400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілі,Бастауыш

Материал туралы қысқаша түсінік
3 сыныпқа арналған ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән Қазақ тілі

Бөлімі Сәулет өнері

52-сабақ.

Тақырыбы: Бастауыш

Мектеп: 277

Күні: 06 .12.2022ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Оразова С.Ж.


Сынып: 3 «Г»

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру;

3.4.2.7 - сөйлемнің тұрлаулы (бастауыш, баяндауыш) және тұрлаусыз мүшелерін ажырату;

3.3.6.1 кең жолды дәптерде бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап көлбеу, үзбей және біркелкі жазу, жазу қарқынын жеделдету.

Сабақтың

мақсаты:

Барлық оқушылар:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтарға жауап береді, берілген сұрақтарды пайдаланып пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады;

Оқушылардың көбі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және сұрақтарға жауап береді;

Оқушылардың кейбірі:

-мәтін мазмұны бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады және өз жауабын негіздеп жауап беред

Бағалау критерийлері

Мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастырады.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді.

Тірек сөздер

Пәндік терминология мен тірек сөздер

Сөйлем мүшелері. Бастауыш. Қимыл, іс-әрекет иесі.

Сабақта диалог /жазу үшін пайдаланылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Киіз үй неден жасалады?

Ата-бабамыз неліктен киіз үйді пайдаланған?

Қазір киіз үйлер бар ма? Киіз үй жобасына қарап нелер құрастырылған?

Құндылықтар

Өз ұлтын, халқын құрметтеу және мақтаныш сезімін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану .

Алдыңғы меңгерілген білім

Сөйлем. Сөйлем мүшелері.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы 5мин.






(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың көңіл - күйін дамытуға арналған жаттығу жүргізіледі.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім,

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым бақытым дара тілім.


Үй тапсырмассын тексеру

1.Сөйлем дегеніміз не?

2.Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгілері қойылады? 3.Сөйлем мүшелері деп қандай сөздерді айтамыз?

Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері деп бөлінеді. Тұрлаулы сөйлем мүшелері белгілі бір сұраққа жауап беріп, сөйлем ішінде бергілі бір қызмет атқаратын сөздер.

« Ия немесе жоқ» әдісі.

  1. Сөйлем тиянақты ойды білдіреді.

  2. Дауысты дыбыстар үшке бөлінеді.

  3. Түбір сөзге жұрнақ және жалғау жалғанады.

  4. Жұрнақ сөз бен сөзді байланыстырады.

  5. Жалғау сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша.

  6. Бір түбірден жасалған қосымшаны түбірлес сөздер дейміз.

  7. Сөйлем мүшелері тұрлаулы және тұрлаусыз сөйлем мүшелері болып бөлінеді.



Слайд№1















Слайд№2

Сабақтың ортасы

30-мин.













3

































































































«Киіз үй»бейнебаян көрсетіледі.

Топқа бөлу.

1-топ.Шаңырақ

2-топ.Уық

3-топ.Кереге

4-топ.Сықырлауық


5- жаттығу

Кітапта берілген Мәтінді оқып шығамын.

Оқушылар жұптаса отырып, «Сұрағын тап» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.

- Ата-бабамыз неліктен киіз үйлерді пайдаланған?

- Киіз үйдің негізгі бөлшектеріне нелер жатады?

- Кереге неден жасалады?


Төрт топтан төрт оқушы шығып киіз үйдің бөліктерін түсіндіреді.







  1. Шаңырақ.

Шаңырақ — киіз үйдің төбесі. Үйдің көлеміне қарай шаңырақтың диаметрі екі жарым метрден бес метрге дейін болады.

Шаңырақ. Шаңырақ-киіз үйдің ең жағарғы бөлігі. Оның пішіні күмбез тәріздес, ол уықтардың ұштарын біріктіріп ұстап тұрады, шаңырақ бірнеше бөлшектерден тұрады.

Шаңырақты әкеден балаға мұра етіп қалдырған. Шаңырақты бір елтаңбамыздан да байқасақ болады.


Киіз үй керегесі

Кереге — киіз үйдің дөңгелек қабырғасын құрайтын, бірнеше жиналмалы бөліктен тұратын зат. Әрбір жеке бөлігі қанат деп аталады. Кереге неғұрлым үлкен болған сайын киіз үй де соғұрлым үлкен болады.


Уық Уық — шаңырақ пен керегенің арасына дәнекер болып тұратын иінді шыбық ағаштар. Уық кереге мен шаңырақты жалғастырып тұрады. Киіз үйдің кеңдігі керегесіне, ал биіктігі уықтың ұзындығы мен қысқалығына байланысты болады.

Уық саны үйге жайылатын кереге басының санына тең.


Киіз үй есігі-«Сықырлауық»

Сықырлауық — киіз үйдің ағаш есігі. Ашып-жапқанда одан шығатын дыбысқа қарай сықырлауық атанған. Бұл есік екі жармалы болады. Оны, әдетте, өрнектеп әшекейлеп жасайды

Шеберлер киіз үйді сәулетіне қарай оюлы өрнектермен, өрнектелген сүйекпен жапсырмалап әшекейлейді.


4 топқа 4 түрлі тапсырма беріледі.

1топ- Шаңырақ туралы мақал-мәтел жазу

2топ-«Шаңырақ» сөзіне 5 жолды өлең құру

3топ-«Шаңырақ сөзіне дыбыстықталдау жасау.

4топ- «Шаңырақ» тақырыбында мәтін жазу.


6-жаттығу

Киіз үй тігілді. Атам төрге жайғасты. Балалар далада ойнады.

3 оқушы шығып тақтаға орындайды. Сойлемдерді бастауыш пен баяндауышты ажыратып, сөз құрамына талдайды.


Сөйлемде қарамен жазылған сөздерге назар аударылады. Оқушылар жұптаса отырып сұрақ қояды.

- Киіз үй, атам, балалар сөзінен не байқадыңдар?

Ереже.

- Сөйлем ішіндегі сөздерге Кім? Кімдер? Не? Кімі? Кімің? Несі? сұрақтары қойылса, ол сөйлемнің бас мүшесі – бастауыш болады. Ол қимылдың иесін білдіреді. Оны бір сызықпен сызады.

Бұл сұрақтар қай сөзтабында кездеседі? Зат есім.

Бастауыш тек зат есімнен емес басқа да сөзтаптарынан жасалады.

Оқушылар өз беттерімен оқулықта берілген ережені оқиды.


Инкл. оқушыға тапсырма.

«Бастауышты табайық» дидактикалық ойын.

Тақтадан сөйлемдегі бастауышты табады.

.... ұшып кетті. .... жауды. .... көрінді.

«Адасқан сөздер» ойыны

Арыстан ---------- боздайды

Түйе --------------- мөңірейді

Жылқы ----------- ақырады

Қой ---------------- кісінейді

Сиыр -------------- маңырайды


7-жаттығу

Сурет бойынша әңгімелету мақсатында «Суретті әңгімеле» стратегиясы қолданылады. Оқушылардың назары сюжетті суретке аударылады. Әр топ суреттердегі сюжет бойынша әрқайсысы әңгіме құрап жазады. Жазған сөйлемдерінен бастауышты табады.

Дескриптор:

- сурет бойынша үш сөйлемді ойлап табады;

- бастауышты анықтайды;

- сұрақ қояды.


Қалыптастырушы бағалау мұғалімнің бағалауы арқылы жүзеге асырылады.






Қима суреттер















Слайд №3











Слайд№4



Слайд№5









Слайд №6





















Слайд №7























Слайд№8

Сабақтың соңы

5- минут




Рефлексия

Оқушылар шаңырақты айнала кереге жасап сұрақтарға біртіндеп жауап береді.

-Сіз өзіңіз үшін жаңа не білдіңіз?

- Сіз үшін не жеңіл болды?

- Сізге қай жерде көмек қажет болды?

- Сіздің қандай да бір сұрағыңыз бар ма?

Үй тапсырмасы оқулықтағы 8-жаттығу:

-нақыл сөздерді көркем етіп жазу;

-алғашқы сөйлемнен бастауышты табу;

-үйге қатысты тыйым сөздерді жазып келу.

Слайд9




Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы



Саралау.Сөйлем мүшесі бастауышты сөз табы - зат есіммен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығы табады.

Оқушылардың

-мәтін бойынша пікір білдіруге бағытталған сұрақтар құрастыруы;

-сұрақтарға жауап беруі;

-сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін (бастауышты) анықтай білуі;

Сергіту сәті өткізіледі.






















болып табылатын. Бұл ерекше үй түрі. Жазда аптап ыстықта киіз үйде салқын, ал қыста жылы және жайлы. 5-7 адам тұратын шағын киіз үйді екі сағатта орнатып, бір сағатта жинаған.



Киіз үйдің негізін ағаш қаңқа құрайды. Төменгі бөлігі жиналатын торлы керегеден тұрады. Кереге неғұрлым көп болған сайын киіз үйдің көлемі де үлкен болды. Керегені есікке терме белдіктермен байлайды. Олар киіз үйдің бүкіл құрылымын ұстап тұрады. Керегені (киіз үй қабырғаларын) жауып тұратын өрмені ши деп атайды. Есік орнын киізден жасалған тығыз жапқышпен жапқан. Шаңырақты керегемен уықтар байланыстырады. Киіз үйдің терезесі – түндік. Ішінен сырықтармен айқастырып бекітілген ағаш шеңберді шаңырақ деп атайды. Оны әдетте қайың ағашынан жасайды. Қазақ халқы «шаңырақ» ұғымына ерекше мән берген. Ол отбасындағы берекені білдіреді.



Киіз үйдің ортасына ошақ қойылған. Ол тамақ әзірлейтін және суық кезде жылынатын жер. Есікке қарама-қарсы қонақтарға және құрметті адамдарға арналған төр орналасқан. Есіктегі бос кеңістік «босаға» деп аталады.

Оқушыларды топқа фигуралар арқылы бөлу, сол фигуралардан үй құрастыру

-Қандай үйлер шықты? Бұрынғы және қазіргі баспана.













Оқушылардың назарын әртүрлі үй суреттеріне аударыңыз. Олар әр үй туралы не айта алады? Оқушылар қандай қорытынды жасайды? Олардың жауаптарын әр елдің баспаналары туралы ақпаратпен толықтыру Олардан қандай үй түрлерін білетінін анықтау. Оларды салыстыруын сұрау.



. Оларды тақтаға немесе қабырғаға іледі

Мәтінді оқығаннан кейін киіз үй туралы білімдерін тексеру. Оқушылар киіз үйді қайдан көргенін сұрау



Жауабы: Суреттен, мерекелерде, ауылдық елді мекенде және т.б.

Топтарға тапсырма: Киіз үйдің суретін сал

Тақтада қорғау

Видеофильм көрсету

Сен білесің бе? Оқушылардан мәтінді оқып шығуын сұрау. Олармен бірге өткен сабақта танысқан «дәстүр» сөзінің мағынасын еске түсіру. Шаңырақты әкеден балаға мирас ету ұрпақ жалғастығын, отбасылық дәстүрлер мен рухани құндылықтың сақталуын

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
01.10.2023
286
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі