400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілім -бал тілім

Материал туралы қысқаша түсінік
аналитикалық тақырып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілім бал тілім

1. Бұл заман білекке сенетін емес, білімге сенетін заман. 
2. Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман.

Н. Назарбаев

Білім берудің бірінші негізгі сатысы ─адами тұлғаның даму іргетасы, оқу әрекетін қалыптастыратын жауапты кезең. Бұл кезеңде оқушының есте сақтау қабілетін, қабылдауын, білімге құмарлығын, арттыру үшін барлығын көзімен көрсете, қолымен ұстата білу керек. Сонда ғана оқушының сабаққа деген құштарлығы мен ынтасы артады. Осыған орай, болашақ жас ұрпаққа бағдарламаның жеті модулін бүгінгі сабағыма кіріктіре отырып, тізбектелген сабақ топтамасы бойынша, қысқа мерзімді жоспарымды құрып алдым, өткен алғашқы сабағымды басшылыққа ала отырып, бағдарламаға сай қысқа мерзімді сабағымды ұсынып отырмын.

Менің бірінші «Сан есім» тақырыбындағы сабағымды өтуде алға қойған мақсатым, сауатты жазу дағдысын қалыптастыру, сан есімдерді табу арқылы баланың ой шапшаңдығын жетілдіріп, сан есім жайлы алған білімдерін тереңдету. Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін, ақыл ойын, байқағыштық қабілетін, сөздік қорларын дамытып, молайту.
Сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру үшін, шаттық шеңберін құрып, стикерлер тарқатып, ондағы тапсырмаларды орындаттым. Яғни, онда 1- топ жаңылтпаштар, 2- топ жұмбақтар, 3-топқа мақал-мәтелдер жазылған болатын. Қолына мақал-мәтел жазылған стикер түскен оқушы оны оқып мағынасын ашу керек. Оқушы мақал-мәтелді оқу барысында сол берілген сөздердің мағынасын ашады және онда қандай мағыналы сөз жатқанын ұғынады.

Келесі жұмбақ түскен оқушы жұмбақтың шешуін тауып береді. Әрі қарай олар «Мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылтпаштар» болып үш топқа бөлінеді. Мұның да өзіндік ерекшеліктері мен мақсаттары бар. Себебі бастауыш сынып оқушылары ойын баласы болғандықтан, олардың сабаққа деген назарларын аударуға, ойларының тиянақты болып сабақты тыңдауларында топтың да көмегі тиеді.


Сабақтың әр сатысы мазмұнына сай әр түрлі тәсілдермен толықтырып отыруды қажет етеді. Сондықтан да түрлендіре отырып, әдіс тәсілдерді тиімді қолдану арқылы сабақ өту үшін күнделікті жаңалық ендіріп отыру керек.

Өткен тақырыпты пысықтау мақсатында жаңа технологияларды пайдалана отырып, үй тапсырмасын сұрау үшін 3 топқа мынадай «Антивирус» стратегиясын пайдаландым: Мен 15 сөзден тұратын тізбекті оқыдым, олар:ана, жылдам, көрікті, әдемі, елу, кітап, жүз отыз, үлкен, үй, парта, Айжан, аласа, жүгірді, оқыды, алпыс. Оқушылар мұғалімді тыңдап, тізбектегі тек сын есімдерді есіне сақтап, дәптерлеріне жазады, оларға сұрақ қояды. Сол арқылы сұрақтар қойып, сол сұрақтар аясында оқушылар өз ойларын дамытады.

Оқшылар ойлана отырып, тез әрі шапшаң жауап берді. Заттың сынын білдіретін сөздерді - сын есімдер деп атайды. Заттың іс- қимылын білдіретін сөздерді етістік деп атайды. Заттың атын білдіретін сөздерді зат есім деп атайды. Заттың санын білдіретін сөздерді сан есім деп атаймыз,-деп нақты ойларын жеткізе отырып, жаңа тақырыпты өздері аша білді. Осы тапсырмадан оқушылардың үй тапсырмасына тиянақты дайын екендіктерін білдім.

Әрбір оқушыны оқытып, тәрбиелеуге байланысты мәселелерді өздігімен және шығармашылық ынтамен шешуге қабілетті жаңашыл мұғалім керек. Мұғалім оқушыларда өзін-өзі ынталандыра алатын, және осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылық дағды қалыптастыруға болатын жағдай орнату керек.

Блум таксономиясы бойынша түсіну жаңа сабаққа дайындық, яғни жаңа тақырыпқа бағыттау ретінде миға шабуыл әдісін қолдандым. Интер белсенді тақтадан 1- жаттығуды орындаттым. Бұл жаттығудағы өлеңді оқып, ондағы сан есімдерді сұрақ қою арқылы тапты.

Он саулықтың ақпанда

Егіз туды жетеуі.

Қырға көшіп жатқанда

Жалқы туды екеуі.

Оқушыларға сыни тұрғысынан ойлау мақсатында бұл өлеңдегі егіз, жалқы деген сөздерді қалай түсінесіңдер, оларға сөйлем құраңдар деп қосымша сұрақтар қою арқылы, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға тапсырма бердім. Оқушылар берілген өлеңді оқып, сұраққа жауап береді. Онда не туралы айтылғанын түсіндірді. Сан есімдерді тауып, сұрақ қойды. Егіз, жалқы – деген сөздерді қандай санмен ауыстырып айтуға болатынын тапты. Осының нәтижесінде оқушылар бүгінгі сабағымыздың не туралы екендігін түсінді. Осы арқылы, балалардың сөйлеу мәдениетінің дамуын, ұйымдастырушылық


қабілеттерінің жоғарылығын, бір-бірімен диалогқа түсу арқылы бір-бірінің пікірін тыңдауын, ортақ шешімдерін, ауызбіршіліктерін байқадым.

Жаңа сабақ кезінде оқушылар оқулықпен жұмыс жасау барысында «Асыл сөздің жалғасын тап» әдісі арқылы 2-жаттығудағы есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып жазды. Бұл әдісті пайдаланудағы мақсатым деңгейлік бағдарламадағы оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту және оқу модулі бойынша қабілеті төмен оқушыларға орындаттым. Мұнда есептік сан есімдер берілген. Оларға қосымшалар жалғау арқылы есептік сан есімді реттік сан есімдерге айналдырып жазды. Оқушылар бұл жаттығудағы тапсырманы жүйелі түрде орындап шықты.

Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір-деген мақалды айта отырып, оқушыларды 3- жаттығудағы тапсырманы орындауға түрткі сұрақтарын бағыттап, сабағымды жалғастырдым. Жаңа технологияларды қолдана отырып, интер белсенді тақтадағы берілген жануарлар суреттеріне қарап, оқушылар өздері сыни тұрғыдан ойлай отырып мәтін құрастырды. Бұл жаттығуды орындау толық болмағандықтан, пысықтау мақсатында оқушыларға қайта бағыттау сұрақтарын беріп отырдым. Олар сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырмадағы сан есімдерді тауып, олардың астын сызып, сұрақтарын қойды.

Сосын сергіту сәтін жасап, оқушыларды ынталандырып алдым.

4-жаттығу бойынша «Жұппен оқып, мазмұндау» әдісін қолдандым. Мұнда көшбасшылар топты жұппен бөліп «Шапшаң ұшатын ұшақ» мәтінін оқыды. Онда: төрт мың, он екі, сегіз, жүз сексен, үш жүз, үш, төрт деген сандар берілген. Осы мәтінді көшіріп, сандарды сөзбен жазып шықты. Сан есімнің қандай сөзге қатысты екенін сызба арқылы көрсетіп, сан есімдер қандай сөз табымен байланысып тұрғанын атап айтты.

Жаңа технологияны пайдалана отырып, келесі тапсырма «Көктем» тақырыбында сан есімдерді байланыстырып, постер қорғау болатын. Оқушылар бұл тапсырманы өз деңгейінде орындап шықты. Олар көктем тақырыбын наурыз мерекесімен ұштастыра білді. Наурыз туралы тақпақтарын және баталарын да айтуды ұмытпады. Оқушыларға постер қорғау әдісі өте көңілді болды.

Әр топтағы оқушылар бір-бірін бағалау критерилері арқылы бағалады. Мен оқушыларды балл қою кестесі арқылы бағалап, мадақтап отырдым.

Үйге тапсырмаға сан есім ережесін жаттап, 5- жаттығудағы тапсырманы орындап келу берілді.

Осы өткен сабақ барысында деңгейлік бағдарлама бойынша жаңа технологияны қолдану оқушыларға оң әсерін беріп, жаңа ұғымды тез меңгере білуіне тиімді ықпал етті.


«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» -деп, Ахмет Байтұрсынов айтқандай мұғалім әрдайым ізденісте болуы керек.

Екінші сабағымда оқушылармен амандасып, шаттық шеңберіне тұрғызып геометриялық фигуралар арқылы үш топқа бөліп алдым. Әр топ өздерінің топтарына берілген геометриялық фигураларға тоқталып өтті. Онда неше бұрышы, неше қабырғасы, неше төбесі бар екендігін айта отырып, сан есімдерді тапты. Ынтымақтастық атмосферасын жасап алып, өткен тақырыпты пысықтау арқылы үш топқа сын тұрғысынан ойлануға «Жіңішке, жалпақ сұрақтары» әдісін пайдаланып мынадай сұрақтар қойдым: бір тал кессең, он тал ек, ата-ананы Меккеге 3 рет алып барсаң да, аздық етер - дегенді түсіндіріп беріңдер. Сан есім дегеніміз не?-деп, үй тапсырмасын пысықтадым.

Оқушылар сын тұрғысынан ойлана отырып, тез әрі шапшаң жауап берді. Ойлау аса күрделі психологиялық үдеріс. Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау, оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Осы жобамен жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді. Оқушылар тақырыпты өздері ашты және диалогпен жұмыс жасады. Ой қозғау әдісі арқылы сан есімдердің дара және күрделі болатынын білді.

1-жаттығуды «Ашық-жабық» әдісі арқылы пысықтап тапсырмада берілген дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жазды. Бұл әдісті қолдану барысында талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүргіздім. Оларға бұл әдіс тиімді болды. Талантты оқушыларға сұрақтарды ашық түрде беріп отырдым. Олар бұл тапсырманы орындауда шапшаңдықпен тез орындап қойды. Келесі «Дана үкі» әдісі арқылы 2-жаттығудағы тапсырмалардың дара және күрделі түрлерін теріп жазады.

Оқушыларды дем алдырып алу мақсатында сергіту сәтін жасаттым.

Келесі 3-жаттығуды «ТВ шоу» әдісі арқылы пысықтап , ішіндегі сан есімдерді сөзбен жазды. ТВ шоу әдісі оларға өте тиімді болды. Оқушылар бір-біріне қызығушылықпен сұрақтар қойды.

«Еркін талдау» әдісі арқылы 4-жаттығудағы сан есімдерді тауып, сұрақ қойып және түрлеріне бөліп жазды.

«Дұрыс және бұрыс» әдісі арқылы сабақты пысықтадым.

Үйге тапсырма: дара және күрделі сан есімнің ережесін жазып, 5-жаттығудағы көп нүктенің орнына тиісті сандарды қойып, жұмбақтың шешуін тауып келу тапсырмасы берілді.

Оқушылар бірін-бірі топ арқылы бағалады. Көшбасшы оқушылардың бағалуларын есептеп отырды.

Мен оқушыларды бағалау критерилеріне жұлдызшалар арқылы бағалап отырдым.

Үшінші «Дара және күрделі сан есім» тақырыбындағы сабағымда, сыныпқа кіріп, оқушылармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін құрып, оқушыларды гүл күлтешелері арқылы топқа бөліп алдым. Ондағы тапсырмаларды орындаттым. Яғни онда өткен тақырыптар бойынша берілген сұрақтарға жауап берді. Сондай-ақ, сабақты ұйымдастыру барысында оқушыларды түгелдеп алдым.

Үй тапсырмасын сұрауда «Таза тақта» әдісін қолдандым. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар тақтаны тазартуға қызығушылықпен кірісті. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырды. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға арналған жұптық әңгіме құрдым. Сосын сабағымды ары қарай бастап кеттім. 1-жаттығуды «Моншақ» әдісі арқылы бастадым. Тапсырмада берілген сан есімдерді теріп моншақтарға жазады. Оларды кейін бір-біріне біріктіру арқылы моншақтар түзеді. Бұл әдістің тиімділігі оқушыларды ұйымшылдыққа, топпен жұмыс жасауға үйретеді. Қабілеті төмен оқушының өзі де бұл кезеңде маншақтарды құрастыруға өз үлесін қосады. Барлығы бірлесе жұмыс жасауға дағдыланады. Келесі 2-жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, дара және күрделі сан есімдерді табу керек болатын. Оқыту мен оқудағы тәсілдерді пайдалана отырып, сөйлемдерді оқыттым. Киттің бір түрі - жолақ кит. Оның ұзындығы отыз үш метрге дейін, салмағы жүз елу тоннаға дейін жетеді. Осы сөйлемдердегі күрделі сан есіммен дара сан есімдерге тоқталып өтеді. Тапсырманы пысықтау барысында түрткі болу, қайта бағыттау сұрақтарын қойып отырамын.

Келесі оқушыларды сергітіп алу үшін сергіту сәтін өткіземін.

3-жаттығуды орындауда «Түйінді сөз» әдісін пайдаландым. Мұнда оқушылар өздеріне керекті ойды түйді. Бұл тапсырмада талантты және дарынды балаларға сыни тұрғыда ойлануға да тапсырмалар берілді. Олар келтірілген мәліметтерден бөлек те өз ойларын жеткізді. АКТ-да көрсетілген 4-жаттығудағы тоғыз, бес жүз сексен сегіз, қырық бес, он, сегіз жүз сексен сегіз бес деген дара, күрделі сан есімдерді түрлеріне қарап топтап сөзбен жазды. Жаңа технологияларды қолдану оқушылардың білімін арттыруда көп көмегін тигізеді.Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білім өзара тығыз байланыста болу керек.

Осы бағдарлама тәсілі бойынша алған білімімді оқушы балаларға үйрету үшін дұрыс көшбасшы болу арқылы сабақ өту барысында өзгеріс енгізе аламын деп ойлаймын. Оқушыларды өздігінен оқуға қалыптастыра отырып, әрбір сабағымды қызықтыру барысында әдіс-тәсілдер қолданып, жұмыс істете алдым.Топ ішіндегі барлық оқушыларды сабаққа қатыстыра алдым.

«Мен шәкірттерімді ешқашан үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдай жасаймын» деп А. Энштейн айтқандай бағыт-бағдар бере білетін білікті мұғалім болуымыз керек. Мамандығымызға жан тәнімізбен беріліп, ізденіс қалыптастыруымыз керек. Сәттілік ешқашан бекерден –бекер аяқ астынан келе салмайды. Басқалардың пікірі мен ұстанымдарын сыйлау ынтымақтастыққа шақыратынына көзім жетті. Мұғалім мен оқушылардың үнемді пайдалануға, өз-өздерін бағалауға, жаңа идея ойлап табуға, өз ұсынысын айтуға үйренеді. Оқушыларға жаңа әдіс-тәсілдерді қолданамын.


Болашақта мен өз тәжірибемде мына міндеттерді өзгерткім келеді:

Бағалаудың түрлі әдістерін түрлендіре отырып қолдану.

Ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарларды осы әдіс арқылы жасау.

Электронды оқулықтарды тиімді жерде пайдалану.

Оқушыны сын тұрғысынан ойлана отырып, ойын еркін жеткізуін.

Әрбір тапсырманың орындалуын қадағалау.

Сабақты түрлі тәсілдер арқылы түрлендіріп, оқушылармен тіл табысуда ыңғайлы атмосфера қалыптастыруды, бір-бірінің пікірін тыңдай алуы. Орта мерзімді сабақты жоспарлаған кездегі мақсатты дұрыс қоя білуді үйрендім.

Мақсатыма жету үшін кедергілер мен қиындықтар мен үшін маңызды екенін түсіндім.

Мен үнемі нені жетілдіре аламын: Осы жолдан айнымай өз тәжірибеме үнемі ізденіс қалыптастырып отырамын. Бұндай серпінмен, әр ұстаз мамандыққа деген сүйіспеншілікке шынайы көзбен қараса, болашақтың мектебін елестету арман емес, шындық болары сөзсіз. Әрқашан осындай озық тәжірибемен жақсы шәкірт дайындап шығу әр мұғалімнің арманы. Армандар орындалып жатса оқушының да мұғалімнің де, мектептің де, тіпті мемлекеттің де болашағы жарқын болмақ. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы ел халқына Жолдауында «Қазақтың ел болуы, ұлт тағдыры –оның келешек мектебінің қалай болып құрылуына тіреледі»-деп, атап көрсетті. Бүгінгі кезде жалпы орта білім беретін мектептер –жаңа қоғам мектебі, болашақ мектебі, яғни мәдени саналы баланың жеке басының дамуына педагогикалық жағдай жасайтын және өзін-өзі тануына көмек көрсететін физикалық және рухани жағынан экологиялық таза ізгілендірілген. Бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп, жетілдіретін мектеп болуға тиіс. Мектептің дамуы үшін жаңа үлгі, жаңа жобалар қажет. Бұндай жобаларды жүзеге асыратын әрине мұғалімдер. Білімді болу-инемен құдық қазғандай қажырлы еңбекпен жүзеге асады. Білімді ұрпақ-қазақ халқының бүгінгі және ертеңгі басты байлығы. Халқымызда «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөз бар. Білім табыстың көзі, жақсқ сабақтарды осы тәсілдермен өтуімді сұрады.ы өмір сүрудің түпқазығы екендігін ұлы Абай да көрегендікпен: «Балаң білімді, парасатты болсын десең, малыңды аяма» -деген. Қазіргі заман талабы тек баланы біліммен қаруландырып қоймай, сол білімін өмірде қолдана білуге үйрету. Балалар өздерінің түсініктерін құра алатын белсенді оқушылар болатын болса, онда мұғалімдер үшін де, оқушылар үшін де осы түсініктің мәнін білу қажет, өйткені оло қуда алға қадам басуға және оған қолдау көрсету үшін керек. Қазақстанның көркеюі үшін оқушылардың таланты мен өз білетінін ашып, оларды оқыту барысында дамыту өте маңызды. Қорыта айтқанда, бүгінгі күн талабын қанағаттандыру үшін іздену мен дамудан шаршамайтын кәсіби құзырлы педагог қажет.












Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Мұғаімге арналған нұсқаулық.

  2. Н. Назарбаевтің «Тәуелсіздік белестері » кітабы.

  3. 4- сынып қазақ тілі. Ж.Қ.Балтабаева, М.Қ.Солтанғазина, Ф.С.Лекерова.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
503
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі