Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету мәселесі (баяндама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік тілді үйрету мәселелері бойынша дайындалған бұл баяндаманың әрііптестерге беретін пайдасы көп.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ РЕТІНДЕ ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕСІ


Кулмуратова Сагыныш Косымбековна

31 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі



Тіл - халықтың жаны, қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдырының, тәлімі мен тәрбиесінің негізі. Халық тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті,ұлттық болмысы,ұлттық мінезі. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады.Ана тілді сақтап қалу жолында біздің халқымыз қам - қарекетсіз қалған емес. Ақтаңдақ боздақтарымыз Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжандай атпал азаматтар тіл тәуелсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан етсе, сексенінші жылдардың аяғындағы бүкілхалықтық қозғалыс біздің қазіргі таңдағы егемен ел болуымыздың бастауы еді.

Еліміз егемендік алғаннан кейін қазақ тілі мемлекеттік тіл ретінде өз мәртебесін Ата Заңмен бекітіп, ғаламдық жаһандану заманында өзінің саяси және экономикалық факторлардың жаршысы болып, өз мүмкіндігін мойындата алды.Мемлекеттік тілдің мәртебесі күн сайын артып, қоғамда қарым - қатынас тіліне айналып келеді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының : «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақстандықтардың ана тілін дамытуға бар күш -жігерімізді жұмсауымыз керек, -деген тұжырымы күллі қазақ елінің ортақ мақсаты болу керек деп есептеймін. [3]

О шеті мен бұ шетіне құс қанаты талған, еркіндік үшін дүниеге келген,Көкбөрінің көкірегін емген, шаңырағын – шырағым деп,топырағын – тұмарым деп, суға салса, батпайтын, адуын ағысқа ақпайтын, мәңгілік мағынасы мен бояуын сақтайтын ,саналы сөзін сүйсіне жаттайтын қасиетті ана тілі бар халық ол - қазақ халқы.Қазақ халқы құр алақан, қара жаяу халық емес.Көмейінен сөз маржаны төгілген, оралымдары қос бұрымдай өрілген халықтың ана тілі -қазақ тілі (1).

Қазақты қазақ еткен мейірімді тілі,

Мейманды досы, мархаббатты төрі.

Мамыражай көңілі, бейбіт өмірі,

Шексіз пейілі, теңіздей сарқылмас өнері.

Еңбектегі өлермендігі, өшпейтін өсиеті .

Ұмытылмайтын қасиеті ,

Арыстандай аңқаулығы,

Айбынды азаматтығы,

Азбайтын ары мен ұяты, тозбайтын жұраты,

Оларды білген қазақтың, асыл болар мұраты ,- деген Қаздауысты Қазыбек бидің толғауы әлі де өміршең [1]. Қазақ тілі өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Қашан да даланың қоңыр желіндей еркін еседі.Қазақ тілінің биязы мақамы домбыраның күмбір қаққан сазындай.Асқан әуезділігі шырқап салған әндей.Қазақ тілінің бай тіл екеніне 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес – барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық “Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі” куә бола алады.[2]

Тамағы тоқтық,

Жұмысы жоқтық,

Аздырар адам баласын,-

деген ақын болашаққа сыни қарай алған деп ойлаймын.Тегін білім алса, аяғының астындағы арынын көре алмайтын, маңдайына жаһандану бағы бұйырған буын қалыптасты. Әрбір қазақ баласы белін тіктемей, өзге ұлттың өкілдері мемлекеттің тілдің мәнін ұғынбай, жұтқан ауаның, ішкен судың , тәуелсіз елдің қадірін ұғына алмайды.

Еліміз егемендік алғаннан бері, мемлекеттік тілді оқыту оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түскен емес.

      Бүгінде еліміздің осындай мақсат-ұстанымдарына қарай «Қазақстанның ел бірлігі доктринасы» ұсынылды. Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының жобасы жасалынып талқыға ұсынылғаны  да баршаңызға аян. Бүгін шын мәнінде ел болашағына, ұлт руханиятының өсіп, өркендеуіне үлкен үлес болып қосылатын жүйелі бағдарлама жобасы жасалды. Мемлекеттік бағдарламаның басты мақсаты Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру. Балабақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін қазақ тілі сабақтары жүргізіледі, оларға бөлінген сағат саны да біртіндеп өсіп келеді. Бірақ қазақ тілінің бүгінгі  жағдайы әлі де болса тіл үйрету мәселесіне  жаңаша көзқарастың қажет екенін аңғартады Қазақ тілін мектепте, жоғары оқу орындарында оқыту жеткіліксіз болғандықтан еліміздің әрбір облыс орталықтарында, қала берді аудандарында Тіл үйрету орталықтары жұмыс істеуде. Мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін тегін үйрету мәселесінің де қолға алынғанына да бірнеше жылдың жүзі болып қалды. Десе де нәтиженің жақсарғанын қалаймыз.

     Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету деген мәселе барша жұртқа түсінікті  және  қазақ тілін оқытудың мақсат-мүддесін айқындайды. Қазақстанда тұратын кез келген азаматқа  қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде үйрету болашағымыздың сенімді кепілі болмақ.   Оқытудың жаңа технологияларын пайдалануда мектептің алатын орны ерекше. Өйткені білім де, тәрбие де, дүниеге көзқарас та мектепте басталады. Осыларды іске асыратын басты тұлға - ұстаз. Қазіргі кезде шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан мұғалім қажет. Сөйлеу, оқу іскерлігімен қатар, жазу іскерлігін, проблемалық ситуациялардан шыға білу іскерлігін дамыту сабақта интерактивті оқыту әдістерін қолдануды талап етеді.
     Қазақ  тілін мемлекеттік тіл ретінде отандық және шетелдік тіл үйрету әдістемелерінің озық үлгілерін тиімді пайдалана отырып, үздіксіз оқыту  бүгінгі күннің басты талабы. Бұл – өсіп келе жатқан балалар мен жастардың үйлесімділікпен дамуы, елдік рухты көкірегіне түйіп, ұлттық дүниетанымды терең меңгеруі үшін де, елдік санада тәрбиеленуі үшін де ауадай қажет. Тілді оқытуда, әсіресе, жеке тұлғаның қалыптасуына ерекше мән бере отырып, тіл арқылы ұлтжанды азамат тәрбиелеу басты назарда болуы тиіс. Яғни ТІЛ – ТҰЛҒА – МӘДЕНИЕТ қағидасы негізінде баланың үйлесімді  дамуына қатысты қажеттіліктерді тіл арқылы беру, үйрету басты мәселе саналуы тиіс.









Сілтемелер


1.erketai.kz/ustazdarga/

2.bilimdiler.kz/referat/

3.akorda.kz


Пайдаланылған әдебиеттер


1.Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі - білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты аймақтық педагогикалық оқулардың материалдары. Тараз – 2013 ж. 59-72 б.

2. Оразбаева Ф.Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. –Алматы,2000 ж.256 б.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.06.2018
569
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі