400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Қазақ тілінен ережелер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Методикалық көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы




Одағай сөздер

Shape1

Сөйлеушінің сөйлемде айтылған ойға қатысты әр алуан көңіл-күйін білдіретін сөздерді одағай сөздер дейді.








Одағайға тән негізгі белгілер:

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.


Одағайдың үш түрі бар:

1) көңіл күй одағайлары;

2) жекіру одағайлары;

3) шақыру одағайлары.


1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.


2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.


3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім;қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөре; итке қатысты кә-кә, айтақ-айтақ; мысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.



Қазақ әліпбиі (алфавит)


Әліпби – жазуда қолданылатын әріптердің рет тәртібі дегенді білдіретін араб сөзі. Әріп –дыбыстардың жазудағы таңбасы. Қазақ халқының жазу-сызуы араб әліпбиі арқылы қалыптасқан. Араб әліпбиінің негізінде 24 әріптен тұратын қазақ әліпбиінің емлесін түзіп, заңдастырылған нормасын жасаған – А.Байтұрсынов.

Қазақ әліпбиі үш рет өзгерді:

1)араб әліпбиі,

2)латын әліпбиі,( Қазақ жазуы араб әліпбиінен 29 әріптен тұратын латын әліпбиіне 1929 жылы көшті. Латын әліпбиіне көшкеннен бастап бас әріппен жазу пайда болды.)

3)орыс әліпбиі (1940 жылы қараша айынан бастап орыс әліпбиіне негізделген қазақ әліпбиі қолданыла бастады.)

Shape2

Қазақ әліпбиінде 40 әріп және 2 таңба бар.

Әліпбиде әріптің аты аталып, орын реті белгіленеді.








Тіл және сөйлеу

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асады. Тілдің көмегімен адамдар қоршаған орта туралы көптеген жаңа және қызықты нәрселерді біледі. Олар оқиды, ойланады, өз ойларын ортаға салады, білгенін айтады, бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Ауызекі тіл және жазбаша тіл

Ауызекі тіл - бірін-бірі көріп және естіп тұрған адамдардың өзара қарым-қатынасы, әңгімелесуі.

Жазбаша тіл - адамдардың хабарды жазып беруі.

Shape3

Дыбыстарды айтамыз және естиміз.

Әріптерді көреміз және жазамыз.







Дыбыс және әріп

Shape4

Дыбыс



,Shape15 Shape14 Shape11 Shape13 Shape12 Shape5

дауысты

у/у

дауыссыз



Shape9 Shape10 Shape8 Shape7 Shape6



а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, у;

б, в, г, ғ, д, ж, з, к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ч, ш, щ, ц, л, м, н, ң, р, й, у;



Дауыссыз дыбыс

Дауысты дыбыс













Шылау

Өз алдына толық мағынасы жоқ сөздерді шылау дейді. Шылаулар: мен, бен, пен, және, да, де, та, те, ма, ме, ба, бе, па, пе, дейін, шейін, қана, ғана, қой, ғой, үшін, туралы, ақ.








Шылау - толық лексикалық мағынасы жоқ, сөзбен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыратын, сөзге қосымша мән үстейтін көмекші сөздер. Мысалы: үшін, жуық, бірақ, мен, да, әрі, сайын, таман, шақты бірге, туралы, секілді, т,б.

Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылықтары:

1. Шылаудың толық лексикалық мағынасы болмайды;

2. Шылау сөйлем мүшесі бола алмайды;

3. Шылау сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады;

4. Шылау толық мағыналы сөздің жетегінде қолданылып, оған қосымша мән үстейді;

5. Шылаулар түрленбейді, яғни көптелмейді, септелмейді, тәуелденбейді, жіктелмейді.


Shape22 Shape19 Shape21 Shape17 Shape20 Shape16 Shape18

жалғаулық

септеулік

демеулік

Шылау









1.Туынды үстеу жасайтын жұрнақтар:

-ша, -ше, -лай, -лей, -дай, -дей, -тай, -тей,
-дайын,-дейін,-тайын,-тейін,-шама, -шалық, -майынша, -мейінше, -байынша, -бейінше, -пайынша, -пейінше :


Үстеу мағынасына қарай бөлінеді:

1. Мезгіл үстеуі қашан? қашаннан? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың, іс-әрекеттің мезгілін, мерзімін, уақытын білдіреді Мысалы: таңертеңнен (қашаннан?) кетті, жазғытұрым (қашан?) келеді, ала жаздай (қашан?) еңбектенді,

2. Мекен үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің орындалатын орнын, мекенін көрсетіп, қайда? қайдан? қалай қарай? сұрақтарына жауап береді. Мысалы: Тауға қарай (қалай қарай?) өрмелеу.

3. Сын-қимыл (бейне) үстеуі іс-әрекеттің, қимылдың амалын, тәсілін, сын-бейнесін білдіреді. Сұрақтары: қайтіп? қалайша? қалай? кімше?

Shape23

Шылау




Жалғаулық шылаулар сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

Шылаулар -ма, ме, ба, бе, па, пе (мы, мі, бы, бі, пы, пі). Мысалы, барасың ба? - барамысың? келесің бе? - келемісің? көріп пе ең? - көріппісің?

-ақ, -ау, -ай, әсіресе, -да, -де, -та, -те. -ғана (қана) тек.

-мыс, -міс. түгіл, тұрсын, тұрмақ. қой (ғой), -ды, -ді, -ты, -ті. Және, мен, бен, пен шылаулары сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстыруда қолданылады да, ешқандай тыныс белгісі қойылмайды. Мысалы, Абай мен Мұхтар және Шәкәрім - қазақ әдебиетіндегі біртуар тұлғалар.


Shape24


Сөз дыбыстардан құралады.

Дыбыстар әріппен таңбаланып жазылады.





Тіл дыбыстары екіге бөлінеді:

1) дауысты дыбыстар

2)дауыссыз дыбыстар

Дауысты дыбыстар саны - 12

Олар: а, ә, о, ө, е, ы, і, ұ, ү, и, э, (у)

Дауысты дыбыстар өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырамауы арқылы жасалады.

Shape25

Дауысты дыбыс



Shape38 Shape37 Shape36 Shape35 Shape33 Shape34 Shape32 Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26

ё(й-о), ю(й-у), я(й-а)

ә, ө, і, е, и, э, ү

а, о, ы, ұ

Жіңішке

Қосарлы

Жуан








Дауысты дыбыстар екіге бөлінеді:

1Shape39


Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.

)
жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ.



Жуан дауысты дыбыстарды айтқанда тіл кейін шегінің, тіл үсті дөңестенеді. Мысалы: қозы, лақ, бұзау.

2Shape40


Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.

)
жіңішке дауысты дыбыстар: ә, ө, і, е, и, э, ү



Жіңішке дауысты дыбыстар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады. Мысалы: дәптер, терезе, киік, өзен, күрек.

Қазақ тілінде сөздер тек жуан дауысты дыбыстардан не жіңішке дыбыстардан құралады.





Мысалы, тек жуан дауысты дыбыстардан құралған сөздер: арыстан, аққу, рақат, қараторғай, т.б.

Тек жіңішке дауысты дыбыстардан құралған сөздер: өмір, көктем, жүгері, мереке, күміс, ілгіш,т.б.


Басқа тілден енген сөздер, қос сөздер мен біріккен сөздер жуан дауысты мен жіңішке дауыстының араласып келуінен жасалады. Ондай сөздер аралас дыбысты сөздер деп аталады. Мысалы: емтихан, синтаксис, жөн - жосық, оқта-текте, азық-түлік, Темірқазық, Екібастұз, көзқарас, т.б.

Кейбір сөздерде сөздің соңында ә дыбысы айтылғанымен а дыбысы жазылады


АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Рәзинә

Жәмилә

Рәсуә

Жәйләу

Шәй

Кітәп

Рәзина

Жәмила

Рәсуа

Жайлау

Шай

Кітап



Сонымен қатар қазақ тілінде қосарлы дауысты дыбыстар да кездеседі. Олар: ю, я, ё.

Я,ю әріптері й+а, й+о дыбыстарының қосындысы болып келеді де қосарлы дыбыстар деп аталады.

Ю, я, ё, э әріптері көбіне орыс тілінен енген сөздерде кездеседі.

Мысалы: сюжет, ядро, электр, хореография


Үстеу

Shape41

Іс-әрекеттің мезгілін, мекенін, сын - қимылын білдіретін сөз табын үстеу дейді.

Сұрақтары: қашан? қайда? қалай?




Кемел кітапты тез оқиды. Алмас қазір келді. Түнде қар жауды.

Қашан? сұрағына жауап беретін үстеулерді мезгіл үстеулері деп атайды: күндіз оқиды, жаздай демалады.

Қайда? сұрағына жауап беретін үстеулерді мекен үстеулері деп атайды: жоғары көтерілді, ілгері жүрді.

ҚShape42


Ү с т е у



алай?
сұрағына жауап беретін үстеулерді сын- қимыл үстеулері деп атайды: тез оқиды, ақырын сөйлейді.

Shape46 Shape45 Shape44 Shape43


Негізгі




Туынды









Негізгі үстеулер түбір мен қосымшаға бөлшектенбейді. Мысалы: ерте, тез, жоғары, қазір, жылдам, шапшаң.

Туынды үстеулер екі түрлі жолмен жасалады:

1) жұрнақ арқылы,

2) кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы.



БАСҚА СӨЗ ТАПТАРЫ

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Бұрқ

Күрк

Жымың

Күлім

Тасыр

Ілгері

Жоғары

Ақырын

Аз

Көп

Ауһау

Құрау

Уһ

Бұрқыра

Күркіре

Жымыңда

Күлімде

Тасырлат

Ілгеріле

Жоғарыла

Ақырындат

Азсын

Көпсін

Ауһаула

Құраула

Уһле

Shape47


Етістік

(тұлғасына қарай)


0

Shape50 Shape49 Shape48

Shape52 Shape51


болымсыз




болымды





Shape54 Shape53

Shape56 Shape55


-ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе, емес, жоқ,арқылы жасалады










Түбір етістік

(ойнады, биледі)








Етістік іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай екіге бөлінеді:

1) болымды етістік; 2) болымсыз етістік.

Болымды етістік іс-әрекеттің орындалғанын, жүзеге асқанын білдіреді: оқы, жазды, айтқызды, орындады, сана.

Болымсыз етістік іс-әрекеттің орындалмағанын, іске аспауын көрсетеді.


Я әрпінің жазылуы

Я-қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йа дыбыстары естілгенімен, олардың орнына я әрпі жазылады.

Мысалы: қоян-қойан, аялдама, Аяулым

Сөздегі и әрпінен кейін а естілгенімен, я жазылады.

Мысалы: Жәния, мия.


Ю әрпінің жазылуы

Ю-қосарлы дауысты дыбыс. Сөзде йу дыбыстары естілгенімен, олардың орнына ю әрпі жазылады.

Мысалы: ою, қартаю, еңкею, шалқаю.

Сөздегі и әрпінен кейін у естілгенімен, ю жазылады.

Мысалы: аю-айу, қою-қойу, кию, қию.


И, й әрпінің жазылуы

И-дауысты, й-дауыссыз дыбыс.

И әрпі сөз басында және дауыссыз дыбыстан кейін жазылады. Мысалы: икемді, киік, қиын.

Дауысты дыбыстан кейін й әрпі жазылады.

Мысалы: үй, айна, қаймақ.

И дыбысының алдында ы, і естілгенімен олар жазылмайды: биыл (быйыл емес), киік ( кійік емес).

И қазақтың төл сөздерінде қосарлы ый және ій дыбыстарының қосындысы болып айтылады. бірақ жазылғанда жалаң и түрінде жазылады.


АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Жыйын

Қыйын

Тыйын

Ыйық

Кійім

Жиын

Қиын

Тиын

Иық

Киім



Ы, і әріптеріне аяқталған сөздерге тұйық етістіктің

у жұрнағы жалғанғанда ы, і әріптері түсіп қалады.

Мысалы: оқы+у=оқу, қобалжы+у=қобалжу, бекі+у=беку, жекі+у=жеку, ірі+у=іру, тоқы+у=тоқу, т.б.

Й, ы, і әріптеріне біткен сөздерге тұйық етістіктің

у жұрнағы жалғанғанда ю әрпі жазылады..

Мысалы: той+у=тою,, жай+у=жаю, байы+у=баю, кейі+у=кею,т.б.


У дыбысының дауысты, дауыссыз болып айтылуы

Дауысты дыбыстан

кейін және сөздің басында дауыссыз дыбыстан бұрын келген

у дыбысы дауысты болады:

жусан, сусын, умаждау.

Сөздің басында

дауысты дыбыстан бұрын және дауыстыдан соң келген

у дыбысы дауыссыз болады:

уыстау, қауын, ауыз.










У дыбысының жуан және жіңішке айтылуы

Сөздің жуан, жіңішкелігіне қарай сөз құрамындағы у дыбысы да жуан не жіңішке айтылады.




У әрпінің жазылуы

Сөздің жуан, жіңішке болуына байланысты

у дыбысы -ұу, не үу болып айтылады.






Мысалы, су (сұу), қуат (құуат), бару (барұу), білу (білүу) көңілдені (көңілденүу).


Shape57


Етістік

(тұлғасына қарай)




Shape59 Shape58


Shape61 Shape60


туынды




негізгі





Shape63 Shape62

Shape64 Shape65


Оқы, күт, кел




Биле, тазала, ақылдас







Етістік тұлғасына қарай екіге бөлінеді:

1) негізгі түбір етістік

2) туынды түбір етістік.

Негізгі түбір етістік етістіктің өзінен жасалады.

Мысалы,отыр, тұр, жүр, жатыр, оқы, кел, барды, жүгірді, жасаған, көрген.

Туынды етістік басқа сөз таптарына сөз тудырушы жұрнақ жалғау арқылы жасалады.

Туынды етістіктің жасалу жолдары



ЕСІМ СӨЗДЕР

ТУЫНДЫ ЕТІСТІК

Балта

Би

Бас

Үтік

Дамыл

Сән

Рух

Әдет

Көмек

Сыр

Пікір

Балтала

Биле

Баста

Үтікте

Дамылда

Сәнде

Рухтан

Әдеттен

Көмектес

Сырлас

Пікірлес



Shape66


Етістік

(құрамына қарай)





Shape68 Shape67

Shape70 Shape69


күрделі




дара





Shape72 Shape71

Shape74 Shape73


Оқып отыр. көріп жүр, ойнап жүр


Оқы, ойна, көр







Етістік құрамына қарай екіге бөлінеді:

1) дара етістік,

2) күрделі етістік.


Дара етістік бір ғана сөзден тұрады.

Мысалы:Жапырақтардың сыбдыры естіледі. Сөйлемдегі естіледі етістігі бір сөзден тұрған дара етістік.


Күрделі етістік екі не одан да көп сөзден құралады, бір мағынаға ие болады, бір сұраққа жауап береді, сөйлемнің бір ғана мүшесі болады.

Мысалы: Бала күліп жіберді. Бала күліп жібере жаздады. Бала күліп жіберуге шақ қалды.


Күрделі етістік құрамындағы бірінші сөз негізгі етістік болады да, негізгі мағынаны білдіреді. Кейінгі сөздер көмекші етістік болады.

Дауыссыз дыбыс


Shape75

Shape78 Shape77

Қатаң

Ұяң

Үнді



Shape81 Shape80 Shape79

Shape84 Shape83 Shape82


д, м, н, ң, р, й, з (у).


б, в, г, ғ, д, ж, з.

к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ч, ш, щ, ц.






Дауыссыз дыбыстардың түрлері

Өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырауы арқылы жасалған дыбыстар дауыссыз дыбыстар деп аталады. Дауыссыз дыбыстар үшке бөлінеді. Олар:

1) Қатаң дауыссыздар: к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ч, ш, щ, ц.

2) Ұяң дауыссыздар: б, в, г, ғ, д, ж, з.

3) Үнді дауыссыздар: д, м, н, ң, р, й, з (у).


Қатаң дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстар жұп құрайды.

Олар: п-б, ф-в, к-г, т-д, с-з, ш-ж. Бұл дыбыстар жұп құрауға қабілетті дауыссыз дыбыстар деп аталады.


Х, һ, ч, щ, ц дауыссыз дыбыстары жұп құрауға қабілетсіз дауыссыз дыбыстар болып табылады.

Ң әрпі ешқашан сөздің басында жазылмайды.


Б,ғ,д әріптері қазақтың төл сөздерінің соңында жазылмайды. В, ц, ч дыбыстары орыс тілінен енген сөздерде жазылады. Мысалы, вагон, циркуль, Чапаев, т.б.



Дауыссыз б мен п


Сөз соңында б естілгенімен, п жазылады.

Мысалы: қолғап, талап, жауап.

П дыбысы аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе, п дыбысы б-ға айналады.

Мысалы, мектеп-мектебі, қап-қабы, тап-табу.


Дауыссыз қ мен ғ

Қазақ тілінде ғ әрпі сөз соңында жазылмайды.

Қ-ға аяқталған сөзден кейін дауысты дыбыс келсе,

қ дыбысы ғ-ға айналады.

Мысалы, орақ-орағы, шақ-шағы, құлақ-құлағы.


Дауыссыз к мен г

Г әрпі сөз соңында жазылмайды. Сөз соңында к дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, к дыбысы г-ге айналады. Мысалы, түлік-түлігі, ирек-ирегі.

Дауыссыз л мен р

Қазақтың төл сөздерінде л, р дыбыстарының алдында ы, і дыбыстары айтылады, бірақ жазылмайды.

АЙТЫЛУЫ

ЖАЗЫЛУЫ

Ыриза

Ырақат

Ырас

Ірең

Ірет

Іреніш

Ылайық

Ылақ

Ылажсыз

Ылаңкес

Ілебіз

Риза

Рахат

Рас

Рең

Рет

Реніш

Лайық

Лақ

Лажсыз

Лаңкес

Лебіз


Есімдіктер құрамына қарай екі түрге бөлінеді:

1. Дара есімдік бір сөзден тұрады.

Мысалы, мен, олар, сендерсіңдер, дәнеңе, анау, бәрі, күллі, қашан, сол, өз, кей, т. б.

2. Күрделі есімдік екі түбірден жасалады: қосарлану арқылы.

Мысалы, әрне, әрқалай, әлдебіреу, әлдеқайдан, ешкім, т. б.



Етістік

Shape85

Етістік заттын қимылын, іс-әрекетін білдіреді.

Сұрақтары: қайтті? Не істеді? Не қылды?





Мысалы, Ертең ат шабады (қайтеді?), балуан күресді (не істейді?).

Shape86

Етістік түрлері



Shape96 Shape98 Shape97 Shape93 Shape94 Shape95 Shape92 Shape91 Shape90 Shape89 Shape88 Shape87

күрделі

туынды

болымсыз

негізгі

болымды

дара













ол

бұл

мынау

кім

өз

Менің

оным

бұным

мынауым

кімім

өзім

Сенің

оның

бұның

мынауың

кімің

өзің

Сіздің

оныңыз

бұныңыз

мынауыңыз

кімініз

өзініз

Оның

онысы

бұнысы

мынауы

кімі

өзі

Біздің

онымыз

бұнымыз

мынауымыз

кіміміз

өзіміз

Сендердің

оларың

бұларың

мынауларың

кімдерің

өздерің

Сіздердің

оларыңыз

бұларыңыз

мынауларыңыз

кімдеріңіз

өздеріңіз

Олардың

олары (онысы)

бұнысы

мынауы

кімдері

өздері


Есімдіктің тәуелденуі



Жіктеу, сілтеу есімдіктері септелгенде, мынадай ерекшеліктерді байқалады:

1) ілік, табыс, шығыс септіктері түбірдегі л, н дыбыстары түсіп қалады;

2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады;

3) көмектес септікте түбір мен қосымшаның арасында -ы, -і дәнекері пайда болады;

4) барыс септік жуандалып, л, н түсіп калған түбірге жалғау -ған түрінде жалғанады.

