400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілін білемін, қазақ елін сүйемін!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл мерекесіне арналған сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тіл мерекесіне арналған сценарий

Тақырыбы: Қазақ тілін білемін, қазақ елін сүйемін!

Мақсаты:

- оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, эстетикалық, көркемдік, адамгершілік, азаматтық тәрбие беру;

- ауызша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;


Міндеті:

- әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуге, мән – мағынасын терең түсінуге мүмкіндік туғызу;

- көркем әдебиетті оқуға деген қызығушылығын ояту;

- жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру;

- актерлік шеберлігін қалыптастыру, дамыту.


Жаңашылдығы:

- бағдарламада театрлық-ойын әрекетінің құралдары жүйеленген, балалар шығармашылығының түрлі жанрлары театрлық көрініске ену арқылы іске асуына негізделген.


Өту барысы: театрландырылған қойылым түрінде


Көрнекілігі: қолға киілетін қуыршақтар, шымылдырық, киіз үй


Күтілетін нәтижелер:

Үйренеді:

Өзінің өмірдегі құбылыстарға қатынасын сахнада көрсетуді

Бейнелі ойлауды

Назарын аудара білуді

Өзін сахна кеңістігінде сезінуді


Таланттарын үстемелейді:

Кейіпкермен (сыныптастармен) сөйлесу

Ұжыммен жұмыс


Сценарий:

Сахнада Алдар көсе митражының сазды әуені ойнатылады. Алдар көсе сахнаға шығып,

Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме балалар,құрметті ұстаздар, шырақтарым амансыңдар ма? Бүгінгі «Қазақ тілін білемін,қазақ елін сүйемін» атты мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер

-деп амандасып жатқан сәтте Маша келеді.

Маша: Сәлеметсіз бе Алдар аға!

Алдар көсе: Сәлеметсің бе жарқыным, сен мені білесің бе?

Маша: иә, Алдар аға білемін.Сіз атақты Алдар ағасызғой.

Алдар көсе: Маша, менде сені білемін. Сен кішкентай сүйкімді,тентек қызсың!

Маша: Алдар аға сіз өте ақылды,тапқыр адамсыз

Алдар көсе: а а а солай ма?

Сахнаға ах-ух- ох деп Аю шығады.

Аю: Маша қайдасың? Мен сені іздеп жүрмін?

Маша: мен Алдар ағамен сөйлесіп тұрмын.

Аю: Сәлеметсің бе Алдар! Сәлеметсіздер ме балалар, қалдарың қалай?

Алдар көсе: Сәлем Аю, сендер қашан келдіңдер?

Маша: көөөп болды.

Аю: иә,көөөөөп болды.

Алдар көсе: Маша сен қазақша үйреніп жүрсің бе?

Маша: иә,үйреніп жүрмін.

Сахнаға ырғатылып Бай шығады.

Бай: Сәлеметсіңдер ме балалар? Оу, бұлар қайдан жүр?

Алдар көсе: Қазақ еліне қонаққа келіпті

Бай: а-а-а-а-а-а-а

Алдар көсе: Ал, Маша қыз, қазақ еліне келгеніңе көп болыпты қазақша ән, тақпақ білесің бе?

Маша: иә, Алдар аға білемін

Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де — бір кірпіш, дүниеге
Кетігін тап та, бар қалан!

Қайрат пен ақыл жол табар
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға- деп тақпақ айтады



Бай: Тамаша, не деген ғажап

Аю: Машажан жарайсың!

Алдар көсе: Маша қыз жарайсың! Бүгінгі кешімізге келген балалардан да сұрайыншы, балалар кім қандай тақпақтар біледі екен?

Ортаға 2 «А», «Б», «В» сынып оқушылары шығып, кезекпен өздерінің тақпақтарын айтып шығады

Маша: қандай керемет

Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар, ал енді мақал-мәтел,жұмбақ айтатын балалар бар ма?

Ортаға 3 «В», 4 «А», «В» сынып оқушылары шығып, кезекпен өздерінің мақал-мәтел, жұмбақтарын айтып шығады.

Аю: Ой, балалар қандай тамаша,керемет Алдар,Алдар менің билегім келіп тұр билесем бола ма?

Алдар көсе: жарайды Аю ағасы

Аю қара жорға биін билейді

Бай: Пах, шіркін керемет

Алдар: Балалардың ішінен ән айтатын, күй тартатын, би билейтін оқушылар бар ма екен?

Ортада 5 «А» сынып оқушылары кезекпен ән айтып,би билеп, күй тартады

Аю: керемет,тамаша

Маша: қандай әдемі қыздар

Бай: Жарайсыңдар балалар бүгінгі өнерлеріңе қуанып отырмын

Алдар көсе: Жарайсыңдар балалар, барлықтарыңа рахмет. Бүгінгі кешке жақсы ат салыстыңдар. Ау, Байеке қонақтарды үйге шақырайық?

Бай: е-е-е шақыр,шақыр

Алдар көсе: алдымен саған барайық?

Маша: Алақай қонаққа барамын.

Аю: Ой,жақсы болдығой, Машаны іздеп шаршадым

Алдар көсе: Байеке,біз қазақ халқының қонақжай,жайсаң, татулықты,бірлікті жақсы көретін халық екенін көрсетпейміз бе?

Маша: Алақай, ет, бауырсақ, қазы-қарта жейміз

Аю: қымыз ішеміз

Бай: жарайды Алдар, қонақтар жүріңдер

Маша: Алақай,Алақай

Алдар көсе: Ендеше балалармен қоштасайық, көріскенше сау болыңдар балалар

Бай: Аман болыңдар балақайлар

Аю: Сау болыңдар балалар

Маша: Сау болыңдар достар

Алдар көсе: Аю аға алда жүріңіз

Аю: Әй тентек,тынымсыз қыз-ай

Бай: жүрмейсің бе Алдар, жүр

Алдар көсе: Байеке сізден кейін

деп, сахнадан бәрі ақырындап шығып кетеді. Сахнада Алдар көсе митражының сазды әуені ойнатылады.



Кейіпкерлерді сомдаған:

Алдар көсе рөлінде- 6 «А» сынып оқушысы Жарқын Бақдәулет

Бай рөлінде- 6 «А» сынып оқушысы Есенұлы Бейбіт

Аю рөлінде- 5 «В» сынып оқушысы Береснев Владислав

Маша рөлінде- 5 «Б» сынып оқушысы Амирасланова Амина





Сценарийді дайындаған: Алматы қаласы Алатау ауданы №91 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенженова Кульжирам Токтаровна





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 сәуір
452
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі