400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілін жылдам үйрену тапсырмалары

Материал туралы қысқаша түсінік
Орыс тілді аудиторияға арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

№1 тапсырма.

А) Шағын әңгімені оқып, мазмұнын айтып беріңіз.

Ә) Мәтіндегі қазақшасы түсініксіз сөздерді теріп жазыңыз.

Б) Мәтіннің қысқаша жеңіл жоспарын жасаңыз.


Әке мен бала

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты: —Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп. Бала әкесіне: — Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді. Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді. Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі біреуден алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Біраздан соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді.

Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты: — Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді.

1.Кіріспе----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

2.Негізгі бөлім-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

3.Қорытынды-----------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------











№ 2 тапсырма.

А) Берілген суретті әдемілеп сипаттап, оның пайдасын, не үшін қажет екенін, неден жасалғанын әңгімелеп айтып беріңіз.

Ә) Аудармасын білмеген сөздердің орысша нұсқасын жазып қойыңыз.







Shape1









№3 тапсырма. Төменде берілген сөзден бірнеше сөз құрастырыңыз. Олардың мағынасын айтыңыз.

Мысалы: адамгершілік- адам, мал, ар, ер т.б.

  1. Қарлығашым-

  2. Достық-

  3. Байқау-

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
1 наурыз
653
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі