Қазақ тілінен арнайы курс бағдарламасы 9-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен арнайы курс бағдарламасы 9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен арнайы курс бағдарламасы. 9-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы

Түсінік хат


Қазақ тілінің арнайы курс бағдарламасының оқу материалдары дидактикалық, әдістемелік ұстанымдарға негізделді.   
Қазақ тілі пәнінің алдына қоятын мақсаты - тілдің қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсінген, тіл қызметтерін жүйелі меңгерген, сөз мәдениеті талаптарына сай білік-дағдылары жетілген дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу.
Тіл кез-келген танымдық іс-әрекеттің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Оқушылардың ынта-ықыласы мен талабын, білім деңгейлерін ескере отырып арнайы бағдарлама жасалды. Бағдарлама оқушылардың қабілет-икемін ұштап, шығармашылық ізденістерге кең өріс береді.

Танымдық бағыт бойынша
- Оқушының тілін дамыту, тілдік, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру;
- Тілдің - қоғамдық-әлеуметтік мәнін түсіндіру
- Оқушының лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру;
- Қазақ тілі сабағындағы пәнаралық байланыс арқылы қоғам, табиғат туралы адамзат жинап қорытқан білім негіздерімен қаруландыру.

Практикалық бағыт бойынша
- оқушылардың тілдік сауаттылығын арттыру;
- әдеби тілдің нормаларын меңгерту;
- оқушылардың тілдік-эстетикалық талғамдарын қалыптастыру
- сөйлем әрекетіне қажетті заңдылықтар мен талаптарды меңгерту.
Бұл міндеттердің жүзеге асуы тілдік білімнің әр оқушының лингвистикалық дүниетанымының қалыптасуына, әрі олардың практикалық іскерлік дағдылардың базасы ретінде қызмет етуіне негіз қалайды.




«Қазақ тіл білімі»
9-сынып
(Барлығы-1 сағат, аптасына-34 сағат)


Қазақтың әдеби тілі. 1 сағат
Қазақ тілінің бүгінгі жайы, болашағы, дамуы


І. Әдеби тілдің грамматикалық нормалары-2 сағат
Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні. Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі.

ІІ. Синтаксис
Сөйлем-6 сағат
Хабарлы сөйлемнің айтылуы мен тыныс белгісі. Хабарлы сөйлемнің баяндауыштық, морфологиялық белгілері. Сұраулы сөйлемнің түрлері. Лепті сөйлемнің мағынасы, жасалуы. Бұйрықты сөйлемнің тыныс белгісі. Бұйрықты сөйлемнің интонациясы

Сөйлем құрамы-9 сағат
Бастауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары. Зат есімдерден басқа сөз таптарының бастауыш болуы.Баяндауыш, оның тұлғасы, мағыналық белгілері. Баяндауыштың сұраулары. Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары. Бастауыш пен баяндауыштың байланысы. Толықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері. Дара және күрделі толықтауыш. Анықтауыштың жасалуы. Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Анықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері. Пысықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік. Оңашаланған айқындауыш мүше, оның өзіндік ерекшеліктері. Қосарлы айқындауыш мүшелердің ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы. Бірыңғай мүшелерге тән грамматикалық белгілер. Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы. Қаратпа сөз, тыныс белгілері. Қыстырма сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу орны.


Жай сөйлемнің түрлері-4 сағат
Жақты сөйлем, оның негізгі белгілері. Жақсыз сөйлемнің құрылымы. Жалаң және жайылма сөйлемдердің грамматикалық белгілері. Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары.


Құрмалас сөйлем -8 сағат
Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілері мен айырмашылықтары. Салаластың жасалу жолдары. Салалас құрмаластың мағыналық түрлері.
Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, тыныс белгілері. Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің грамматикалық белгілері.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас. Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, жасалуы.
Аралас құрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері. Көп басыңқы сабақтастың түрлері. Көп басыңқы сабақтас құрмаластың өзіндік ерекшеліктері, тыныс белгілері.


Төл сөз бен төлеу сөз-4 сағат
Төл сөздің тыныс белгілері. Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі. Диалог, оның стильдік мәні. Төл сөз бен автор сөзінің қолданылу ерекшеліктері.



































«Қазақ тіл білімі»

Тақырыптық - күнтізбелік жоспар
9-сынып
(Барлығы-1 сағат, аптасына-34 сағат)



Р/с

Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

Қазақтың әдеби тілі 1 сағат

1

Қазақ тілінің бүгінгі жайы, болашағы, дамуы

1


Әдеби тілдің грамматикалық нормалары-2 сағат

2

Әдеби тілде қосымшаларды дұрыс қолданудың мәні

1


3

Сөздердің тіркесу қабілеті, олардың мағыналық үйлесімі мен грамматикалық сипатының өзара сәйкестігіне сүйенетіндігі

1


Синтаксис. Сөйлем-6 сағат

4

Хабарлы сөйлемнің айтылуы мен тыныс белгісі

1


5

Хабарлы сөйлемнің баяндауыштық, морфологиялық белгілері

1


6

Сұраулы сөйлемнің түрлері

1


7

Лепті сөйлемнің мағынасы, жасалуы

1


8

Бұйрықты сөйлемнің тыныс белгісі

1


9

Бұйрықты сөйлемнің интонациясы

1


Синтаксис. Сөйлем құрамы-9 сағат

10

Бастауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері, негізгі сұраулары, Зат есімдерден басқа сөз таптарының бастауыш болуы Сөйлемнің айқындауыш мүшелері туралы түсінік

1


11

Баяндауыш, оның тұлғасы, мағыналық белгілері. Баяндауыштың сұраулары. Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары

1


12

Бастауыш пен баяндауыштың байланысы

1


13

Толықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері. Дара және күрделі толықтауыш

1


14

Анықтауыштың жасалуы. Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары. Анықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері

1


15

Пысықтауыштың тұлғалық, мағыналық белгілері.Күрделі пысықтауыштың жасалу жолдары

1


16

Оңашаланған айқындауыш мүше, оның өзіндік ерекшеліктері. Қосарлы айқындауыш мүшелердің ұлттық салт-дәстүрлермен байланысы

1


17

Бірыңғай мүшелерге тән грамматикалық белгілер. Бірыңғай мүшелерге ортақ жалпылауыш сөздер, олардың жасалуы

1


18

Қаратпа сөз, тыныс белгілері. Қыстырма сөздің сөйлем ішіндегі қолданылу орны

1


Жай сөйлемнің түрлері-4 сағат

19

Жақты сөйлем, оның негізгі белгілері

1


20

Жақсыз сөйлемнің құрылымы

1


21

Жалаң және жайылма сөйлемдердің грамматикалық белгілері

1


22

Толымсыз сөйлем болудың жағдайлары

1


Құрмалас сөйлем -8 сағат

23

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің ортақ белгілері мен айырмашылықтары.
Сөйлем құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, жасалуы

1


24

Салаластың жасалу жолдары. Салалас құрмаластың мағыналық түрлері

1


25

Себеп-салдар салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің байланысу тәсілдері, тыныс белгілері

1


26

Түсіндірмелі салаластың құрамындағы жай сөйлемдердің грамматикалық белгілері

1


27

Сабақтас құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлері. Шартты бағыныңқылы сабақтас

1


28

Аралас құрмалас сөйлем

1


29

Құрмалас сөйлемнің тыныс белгілері

1


30

Көп басыңқы сабақтастың түрлері. Көп басыңқы сабақтас құрмаластың өзіндік ерекшеліктері, тыныс белгілері

1


Төл сөз бен төлеу сөз-4 сағат

31

Төл сөздің тыныс белгілері

1


32

Төл сөз бен автор сөзі, олардың орын тәртібі

1


33

Диалог, оның стильдік мәні

1


34

Төл сөз бен автор сөзінің қолданылу ерекшеліктері

1


Барлығы 34 сағат




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.12.2020
3055
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі