400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйретуде мақалдарды қолдана оқыту

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйретуде мақалдарды қолдана оқыту арқылы оқушылардың тілін дамытады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне үйретуде мақалдарды қолдана оқыту

Мажитханова Мадина Абикановна  

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Көкшетау қаласындағы Жоғары қазақ гуманитарлық-техникалық колледжі

Мақал-мәтелді қолдана оқыту – қазақ халқының өмірін, ділін, мәдениетін, тілінің керемет байлығын білуге жол ашады және оқушылардың тілге деген қызығушылын арттырады. Мақалды оқыту білім алушылардың тіл байлығын дамыта түседі. Көптеген мақалдар тез есте қалады. Мақалды оқыту – ұлттық тәрбие негізінің бірі болып саналады. Сондықтан оқушыларды белгілі бір дәрежеде қазақша сөйлеп, өз ойын басқа біреуге жеткізе алатындай, сондай-ақ өзгенің сөзін ұға, түсіне алатындай деңгейге жеткізу үшін мақал-мәтелдерді оқытып жаттатыруға үйреткен тиімді.

Мақал-мәтелдің оқушыларға тәрбие берерлік жағы да, сөздік қорды толықтыру үшін теңдесі жоқ қазына.

Мен өз сабақтарымда оқушылардың тілін дамыту мақсатында мақал-мәтелдер арқылы төмендегідей жұмыс түрлерін қолданамын.

1-тапсырма. Мына мақалдардың орысша баламасын табыңдар

1. Адам күні адаммен.

2. Батыр туса, ел ырысы, жаңбыр жауса, жер ырысы.

3. Жауға жалынба, досқа тарылма.

4. Ерлік білекте емес.

5. Адам тастай берік, гүлдей нәзік.

1.Человек крепче калена, нежнее цветка

2. Человеку без человека жизни нет.

3. Дождь пойдет – земле счастье, батыр родится – народу счастье.

4. храбрость не в силе, а в сердце.

5. В беде друга не вини, у врага пощады нет.

2-тапсырма. Мақалды қажетті сөзбен аяқта

1.Ер дәулеті –

А.тыныштық

В. денсаулық

С. көрме

Д. кітап

Е. еңбек

2. Жері байдың - .... бай.

А. табиғаты

В. көлі

С.елі

Д.өзі

Е. тасы

3. Отанды сүю - .... отбасынан басталады.

А. мектеп

В. бақша

С.от

Д. ел

Е. жер

3-тапсырма.Бірінші бағанмен екінші бағанды сәйкестендіріп, мақалды қалпына келтіріңдер.

1. Адам деген ардақты –

2. Адам тастай берік, гүлдей ........

3. Отан елдің –

4. Ата өнері балаға

5. Өнерліге есік

6. Отансыз адам, ормансыз ...

1. анасы

2. ат

3. нәзік

4. ашық

5. құс

6. мұра

4-тапсырма. Мақалдардың қазақша баламасын беріңіз.

1. Воспитание ребенка начинается с колыбели

2. Вторая телега идет по следу первой

3. Жизнь без друзей, что есть пищу без соли.

4. Когда людей нет и собака друг.

5-тапсырма. Мақалды толықтырыңыз

1. Досынның көзінде болғанша, ................

2. Отан елдің .............................

3. Отан оттан да ........................

4. Адам деген ардақты .....................

5. Ананың көңілі балада, баланың көңілі ........................

6. Ата бәйтерек, бала .........................

Керекті сөздер: жапырақ, далада, ат, ыстық, анасы, жүрегінде

6-тапсырма. Мақалды құрастыру

Бірнеше мақалды алып, әр сөзді жеке-жеке карточкаға жазып, конвертпен оқушыларға таратамыз. Олар карточкадағы сөздерден мақал құрастырады.

М

балада

көңілі

далада

баланың

ананың

көңілі

ысалы:





7-тапсырма. Мақалдар ойыны. Оқытушы мақалды бастайды, студенттер аяқтайды.

Мысалы:

1. Ер елінде, гүл .................

2. Ел іші – алтын, ................

3. Отан – елдің ............................

4. Отансыз адам – ормансыз ...................

5. Адамның күні .........................

8-тапсырма. Берілген мақал-мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздерге сұрақ қойып, қай септікте тұрғанын ажыратыңдар:

( А.с. Не? ) Оқу – білім бұлағы,

Білім – өмір шырағы.

( І.с. Кімнің? ) Білімдінің алды жарық,

Білімсіздің күні ғаріп.

( Кімге?) Өнерліге өлім жоқ,

( Кімге?) Жалқауға жарық жоқ.

(Нені?) Өнерді үйрен де жирен.

( Қайда?) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың.

( Кімнен?) Ұстаздан шәкірт озар.

Оқу ( немен?) инемен құдық қазғандай

8-тапсырма. «Кім жылдам?» студенттер шеңберге отырып, басқалар білмейтін мақалды айтады, кім айта алмаса шеңберден шығады. Ойынның шарты мақал білмеген оқушы шеңберден шығып отырады.

Көрсетілген мақал – мәтелдердің түрлі ойын элементтері арқылы оқушылардың ауызекі сөйлеу дағдыларын дамытуға мұғалім үшін өте тиімді – деп ойлаймын. Мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал – мәтел арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалды. Жыл бойы мақалдарды үйрету жұмыстарын белсенді жүргізудің нәтижесінде, студент кез келген шағын мәтінге жоспар  құруда немесе мәтіннің  мазмұнын түйіндеуде  ойын мақалдап айтуды  үйренеді.

Қорыта айтқанда , мақал –мәтелдер арқылы сөйлеу тілін дамыту, ол үшін мақалдарды сабақта тиімді пайдалану мақсатында сауатты қолданған әдістемелік тәсілдер мен жоғарыда көрсетілген жұмыс түрлері, тиімді ұсынылған ақпарат жақсы нәтижеге береді.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 қаңтар
255
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі