400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілін оқытудағы жаңартылған әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге арналған әдістемелік көмек құралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢАРТЫЛҒАН ӘДІС- ТӘСІЛДЕР


Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз? Біз бұны қалай істейміз? Содан кейін ғана біз сыныпта не істеуіміз керек?». Осы сұрақтардың білім саласында еңбек ететін әр адамды ойландырары хақ.

Қазіргі уақытта білім беру жүйесінде болып жатқан үлкен, оң өзгерістер осы маңызды сауалдарға жауап береді деп ойлаймын. Бұл өзгерістердің оқушылардың білімді өз бетімен игеріп, қалай оқудың керектігін үйренуіне жағдай жасайтыны анық. Нәтижесінде креативті, сыни көзқарасы, пікірі, ойы дамыған, әр нәрсенің тереңіне үңіліп, қыр-сырын жетік танитын, дәлел-уәжі нанымды тұлға қалыптасады.

Жаңартылған білім беру жүйесінде түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану және нәтижелі көрсеткіш көрсету, бұл сабақтың басты мақсаты болып табылады. Осы орайда қазақ тілі сабақтарында жаңартылған әдіс-тәсілдердің бірі электронды платформада оқыту болып табылады.

«Қазақ тілі сабақтарын оқытуға арналған сөзжұмбақтар» 3D электронды оқулықтың компьютерлік техникалық мүмкіндіктерін пайдалану мәтіндермен, суреттермен, бейнесюжеттермен жұмыс істеуде сапалы әрі тиімді болып табылады.

Функционалдық мүмкіндіктер: «Қазақ тілі сабақтарына арналған сөзжұмбақтар» 3D электронды оқулығы 44 беттен және келесі тақырыптардан тұрады:

  1. Сансөз «Абай Құнанбайұлы»

  2. Сөзтуым «Абай»

  3. Құпияхат «Абай»

  4. Сансөз «Махамбет Өтемісұлы»

  5. Сансөз «Махамбет Өтемісұлы»

  6. Сөзтізбек «Махамбеттің күйлері»

  7. Сансөз «Бұқар жырау»

  8. Сансөз «Жамбыл Жабаев»

  9. Сансөз «Мұхтар Әуезов»

  10. Сансөз «Мұхтар Әуезов»

  11. Сансөз «Мұхтар Әуезов»

  12. Сансөз «Мағжан Жұмабаев»

  13. Сөзтізбек «Міржақып Дулатов»

  14. Сансөз «Мұқағали Мақатаев»

  15. Сансөз «Қасым Аманжолов»

  16. Сөзтізбек «Қазақ пьесалары»

  17. Сөзтізбек «Қазақ поэмалары»

Бұл жаңартылған электронды оқытудың әдістерінің ерекшелігі: қазақ тілі сабақтарын, қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыра отыра, оқушының ойлау қабілетін және жазу, сөзжұмбақтың жауабын табу арқылы мәтіндермен жұмыс жасайды. Бұндай әдіс-тәсілдер оқушыларға функцианолдық сауаттылық, ойлау және логикалық дағдыларды зерттеуді қалыптастырады.

Электронды оқулық қазақ ақын-жазушыларының өмірі мен шығармашылығына арналған. Қазақ тілі сабақтарында оқушылар сөзжұмбақтард шешу арқылы оқу-зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Оқу құралының мазмұны ақын-жазушы шығармашылығын жазуды өткенде оқушылардың қазақ тілі пәнінен алатын білімдерін жоғары деңгейде игеруге көмектеседі.

Электрондық оқу құралын дайындау барысында негізгі дидактикалық ұстанымдар: ғылымилығы, көрнекілігі, жүйелілігі толық сақталған. Электрондық оқу құралын пайдалану сабақты көрнекі әрі қызықты түрде өткізуге ықпал етіп, уақытты үнемдеуге көмектеседі.

Қазақ тіліне арналған электрондық оқу құралын сабақта пайдаланудың негізгі мақсаты оқу процесін оңтайландыру, сабақтың мазмұнын және көрнекілігін артттыру болып табылады.

Электрондық оқу құралы оқу материалын бекітуге, сондай-ақ оқушылардың өткен тақырыпты меңгеру нәтижесін тексеруге арналған. Әр сөзжұмбақтың ортасында тақырыпқа байланысты суретті ссылкалар берілген. Ссылканы басу арқылы ақын немесе жазушы туралы бейнесюжетті ютуб каналынан көруге болады.

Әр пәнді жас ұрпаққа түсінікті, қызықты етіп ұйымдастыру – мұғалімнің басты мақсаты. Л.Выготскийдің «Мектепте ғылымға бағытталған жұмысқа, ережені жаттауға қабілеті аз адам, өз қызығушылығын оятатын белгілі бір іс-әрекет саласында өте дарынды болуы мүмкін. Егер мұғалім бір нәрсені жақсы меңгертуді ойласа, оның қызықты болуын қамтамасыз ету керек» деп, ұстаздардан ерекше талап еткені белгілі.

Жас ұрпақтың ой өрісі мен дүниетанымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне танымдық ойындардың, яғни сөзжұмбақтардың ықпалы зор.

«Қазақ тілі пәніне арналған сөз жұмбақтардың» мақсаты – түрлі тақырыптарға арналған сөзтізбек, сансөздер арқылы оқушыларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, ұшқырлыққа, тиянақтылыққа, терең ойлауға дағдыландыру. Сөзжұмбақтарды шешу барысында оқушылар көркем әдебиетті, түрлі әдеби, ғылыми шығармаларды оқуға жазуға , талдауға дағдыланады.


«Қазақ тілі сабақтарына арналған сөзжұмбақтар» 3D электронды оқулығын қолдану үшін нұсқаулық:


  1. Электронды кітап интернеттің көмегінсіз ашылып, жұмыс істейді және слайдтың орнына қолдануға болады. Электронды кітаптың беттері парақталып оңға, солға ашылады.

  1. Электронды кітап 44 беттен тұрады. Ақын-жазушылар туралы сөзжұмбақтар, сансөздер, суреттер, пікірлер жинақталған.


      1. Жоғарғы жақта тұрған печать деген кнопканы басып, қалаған бетті принтерден шығарып алуға болады.

      1. Электронды оқулықтағы сөзжұмбақтардың ортасында орналасқан суретті ссылкаларды басып, ютуб каналына да (интернет арқылы) қосылып, ақын, жазушы туралы бейне жазбаларды көруге болады.

      1. 3d кітаптың төменгі сол жағында орналасқан миниатюры деген кнопканы басып, қалаған бетке өте аласыз.

6.Жоғарыда сол жақта тұрған «-», «+» деген кнопкаларды басып, сөзжұмбақты, мәтінді, немесе суретті үлкейтіп, кішірейтуге болады.

Shape1

7.Электронды кітаптың соңында сөзжұмбақтардың жауаптары берілген.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Білімланд» сайты

  2. Абай. Таңдамалы шығармалар. II том, -Алматы: «Жазушы», 1995. 182-бет.

  3. «Бес ғасыр жырлайды».

  4. Мақатаев М. Таңдамалы. II том, -Алматы: «Жазушы», 1993.

  5. Әуезов М. Таңдамалы. -Алматы: «Жалын», 1994.

  6. Әуезов М. «Абай жолы». Алматы: «Жазушы», 1989.

  7. Жабаев Ж. Шығармалары. -Алматы: «Жалын», 1996. 66-бет.

  8. Жүсіпов М.Ж. Таңдамалы шығармалар. II том, -Алматы: «Ғылым», 1992. 145-бет.

  9. Шаханұлы М. «Дәуір дастандары». Алматы: «Жазушы», 1993. 90, 98-бет.

  10. Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалар. I том, -Алматы: «Білім», 1995. 78-бет.

  11. Қалқаманұлы Бұқар жырау. Таңдамалы. -Алматы: «Жазушы», 1992.

  12. Дулатов М. Шығармалары. -Алматы: «Жазушы», 1991.

  13. Аманжолов Қ. «Нұрлы дүние». Алматы: «Жазушы», 1992.

  14. «Аңыз адам» журналы.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
710
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі