400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

қазақ тілі "Зат есім" 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
қазақ тілі пәнінен сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Зат есім



Мұғалімнің аты-жөні:

Күні: 20.02.18

СЫНЫП: 2


Қатысқан оқушылар саны: 24


Қатыспаған оқушылар саны: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.5.1; Аудиобейнежазба мазмұнына өз ойын білдіру

2.4.2.3;Сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

2.3.6.1;Бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу

2.2.3.1; Мәтін мазмұнын анықтауға бағыттал ған сұрақтар құрастыру және жауап беру

Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды. оқушылар негізгі мәселелерді түсіне алады және қабілеттері әртүрлі оқушы жұптарындағы екінші оқушының көмегімен үлгі бойынша қарапайым сұрақтар қоя алады

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады. Ұлтымыздың салт-дәстүрі туралы бірнеше сұрақтар қоя алады және оларға жауап бере алады;

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

жаратылыстану, көркем еңбек, әдебиеттік оқу, музыка

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Жұмыс түрлері

Басталуы


Психологиялық ахуал қалыптастыру:

АНА ТІЛІҢ –АРЫҢ БҰЛ,

ҰЯТЫҢ БОП ТҰР БЕТТЕ.

ӨЗГЕ ТІЛДІҢ БӘРІН БІЛ,

ӨЗ ТІЛІҢДІ ҚҰРМЕТТЕ ! (Қадір Мырзаәлі)

Үй тапсырмасын тексеру

22-жаттығу Жұмыртқа сөзінен Қалған 11 сөзді кім тапты? . оқыту, мағынасын ашу

-Зат есім деген не? (сұрақ-жауап)

--Қазақ ұлтының қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер? Бұған дейін қандай салт-дәстүрлер жайлы әңгімеледік?



Жаңа білім




Білу және түсіну

24-жаттығу Сурет бойынша әңгімеле

-қандай мерекені атап өтуде?

-Наурыз мерекесі деген не? Наурыз сөзі қандай мағынаны береді?

Адамға қатысты сөздерге кім? кімдер?, заттар мен жануарларға не? нелер? деген сұрақ қойылады.





ТЖ

Видеоюжет





Оқулықпен жұмыс





Ортасы


Қолдану.

25-жаттығу. Мәтінді түсініп оқы.

– Наурызкөже деген не, ата?

– Наурызкөже деген – жеті түрлі дән салып жасаған өте дәмді көже.

– Ата, наурызкөжені неге ішеміз? – деді Нартай.

– Наурызкөже ішкен соң көне жыл бітіп, жаңа жыл басталады. Наурызкөже ішкен адам бір жасқа үлкейеді, – деді атасы.


Серік Нұғыман


26-жаттығу. Өлеңді көшіріп жаз.

Наурыз құтты болса екен,

Жерге ырыс толса екен! Құл-Керім Елемес




Сергіту сәті

Сергіту сәті «Қара жорға»

Видеожазба



Сабақты бекіту










27-жаттығу. Оңнан солға қарай оқығанда жаңа сөз шығатын сөздерді теріп

жаз.

Қолғанат есек төс қысым

ұршық құлақ шұлық нарық

тымақ керік кіші бақа

28-жаттығу . Жұмбақ өлеңді оқып, шешуін тап.

«Т»-дан бастасаң,

Дақылдың бірі.

«С»-дан бастасаң,

Бояудың түрі. (тары-сары)

• Тарыдан жасалатын қандай тағам түрлерін білесің?

-жент, көже, ботқа, талқан

• Өзің білетін бір тағамның құрамын жаз.Тарыдан жасалатын талқан -сөк

Жент

Жент — ұлттық тағам. Жент қыста қатпайтын, жазда бұзылмайтын, тағам. Жент шай дастарқанына қойылады. Жент жасалатын негізгі өнім — сөк. Диірменге тартылған сөкке сары май, қант, ірімшік ұнтағы, мейіз салынып араластырылады. Содан соң ыдысқа салынып, беті тегістеледі де, салқын жерде сақталады.







Бағалау

«Өзін –өзі бағалау» әдісі

Бағалау парақшасы

Үйге тапсырма: Жұмыс дәптер 39 бет шығармашылық тапсырма Наурыз көже

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Семантикалық карта

сәйкестендір

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 мамыр
1043
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі