Өнертабыс – өрлеу кепілі» деген тақырыпта жаңа технологиялардың
қоғамға тигізетін әсері туралы ақпараттық мақала
жазыңыз.
-
Сізге «Зерде»
журналының тілшісі ретінде қазақстандық атақты өнертабыс иесінен
сұхбат алу тапсырылды. Жанрлық ерекшелігін сақтап, сұхбат
жазыңыз.