400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 25 материал табылды

Қазақ тілінен 2-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ,6-сынып,ТЖБ,2-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен 2-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау ,6-сынып,ТЖБ,2-тоқсан
Материалдың қысқаша нұсқасы

Оқушының аты-жөні:............................................Күні:.....................Сыныбы:.............

Қазақ тілі пәнінен 2-тоқсан бойынша тоқсандық жиынтық бағалау(6-сынып)

Оқылым

Домалақ ана

Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгімелер көп. Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жонын жайлап отырған Бәйдібекті айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана): «Байеке, малдың құты, жылқының иесі құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума. Азаматтар

аман болсын. Осы тілегімді беріңіз», – деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-құрық тимеген шу асау айғырды көрсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай, жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті. Осы соғыста өліп қалған алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада алты күн өткенде байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінепті. Сол күні кешке шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді. Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша тамда отырып-ақ түгел қайтарып алған екен.

(«Бабалар сөзі» жинағынан)

Мәтін мазмұны бойынша тест сұрақтарына жауап беріңдер.(4 ұпай)

1. Мәтіндегі Бәйдібек бидің әрекетін ашатын мақал-мәтел.

А) Жауды аяған жаралы В) Қорқақты көп қусаң, батыр болады

С) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе D) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар

Е) Асығыс түбі – қып-қызыл шоқ


2. Домалақ ананың: «Алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді», – деуінің мәні.

А) Малдың құты құла айғыр үйде қалғандықтан, көп жылқы құла айғырдың дауысын естіп, кері қайтады деп ойлады.

В) Жылқылар тойынған соң қайта оралатынын білді.

С) Ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты

D) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін, жүген-құрық тимеген асау болғандықтан осылай ойлады.

Е) Жылқылар жат жерді жерсінбейді деп жорамалдады.


3. Мәтіннің басты идеясы –

А) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау

В) Құла айғырдың құдіретін көрсету

С) Домалақ ананың көріпкелдігін таныту

D) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу

Е) Жаугершілік заман қиындығын көрсету


4. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қандай қатысы бар?

А) Жылқының жорғасы

В) Жылқының ең асауы

С) Жылқының ішіндегі ең кәрісі

D) Жылқының құты, иесі

Е) Жылқының ішіндегі ең жүйрігі


  1. тапсырма. Қарамен берілген сөздердің құрамын анықтаңыз. (6ұпай)

Сөздер

диалект

дисфемизм

термин

кәсіби

табу

көнер

ген сөз

1.Домалақ ана







2.Жасақ,бәйбіше







3.Жүген-құрық







4.Қобыз







5.Өліп қалған







6.Там








Жазылым [10]

Берілген тұлғалардың біріне (Абай Құнанбаев,Ахмет Байтұрсынов,Міржақып Дулатов) жанрлық және стильдік ерекшеліктеріне сай құрылымын сақтай отырып,өмірбаян құрастырып жазыңыз.


...................................................................................................................................................


......................................................................................................................................................


.....................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


......................................................................................................................................................


......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................


......................................................................................................................................................


.......................................................................................................................................................



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
27 ұстаз жүктеп алған
17 желтоқсан
949
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі