жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілінде қонақта Алтын теңге
Тақырыбы: Қазақ тілінде қонақта – Алтын теңге
Мақсаты:
білімділік: тәуелсіз еліміздің айрықша белгісі – теңгемен тереңірек таныстыру, ақша айналымы тарихынан мағлұмат беру; сөз таптары бойынша алған білімдерін бекіту
дамытушылық: студенттердің іскерлік, кәсіпкерлік, ақша туралы түсініктерін кеңейту, сөйлеу мәдениетін дамыту;
тәрбиелік: өз Отанына мақтаныш сезімін ояту.
Түрі: білімді бекіту сабағы
Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, ой қозғау, іздену, т. б.
Көрнекілігі: үлестірме қағаздар, слайд, нақыл сөздер
Барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Түгендеу
3. Психологиялық дайындық:
Күндей жадырап,
Айдай арайлап,
Жұлдыздай жарқырап,
Судай мөлдір таза көңілмен
Бүгінгі сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сұрақтар:
1. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
2. Қазақ тіліндегі сөз таптары қалай жіктеледі?
3. Зат есім деген не?
4. Заттың түрін, түсін, белгісін білдіретін сөз табы?
5. Қанша? Неше? сұрақтарына жауап беретін сөз табы?
6. Етістік және оның ерекше түрлері?
7. Көмекші сөз таптары?
8. Күшейтпелі шырай жасайтын үстеу?
9. Шылаудың түрлері?
10. Еліктеу сөз деген не?
ІІІ. Негізгі бөлім
Жұмысымызды жалғастыру үшін 4 топқа топтасып отырсыздар. «Көңіл қойып тыңда, тез ойлан, қалып қойма» - деп, жұмбақпен бастамақшымын:
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі
Ол не? -... (ақша, теңге)
Біз бүгінгі сабағымызды әдеттегідей дәстүрлі түрде емес, түрлендіріп, ерекше қылып өткізгелі тұрмыз. Неге десеңіздер, сабағымызды тәуелсіздігіміздің символдарының бірі 15 қараша ұлттық валюта күніне орайластырып отырмыз.
Ендеше бүгін бізде қонақта – ұлттық валютамыз теңге. Олай болса алтын теңгемізге сый - құрметімізді білдіріп, бар білімімізді көрсете білейік. Теңге ханымның көңілінен шығып жатсақ, ол бізден ақшалай сыйақысын да аямас.
(Сабақтың мақсатымен таныстыру)
Қазақстан – қарқындап дамып, біртіндеп байып келе жатқан тәуелсіз ел. Ал баю үшін ерінбей еңбектену қажет. Бір сәт өздеріңді кәсіпкер, яғни бизнесмен және бизнесумен деп елестетіңдер. Өзің ұнатқан не жаңа бір істі ашып, айналыспақшысың. Саған не керек? -... Ақшаны қайдан аласың?
-... Әрине, банктен. Ал банк – кез келген адамға ақша бере бермейді. Солай емес пе? Банктен ақша алу үшін біз бірнеше кезеңдерден өтуіміз керек.
Дұрыс жауап үшін белгіленген банкноттардан алып отырасыздар. Ақшаға қол жеткізу үшін 6 асудан өтулеріңіз керек. Әр берілген дұрыс жауапқа банкноттар беріледі. Сабақ соңында білімімен банкнотты көп жинаған студентті және топты анықтаймыз.
1кезең. «Ақша туралы ой». Бұл бөлімде дұрыс жауап берген оқушы 200 теңгелік банкнотқа ие болып, 200 ұпай жинайды.
Мақсаты: оқушылардың шығармашылығын дамыту.
Шарты: оқушылар төрт түрлі шығармашылық тапсырманың біреуін (топ жетекшісі) таңдайды. Жауаптарын оқиды.
Тапсырма:
1. “Үш сөз” - Күн, ақша, көлік.
2. “5 жолды өлең” - Теңге.
Зат есім. Теңге
Сын есім. Құнды, сиқырлы
Етістік. Жұмсалады, еңбекпен табылады
Сөз тіркесі. Туған елімнің айрықша белгісі
Синоним. Қазына.
3. “Жұмбақ”
Ұлы тұлғалары бар
Керек құнды қағаздар ( Ақша)
Мың... болғанша
Бір ақылды басың болсын(теңгең)
«Айрықша белгісі»
Әлемнің тынысы
Байлықтың белгісі (Ақша)
200 теңге туралы толығырақ мағлұмат беріледі.
2006 жылғы 200 теңге
Банкнота өлшемі 126х64 мм қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі сарғыш - жасыл, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында көк, қоңыр және жасыл жолақтарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы жасыл түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.
Сырт жағы: басым түсі сарғыш - жасыл, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жағында ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің үйі және Астанада Есіл өзені арқылы көпірде орнатылған қанатты барыстың біреуі, артқы жағында ҚР Қорғаныс министрлігі және жайлау. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
200 теңгелік банкнота алғаш 1993 жылы шығып, 1999, 2000, 2006 жылдары қайта басылып шығарылған.
2 кезең. Тарихқа шолу жасайық. Бұл бөлімде тапсырмаларды орындаған оқушы 500 теңгелік банкнотқа ие болып, 500 ұпай жинайды.
Тапсырма: «Теңге тарихы»
Мақсаты: оқушылардың ойлау қабілетін дамыту.
Шарты: берілген қиындылардан сөйлемдерді тауып, мағыналы мәтін құрастыру.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы ТЕҢГЕ 1993жылы 15 қарашада Елбасының жарлығымен ел аумағындағы бірден - бір заңды төлем құралына айналды.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президентінің ”Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданысқа енгізу туралы” жарлығы шықты.
Ескі ақшаны қазақстандық теңгеге айырбастау 1993 жылы 15 қарашада таңғы 8. 00 - де басталып, 20 қараша күні 20. 00 - де аяқталды.
500 теңге туралы толығырақ мағлұмат беріледі.
2006 жылғы 500 теңге
Банкнота өлшемі 130х67 қағазда дайындалған.
Бет жағы: басым түсі көкшіл - сұр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында қара, көгілдір және көк жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы көк түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі оң жақ бұрышында тігінен номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. Мемлекеттік әнұран ноталары астында эмитент банктің атауы мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.
Сырт жағы: басым түсі көкшіл - сұр, басым бейнесі – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда ҚР Қаржы министрлігінің үйі, Астана қаласы әкімшілігінің үйі, артқы жоспарда теңіз үстіндегі шағала. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан. 1994, 1999, 2006 жылдары басылып шыққан
3 кезең: «Теңге әдебиетте».
Бұл бөлім 2 кезеңнен тұрады. Мақал - мәтелдер айтып, мағынасын түсінеміз, теңге туралы өлеңдер оқимыз. Тапсырмаларды орындаған оқушылар 1000 теңгелік банкнот алып, 1000 ұпайға ие болады.
«Буындарды жина» тапсырмасы.
Мақсаты: оқушылардың тілін дамыту.
Шарты: оқушылар топта буындардан мақал - мәтел құрастырып, мағынасын түсіндіруі шарт.
Тапсырмасы:
1. Теңге тиыннан өсер,
Жылқы құлыннан өсер.
2. Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.
3. Ақша болса – алақанда сорпа қайнайды.
4. Ақша ашпайтын құлып жоқ.
5. Ақшада көз жоқ.
6. Ар - намысы таза адамның ақшасы аз болады.
Өлең шумақтарын оқыту.
Мақшат Үйреков
Теңге күнім - мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз болады,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.
Естеу Нүсіпбеков
Ақша - түлкі, аунауды ұнатады.
Ақша — түлкі, аунауды ұнатады.
Қанша аунаса,- соншама үн қатады.
Қарға аунаса,- құлпырып, қарға бұрып,
Құлын құны кұнан боп қуантады.
Қолдан қолға жүгірсе, қылығы артып,
Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.
Таңдайды ие қатты қол, күймес сандық,
Қалталыдан қалталы ырысы артық.
Несиені, қарызды жек көреді.
Өсім берсе,- етпеттеп еп көреді.
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені.
Ақша аунаса,- ақшалы жайнаң қағар.
Он саусағы майысып маймаң қағар.
Ақшаны да аунатар айдай жігіт,
Ақша аунатар ай жігіт қай маңда бар?
Мұғалім 1000 теңге туралы толығырақ мағлұмат береді.
1000 тенге 2006 года
• Банкнота өлшемі 134х70 қағазда дайындалған.
• Бет жағы: басым түсі сарғыш - қоңыр, басым бейнесі – тігінен. Орталық бөлігінде «Астана - Бәйтерек» монументі бейнеленген. Банкнотаның ортасында ашық және қою қоңыр жолақтарда Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны ноталарының фрагменттері ақ түспен бейнеленген, осы жерге номиналдың сандық белгісінің контуры ақ сызықтармен жүргізілген. «Бәйтерек» монументінің сол жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы қоңыр түспен бейнеленген. Жоғарғы оң жақ бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы бейнеленген. Банкнотаның төменгі жағында ашық алақан бейнеленген. Төменгі сол жағында номиналдың мемлекеттік тілдегі әріппен белгісі орналасқан. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы төменде сол жағында тігінен орналасқан, оның астында жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады" деген мемлекеттік тілдегі жазу орналасқан.
• Сырт жағы: басым түсі сарғыш - қоңыр, басым бейне – көлбеу. Негізгі бейнесі: Қазақстан картасының контуры, алдыңғы жоспарда Президент мәдени орталығының үйі, артқы жоспарда таулар. Сол жақ төменде және оң жақ үстінде банкнота номиналының сандық белгісі, ал орта жақ төменде - орыс тіліндегі әріппен белгісі орналасқан. Ортасында жоғары жағында «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» жазуы және эмитент банктің логотипі басылған. Жалған ақша жасау жауапкершілігін ескертетін "Подделка банкнот преследуется по закону" деген орыс тіліндегі жазу ашық жердің жоғарғы сол жақ бұрышында орналасқан.
• 1994, 2000, 2006 жылы, 2010 жылғы 5 қантарда, 2011 жылғы 25 мамырда, 2013 жылғы 12 желтоқсан айналысқа жіберілді.
4 кезең: «Ақша және психология»
Бұл бөлімде 2000 теңгелік банкнотқа ие болып, 2000 ұпай жинайсың.
Шарты: тірек сөздер арқылы, ақшаға байланысты болжамдарды құрастыруы керек.
Тапсырмасы:
1. «Қағаз купьюр мен металл тиындар (ақшалар) өздерін қадірлеп, қастерлеп, аялағанды жақсы көреді. Әдемі де сәнді әмиянда салынған ақша сол жерден шыққысы келмейді. Тірек сөздер: қағаз ақша, металл тиындар, ақша, жақсы көреді, сәнді әмиян,
2. «Қалтаңызда ақшаны умаждап, жыртып, майыстырып ұстамаңыз. Онда қаржыдан тапшылық көресіз. Және де ақша өзін үнемдеп, ұқыпты түрде ұқсатқанды ұнататын көрінеді.
Тірек сөздер: ақша, умаждау, жырту, майыстыру, ұқыпты, ұнату
3. Ал «ақша жоқ» деп жылай беретіндердің тиыны теңгені құрамай, қанша ақша тапса да құмға сіңген судай құри береді екен. Яғни, жоқ десең, жоғала береді.
Тірек сөздер: ақша, тиын, теңгені, жоқ, жоғалу, құмға сіңген судай
Мұғалім 2000 теңге туралы толығырақ мағлұмат береді.
2000 теңге
2013 жылғы 29 наурызда айналысқа жіберілді. Өлшемі: 139х73 мм
Бет жағында: басым түстері қою және ашық жасыл, суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Банкноттың төменгі бөлігінде түс ауыстыру бояумен орындалған киіктің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту бейнеленген. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.
Сырт жағында: басым түстері қою және ашық жасыл, суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Ертіс өзені бейнеленген Қазақстан картасының сұлбасы. Оң жақ бөлікте номиналы, стильдендірілген киіз үй және мемлекеттік тудың бейнелері бар ені 13 мм голографиялық жолақ орналасқан. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және төмен банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу, сол жақ төменгі бұрышта банкнот номиналының белгіленуі астында «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан.
5 кезең: «Ақша – уақыт тынысы»
Бұл бөлімде өзінің бейнелеу шеберлігімен көзге түскендер 5000 теңгелік банкнотқа ие болып, 5000 ұпай жинайды.
Ой қозғау: ақша қандай қызмет атқарады?
Мақсаты: оқушылардың бейнелі сөйлей білу қабілеттерін дамыту.
Шарты: топта ақшаның қызметтерін бір ақ қағаз бетіне суреттермен салуы тиіс.
Тапсырмасы: ақша – құн өлшемі, айналыс құралы, қазына, қор, төлем құралы. (тақтаға жазамын)
5000 теңге туралы толығырақ мағлұмат беріледі.
2011 жылғы 30 желтоқсанда айналысқа жіберілді.
Өлшемі: 144х76 мм
Басым түсі: қызыл
Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкноттың оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептерлердің бейнесі, барыстардың суреті. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның астында қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.
Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан картасының пішіні, алдыңғы бөлікте Іле Алатауы аясында Алматыда орналасқан тәуелсіздік монументінің ең жоғарғы бөлігі, «Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты. Оң жақ бөлігінде алма және кептер бейнеленген голографиялық жолақтар бар. Сол жақта төменде және оң жақта жоғарыда банкнот номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортада – орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығарушы банктің логотипі орналасқан. Төменгі сол жақ жоғарғы бұрышта банкнот номиналының белгіленуінен төмен қолдан жасалғаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан
6 кезең: «Жүз сомың болғанша...»
Ережелерді айтқан оқушы 10000 теңгелік банкнотқа ие болып, 10000 ұпай алады.
Ақшаның күші мен қасиетін білдіретін ережелер
1Мал – (баққанға), ақша – адалдан (тапқанға) бітеді. (Есімшелі сөз)
2Ақша (туралы) арам ой (да) - зиян. (септеулік, жалғаулық)
3Алаған қолым – (береген). Үстемелеп берсеңіз, (үстемелеп) аласыз.(есімше, көсемше)
4(Қайырымдылық) пен айналыссаңыз, шығынның қайтарымы (мол) болады. (туынды зат есім, мөлшер үстеу)
5Басы артық дүниеңізді басқаларға (беріңіз). Алғысының күші ақша болып (қайтады). (ІІ және ІІІ жақтағы етістіктер)
6Жанашырлық жасағанды (Жаратқан Ием) жарылқайды. Біреуге міндетті түрде(көмектесетін) бол. (жалқы есім, есімше)
7Өмірдегі (басты) парызың – қайырым, садақа. Оны (ұмытсаң), өзің де ұмытыласың. (туынды сын есім, шартты райлы етістік)
10000 теңге туралы толығырақ мағлұмат беріледі.