А.с

І.с

Б.с

Т.с

Ж.с

Ш.с

К.с

мен

ме-нің

ма-ған

ме-ні

мен-де

ме-нен

мен-і-мен

Сен

се-нің

са-ған

се-ні

сен-де

се нен

сен-і-мен

ол

о-ның

о-ған

о-ны

он- да

о-дан

он-ы-мен

бұл

бұ-ның (мұ-ның)

бұ-ған

бұ-ны (мұ-ны)

бұн-да (мұн-да)

бұ-дан (мұ-дан)

бұн-ы-мен

(мұн-ы-мен)

сол

со-ның

со-ған

со-ны

сон-да

со-дан

со-ны-мен



Буын Тасымал


Shape100 Shape99

Жазу жолына сыймаған сөз буынға бөлініп тасымалданады. Сөздің тасымалданбаған бөлігінен соң сызықша (дефис) қойылады













Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады: от, а-та, ме-ре-ке, бей-біт-ші-лік












Мысалы, дәп-тер, кө-гершін, көгер-шін.

  • Дауысты дыбыстар буын құрайды.

  • Тасымалдауға болмайтын сөздер:

1) Бір буынды сөздер: от, өрт, қант.

2) Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер.

Мысалы, о-рақ, ө-зен, а-ю, ұ-я, қи-я.

  • Й, ң, у екі дауыстының ортасында келсе, екінші буынның басында айтылады. Мысалы, қа-йық, жа-ңа, та-уық.





Мәтін

Shape101

Мәтін дегеніміз -жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу. Мәтін мағына жағынан өзара байланысты екі не оданда көп сөйлемнен құралады





Мәтін атауы тақырып деп аталады. Тақырып мәтінде не туралы айтылғанын көрсетеді.

Мәтін бірнеше бөлімнен құралады. Әрбір бөлім абзац деп аталады.


Оқиғаны ретімен баяндайтын мәтін әңгімелеу мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер іс-қимылды білдіреді. Сұрағы Не істеді?


Зат немесе құбылысты суреттеп, сипаттайтын мәтін сипаттау мәтіні деп аталады. Ол сөйлемдер заттың сынын білдіреді. Сұрағы: Қандай?


Оқиға, құбылыстардың себебін дәлелдейтін мәтін пайымдау мәтіні деп аталады. Сөйлемдер себебін ашып көрсетеді. Сұрағы: Неліктен?


Мәтінді қалай дұрыс көшіріп жазу керек?


  1. Сөйлемді оқы, мағынасын түсініп ал.

  2. Жазбас бұрын әр сөзді жазылуы бойынша айт.

  3. Жазу барысында сөзді іштей буынға бөл.

  4. Жазған әрбір сөзді үлгімен салыстыр.

  5. Мәтіндегі сөйлемдерді осылай жаз.




Есімдік

Shape102

Зат есім, сын есім, сан есімдердің орнына қолданылатын сөздерді есімдік дейміз.





Есімдіктер мен, сен, біз, сіз, ол, бұл, сол, кім, қанша, қайда, ешкім, әркім, әрқашан, әрқайсысы.

Жіктеу есімдіктері

Мен, сен, біз, сіз, ол сөздері жіктеу есімдіктері дейміз.

Есімдік есім сөздердің:зат есім, сын есім, сан есімнің,

орнына қолданылып, соларды нұсқап, меңзеп, сілтеп көрсетеді. Есімдіктер орынбасар сөздер деп те аталады. Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

1) жіктеу есімдігі;

2) сілтеу есімдігі;

3) сұрау есімдігі;

1. Жіктеу есімдігі заттық ұғыммен байланысты қолданылады. Олар: мен, сен, сіз, біз, (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктері үш жақта, жекеше және көпше түрде қолданылады.

2. Сілтеу есімдігі нұсқау, мегзеу, көрсету мағыналарын білдіретін бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, әне, міне, мынау, деген сөздер.

3. Сұрау есімдігіне жауап алу мақсатымен қойылған сұрау мәнді сөздер жатады. Олар кім? не? қандай? қай? қанша? неше? нешеу? нешінші? қайда? қайдан? қалай? қашан? қайдағы? т.б.





Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді:

1) дара сан есім

2) күрделі сан есім

1. Дара сан есім - бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер. Мысалы: үш, оныншы, елудей, ондаған, жүз, алтау, оннан, миллионыншы, алпыстап, жүздеп, т.б.

2. Күрделі сан есім:

а) екі немесе оданда көп түбірдің тіркесуінен: жиырма бес, қырық шақты, сексен алты, тоғыз бүтін алтыдан үш, үш ширек,жүз мыңдай, т.б.

ә) сөздердің қосарлануы мен қайталануынан: екі-екіден, жеті-сегіз, бес-алты, тоғыз-тоғыздан, жиырма-отыздай, бір-бірден жасалады.

б) сөздердің дыбыстық өзгеріске ұшырап кірігуінен жасалған күрделі сан есімдер: сексен - сегіз он, тоқсан - тоғыз он.

Сан есімдер мағынасына қарай 2 түрге бөлінеді:

1. Есептік сан есім заттың нақты санын, есебін білдіреді. Сұрағы: қанша, неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2. Реттік сан есім заттың саналу ретін білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді.

Есептік сан есімге төмендегі жұрнақтар жалғану арқылы реттік сан есім жасалады:

-ыншы-қырық тоғызыншы, алпысыншы, оныншы, т.б.

-інші - отыз бесінші, үшінші, елуінші, жүзінші, т.б.

-ншы - алпыс алтыншы, алтыншы, т.б.

-нші - қырық екінші, жетінші, т.б.



Есте сақтап жазуға дайындық.


  1. Мәтінді оқы. Не туралы оқығаныңды көзіңе елестет.

  2. Мәтіннен жазылуы қиын сөздері тап. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

  3. Мәтінді жаттап ал.

  4. Жаттаған мәтінді іштей қайтала. Сөздерді және тыныс белгілерін ойша «оқы».

  5. Жазу барысында сөздердің мағынасын ғана емес, олардың жазылуын да есте сақтауға тырыс.


Мазмұндама


Мазмұндама дегеніміз белгілі бір мәтіннің мазмұнын жазбаша түрде баяндап беру. Әңгіменің әр бөліміне қойылған ат мәтіннің жоспары болып табылады.


Сөз және оның құрамы


Shape103

Сөз - заттың, сапаның, қимылдың атауы.







Түбір сөз және туынды сөз

Shape104

Түбір сөзге жұрнақ қосылуы арқылы жасалған сөзді туынды сөз дейміз.




Мысалы: ерлік, татулық, жұмысшы.


Shape105

Туынды сөз

Shape107 Shape106


Shape109 Shape108

түбір

қосымша




Shape111 Shape110



Сөздің түбірге жалғанған бөлігін қосымша дейміз.


Сөздің бөлінбейтін мағыналы бөлігін түбір ( түбір сөз) дейміз.










Түбір сөздің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымшаларда жуан болады. Мысалы: жұмыс-шы-да


Түбір сөздің соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшаларда жіңішке болады: сурет-ші-лер


Қосымша жалғанғанда кейбір түбір сөздердің жазылуы өзгереді. Мысалы, кітап-кітабы, құйрық-құйрығы, әріп-әрпі.



Қарсы мәндес сын есім


Shape112

Мағыналары бір-біріне қарсы сын есімдерді қарсы мәндес сын есім дейміз







Мысалы, қалың-жұқа, ыстық-суық, жұмсақ-

қатты.


Сан есім

Shape113

Сан есім-заттың санын, саналу ретін, мөлшерін білдіретін сөз табының бірі.

Сұрақтары: қанша? неше? нешеу? нешінші?








Жамбыл жүз жас жасаған. (Неше жас? Жүз жас).

Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.(Нешеу?- төртеу, алтау).


Shape114

Сан есім

(құрамына қарай)





Shape116 Shape115


Shape118 Shape117

күрделі

дара


Shape120 Shape119


Shape122 Shape121

қанша? неше?

он бір, бес-бестен

қанша? неше?

бір, төртеу






Туынды сан есімнің жасалуы






Түбірлес сөздер

Shape123

Бір түбірден жасалған сөздер түбірлес сөздер деп аталады





Есім сөзден сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-лы, -лі, -ды, -ты,-ті,

-сыз -сіз,

-ғы -гі, -қы, -кі

-лық, -лік, дық, -дік, -тық, -тік

-шыл, -шіл

-шаң, -шең

дай, -дей, -тай, -тей

-кер, -гер

-қой, -қор

-паз, імпаз

-и, -ы, -і


Таулы, өнерлі, орманды, көрікті

Ормансыз, еңбексіз, ағашсыз

Қысқы, төменгі, ішкі, жазғы

Балалық, адамдық, жігіттік, жолдастық

Ойшыл, еңбекшіл.

Ашушаң, көйлекшең, сөзшең

Үкідей, жолбарыстай, баладай.

Етістіктен сын есім жасайтын жұрнақтар

Мысалдар

-ғақ, -гек, -қақ, -кек, -ақ,-ек

-ық, -ік, -қ, -к

-ғыш, -гіш, -қыш, -кіш

-ғыр, -гір, -қыр, -кір

-шақ, -шек

-ынқы, -іңкі, -ңқы, -ңкі.

-ынды, -інді, -ңды, -ңді

-малы, -мелі, -палы, -пелі, -балы, -белі

-ымды, імді, -ымды, -мді

-аған, -еген

-улы, -улі

-ма, -ме, -ба, -бе, па, -пе

Жабысқақ, тайғақ, бөлек,

Тұнық, бітік, сирек, ақсақ

Жүзгіш, айтқыш, жазғыш.

Алғыр, білгір, өткір, тапқыр.

Тартыншақ, сүріншек.

Басыңқы, салбыраңқы.

Жуынды, үйінді, жасанды.

Асырмалы, жаппалы, үрмелі, көшпелі.

Төзімді, қонымды, келісімді.

қап(б)аған, теп(б)еген.


Shape125 Shape124

Сөз мағынасын өзгертетін қосымшаны жұрнақ дейміз.


Түбір сөздің белгісі -

Shape127 Shape126

Жұрнақтың белгісі -




Қосымша белгісі -


Түбір сөзге жұрнақ та, жалғау да жалғана береді. Жұрнақ бұрын, жалғау жұрнақтан соң жалғанады. Мысалы, жұмыс-шы-лар, теңіз-ші-лер, еңбек-қор-ға

Shape128

Қосымша



Shape132 Shape129 Shape130

Shape134 Shape133

жұрнақ

жалғау



Shape140 Shape139 Shape136 Shape135 Shape137 Shape138

Shape141 Shape142 Shape143

Сөз тудырушы

Сөз түрлендіруші

көптік





Shape144 Shape145

тәуелдік

Сөз бен сөзді байланыстырушы қосымшаны жалғау дейміз.



Shape146 Shape147

жіктік

септік









Сөз және оның құрамы

Shape148


СӨЗ ҚЫЗМЕТІНЕ ҚАРАЙ


Shape149 Shape151 Shape150

Shape155 Shape154 Shape153






МАҒЫНАЛАРЫ ҚАРАМА-ҚАРСЫ СӨЗДЕР (АНТОНИМ)


АЙТЫЛУЫ ӘРТҮРЛІ, МАҒЫНАСЫ ЖУЫҚ, МӘНДЕС СӨЗДЕР (СИНОНИМ)

ДЫБЫСТАЛУЫ БІРДЕЙ, МАҒЫНАЛАРЫ БӨЛЕК СӨЗДЕР

(ОМОНИМ)







Shape158 Shape157 Shape156

Shape161 Shape159 Shape160

Батыр-ержүрек

алыс-қашық

сұлу-әдемі

Жоғары-төмен

ауыр-жеңіл

алыс-жақын


Ара (жәндік, еңбек құралы)



Shape163 Shape162

Shape165 Shape164

1.Ауылы алыс

2.Баратын жері қашық



Shape166 Shape167

1.Ара-пайдалы жәндік

2.Арамен кес


1.Жоғарыға қара

2.Төменге түс


Мәндес сөздер

Бір-біріне мәндес, мағыналас сөздерді мәндес сөздер дейміз. Олар бірінің орнына бірі қолданыла береді. Мысалы, абайлау, байқау; тұнық, мөлдір, таза; батыр, ержүрек; Өзеннің суы мөлдір, тұнық екен.

Қарама-қарсы мағыналы сөздер

Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздерді қарама - қарсы мағыналы сөздер дейміз. Жоғары-төмен, ауыр-жеңіл, алыс-жақын, үлкен-кіші.

Әртүрлі мағыналы сөздер

Дыбысталуы бірдей, мағыналары әртүрлі сөздерді әртүрлі мағыналы сөздер дейміз. Ол мағыналарының бір-біріне қатысы жоқ. Ара (жәндік), ара (еңбек құралы)



Сын есім құрамына қарай:

1) дара;

2) күрделі болып екіге бөлінеді.


Дара сын есім бір ғана негізгі немесе туынды түбірден тұрады. Мысалы: терең, шыдамды, удай, тәтті, тебеген, білімді, бойшаң, әдеби, т.б.


Күрделі сын есім: төмендегідей жолмен жасалады.


1) сөздердің қосарлануы: апалы-жезделі, жап-жасыл, аппақ, көкпеңбек, тәп-тәтті, тап-таза, жұп-жуас, т.б.


2) сөздердің тіркесуі: қоңыр ала, бидай өңді, торы төбел, тым ұзақ, ақ қара көк, қою қалың қара сақалды, ақ шулан, ақ шабдар, т.б.


Сын есім жасалуына қарай екіге бөлінеді:

1) негізгі сын есім

2) туынды сын есім


Негізгі сын есім ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде тұрады. Мысалы: көк, сыпайы, кермек, жабайы, таза, шабан, асау, жеңіл т.б.


Туынды сын есім екі түрлі жолмен жасалады:

1) есім сөздерге жұрнақ жалғану арқылы;

2) етістікке жұрнақ жалғану арқылы;




СShape168

Сын есім заттың сынын, түр-түсін, көлемін білдіретін сөздер.

Сұрағы: қандай? қай?

ын есім




Сын есімнің негізгі белгілері

Белгілері

Мысалдар

Сұрағы

Түрі

Түсі

Дәмі

Салмағы

Сапалы

Көлемі

Күйі

Затқа қатысы

дөңгелек (шар)

көгілдір (тау)

қышқыл (алма)

ауыр (жүк)

жұмсақ (нан)

үйдей (тас)

құрғақ (ауа)

шеткі (үй)

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қандай?

қай?


Shape169

Сын есім


Shape176 Shape177 Shape175 Shape174 Shape173 Shape172 Shape171 Shape170

туынды

негізгі

дара

күрделі











Shape178

СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНА ҚАРАЙ

СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУЫНА ҚАРАЙ



Shape179 Shape196 Shape195 Shape194 Shape193 Shape192 Shape191 Shape190 Shape189 Shape187 Shape188 Shape185 Shape186 Shape184 Shape182 Shape181 Shape180 Shape183

Көл-шік, қала-шық



Алатау, аққу, Қараой, алабұға, Есенгелді.

Көл, қала

Қос сөздер

Қысқарған сөз

Түбір сөз


Shape197

Біріккен сөз




Shape199 Shape198



Әке-шеше, ата-ана, бала-шаға, ақ-қара.



ТУ-134, кг, см, БҰҰ, педколедж, пединститут.



Shape200

Туынды сөз






Біріккен сөздер

Shape201

Кейбір сөздер түбірден құралады. Екі түбірден жасалған сөз біріккен сөз деп аталады.


Біріккен сөзді құрайтын түбірлер бірігіп жазылады. Мысалы: итмұрын, ақбөкен, тасбақа.

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы дауысты, ұяң, үнді дыбыстарға аяқталса, кейінгі түбірдің басындағы к,қ дыбыстары ұяңдап г,ғ болып жазылады. Мысалы, Амангелді, Ботагөз.

Адам аттарында алдыңғы түбірдің соңы қатаң дауыссыз дыбыстарға аяқталса, кейінгі түбірдің басындағы к,қ дыбыстары өзгеріссіз жазылады. Мысалы, Ырыскелді, Досқали.



Күрделі сөздер

Shape202

Екі немесе одан да көп түбірден жасалған сөзді күрделі сөз дейміз.




Мысалы, бозторғай, Сарыарқа, ауыл-аймақ.


Қос сөздер

Shape203

Кейбір сөздер екі сөздің қосарлану арқылы жасалады. Оларды қос сөздер дейміз. Жазуда қос сөздің арасына дефис(-) қойылады.






Мысалы, қора-қора, бүгін-ертең, әке-шеше..

Shape204

Бір түбірдің екі рет қайталануынан жасалған қос сөздер қайталама қос сөздер деп аталады.





Мысалы, сөйлей-сөйлей, күте-күте.

Shape205

Кейбір қос сөздер екі сөздің қосарлану арқылы да жасалады. Мұндай сөздерді қосарлама қос сөздер деп атайды.






Мысалы, ар-ұят, екеу-үшеу.

Shape206

Сөздің алдында күшейткіш буын қосу арқылы да қос сөздер жасалады. Мұндай сөздерді күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер деп атайды.






Мысалы,үп-үлкен, жап-жаңа. тіп-тік.



Тілімізде 7 септік жалғау бар.

Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.

Атау-кім? не?

Ілік-кімнің? ненің? -ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің.

Барыс-кімге? неге? қайда? -ға, -ге, -қа, -ке.

Табыс-кімді? нені? -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті.

Жатыс-кімде? неде? қайда? -да, -де, -та, -те.

Шығыс-кімнен? неден? қайдан? -нан, -нен, -тан, -тен, -дан, -ден.

Көмектес-кімнен? немен? -мен, -бен, -пен.


Көптік жалғау.

Көптік жалғау алты түрлі: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер.

Мысалы: оқушы-лар, үй-лер, қыз-дар, мектеп-тер т.б.


Жіктеу жалғау.

Жекеше: Көпше:

I жақ мен оқушы-мын I жақ біз оқушы-мыз

II жақ сен оқушы-сың II жақ сендер оқушы- сыңдар

II жақ сіз оқушы-сыз II жақ сіздер оқушы-сыздар

III жақ ол оқушы III жақ олар оқушылар


Тәуелдік жалғау

Жекеше түрі: Көпше түрі:

I жақ менің кітабым I жақ біздің кітабымыз

II жақ сенің кітабың II жақ сендердің кітаптарың

II жақ сіздің кітабыңыз II жақ сіздердің кітаптарыңыз

III жақ оның кітабы III жақ олардың кітаптары



Кімдер? - балалар, спортшылар, жүлдегерлер, әншілер, немерелер, аналар, орманшылар, ақсақалдар, әжелер, оқушылар, т.б.

Нелер? - журналдар, көгершіндер, орындықтар, бүркіттер, жылқылар, көлдер, таулар, дәптерлер, қаламдар, гүлдер, көліктер, т.б.



Зат есімнің түрлері



Жалқы



Жалпы


Негізгі


Туынды


жекеше


көпше

Орал,

Әсет

Қала,

ағаш

Тау,

бала

Көлшік,

ойыншық

Гүл, өзен

Гүлдер

өзендер


Shape209

Зат есімнің түрленуі


Shape210


Shape212 Shape213 Shape214 Shape215

Shape216 Shape217 Shape218 Shape219 Shape220 Shape221 Shape222 Shape223 Shape224 Shape225


Баламын,

баласың, баламыз.


Гүлдер, өзендер


Гүлім, қалам


Гүл, гүлдің, гүлге, т.б.

Зат есім жіктеледі

Зат есім көптеледі

Зат есім тәуелденеді

Зат есім септеледі



Shape227 Shape226






Зат есімнің сөйлемдегі негізгі қызметі - бастауыш пен толықтауыш, алайда зат есім түрленіп келіп барлық сөйлем мүшелерінің қызметін атқарады.



Сұраулы сөйлем

Бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем сұраулы сөйлем деп аталады.

Сұраулы сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылады.

2) сұрау есімдіктерінен және ма, ме, ба, бе, па, пе, ше, (мы, мі, бы, бі, пы, пі, ші) сұраулы демеулік шылауларының қатысуымен жасалады.

3) сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болады: бас жағы көтеріңкі айтылып, соңғы жағы бәсеңдемей, көтеріңкі қалыппен аяқталады;

4)сұраулы сөйлемнен соң сұрау белгісі қойылады.


Лепті сөйлем

Айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем лепті сөйлем деп аталады.

Лепті сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылады: күйіну, таңдану, өкіну, сақтану, сүйсіну, қорқу, қуану, қапалану, наразылық білдіргенде, т. б.

2) лепті сөйлем ерекше эмоциямен, сезіммен айтылады.

3) Лепті сөйлемдерден соң леп белгісі қойылады.


Бұйрықты сөйлем

Біреуге бұйыру не талап ету мақсатында айтылған сөйлем бұйрықты сөйлем деп аталады.

Бұйрықты сөйлемге тән негізгі белгілер:

1) біреуге бұйыру, талап ету мақсатында айтылады;

2) бұйрықты сөйлем етістіктің бұйрық райының 2, 3-жағында айтылады; 3)бұйрықты не шартты райға -шы,-ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалады.

4)бұйрықты сөйлемнен соң нүкте немесе леп белгісі қойылады.



Сөйлем мүшелері құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді.


Дара сөйлем мүшесі толық мағыналы бір сөзден болады. Мысалы: Аман жиналғандармен қысқа амандасты. Сөйлемдегі әрбір сөйлем мүшесі - бір ғана сөзден құралып тұрған дара мүшелер.


Күрделі сөйлем мүшесі күрделі сөзден, тұрақты тіркестен не сөз тіркесінен, шылаулы сөзден құралады. Мысалы: Еңбек Ері Ыбырай Жақаев екі рет Алтын Жұлдыз медалімен марапатталған еді.


Сөйлем мүшелері атқаратын қызметіне қарай тұрлаулы мүшелер және тұрлаусыз мүшелер болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлардың ішінде бастауыш пен баяндауыш сөйлем құрауға негіз болады, сондықтан тұрлаулы мүшелер деп аталады. Ал анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыштар өздігінен сөйлем құрай алмайды, тек берілген ойдың шеңберін кеңейтеді, сондықтан бұлар тұрлаусыз мүшелер деп аталады.

Shape228 Shape229

Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне бастауыш пен баяндауыш жатады. Олар сөйлемнің басты мүшелері болып есептеледі. Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді.

Сөйлемнің бастауыш пен баяндауыштан басқа мүшелері тұрлаусыз мүшелер деп аталады. Олар: Кімнің? Кімге? Ненің? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Қайда? Кімнен? Неден? Қандай?деген сұрақтарға жауап береді.














Сөз таптары

Сөз табы - лексика-грамматикалық сипаттары мен белгілері ортақ болып келетін сөздер тобы.



№



сөз таптары


1



Зат есім


2



Сын есім


3



Сан есім


4



Есімдік

5

Етістік

6

Үстеу

7

Шылау

8

Одағай



Зат есім

Shape230

Заттың атын білдіретін сөзді зат есім дейді. Зат есімдерге кім? кімдер?не?нелер? деген сұрақтар қойылады.







Мысалы: кім? - ана, ақын, етікші, жазушы, емші, оқушы, аспаз, ұстаз, ақылгөй, жәрдемші, т.б.

Не? - ауыл, қағаз, жылқы, керік, теледидар, қарындаш, нөсер, нәтиже, кітап, дәптер, т.б.



Shape231 Shape232 Shape233 Shape234 Shape235

ЗАТ ЕСІМ

Негізгі

Туынды







Shape236

Негізгі түбірден болған зат есімді негізгі зат есім дейміз.





Мысалы: ыдыс, кілем, көрпе, ағаш, мұз, т. б.

Shape237

Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған зат есімді туынды зат есім дейміз.





Мысалы:құлыншақ, үйшік, малшы, шеберхана т. б.


Туынды зат есімнің жасалуы

Есім сөздерден

Етістіктен

Аңшы, жұлдызшы, сынықшы

Әңгімеші, егінші, тергеуші

Адамшылық, аңшылық

таршылық, молшылық

Суретшілік, күйшілік

Балалық, кішілік

достық, әділдік

Талапкер, жүлдегер

Дәмхана, еңбекқор

өнерпаз, әуесқой

арбакеш,Қазақстан

Алым, бөлім

Сүзбе, кеспе

Бұрғы, сүзге

Айтыс, күрес

Тарақ, күрек

Сүйеніш, қуаныш

Боран, түйін

Көсеу, бұрау

Үйінді, шайынды

Сорғыш, көргіш

Түйреуіш, сылауыш



Сөз тіркестері

Shape238

Алдыңғы сөз соңғы сөзге бағына байланысқан екі не одан да көп сөздер тобын сөз тіркесі дейміз





Сөз тіркестерінің бірінші сыңары бағыныңқы, екінші сыңары басыңқы сыңар дейді.

Сөйлем

Shape239

Сөйлем дегеніміз әр алуан сөздердің өзара тіркесіп келіп, тиянақталған ойды білдіруі. Олардың құрамы да әртүрлі болады. Сөйлемді жеке сөз немесе немесе сөз тіркестері құрайды.






Сөйлемнің мынандай белгілері болады:

1. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді;

2. Сөйлем сөздерден құралады;

3. Сөйлемдегі сөздер бөлек жазылады;

4. Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады;

5. Сөйлем соңынан тыныс белгісі нүкте(.) не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.

Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай түрлері.


СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ



ХАБАРЛЫ

СӨЙЛЕМ



СҰРАУЛЫ

СӨЙЛЕМ


ЛЕПТІ

СӨЙЛЕМ


БҰЙРЫҚТЫ

СӨЙЛЕМ


Тоғай да бұл кезде кемеліне келіп толықсып тұрады.



"Есіл тасып барады" деген әнді естіп пе едің?


Шіркін, қарақат, тәтті де сұлу жеміс қой!


Атаның баласы болма, адамның баласы бол.


Shape240


СӨЙЛЕМ


Shape242 Shape241

ЗАТ ЕСІМ


Shape245 Shape246 Shape244 Shape243


Shape250 Shape251 Shape249 Shape248 Shape247

жалпы есім

жалқы есім


лепті


хабарлы


сұраулы


Shape252

Shape254 Shape253

Shape257 Shape256 Shape255

айтушының түрлі көңіл күйін білдіру мақсатында айтылған сөйлем


бір нәрсе жайында сұрап білу мақсатында айтылған сөйлем


хабарлау, баяндау, суреттеу

мақсатында айтылған сөйлем








Shape258 Shape259 Shape260

Shape263 Shape261 Shape262

Дала қандай тамаша!



Сабақ басталды ма?

Күн ашылды






Хабарлы сөйлем

Бір нәрсе жайында хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем деп айтамыз.

Хабарлы сөйлемге тән белгілер:

  1. хабарлау, баяндау, суреттеу мақсатында айтылады,

  2. хабарлы сөйлемде дауыс ырғағы бірте-бірте көтеріліп, соңына қарай бәсеңдейді,

  3. хабарлы сөйлемнен кейін нүкте (.) қойылады:

Қанат мектепке ерте келді






Shape270 Shape269 Shape268 Shape266 Shape267 Shape264 Shape265

жекеше

көпше

ЗАТ ЕСІМ

Бір тектес заттың ұғымдарын қамтитын атауларды жалпы есім дейміз.

Мысалы: өзен, көл, адам, құс, ағаш.

Жеке немесе дара заттарға берілген атауларды жалқы есім дейміз. Мысалы: Ертіс, Қызылтаң, Алатау.





















Shape271

Кім? Не? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді

зат есімнің жекеше түрі дейміз.







МShape272

Кімдер? Нелер? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді

зат есімнің көпше түрі дейміз.





ысалы: биші,аға, апа,тас,сауысқан, т.б.





Мысалы: биші,аға, апа,тас,сауысқан, т.б.



Shape273

Екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін сөйлемдер құрмалас сөйлем деп аталады







Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің мағыналық жағынан өзгешеліктерінің кестесі




ЖАЙ СӨЙЛЕМ



ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ



1. Жай сөйлем жеке бір ойды білдіреді


Құрмалас сөйлем күрделі ойды білдіреді


2. Жай сөйлем бір-бірінен айырым интонациясымен айтылады

Құрмалас сөйлемнің бірінші сыңары екіншісімен ұласпалы интонациямен айтылады

3. Жай сөйлем интонациялық жағынан тиянақты болады


Құрмалас сөйлемнің сыңары интонациялық жағынан тиянақсыз болады.


4. Жай сөйлем аяқталған ойды білдіріп, бір бүтін болып саналады

Құрмалас сөйлемнің алғашқы сыңары аяқталған ойды білдіре алмайды, бүтіннің бір бөлшегі болып табылады






Shape274



СӨЙЛЕМНІҢ ТҰРЛАУЛЫ МҮШЕЛЕРІ





Shape289 Shape290 Shape291 Shape292 Shape288 Shape287 Shape286 Shape285 Shape275 Shape284 Shape283 Shape282 Shape281 Shape280 Shape277 Shape279 Shape278 Shape276


Қимыл, іс-әрекет иесін білдіретін сөзді бастауыш дейді.

Бастауыштар

кім? кімдер? не? нелер? деген сұрақтарға жауап береді




Бастауыштың іс-қимылын білдіретін сөйлем мүшелерін баяндауыш дейміз.

Баяндауыштар

Не істеді? Не қылды? Қайтты? деген сұрақтарға жауап береді




Негізінен етістіктерден, кейде есім сөздерден жасалады




Көбінесе зат есім, есімдіктерден жасалады



Не істеді? Не қылды? Қайтты? деген сұрақтарға жауап береді



Кім? Кімдер? Не? Нелер? деген сұрақтарға жауап береді



Баяндауыш



Бастауыш



Іс, оқиғаның иесін білдіреді



Бастауыштың іс-қимылын білдіреді







Shape293

Тұрлаусыз мүшелер бастауыш пен баяндауышты анықтап, толықтырып, пысықтап тұрады. Тұрлаусыз мүшелерге толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш жатады.









  • Толықтауыш – тұрлаусыз мүшелердің бірі. Ол – сөйлемде іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтыру үшін жұмсалады.

Сөйлемдегі амал-әрекетті, іс-оқиғаны заттық мағына жағынан толықтырып тұратын тұрлаусыз сөйлем мүшесі толықтауыш деп аталады.

Толықтауыш болатын сөздердің негізгі белгілері:

1) атау мен іліктен басқа барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын меңгеріп тұрады;

2) толық мағыналы сөздер туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірінің тіркесуінен жасалады;

3) толықтауыш болатын сөз заттық мағынаға ие болады:

4) толықтауыш болатын сөз Кімге? Неге? Кімді? Нені? Кімде? Неде? Кіммен? Немен? Кім туралы? Не туралы? Кім жөнінде? Кім жайында? деген сұрақтарға жауап береді;

  • Тұрлаусыз мүшенің екінші түрі – анықтауыш. Сөйлемде зат есімнен не заттық ұғымда жұмсалатын басқа сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүше анықтауыш деп аталады.



Анықтауыш Қандай? Қай? Кімді? Неше? Нешінші? деген сұрақтарға жауап береді;



  • Пысықтауыш – тұрлаусыз мүшенің бір түрі.

Етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, қимыл-сын, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі пысықтауыш деп аталады. Сұрақтары: Қашан? Қалай? Қайдан? Қашаннан бері? Қанша? Қайтіп? Қалайша? Неліктен? Неге? Не үшін?


Пысықтауыштың негізгі белгілері:

1) іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, мөлшер, себеп, сын-қимыл жағынан пысықтап тұрады;

2) Қашан? Қалай? Қайда? Қайтіп? Неліктен? Неге? Не үшін? деген сұрақтарға жауап береді;

Пысықтауыш мағыналық жағынан алты түрге бөлінеді

1) мезгіл пысықтауыш 2) мекен пысықтауыш 3) мақсат пысықтауыш 4) амал пысықтауыш 5) себеп пысықтауыш 6) мөлшер пысықтауыш.


Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін сызықша қойылады.


Сөйлем мүшелерінің қатысуына қарай жай сөйлем бірнеше түрге бөлінеді:

1) жақты және жақсыз сөйлем;

2) жалаң және жайылма сөйлем;

3) толымды және толымсыз сөйлем.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
19 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1293
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі