Орыс мектебіндегі қазақ тілінен диктант мәтіндерінің жинағы
(5-9кластарға арналған)
Құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№5 орта мектебінің орыс мектебіндегі
қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы,
№5 орта мектебі
Құрастырған: Уразаева Фатима Кенесовна - қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімі
Ұсынылып отырған жинақта қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімінің шығармашылығы мен оқу-танымдық шеберлігінің нәтижесіндегі диктант мәтіндер жинағы келтірілген. Мұғалімнің шығармашылық ізденістерінен туындаған іс-тәжірибелік еңбегінен шәкірттерінің білім алуына жол салған жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді көруге болады.
Әдістемелік жинақ орыс тілді оқушыларының кластарының деңгейлеріне сәйкестендіріп алынған.
Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлi пәнiнен жүргiзiлетiн диктанттың жүргізілу ережесі
Диктант мәтiнiне қойылатын талап:
-
Көлем сынып ерекшелiгiне сай болуы тиiс.
-
Тәрбиелiк мазмұны болуы керек.
-
Мәтiндегi орфограммалар мен пунктограммаларды оқушылар игерген таныс бағдарламаға сәйкес болуы керек.
-
Мәтiннiң көркем шығармалардан алынған үзiндi түрiнде жеңiл болуын ескерген жөн.
Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi қазақ тiлiнен жүргiзiлетiн диктант
жұмысының нормалары:
|
кластар |
Сөздер саны |
|
1 |
15 - 20 |
|
2 |
20 - 25 |
|
3 |
30 - 35 |
|
4 |
40 - 45 |
|
5 |
50 - 55 |
|
6 |
60 - 65 |
|
7 |
70 - 75 |
|
8 |
80 - 85 |
|
9 |
90 - 95 |
|
10 |
100 -105 |
|
11 |
105-110 |
Диктант мәтiнiне байланысты мұғалiмдердiң ескеретiндерi:
-
қажет болған жағдайда мәтiн мазмұны жөнiнде қысқаша мәлiмет беру;
-
сөйлемдердiң құрылысы мен тыныс белгiлерiн, оқылу интонациясын ескеру;
-
жай сөйлем, құрмалас сөйлемдердiң түрлерiнiң барын анықтау;
-
сызықша, тырнақша тәрiздi белгiлердi қолдану жүйесi;
-
егер диктанттың мәтiнiнде дұрыс жазылуы оқушыларға бұрын түсiндiрiмеген қиын сөздер кездессе, онда олар тақтаға жазылады;
-
диктант мәтiнiн қайтадан көшiруге болмайды;
-
бақылау диктанттарын бағалауда орфографиялық және тыныс белгiлiк қателерi есептеледi.
5-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Менің досым.
Менің ең жақын досым –Асқар. Оның бойы ұзын,шашы бұйра,көзі қара,бет-әлпеті әдемі. Ол -тәртіпті оқушы.Асқар сабақтан кешігуді білмейді. Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі.Оның Анар есімді қарындасы бар.Асқар қарындасын ойнатады. Менің досым-адал,сенімді,әзілқой.Мен досымды мақтаныш етемін.(50сөз)
Тапсырма: тәуелдік жалғауды табыңдар.
Тәуелсіздікті
ардақтайық
Биыл біздің тәуелсіз ел болғанымызға жиырма
жыл. Бұл аз мерзім емес. Қанша уақыт өтсе де, біз кешегі 1986 жылы
еліміздің тәуелсіздігі үшін орыс империясының бұғауын үзген
желтоқсан ерлерінің ерлігін естен шығармауымыз керек. Себебі, біз
солардың арқасында азат, тәуелсіз елде өмір сүріп
жатырмыз.
Ендеше, ағалардың қанымен келген
тәуелсіздігімізді ардақтап, оны мәңгі сақтайық.(50
сөз)
Қыс.
Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ,күн қысқа. Қыста мен таңертең сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын,сүртемін,шашымды тараймын,тамақ ішемін.Сонан соң басыма бөрік,қолыма қолғап,үстіме жылы пальто,аяғыма етік киіп,мектепке барамын.Мектептен шыққан соң,мектептің мұз айдынына барамыз.Мұз айдыны мектептен алыс емес.
(51 сөз)
Тапсырма: бастауыштын астын сызыңдар.
Қысқы ағаш
Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)
Тапсырма:
1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
Менің атам – ардагер
Менің атам – соғысқа қатысқан адам. Ол бір мың тоғыз жүз отыз тоғызыншы жылы Шымбай қаласынан әскери қызметке алынды. Атам әскери қызыметте жүрген кезде соғыс басталды. Майданда үш рет жараланды. Үшінші рет ауыр жараланып емханаға түседі. Ол кісінің соғыста алған ордендері көп. Атамның жасы қазір жетпіс бесте. Мен атамды өте жақсы көремін. (51сөз)
Шәкірт
Динаның әкесі Кеңже палуан әрі шебер домбырашы болған. Дина тоғыз жасынан бастап домбыраны игере бастайды.
Бірде осы ауылға атақты күйші Құрманғазы келеді. Ол Динаның домбыра тартысын көріп риза болады. Оған көптеген күйлерді үйретеді. Құрманғазы шәкіртіне өзінің домбырасын сыйлайды. Дина өз жанынан күйлер де шығарады. Оның алғашқы шығарған күйлері «Бұлбұл», «Көргентүн», «Байжұма» (51сөз)
Тапсырма:
1. Екінші сөйлемнен сан есімді тауып, астын сызыңдар.
2.Есептік сан есімдерді реттік сан есімге айналдырып жазыңдар. Жалғанған жұрнақтардың астын сызыңдар.
Қыс
Қыста күн қысқарады. Күн көзінің қызуы азаяды. Жер ақ көрпеге оранады. Өзен мен көл мұз жамылады. Терең інде жатқан жануарларға аяз жете алмайды. Олардың орны жылы болады. Қар суық өткізбейді. Қар астындағы өсімдіктерге де суықтың зияны тимейді.
Кейде ұйтқып боран соғады. Ондайда сыртқа шығу қиын. Ашық күндері қар үстінде ойнау көңілді. (51 сөз)
Тапсырма:
1. Соңғы сөйлемнен түбір күйінде жазылған сөзді табыңдар.
2.Бірінші сөйлемдеггі қосымшалы сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.
Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы ақыны. Ол ерте кезде өмір сүреді. Қазақ халқын әр түрлі өнер үйренуге,білім алуға шақырады. Халқына еңбекті сүюдің,еңбек ете білудің пайдасын түсіндіреді. Ақын өсекші, өтірікші,жалқау, мақтаншақ адамдарды жек көрді. Абай өз шығармаларында мұндай адамдарды қатты сынады. Абай Құнанбаев – ұлы аудармашы болған. Ол барлық адамдарды дос болуға шақырды.
(54 сөз)
Тапсырма: “ақын,адам,дос,халық”- деген сөздеріне көптік жалғауларын жазыңдар.
Ыбырай Алтынсарин.
Ыбырай Алтынсарин –қазақ халқының белгілі ағыртушы, жаңашыл педагогы, жазушы, қоғам қайраткері. Ол жасынан ынталы,зерек болды. Ыбырай Алтынсарин орыс әдебиетін көп оқыды.Халқына білім беруді арман етті. Балалар үшін Орысша-қазақша мектептер ашты. Оған арнап оқулықтар жазды. Оның өлендерін оқушылар жатқа біледі.Қостанайда Ыбырай Алтынсарин арналып мұражайлар шылып,ескерткіштер орнатылды . Ол –балалар әдебиетінің атасы.
(53 сөз)
Тапсырма: көптік жалғауды табыңдар.
Қоңыр күз.
Жаздан кейін қоңыр ,салқын күз кел де келіп жетеді. Бұл кезде күн қысқа, түн ұзақ болады. Қараңғылық ерте түседі.Аспанда қара бұлт қаптап, жауын да жиі-жиі жауады.Күз айлары-жыл мезгілдерінің ең молшылық айлары. Бұл мезгіл-көкөніс,жеміс-жидектің піскен кезі.Күзде адамдар қысқа әзірлік жасайды. Қысқа көкөністерді тұздайды.Осындай кезде қыс та келіп қалады.(55 сөз)
Тапсырма.
1.Қосымшаларын табыңдар:
Қараңғылық, мезгілдерінің, көкөністерді.
2.Фонетика талдау: Салқын, піскен.
Астана - әсем
қала
Астана қаласы – қазақ елінің астанасы. Күн
сәулесіндей жарқыраған әсем қаламыздағы «Бәйтерек» монументі мен
өзге де ескерткіштер келушілерге тарихымыздан сыр шертіп
тұрғандай. Биыл Тәуелсіздігіміздің
(неше?) жылдығы тойланады. Оған дейін әлі талай
құрылыстар салынып, бас қаламыздың жаңғыра түсетініне сенемін.
Мұның бәрі күні кеше ғана халық қайта сайлаған елбасымыз Нұрсұлтан
Назарбаев атамыздың еңбегі. Жасай бер, қазағымның жас қаласы!(54
сөз)
Тары
Тары-астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді. Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары-арпа мен бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді.(55сөз)
Тапсырма:
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.
Қошақан.
Дәулет пен Хасен құмнан жуа терді.Олар жолдың шетінде қалған ақ қозыны көрді. Қошақанның енесі жоқ екен. Қошақан өз аяғымен жүре алмады. Ол өте әлсіз еді. Екі бала қозыны кезектесіп көтерді.Екі дос түс ауа қошақанды ауылға аман- есен жеткізді. Олар қозыны аға шопанға әкеліп берді. Шопан балаларға алғыс айтты.(50сөз)
Тапсырма:
1.“Ақ ,түс”сөзінің омонимін тап “әлсіз”сөзінің антонимін тап
2.”балаларға” сөзін сөз құрамына талда.
Бурабай.
Көктөбе Жақыпбекке барлық сұлулықты жасырып тұрған шымылдық тәрізденді.Одан асқан соң Бурабай алқабы қыстыгүні болса да көгере бөртіп жайнап сала берді. Көкшетаудың Бурабай көлі тұсындағы шатқалдары ақ қағазға қоңыр, көк бояумен салынған суреттей боп көрінеді. Дүние жүзіне аты жайылған бұл сұлу көлді солтүстігінен бастап батысқа орғыта келіп, оңтүстігін ала айналсоқтай иіліп, тау қоршап тұр.(54сөз)
Жолаушылар
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық. Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі. Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті.(54сөз)
Тапсырма: Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар.
Қар
Ертеңгілік жапалақтап қар жауды. Жел жоқ. Тынық күнгі қардың жауғаны әдемі болады екен. Аспаннан ақ мамық түсіп тұрған сияқты. Жасұлан далаға шықты. Оның киімі аппақ болды. Қызығып кеткен Жасұлан алақанын тосты. Қолғабына ақ жұлдызшалар түсе бастады. Ол жаңа жауған қар үстінде ойнауға кірісті. Жылы жауған қар жабысқақ келеді. Ондай қар домалатып ойнауға ыңғайлы болады. (54сөз)
Тапсырма:
1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Үшінші сөйлемнен сын есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді. Ағаштардың арасынан
сыбдырлатпай ептеп жүрді. Ол кенет жер бауырлап жата кетті.Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің дәл төбесінде сауысқан шықылықтады.Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді. Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді.(52сөз)
Тапсырма:
1.Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
2.Қатаң дауыссыздарды табыңдар.
Орман достары
Тоқылдақ пен сарышымшықтар – орман достары. Олар қыста көп пайда келтіреді. Себебі қыста олар зиянды жәндіктердің жұмыртқасын тауып жейді. Құстың тоюы үшін бірнеше жүз жұмыртқа керек. Жаз шыққанда әр жұмыртқа – бір тірі құрт. Әрбір шымшық өз салмағындай жұмыртқа жейді. Шымшықтың салмағына жету үшін қаншама жұмыртқа керек.Сонда олардың қандай пайда келтіретінін есептеп көріңдер. (52сөз)
Тапсырма:
1. Екінші сөйлемдегі сөздердің байланысын анықтаңдар.
2.Екі сұраулы сөйлем ойлап жазыңдар.
Күй атасы
Кедей шаруа жанұясында туған Құрманғазы жасынан домбыраға әуес болады. Ол Ұзақ күйшіден тәлім алады. Құрманғазы орындаушылық шеберлігін шыңдайды.
Есейе келе Құрманғазының атақты күйші ретінде есімі бүкіл қазақ даласына тарайды.
Құрманғазының бүкіл өмірі әділетсіздікке қарсы күрес- пен өтеді. Ол сан рет түрмеге де отырады. Құрмаңғазы алғашқы күйін Исатай мен Махамбеттің қазақ хандарына қарсы көтерілісіне арнайды. (53сөз)
Тапсырма: Үшінші сөйлемдегі тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелерді табыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
Санау
Адамдар санауды өте ертеде үйренген.Алғашында саусақтарын санайтын. Кейін он саусақ аз бола бастады. Есептеу үшін ұсақ тастар қолданылды. Біршама уақыт өтті.
Адамдар тастарды жіптерге тізіп қоятын. Кейін жіптің орнына таяқша қолданылды. Бұл қазіргі есеп шоттың бір түрі еді. Техника өсті. Есептер қиындай түсті. Оларды шешу үшін машина керек. Электронды есептеу машиналары осылай шықты.(53сөз )
Біздің
отбасымыз.
Менің атым - Әлия. Біз қалада тұрамыз. Менің
атам,әжем, әкем, шешем, үш ағам және екі сіңлім, бір інім бар. Атам
мен әжем құрметті демалыста. Әкем зауытта істейді. Шешем институтта
сабақ береді. Ағаларым – студент. Екі сіңлім балабақшаға барады.
Інім екінші сыныпта оқиды. Өзім он төртінші мектепте оқимын. Үйде
біз қазақша сөйлейміз. Мен орыс мектебінде
оқимын. (54 сөз)
Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ.Ол көшпелі балық. Бекіренің бастапқы шағы өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар өте мол.Бұл балықтар ерекше дәмді жұмсақ етімен атақты. Олардың қара уылдырығы дүние жүзінде жоғары бағаланады. Көптеген бекірелердің дене тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады.(54сөз )
Тапсырма:
1.Бірінші сөйлемдегі жуан буынды сөздерді бір,жіңішке буынды сөздерді екі сызыңдар.
2.Мәтіннен сан есімдерді табыңдар.
Арғы атамыз.
“Арғы атамыз Шынғысхан жердің жүзін,күннің көзін билепті деседі.Одан
кейінгі атамыз Жоша хан ордасын алтыннан тігіп,қазақ елі түгіл,Еділ-Жайықтың бойына бұйрығын жүргізген.
Абылай атамыз қанатын Орта жүзден асыра жайып, үш жүздің басын қайта қосқан.Одан кейінгі атаң-Уәли. Хандық дәрежесінің біз жеткен сілімтірі –менің қолымда тұрған аға сұлтандық”,-деді Шыңғыс Шоқанға.(54сөз)
Абай.
Абай –қазақтың ұлы ақыны,композитор,философ,қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы,оның алғашқы классигі.Алдымен ол қазақ халқын өнерге,білімге,еңбекке шақырды. Орыс елінің мәдениетімен таныстырды. Ұлы ақын өтірікке,өсекке,надандыққа қарсы күресті. Абай қазақтың ән-күй шығармашылығын жете білген. Біржан сал,Ақан сері,Тәттімбет,жаяу Мұса сынды халық композиторларын ерекше бағалаған.
(52 сөз)
Тапсырма: “ер жүрек” ,”жас”,”жауынгер”,”көп”,”сол қол”, сөздеріне антонимдерді келтіріп жазыңдар.
Қайың
Қайың –сымбатты ағаш. Биік болып өседі. Жазда тәулігіне қырық шелектей ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан халық шеберлері себет пен түрлі ыдыстар тоқиды. Қайың ағашынан жиһаздар жасалады. Қайың отыны пешке маздап жанады. Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа да сонда.( 54сөз)
Қамқоршылар
Көктем келді. Асан мен Үсен далаға шықты. Бір топ бала жасаған ұяларын көтеріп алыпты.
Асан мен Үсен ойланып қалды. Үйлеріне қайтып келді. Қолдарына балға мен ара алды. Олар ұя жасауға кірісті. Ракетадан айнытпай ұя жасады. Мұндай әсем ұяны бұрын-соңды көрмеген балалар таң қалды. Құстар да қаптап кетті. Асан мен Үсеннің куанышында шек жоқ.(54 сөз)
Тапсырма:
1. Екінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар. Тұрлаулы мүшелердің астын сызыңдар.
2.Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
Тіл және
тәуелсіздік
Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі –
оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ата тілі, ұлттық мәдениеті
болмаған ел ешқашан ел бола алмайды. Қазақстанда мемлекеттік
тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі жылдар өткен сайын өркендеп өсіп
келеді. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, қазақ
халқының ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін, ана тілін дамытуға күш
салғанымыз жөн.(54 сөз)
6-сыныптар үшін диктант мәтіндері
Наурыз.
Наурыз-халықтың көктемгі мерекесі.Жыл басы. Наурызда күн жылынады,қар ери бастайды.Құстар ұшып келеді. Ағаштар бүршік жарады. Қыс бойы ұзақ ұйқыдан аралар да, жәндіктер де оянады. Малдар төлдейді. Наурыз мерекесінде қазақтар дәстүр бойынша ағаш,гүл егеді. Бидай көже жасайды. Ауылдан-ауылға қыдырады,бірін-бірі наурыз мерекксімен құттықтайды. Жастар алтыбақан тебеді,өлең айтады, би билейді. Наурыз күнін шаттықпен өткізеді. (60сөз)
Тапсырма:3-ші сөйлемде сөз таптарын тап.
Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ-қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарған болса керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын.Ойынға екі адам қатысады. Олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады.Бұл отау деп аталады. Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп аталады. Әр ойыншыда сексен бір құмалақтан болады.(60сөз)
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
қазақ тілінен диктант жинағы орыс сыныптарына Т2

шағым қалдыра аласыз