400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Қазақ тілін оқыту әдістемесінен рецензия

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал университет студенттеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті

Филология факультеті

Қазақ филологиясы”кафедрасы



Рецензия

6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы












Орындаған : ҚТӘ-31 тобының студенті Маратова Раушан Серікқызы

Тексерген: п.ғ.д.,профессор Қыдыршаев Абат Сатыбайұлы



















Орал,2022



Оқулық атауы: Қазақ тілі

Авторлары: Т.Н.Ермекова, Ж.К.Отарбекова, Г.Б.Тоқтыбаева

Оқыту тілі: Қазақ

Сыныбы:6

Баспа: Астана- “Арман-ПВ”, 2018


І.Нормативтік бағалау

Оқулық оқу бағдарламасына сәйкес.


ІІ. Оқулықтың мазмұндық жағы, жалпы құрылымы

Оқулық негізгі орта білім беру деңгейінің 6-сыныбына арналған “Қазақ тілі” пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы бойынша жазылған. Оқулықта оқушылардың, дүниетанымын кеңейтіп, алған білімдерін өмірде қолдана білуге машықтандыратын, сонымен бірге қосымша ізденісті, қазіргі ақпараттық технологияның кең мүмкіндіктерін пайдалануды, шығармашылықпен жұмыс жасауды қажет ететін тапсырмалар қамтылған.


ІІІ. Оқулық мәтіні, тақырыптарға бөлінуі

Оқулықта еліміздің көрікті жерлері, өзен-көлдері, елордасы туралы, қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері, Наурыз мерекесі, ұлттық және отбасылық құндылықтар, тарихи тұлғалар, белгілі спорт жұлдыздары жайында, сондай-ақ әлемнің жеті кереметі, әлемдегі ірі кітапханалар, ғылым мен технология жетістіктері туралы қызықты деректермен таныса отырып, оқушының ой-өрістерінің дамуына, білімдерін кеңейтуге арналған тапсырмалар берілген. Сондай-ақ, әр сабақ сайын жаңа сөздермен, көнерген сөздермен, терминдермен, кәсіби сөздермен таныс болады. Осы тақырыптар аясында ауызекі, ресми-іскерлік диалог құруға, пікір, эссе, сұхбат, іс-қағаздарды жазуға, баяндама жасауға, көпшілік алдында сөйлеуге, сауатты жазуға дағдылануға мол мүмкіндік бар.

Термин сөздерге окулық соңында түсінік(глоссарий) берілген.


ІV. Өмірмен сәйкестілігі

Берілген тапсырмалар өмірде кездесетін мысалдар арқылы жеткізілген.Өмірмен сәйкестік бар.


V. Тапсырмалардың күрделілігі, жас ерекшеліктеріне сәйкестілігі

Қазақ тілі оқулығындағы берілген тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес. Тапсырмалар тым күрделі емес. Жаттығулары орындауға оңай. Оқушылар еркін, өз беттерімен жұмыстана алады. 

Жақсы оқитын оқушылар үшін деңгейлік тапсырманы орындау қиындық келтірмейді. 15-20 минутта орындап тастауына болады. Сондықтан деңгейі жоғары, оқушыны ойландыратын күрделі тапсырмалар берілуі дұрыс деп есептеймін. 


VI.Мәтін тілі және стилі

Берілген тапсырмалардың мазмұны, мәтін стилі анық әрі бұл бағдарламаны меңгеріп отырған оқушылар үшін түсінікті. Оқушылар тапсырма мазмұнын оқи отырып, оны лезде орындауға кірісе алады. 


VII. Баспа қателерінің болуы

Оқулықта өрескел қателер жоқ.


VIII. Түптелуі

Оқулық мұқабасы жұмсақ. Түптелуі талапқа сай. Қағазы сапалы, жазу келесі беттен көрінбейді.


IX. Шрифт, безендірілуі

Шрифт өлшемдеріне оқушылар тарапынан ешқандай қарсы пікір болмаған.Талапқа сай, жолдар арасындағы арақашықтық сақталған.


X.Оқулық бойынша ұсыныстар:

 1. Берілген 6-сынып оқулығына деңгейлік тапсырмаларды көптеп енгізсе және ол оқушының шама-шарқына сай, алдағы уақытта пайдаға асатындай болса; 

 2. Еркін тақырыптар аясында жағдаяттар беріліп, өмірмен сабақтастығы одан әрі дамыса;


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
18.09.2024
483
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі