Материалдар / қазақ тілінен ашық сабақю Тақырыбы :Мәтінді қайталау 2 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

қазақ тілінен ашық сабақю Тақырыбы :Мәтінді қайталау 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне методикалық көмек ретінде керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қаңтар 2019
461
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Сабақ 2- сабақ

Сабақ өтілетін күні:

Орны: мультимедиялық кабинет

Барлық оқушы саны: 16

Қатысқаны: 16

Сілтеме

Оқу жоспары, оқулық, күнтізбелік жоспар.

Сабақ тақырыбы

Мәтінді қайталау

Жалпы мақсаттары

Мәтін туралы білімін бекітеді, пысықтайды. Сөйлеу, пікір айту дағдыларын қалыптастырады. Оқушылар ұйымшылдыққа, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиеленеді.

Түйінді идеялар

Мәтін, мәтін түрлері, бөліктері туралы түсінік, табиғат- адам байланысы

Әдіс-тәсілдер

СТО, АКТ, диалог, топтық, жұптық жұмыс, жариялау, кластер, деңгейлік тапсырмалар ойын

Көрнекіліктер

Оқулық, интерактивтік тақта, суреттер, фотолар, флипчарт, А3 қағазы.

Дереккөздер

Оқулық материалдары, қосымша тақырыптық мәліметтер

Оқыту нәтижелері

Мәтін, оның түрлерін ажырата біледі. Мәтінді талдай алады. Табиғатқа көзқарасы қалыптасты. Өз ойларын жүйелі жеткізе алады. Топпен жұмыс істеуге дағдыланды

Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақ кезеңдері:

1-кезең.

Қызығушылықты ояту:




Сергіту сәті (Араласу, қатып қозғалмау)

Араласыңдар дегенде шеңбер бойымен араласып жүреді. Қатып қозғалмаңдар дегенде қатып тұрады да,жаныңдағы баламен қол ұстасып, сәлемдеседі. «Араласыңдар» араласады. «Қатып қозғалмаңдар» дегенде кеше не істегендерін әңгімелейді.

«Тыныштық» белгісі берілгенде

дәптердің бетін екіге бөліп, біреуіне жануарлар немесе құстардың аттарын жазады, екіншісіне адамның ойлап тапқан ерекше заттары туралы жазады.

Араласып жүреді.

«Қатып қозғалмаңдар» дегенде 2-3 оқушыдан сұрайды.

Жұппен жұмыс

Бір- бірінің үйде жазған мәтіндерін оқып,бағалайды.

Сергіту сәтінде, музыка әуенімен

«Араласыңдар» дегенде шеңбер бойымен араласып жүреді. «Қатып қозғалмаңдар» дегенде қатып тұрады да,жаныңдағы баламен қол ұстасып, сәлемдеседі. «Араласыңдар» араласады. «Қатып қозғалмаңдар» дегенде кеше не істегендерін әңгімелейді.

«Тыныштық» белгісі

дәптердің бетін екіге бөліп, біреуіне жануарлар немесе құстардың аттарын жазады, екіншісіне адамның ойлап тапқан ерекше заттары туралы жазады.

Араласып жүреді.

«Қатып қозғалмаңдар» (2-3 оқушыдан оқуын сұрайды.)

Бір- бірінің үйде жазған мәтіндерін оқып,бағалайды. (1,2 оқушынікі оқылады.)


2-кезең.

Мағынаны ажырату:















5 минут










5 минут









5 минут






3 минут







5 минут





5 минут


Жұппен жұмыс

Күн ретін жазады.

Дәптерлерімен ауысып тапсырма береді.

Жұппен жұмыс

1- тапсырма

Құстар, үй құстары, жануарлар, үй жануарлары туралы әңгіме құрайды.

(бүркіт, көгершін, жылқы, түйе, барыс). Біреуі жариялайды.



2- тапсырма

«Венн диаграммасын» толтыру жұппен, тақтада.

Құстар мен үй құстарын, жануарлар мен үй жануарларын салыстырады. Жұппен орындайды. Келесі де тақтада орындайды.Әр жұптан шығып толықтырады.

3-тапсырма

«Галерея шарлау» әдісі.

559- жаттығуды оқып, жоспар құру.

Әр жұп өз жоспарын жазып іледі.«Галерея шарлау» әдісімен балалар аралап оқып, ұнаған жоспарды тақтаға жазады.

4- тапсырма

«Өзі туралы» кластер жасау.

(Мәтінді оқығанан кейін өздері туралы ойланып жазады.)

5- тапсырма

Жұппен жұмыс

Суретпен жұмыс (Көлік түрлерін салыстыру)

Әр жұп өздері салыстырады, оқып, таныстырады.

6- тапсырма

Жеке және топтық жұмыс

«Мен саяхатқа қандай

көлікпен, қайда барғым

келеді» постер жапсыру.

7- тапсырма

Жұппен жұмыс

«Фотолар» (блиц оқу ойыны)

Әр жұпқа бір фотодан беріледі, олар қысқаша сипаттаулары керек. Ал фотолар тақтадан көрсетіліп, сипатталғанда басқалары оның қай адам екенін табулары керек.

Күн ретін жазады. Жұпта бір-бірімен дәптерлерін алмастырып, тапсырма жазып, оны орындайды.


1- тапсырмада оқушылардың жұптарына әр түрлі құстардың, жануарлардың суреттерін таратып береді. Олар бірігіп сол бойынша мәтін құрастырады да, ортаға шығып сыныпқа жариялайды.

2- тапсырмада бірінші жұппен «Венн» диаграммасын толтырады, келесі де инт. тақтада кезекпен- кезек, бір- бірін толықтырып жазады.





3- тапсырманы «Галерея шарлау» әдісімен жұппен орындайды, 559- жаттығуды оқып, жоспар құрады да оны жазып, тақтаға іледі. Балалар аралап, ұнаған, лайықты деп тапқан жоспарды тақтаға жазады.

4- тапсырмада әркім өзі туралы кластер жасайды.Оны тақтаға жапсырады.



5- тапсырмада суретпен жұмыс жасалады, онда көлік түрлерін салыстырып әңгімелеулері керек. Әр жұп өздері салыстырады, оқып, ортада таныстырады.


6- тапсырманы әрбір бала алғашында орнында ойланып алып, соңында ортада топпен жапсырады.


7- тапсырмада әр жұпқа әр түрлі фотолар таратылып беріледі. Олар жұппен фотоларды сипаттаулары керек. Ал, фотолар тақтадан көрсетілгенде, басқалары оның қайсы туралы айтып тұрғанын табулары тиіс.

3-кезең. Ой- толғаныс:




4 минут


8- тапсырма

Жұппен жұмыс

«Жарнама құрастыру» ойыны. Әр түрлі өнімдерге жарнама құрастыру, жариялау (бал, қымыз, құрт, жүн,сүт, тері)

Соңынан мәтіннің қай түріне жататынын анықтайды.

8- тапсырма

Топта жіктеп, жариялайды.Жарнама құрастырып айтады, соңынан мәтін түрін анықтайды.


Келесі оқуға арналған тапсырмалар

1 минут


Мәтін құрастыру «Мен саяхатқа қайда барғым келеді?»

Мәтін құрап келеді.


Бағалау

2 минут


Өзін-өзі бағалау кестесін толтыру,

Блоб ағашын бояу

Әркім өзі толтырып отырады.

Өз парақтарын толтырады.

Рефлексия


Сабақта түрлі әдіс-тәсілді пайдалану арқылы, диалог арқылы оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдылары дамытылды. Бір-бірімен пікір алмасып, еркін сөйлеуге үйренді және сөздік қорлары молайды. Бірақ оқушылар АКТ-мен толық жұмыс істей алмайды. Оны келешекте көбірек пайдаланып, сабақтарда қолданамын.












2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!