Өлшемі: 149х79 мм
Басым түсі: күлгін көк
Бет жағында: суреттер негізінен тігінен орналасқан. Негізгі бейнелер: банкнотаның оң жағында «Қазақ Елi» монументі және төменгі бөлігінде ортада ұшып жүрген кептердің бейнесі. Жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары бейнеленген: мемлекеттік елтаңба және мемлекеттік ту. Сол жақта төменде және жоғары жақта номиналдың цифрлық белгіленуі басылған, сол жақта ортада – номиналдың мемлекеттік тілдегі әріптік белгіленуі жазылған. «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу сол жақ жоғарғы бұрышта орналасқан, оның үстінде қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін мемлекеттік тілде «Банкноттарды қолдан жасау заңмен қудаланады» деген жазу бар.
Сырт жағында: суреттер негізінен көлденеңінен орналасқан. Негізгі бейне: Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы Ақорда, артқы көріністе Қазақстан картасының пішіні. Сол жақта төменде, оң жақта жоғарыда және оң жағынан ортаға қарай банкнота номиналының цифрлық белгіленуі, ал төменде ортасына қарай - орыс тілінде әріптік белгіленуі орналасқан. Жоғарыда ортада «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу басылған, сол жақ жоғарғы бұрышта ақ түсті бос орында қолдан жасағаны үшін жауапкершілік туралы ескертетін «Подделка банкнот преследуется по закону» деген жазу орналасқан.
Ұлттық Банктің мұражайы
Қазақстандық валютаны жасау тарихын болашақ ұрпаққа сақтап қалу мақсатында 1997 жылы 13 қарашада Ұлттық Банктің мұражайы ашылды. Бүгінгі күні мұражайдың қоры 5 мың материалдық мәдениет заттарын жинастырған.
ІV. Қорытынды.
Ұпайларын санау, үздік топты, ойыншы - кәсіпкерді анықтау. Мадақтау.
«Тиыннан теңге құралады»,- демекші, ақшаны үнемді пайдаланып, ақшаның қызығына түсіп кетпей жан - жағымыздағы адамдарды ойлайық. «Ақша – уақыт тынысы», бірақ ақшаға арыңды сатпа, ақшаны көріп жолдан тайып кетіп жүрме, 100 сомың болғанша, 100 досың болсын...
V. Бағалау
VI. Үйге тапсырма Өлең шумақтарын жаттау, морфологиялық талдау жасау
Мақшат Үйреков
Теңге күнім - мерекем
Әр адамның жүрегінде қуаныш,
Таптырмайтын тіршілікте сұраныс.
Енді, ағайын өз теңгеміз болады,
Өз теңгемнен құралады үлкен іс.
Міне, бүгін теңге күнім – мерекем,
Қандай дұшпан «олай - бұлай» дер екен.
Осы теңге арқасында келешек,
Елге келер тойымшылық, берекем.
Теңгемнің беттерінде данышпандар,
Халқының қамын ойлап қамыққандар.
Әл - Фараби, Сүйінбай мен Құрманғазы,
Шоқан да теңгемізге бауыр басқан.
Алла берсін берекесін теңгемнің,
О, Жаратқан, қамын ойла пендеңнің.
Ел басшысы Назарбаев бастаған,
Тәуелсізбіз, Қазақ деген елденбіз.
Естеу Нүсіпбеков
Ақша - түлкі, аунауды ұнатады.
Ақша — түлкі, аунауды ұнатады.
Қанша аунаса,- соншама үн қатады.
Қарға аунаса,- құлпырып, қарға бұрып,
Құлын құны кұнан боп қуантады.
Қолдан қолға жүгірсе, қылығы артып,
Биші қыздай маңғазсып шығар шалқып.
Таңдайды ие қатты қол, күймес сандық,
Қалталыдан қалталы ырысы артық.
Несиені, қарызды жек көреді.
Өсім берсе,- етпеттеп еп көреді.
Құлағын да ұстатпай, бездіреді
Бауыр, жиен, нағашы, ет бөлені.
Ақша аунаса,- ақшалы жайнаң қағар.
Он саусағы майысып маймаң қағар.
Ақшаны да аунатар айдай жігіт,
Ақша аунатар ай жігіт қай маңда бар?

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген