400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен БЖБ 6 сыныпқа арналған

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып 1 тоқсан бойынша БЖБ
Материалдың қысқаша нұсқасы





Қазақ тілі 6-сынып І тоқсан 1- бөлім


І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар


Бөлім: «Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика»

«Әлемнің жеті кереметі. Лексикография»


Оқу мақсаты: 6.1.5.1 -тыңдалған мәтін мазмұны бойынша жалпы және

нақты сұрақтарға жауап беру, мәтіндегі ақпаратты шынайы өмірмен

байланыстыру


ӘТН. 6.4.1.1 - тақырып бойынша жеке сөздер, бірге,

бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді

орфографиялық нормаға сай жазу.


Бағалау критерийі:


-тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұраққа жауап береді;

-ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

-тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис

арқылы жазылатын сөздердіорфографиялық нормаға сай жазады.


Ойлау дағдыларыңың деңгейі: Қолдану


Орындау уақыты: 20 минут


Тапсырма. А. Мәтіндерді мұқият тыңдаңыз.


  1. мәтін

Келіннің тапқырлығы

Ертеректе бір қарияның балаларының аты Қамысбай Қасқырбай Қойбай Қубай Субай Қайрақбай Пышақбай Баубай Балтабай екен. Балтабайы үйге келін түсіріп, сол жаңа түскен жас келінді сынамақ болған атасы өзеннің ар жағынан сасқалақтағансып жүгіріп келіп:

«-Келін- ау, келін, судың ар жағында, қамыстың бер жағында қойды қасқыр жеп жатыр. Тез ауылға бар да, хабар бер. Балтабай пышақ қайрап әкеліп, қойды адал бауыздап алсын. Мен қасқырды қуып кеттім. Шүу!», - депті. Мұнысы - «қысылтаяң шақта келінім көргенсіздік танытып, өзінің қайын аға, қайын атасының атын атап қояр ма екен?» деген ойы ғой. Сөйтсе, келіншек не істепті десеңші, шапшаң төбеге жүгіріп шығып, күйеуіне: «Шапқы-ау шапқы шапшаң кел. Сарқыраманың ар жағында сылдыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр. Атам: «жаныманы білемеге жанып әкелсін» дейді. Өзі ұлыманы қуып кетті», -депті.

Сілтемесі: asyldin.kz › article › view


2-мәтін

Қайта оралды қазағыма бүгін дәстүрлері.

Көптен күткен халқымыздың асыл арманы еді.

Берекелі қазақ жері - ел мерекелі

Дәстүрлерін жоғалтпаған қазағымның бұл ежелгі.

Шілдехана бесік той

Тұсау кесер сүндет той

Ай, шіркін-ай!

Құда түсіп сырға салу

Беташарым-ай.

Алтыбақан аясында сұлу бойжеткен,

Қыз-бозбала кең даланы

Әнімен елтіп тербеткен.

Ер жігітке жарасады озып шыққан бәйгеден,

Қыз балаға жарасады алқа, шашбау, сәукеле.

Жоғалмасын дәстүріміз ұмытылмасын,

Ата-баба көзіндей қылып сақтайық қазақ дәстүрін


Сілтемесі: sazalem.com › track › altynbek-tashimbetov-kazagymnyn-dasturleri-ai


1. Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беріп, ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырыңыз, өз жұбыңызбен талқылаңыз.



1. Жас келін атасының сынына қандай тапқырлық танытты?

2. Өлеңдегі дәстүрдің қандай түрі халық арасында жиі кездеседі?


2.Екі мәтінді қайталап тыңдаңыз.Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді сәйкестендіріңіз.



Жеке сөздер

Қамысбай, Субай, шілдехана, алтыбақан


Бірге жазылатын сөздер

Қыз-бозбала, шапқы-ау, шіркін-ай, ата-баба


Бөлек жазылатын сөздер

Қазағым, пышақ, қасқыр, жігіт


Дефис арқылы жазылатын сөздер

Ар жағында, қыз бала, жас келін








3.Мәтін бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазыңыз.


------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------




Дескрипторлар

Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Тыңдалған мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді;

1

Мәтінді анықтайды;

1

Сұрақтарға жауап береді;

1

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады

Ақпаратты шынайы өмірмен байланыстырады;

1

Жұптық талқылауда ойын анық әрі жүйелі жеткізеді;

1

Тақырып бойынша жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфография лық нормаға сай жазады.


2-3

Тыныс белгілерін табады;

1

Тыныс белгілерін тиісті орнына қояды;

1

Орфографиялық нормаға сай жазады;

1

Мәтіндегі:

1.Бірге


2.Бөлек


3.Дефис арқылы жазылатын сөздерді дұрыс жазады.


1


1


1


Барлық балл саны:

10






«Ұлттық және отбасылық құндылықтар. Фонетика», «Әлемнің жеті кереметі. Лексикография» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ______________________________



Бағалау

критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Мәтіндегісұрақтарға жауап беріп, шынайы өмірмен байланыстырады

Мәтіндегі сұрақтарға жауап беруде

қиналады.


М әтіндегі сұрақтарға жауап беруде

қателіктер жібереді.


Мәтіндегі сұрақтарға жауап береді, шынайы өмірмен байланыстырады.












Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді орфографиялық нормаға сай жазады;


Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді табуда қиналады.


Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді табуда қателіктер жібереді.


Жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздерді табады, орфографиялық нормаға сай жазады.


















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
28 ұстаз жүктеп алған
06.10.2020
10825
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі