Материалдар / Қазақ тілінен 11-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Қазақ тілінен 11-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен 11-сыныпқа арналған "Абайтану" таңдау курсының бағдарламасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2019
1601
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЫРҒЫЗ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ

М.ТӨЛЕГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН

ОРТА МЕКТЕБІ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ







Ырғыз аудандық білім бөлімінің


« » ____________ 2018 жылғы


___ бұйрығымен

Б Е К І Т І Л Д І







«АБАЙТАНУ»

БАҒДАРЛАМАСЫ

(11 сыныпқа арналған)






Құрастырған: Әжмағанбетов

Ғабит Әбілұлы

















Ақши - 2018 ж




1. Бағдарламаның негізі: «Абайтану» курсы оқу бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге асырылады.



Құрастырған: Әжмағанбетов Ғабит Әбілұлы




М.Төлегенов атындағы орта мектебі ұйымының педагогикалық кеңесі отырысында «Абайтану» бағдарламасы талқыланды.



Хаттама № « » _______ 2018 жыл.




Мектеп директоры: Әжмағанбетов.Ғ




Аудандық сараптау комиссиясының отырысында «Абайтану» бағдарламасы мақұлданды.








Сараптау комиссиясы төрайымы

Ырғыз аудандық білім бөлімінің

әдістеме кабинетінің меңгерушісі: А.М. Нарегеева




Хаттама № ______ «_____» ______________2018жыл.

















М.Төлегенов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Әжмағанбетов Ғабит Әбілұлының

«Абайтану» атты таңдау пәніне



ПІКІР

Ұлы Абайдың шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары, Абайды тану, бағалау, насихаттау, оқыту – қоғамдық ой-санада тың серпілістер туғызып, мақсаткерлікке жұмылдырады. Заман, уақыт талабына орай Абайды жаңа қырынан тану, ғылыми тұрғыдан тың байламдар жасалуы – заңдылық.

Курстың мақсаты - ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Таңдау пәнінің жоспарында Абай мұрасының XX ғасырдың 30-60 жылдарындағы зерттелу жайы, ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары, қазіргі абайтанудағы өзекті мәселелер топтастырылып берілген.

Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным негізіндегі байламдарын байыпты бағдарлауға назар аударылып, Абайдың талантты ақын шәкірттерінің шығармашылығына көңіл бөлінген.

Әжмағанбетов Ғабиттың«Абайтану» пәніне алған мақсат-міндеттері, құрған жоспары талапқа сай жазылған деп бағаланып, пән ретінде оқытуға болады.





Оқу ісінің меңгерушісі: Р.Т.Шайқақов























М.Төлегенов атындағы орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы

Әжмағанбетов Ғабит Әбілұлының

«Абайтану» атты таңдау пәніне




ПІКІР

Абай және қазіргі қазақ әдебиетінің рухани байланысын ғылыми негізде пайымдау, қазіргі абайтанушы ғалымдардың ақын шығармаларын зерттеу, жинақтау, жариялау, насихаттау турасындағы жұмыстарынан оқушыларды хабардар ету – мектеп бағдарламасына «Абайтану» пәнін енгізуді қажет етеді.

Осы қажеттілікті орындау барысы тікелей тіл мамандарына жүктеледі. Жалпы «Абайтану» пәнінің мазмұны Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан таныту, абайтанудың кезеңдерін саралап, шығармашылығындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындауды, ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйене отырып, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету; ақынның шетел ақындарының шығармаларын аударудағы шеберлігі, қарасөздері, өлеңдері мен поэмаларындағы ақындық биік мұрат, адамгершілік идеяларын танытуды көздейді.

Ақынның көркем-әдеби туындыларындағы ұлттық таным мен рухани- мәдени құндылықтарды оқушылардың бойына дарыту, ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алуға тәрбиелеу, шығармаларының адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлайтындығын келер ұрпаққа үлгі-өнеге ету – пәннің айқын мақсаты болып табылады.

Әжмағанбетов Ғабиттың «Абайтану» пәніне алған мақсат-міндеттері, құрған жоспары әдістемелік бірлестікте қаралып, курс бағдарламаға сәйкес әзірленіп, талапқа сай жазылған деп бағаланып, пән ретінде оқытуға болады деп ұйғарылды.





Қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің жетекшісі: А. Қалмағамбетова


Түсінік хат

Кіріспе

Абай Құнанбайұлы қазақ әдебиетінің көшбасшысы ретіндегі поэзия мен қарасөз жанрында теңдессіз дүниелер тудырды. Ақынның өмір жолынан, туып-өскен ортасы мен әдеби мектебі, тәлім-тәрбиелік мәні зор қарасөздері, өлеңдері, аудармалары мен поэмалары, поэзияға қойған биік мақсаттары қазіргі абайтанудың негізі. Абай шығармашылығындағы тұлға болмысы, толық адам танымдарының идеялық-көркемдік ұстаным турасындағы байламдарын байыпты бағдарлау қашан да назарда.

Курстың өзектілігі:

Шығармашылығына толық шолу жасай отырып, Абайтанудың кезеңдерін саралап, туындыларындағы тұлға, толық адам концепциясына қатысты өзекті мәселелерді айқындау. Ұлы ақынның өмірбаяндық тың деректеріне сүйеніп, қазақ әдебиетіндегі көшбасшылық орнын көрсету

Курстың мақсаты:

Ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыру.

Курстың міндеттері:

Қазақ сөз өнеріндегі Абайдың орны мен ақындық болмысын тану. Абай шығармаларын оқып, білудің өзектілігін, абайтану ғылымының мол мұрасы – қазақ өмірінің тарихи факторы іспеттес екендігін ұғындырып, ғұлама ойшылдың философиялық ақыл-нақыл сөздерінің мән-мағынасын ашып, тәлімгерлік тағылымын сөз ету, қоғамдық құрылыс, азаматтық көңіл күй, тарихи таным үрдісі туралы жазған ғылыми-философиялық трактаттарындағы көзқарастарымен таныстыру


Курстың практикалық маңызы: Оқушылардың бойына дарытуды көздеген адами асыл қасиеттер жиынтығы Абай шығармаларында жатыр. Абайдың ақындық мектебі, поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық ұғымының мәні мен маңызын рухани кемелдік танымы тұрғысынан танытудағы жүйелі жоспарымыз межелі мақсаттарға жетелемек.

Курстың құрылымы:

Курстың құрылымы теориялық ұғымдарды шығармашылық жұмыстарда іс жүзінде көрсете білу, жобалай білуді көздейді.

Сабақты жүргізу әдістері:

Сабақты дәстүрлі, практикалық негізде оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыру

Күтілетін нәтиже: Бұл пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақын идеяларын күнделікті тұрмыста басшылыққа алып, адамгершілікті, имандылықты, махаббатты, достықты, әділеттілікті, татулықты, бірлікті жырлаған кемеңгер ойшыл Абайды «Қазақтың бас ақыны» ретінде тану.













Тақырыптың мазмұны

Аптасына 1-сағат, барлығы-34 сағат

Лекция. 11-сағат

«Абайтану» курсы туралы түсінік. Қазіргі абайтану мәселелерін оқыту. «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі. «Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі. «Бөтен елде бар болса» өлеңі. «Сегіз аяқ» өлеңі. «Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңі. «Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ». Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным. Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай. Абайдың ақындық мектебі

Әдеби теорияларды игеру. 9-сағат

Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы. Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері. «Абай – сатирик». «Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері. Өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары. Надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері. «Иманигүл» философиясының негізі. Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы

Талдаулар. 10-сағат

Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы. Он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі. «Осы мен өзім – қазақпын». Махаббат лирикасындағы философиялық ой толғамдары. Қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті. Жүсіп Баласағұн, Йасауи және Абай ілімдеріндегі дәстүр жалғастығы. Абайдың «Толық адам» философиясы. Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі. Ақын лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы. А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласы. Абай туындыларының көркем тілі.

Шығармашылық жұмыстар. 4-сағат «Махаббатсыз дүние бос». «Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы. Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар. «Абайды оқы, ерінбе!...» Эссе










Курстың тақырыптық жоспары

11 класс

Сабақ реті

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Білім нәтижелілігі

Оқу әдіс тәсілдері

Лек ция

практика

І тоқсан. 8 сағат

1

1

«Абайтану» курсы туралы түсінік



1


03.09


Танысу

Таныстыру

2

2

Қазіргі абайтану мәселелерін оқытуға

1


10.09.


Түсіну

Түсіндіру

3

3

Он бесінші қарасөзіндегі адамның өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі



1

17.09


Мәтінмен танысу

Сұрақ-жауап

4

4

«Осы мен өзім – қазақпын»


1

24.09


Ақынның түпкі идеясын ұғу

Іздендіру

5

5

«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым» өлеңі


1


01.10


Шығармашылық қабіле тін арттыру

Жазба жұмыс

6

6

«Жақсылық ұзақ тұрмайды» өлеңі


1


08.10


Өз бетімен дайындалу

Іздендіру, дәлелдеу

7

7

«Бөтен елде бар болса» өлеңі


1


15.10



Сұрақ-жауап

8

8

«Сегіз аяқ» өлеңі


1


22.10


Өз бетінше жұмыс

Сұрақ-жауап

ІІ тоқсан 8 сағат

9

9

Абайдың өз заманы, дәуірі және оның адамдары жайлы ой толғанысы


1

05.11



Түсіндіру

10

10

Абайдың оқу, білім, ғылым турасындағы туындыларының тақырыбы мен идеясы

1


12.11


Шығармашылық жұмыс

Іздендіру, дәлелдеу

11

11

«Ішім өлген, сыртым сау» лирикалық өлеңі




1

19.11


Философиялық тұжырым жасау

Баяндау

12

12

Абайдың адамгершілік, әділдік, қайырымдылық, кеңпейілділік турасындағы философиялық ой-пікірлері

1


26.11


Әдеби теорияларды игеру

Мәтінмен жұмыс

13

13

«Абай – сатирик»


1


03.12


Мәтінмен танысу

Сұрақ-жауап

14

14

«Болыс болдым, мінеки», «Мәз болады болысың» өлеңдері

1


10.12


Ақынның түпкі идеясын ұғу

Түсіндіру

15

15

Өнерге, оқуға үндеген ағартушылық бағыттағы ойлары


1


17.12

Шығармашылық қабіле тін арттыру

Іздендіру, дәлелдеу

16

16

Надандық ұғымдары жөніндегі ақын пікірлері

1


24.12


Өз бетімен дайындалу

Мәтінмен жұмыс

ІІІ тоқсан. 11 сағат

17

17

«Махаббатсыз дүние бос»


1


14.01


Өз бетімен дайындалу

Сұрақ-жауап

18

18

Махаббат лирикасындағы философиялық ой толғамдары


1

21.01


Өз бетімен дайындалу

Жаттау

19

19

«Білектей арқасында өрген бұрым» өлеңінде қазақ аруының сымбатты бейнесін сипаттауы


1

28.01


Ақынның түпкі идеясын ұғу

Шығармашылық жұмыс

20

20

Қазақ әйелінің сөзбен сомдалған портреті

1


04.02

Шығармашылық қабіле тін арттыру

Суреттеу

21

21

«Алла мінсіз әуелден, пайғамбар хақ»


1


11.02


Өз бетімен дайындалу

Жазба жұмысы

22

22

Ақын шығармаларындағы исламдық дүниетаным


1


18.02


Орыс әдебие тімен байла ныстыру

Түсіндіру

23

23

Жүсіп Баласағұн, Йасауи ілімдері және Абай

1


25.02


Өз бетімен жұмыс

Сұрақ-жауап

24

24

Жүсіп Баласағұн, Йасауи және Абай ілімдеріндегі дәстүр жалғастығы


1

04.03

Жаттау

Жазба жұмысы

25

25

Абайдың «Толық адам» философиясы

1


11.03

Жазба жұмысы

Танысу, үйрету

26

26

Абай іліміндегі «Хауас» мәселесі


1

18.03


Баяндау

ІҮ тоқсан. 7 сағат

27

27

Ақын лирикасындағы табиғат пен адам турасындағы ой-толғанысы

1


08.04

Тұжырым жасау

Оқу

28

28

«Иманигүл» философиясының негізі

1


15.04


Мәтінмен танысу

Сұрақ-жауап

29

29

А.Байтұрсынұлының «Қазақтың бас ақыны» мақаласы


1

22.04


Ақынның түпкі идеясын ұғу

Іздену

30

30

Абай туындыларының көркем тілі


1


29.04


Шығармашылық жұмыс

Талдау

31

31

Қазақ поэзиясына енгізген жаңалығы



1

06.05


Өз бетімен дайындалу

Баяндау

32

32

Абайдың ақындық мектебі


1


13.05

Түйінді тұжырым жасау

Іздендіру

33

33

Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы ақындар

1


20.05

Өз бетімен дайындалу

Түсіндіру

34

34

«Абайды оқы, ерінбе!...» Эссе

1


24.05


Қорытындылау







Мұғалімдерге ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;

2) М.О.Әуезов Абай Құнанбаев «Монография.Мақалалар, зерттеулер» Алматы «Санат» 1995

3) М.Бейсенбаев «Абай және оның заманы» Алматы «Жазушы» 1988 ж;

4) Тұрсын Жұртбай «Құнанбай / Тарихи және әдеби тұлға/» Алматы «Алаш» 2004 ж;

5) М.О.Әуезов «Абайтанудан жарияланбаған материалдар» Алматы «Ғылым» 1988 ж;

6) Абай туралы естеліктер, Семей 2010 ж;

7) Қ.Мұқамедханов «Абайдың ақын шәкірттері» Алматы 1994 ж;

8) Ұ.Әбілдаұлы «Абайды оқу әліппесі» Алматы «Рауан» 1994 ж;

9) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

10) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;















































Оқушыларға ұсынылатын әдебиеттер тізімі:


  1. Абай «Шығармаларының екі томдық толық жинағы» Алматы «Жазушы» 2005 ж;


2) М.Мырзахметұлы «Абай жүрген ізбенен» Алматы «Қазақстан» 1985 ж;

3) Б.Байғалиев «Абай өмірбаяны мұрағат деректерінде» Алматы «Арыс» баспасы, 2001 ж;

4) «Абай энциклопедиясы «Атамұра» 1995 ж;

5) М.О.Әуезов және Абайтану проблемалары, Алматы, 1982 ж;

6) Қ.Мұқамедханов «Абай мұрагерлері» Алматы «Атамұра» 1995 ж;

7) М.Мырзахметұлы «Әуезов және Абай» Алматы «Қазақстан» 1997 ж;

8) М.О.Әуезов «Абайды білмек парыз ойлы жасқа» Алматы «Санат» 1997 ж;

9) Абайтану тарихы, Алматы, 1994 ж;

10) Қ.Өмірәлиев Абай афоризмі;

11) М.Мырзахметұлы «Абайды оқы, таңырқа», «Ана тілі» 1993 ж;

12) Т.Қожакеев «Абай-сатирик» «Білім» қоғамы, 1970 ж;

13) Қ.Мұқамедханов «Абай шығармаларының текстологиясы жайында» Қаз.Мем.КӘБ, 1959 ж;







































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!