жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілінен қосымша дидактикалық материал
Қазақ тілінен
2 сыныпқа арналған
жұмыс дәптері
Жұмыс дәптерінің спецификасы:
1.Тақырыбы: Қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі төмен оқушыларға арналған тапсырмалар топтамасы.
2.Мақсаты: Арнайы дайындалған тапсырмалармен жүйелі жұмыс түрлерін жүргізу арқылы үлгерімі төмен оқушыларға материалды меңгерту.
3.Міндеттері:1.Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын көтеру.
2. Қазақ тілі пәнінен оқушының білім деңгейін анықтау.
4. Тапсырмалар мазмұны: Тапсырмалардың қиындығы әр тақырып
бойынша үш деңгейде беріледі, мемлекеттік стандарт негізінде жасалған орта мектеп бағдарламасына сай бағыттағы тапсырмалардан тұрады. Бірақ бала үлгерімі ескеріліп, тапсырмалар міндетті түрде үлгісімен , бір-екі дұрыс жауабымен жалғастыру мақсатында беріледі.
5. Тапсырма жоспары: Әр сабақта 3 тапсырмадан орындайды.
6.
Күтілетін нәтиже:
1.
Қазақ тілі пәнінен меңгерілуі қиын
материалды міндетті деңгейде үйреніп
шығады.
2. Жекелей берілген тапсырмаларды
орындау арқылы үлгерімі төмен оқушылардың
білім сапасы артады.
3. Сауатты жаза
алатын , сөздік қоры молайған оқушы
тәрбиеленеді.
1-сабақ.
1 тапсырма
У дыбысының қай сөзде дауысты, қай сөзде дауыссыз етіп екіге топтастыр.
Ауа, тау, улы, айту, дауыс, тоқу, оқу, отау, сауысқан, егеу, керуен, сурет, елу, зәулім, сатушы, сусын, келу.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Оқушылар сер...нге шықты. 2. Қонақтардың қолына с... құйды. 3. Олар қолдарын ж...ды. 4. Қымыз – шипалы с...сын. 5. Аш...дастың емдік қасиеті көп.
2 тапсырма
Сый, тый және бұлардан таралған сөздер құрастыр.
Сый
Тый
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Күр...к,Ақт...бе,өск...ле...,күнд...з,ұз...н,үск...р...к,жұлд...з,түй...нш...к, күңг...рт,бүтт...ндей,құм...рсқа,қ...лақ,алаб...ға,б...лб...л,м...хит,ала...ай, та...ертең,к...тер...л...п.
3 тапсырма
Көп нүктенің орнына н, ң әріптерінің тиістісін қойып көшіріп жаз:
Еңбекті... на... ы тәтті, Жалқауды... жа... ы тәтті.
Ңғ, нг,ңг әріптерінің тиістісін қойып, сөздерді көшіріп жаз.
Жауы(ңғ, нг)ер, се(нг, ңғ)іш, бұры(нг, нғ, ңғ)ы, ша(нг, ңғ)ы, ә(ңғ, ңг)іме, үзе(нг, ңғ, ңг)і, қара(ңғ, нғ)ы.
2- сабақ.
1-тапсырма.
Сөздердегі
дауыссыз дыбыстарды
дөңгелет.
Үтір,нүкте,сызықша,тырнақша,жол,оқиға,сабақ,парақ,тақырып,мәтін.
2-тапсырма.
Төмендегі шарттарды орында
а)Жуан және жіңішке быунды сөздерді тап
ә) Қатаң,ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап
б)Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат
Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды.Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім.Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым.Аспаннан күн сәулесі түскенде,сен оны аппақ жарық ретінде көресің.Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл,қызғылт, сары,жасыл,көк,көгілдір,күлгін түсті болады.
3-тапсырма.
Төмендегі
сөздермен сөйлем құрастыр.
Үлгі:
Мен бесінші сыныпта оқимын.
Екінші,
жаңа, қызыл,барамын, ертең.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
3-сабақ.
1-тапсырма.
Берілген сөздерден сөйлем құрап жаз.
Аяғын, басады, әрең, құлыншақ
Адамға, пайда, құстар, келтіреді, көп.
Үйлер, көрінді, биік, алыстан.
Бар, кітаптар, қызық кітапханада.
2-тапсырма.
Сөйлем соңындағы ма, ме, па, пе, ба, бе бірге жазылама, әлде бөлек жазыла ма? Жақшаны ашып, дұрысын жаз.
1.Түскі тамаққа кешік(пе). 2. Орталыққа кеткендер келіп(пе). 3. Айтқанды түсіндің(бе). Қараңғыға қал(ма). 4. Күн суыттты(ма). 5. Әрқашан қатарыңнан қал(ма). 6. Қосымша сабаққа қалды(ма).
3-тапсырма.
Берілген сөйлемдерді лепті сөйлемдерге айналдырып жаз.
Ернардың жазуы әдемі. Әнші болсам ба екен? Менің туған жерімнің табиғаты сұлу. Мен көк аспанға самғайтын ғарышкер болғым келеді.
4-сабақ.
1-тапсырма. Ашық
буынға 10 мысал келтір.Ол жалғыз дауыстыдан
немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға
аяқталады. М:
а-на.
_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма.Сөздерге
тиісті жалғауларды қосып жаз.
Іні (-лар, -лер), қарындаш (-дар, -тар), терезе (-дер, -лер), ағаш (-дар, -тар), жіп (-тар, -тер), жүзім (-тер, -дер).
3-тапсырма.Берілген
сөздерді кестедегі орындарына жаз.
Әжелер, қояндар, бала, дәптер, жазушы, шелектер, шаңғы.
Кім?
Не?
Кімдер?
Нелер?
5-сабақ.
1-тапсырма.Төменде
берілген тұйық буынды сөздерді
аудар.
Он,ұн,ел,ән,аң,ол,ұлт,өрт,ет,үн.
.....................................................................................................
2-тапсырма. Төмендегі
етістіктерді оқып, сұрақтарын
қой.
Орындадым, барамын, көрдім,
көремін,жүгіремін,секіремін,
ойнайды,есептейді,сұрайды,келесің.
3-тапсырма. Осы
етістіктерден 3 сөйлем құрастыр.
Үлгі:
Мен үй жұмысын
орындадым.
.............................................................................................
..............................................................................................
6-сабақ.
1-тапсырма. Бітеу
буын мысалдарын толықтыр.
Нан,
шаң,қаң-тар,күз,
.......................................
...........................................................................................
2-тапсырма.Берілген
сөздерге жұрнақтар қосып жаз және
түбірмен жұрнақтарды белгілерімен
көрсет.
ас – аспаз сурет - суретші
ән - ... заң - ...
күй - ... сәулет - ...
жылқы
- ... зер - ...
3-тапсырма. Сөйлемдердің
бастауышы мен баяндауышын
тап.Үлгі: Армансабақ оқып
отыр.
Айнұр
сурет салып отыр. Мен жүгіремін. Біз
мұражайға барамыз. Сендер ән айтыңдар.
7-сабақ.
1-тапсырма. Сөйлемді дұрыс құрастыр.
Жылы, 2016, ол, салынған.
Арал, үлкен, көлдің, кіші, және, ортасы, бар.
Суы, тұзды, көлдің.
Келеді, жылда, мұнда, адамдар.
2-тапсырма. Жақша ішіндегі сұраққа жауап беріп, сөйлемдерді көшіріп жаз.
Алма ...(қайда?) өседі. Ай сәулесі суға ...(қайтті?). (Кім?) ... шелекке су құйды. Мерей ...(қандай?) кітаптарды көп оқиды. Самал ...(немене?) ойнады.
Керекті
сөздер: түсті, бақта, Әлижан, қызықты,
күшікті.
3-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімді
қойыңдар.
.. көз, .....нан, ......ет, .........көйлек, ..........сүт, ..............т.амақ, ..............сорпа, ......айран, ............бауырсақ,
Керекті сөздер: жұмсақ, жасыл, ақ, әдемі, жылы, дәмді, сұйық, тәтті,
8-сабақ.
1-тапсырма.Қатаң
дауыссыздарды жазып
шық.
П,С,Т.........................................................................................
2-тапсырма.
Керекті сөздермен сөйлемдерді аяқта.
Біз
ертең ................... Олар киноға
................. Айнұр ...........
сыныпта оқиды.
Мен ............... сыныпта оқимын.
Керек
сөздер: екінші, барамыз, барады,бесінші.
3-тапсырма.«Адасқан әріптер » ойыны. Дыбыстарды тіркестіріп сөз жасаңдар.
Р, О, Б (бор)
П, А, Т, І, К (кітап)
М, А, Л, А, Қ (қалам)
Р, Е, Т, П, Ә, Д (дәптер)
Ш, Ы, Ғ, З, Ы, С (сызғыш)
Ш, І, Г, Р, І, Ш, Ө (өшіргіш)
9-сабақ.
1-тапсырма.
Үнді дауыссыздардан тұратын сөз
жаз.
Үнділер:
р,л,м,н,ң,й
.................................................................................
................................................................................
2-тапсырма.
–ау,-еу жұрнақтарымен жинақтық сан
есімдер жаса.
Бір...., ек/і/....., үш....,
төрт...,бес...,алт/ы/....,жет/і/...
3-тапсырма. Сөздерді
салыстыра отырып , екі топқа бөліп жаз
.
Бейнекамералар , тоғай , сөз таптары , дауысты дыбыс , сағат , терезелер , ата ,бауыр , құстар , түбір .
---------------------------------- --------------------------------
---------------------------------------- --------------------------------
--------------------------------------- -------------------------------
-------------------------------------- ----------------------------
10-сабақ.
1-тапсырма.
Әсемпаз, мектеп, оқушы сөздеріне дыбыстық
талдау
жаса.
....................................................................................
.......................................................................................
.......................................................................................
2-тапсырма.
Жалқы есімдерге жататын кісі аттарын
жаз.
............................................................................................
............................................................................................
3-тапсырма.
Берілген көптік жалғаулары жалғанатын
сөздер тауып жаз. Неліктен сол сөзді
жазғаныңды дәлелде.
-тер
-дар
-лар
11-сабақ.
1-тапсырма. Сын есімдерді зат есімдермен байланыстырып жаз.
Жуас, таза, биік, сұйық, жүйрік, ұзын.
Үлгі:
жуас ат, ...
2-тапсырма. Жапырақтар
қандай болады?
Жапырақ
3-
тапсырма. Сұрақтардың орнына тиісті
сөздерді қойып көшіріп жаз.
Әселдің (қандай?) көйлегі бар. Мен (қандай?) кітап оқыдым. Бізге (қандай?) оқушылар көмектесті. Ауылда (қандай?) үйлер көбейді.
12-сабақ.
11-тапсырма.
Ұяң дауыссыздардан тұратын сөз жаз.
Ұяң:
б, в, г, ғ, д, ж, з.
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
2-тапсырма.
Сандарды сөзбен жазып, сөйлемді
көшір.
Ерасыл
9 жаста. Ағасы Азамат 11 жаста. Ал қарындасы
Назира 7 жаста.
3-тапсырма.
Сан есім + зат есім сызбасына 5 мысал
жаз.
Екінші
пәтер.............................................................................
13
– сабақ.
1-тапсырма.
Жақшадағы сөздерді сөйлемнің мазмұнына
қарай өзгертіп жаз.
Айдана(мектеп) барды. (Театр) адам көп. Ол (дүкен) нан алды. (Бала) аула тазалады.
2-тапсырма.
Денешынықтыру пәнінде қандай іс қимыл
жасайсың, етістіктермен
дәлелде.
....................................................................................................
...................................................................................................
3-тапсырма.
Сан есімдерге –ыншы, -інші жұрнағының
тиістісін жалғап өзгертіп жаз. Сонда
оларға қандай сұрақ қойылады?
Үш күн, екі ай, алты бала, жеті ата, тоғыз пәтер.
Үлгі: үш күн – үшінші күн, ...
Тіл және сөйлеу
1 нұсқа
Сөйлеу не үшін қажет?
а) ойнау ә) сөйлеу б) ән айту
Сөйлеу не арқылы жүзеге асады?
а)тіл ә) ауыз б) көз
Тіл арқылы не үйренуге болады?
а) білім алады, ғылымды үйренеді
ә) ойнайды, жүгіреді, көреді
Қай сөйлем дұрыс байланысып, жазылған?
а) Қыс қызығы басталды.
ә) Ұнады сабақ бәрімізге.
б) Кірді мектепке оқушылар.
Дұрыс буынға бөлінген сөзді тап:
а) құл-ын-шақ ә) құ-лын-шақ б) құ-лы-нш-ақ
6.Дұрыс тасымал жасалған сөзді тап:
а) ба-уырсақ ә) бау-ырсақ б) бауы-расақ
Төмендегі сөздердің қайсысы дұрыс жазылған?
а) кітаб ә) кітап б) кітәп
Бір буынды сөзді тап
а) жер ә) кітап б) күнделік
Екі буынды сөзді тап
а) тал ә) Отан б) жауқазын
Үш буынды сөзді тап
а) қала ә) балалық б) ақын
Мәтінде неше сөйлем бар?
Көктем келді. Күн жылынды. Жаңбыр жауды. Жер беті көгерді.
а) 5 ә) 9 б) 4
«Аққала» сөзінде неше дыбыс бар?
а) 3 ә) 5 б) 6
Мына сөздің дұрыс жазылуын тап.
а) жұлдүз ә) жұлдыз б) жұлдұз
Қазақ алфавитінде неше әріп бар?
а) 36 әріп ә) 40 әріп б) 42 әріп
Сөйлем неден құралады?
а) Сөзден ә) әріптен б) дыбыстан
Буынға дұрыс бөлінген сөзді тап
а) о – қу — шы ә) оқ – у – шы б) оқу — шы
Сөйлемдегі сөздер бір-бірінен қалай жазылады?
а) бөлек ә) бірге б) жұптасып
Жуан айтылатын сөзді тап
а) оқушылар ә) әншілер б) күйшілер
Жіңішке айтылатын сөзді тап
а) теңізшілер ә) малшылар б) доптар
Тиісті сөзді тауып белгіле
Біздің туымыздың түсі …
а) қызыл ә) ақ б) көгілдір
Дыбыс және әріпті қайталауға арналған тест сұрақтары
1 нұсқа
Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.
а) тау ә) сусын б) әуен
Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап.
а) қауын ә) сурет б) елу
Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
а) мал ә) бұлақ б) кітап
Ұяң дыбыстан басталған сөді тап.
а) ғарыш ә) ұршық б) парақ
Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.
а) бұзау ә) қозы б) лақ
Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) сайа ә) сая б) саий
Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?
а) Ұ ә) У б) Ү
8.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:
а) а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і. ә) а-я,у-ұ,о-е,и-ы б) ю-у,о-ө,с-з.
И қандай дыбыс?
а) дауысты ә) дауыссыз б) ашық
2 нұсқа
Дауысты дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) қалта В) етік С) шөп
Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) аспан В) әке С) бала
У дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.
А) улану В) уық С) уәде
У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.
А) сурет В) дәулет С) қурай
Қате жазылған сөзді тап.
А) сайман В) кйік С) ойын
Дұрыс нұсқаны белгіле
А) силық В) сиылық С) сыйлық
Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қоян В) қойан С) қойян
Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қойу В) қоу С) қою
Қатаң дауыссыздар қатарын белгіле
А) б, в, г, ж В) п, с, т, ц С) н, ң, р, л
Бірыңғай ұяң дыбыстардан тұратын қатарды белгіле
А) ч, ж, з, м
В) л, м, д, ф
С) ж, з, ғ, в
Мәтін
Мына ережеге сәйкес сөзді тап: … мағына жағынан өзара байланысты екі не одан да көп сөйлемнен құралады, Оған ат қоюға болады.
а) сөйлем
ә) мәтін
б) сөз
Мәтіннің қандай түрлері болады?
а) әңгімелеу, сипаттау, хабарлау
ә) пайымдау, сипаттау, лепті
б) әңгімелеу,сипаттау,пайымдау
Мына сөйлемдер мәтіннің қай түріне жатады?
Асан әдепті бала. Ол қара торы, бойы аласа, көзі қысынқы, шашы бұйра. Мінезі салмақты, қағылез, тіл алғыш. Сыныпта оқу озаты.
а) әңгімелеу
ә) сипаттау
б) пайымдау
Мына сөздер қай мәтіннің тірек сөздері болып табылады?
Қыс, қар, аяз, мұзайдын, шана, шаңғы, коньки, балалар, аққала, төбе, шырша.
а) Ақ баран ә) Қысқы ойындар б) Қыс
Сөйлемнің ережесін тап.
а) Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.
ә) Сөйлем бірнеше сөздерден құралады.
б) Сөйлемнен соң тек қана нүкте қойылады.
Сөйлемдегі сөздердің байланысын қалай тексереміз?
а) оқып тексереміз
ә) сұрақ қойып тексереміз
б) жазып тексереміз
Мәтін дегеніміз не?
а) Ұзақ бір сөйлем
ә) Мағына жағынан байланысқан екі не оданда көп сөйлем
б) Байланыспаған бірнеше сөйлем.
Мәтінді көрсет:
а). Отан
ә). Отан оттан да ыстық
б). Осы кең байтақ жерде әрбір адамның ауылы, көшесі, үйі бар. Ол –оның кішкентай Отаны. Осындай кішкентай жерлерден үлкен Отан құралады.
Мәтін дегеніміз не?
а) Сөйлем
ә) жазбаша немесе ауызша ойды жеткізу.
б) адамдардың хабарды жазып беруі.
Мәтіннің құрылымын көрсет
а) Басы
ә) басы, негізгі бөлім, соңы
б) соңы
Сөйлемді қайталауға арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
1. Сөйлем айтылу мақсатына қарай нешеге бөлінеді.
а)2 ә)3 б)4
2. Сұраққа жауап болып келетін сөйлемнің түрін тап.
а) сұраулы
ә) хабарлы
б)лепті
3. Лепті сөйлем дегеніміз не?
а) білу және жауап алу мақсатымен айтылған сөйлем
ә) адамның көңіл күйін, сезімін білдіретін сөйлем
б) бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлем
4. Нүкте қай сөйлемнің тыныс белгісі?
а) лепті ә) хабарлы б) сұраулы
5.Өлең мазмұнына қарай жұмбақталып тұрған қандай тыныс белгісі екенін тап. Қуану, ренжу, өкіну, Мақсатым – соны сездіру. Ұранды да
айтамын, Қарқындап барып қайтамын.
а) нүкте
ә) сұрау
б) леп
6. Сұраулық мағына беретін сөзді белгіле.
а) көтерді
ә) неге
б) айтпа
7. Сұраулық мағынада тұрған сөзді тап.
а) барма
ә) сүртпе
б) бар ма
8.Сұраулық мағына беретін сөз сөйлем ішінде қалай оқылады?
а) бірқалыпты
ә) бәсең дауыспен
б) көтеріңкі дауыспен
9.Лепті сөйлем қандай ойды білдіреді?
а) сұраулы
ә) лептік (өтіну, бұйыру, қуану, тілек, арман, сескедіру, ұран)
б) біреу, бір нәрсе туралы хабарлау
10.Қантқа сипаттама бер :
а) үлкен,ауыр
ә) тәтті,ерігіш
б) ақ,жеңіл
2-нұсқа
Мәндес сөздер қатарын белгіле:
А) қала, ауыл;
В) ақ, қара;
С) көрікті, сұлу.
Бірінің орнына бірі қолданыла беретін сөздер –
А) мәндес сөздер
В) әртүрлі мағыналы сөздер
С) қарама-қарсы мағыналы сөздер
Мағыналары қарама-қарсы сөздер қатарын белгіле.
А) ат, жылқы
В) арзан, қымбат
С) жол, жолаушы
4.«Терең» сөзіне қарама-қарсы мағыналы сөзді тап:
А) тұнық
В) шұңқыр
С) таяз
Қой – үй жануары. Кітапты орнына қой.
Сөйлемдердегі қарамен берілген сөздер – …..
А) дыбысталуы бірдей, мағыналы әртүрлі сөздер;
В) мәндес сөздер;
С) қарама-қарсы мағыналы сөздер.
«Қалың» сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөзді көрсет:
а) үлкен
ә) жұқа
б) жылы
Мақал-мәтелді толықтыр : Жақсы бала-қуаныш, … бала – өкініш.
а) жаман
ә) кішкентай
б) үлкен
«Әдемі» сөзіне мәндес сөзді көрсет :
а) сұлу
ә) жазық
б) айлакер
Төмендегі сөзге қарсы мәндес сөздер тауып жаз
Қатты-
Ауыр-
Кең-
Ақсақал, қария ( бұл сөздер қалай аталады?)
А) Мәндес сөздер
Ә) Қарама – қарсы мағыналы сөздер
Б) Әртүрлі мағыналы сөздер
Сөз құрамын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1 нұсқа
Түбір сөзді тап.
а) жаңалық
ә) күй
б) құрылысшы
Түбірге жалғанатын бөлік не деп аталады?
а) қосымша
ә) түбір
б) жалғау
Қосымшаның неше түрі бар?
а) 4
ә) 2
б) 3
Жұрнақ жалғанған сөзді тап.
а) көлдер
ә) батырлық
б) досым
Жалғау жалғанған сөзді тап.
а) зейнеткер
ә) қобызшы
б) гүлді
Түбірге жалғау мен жұрақтан бұрын қайсысы жалғанады?
а) жұрнақ
ә) жалғау
б) қосымша
Жұрнақ деген не?
а) сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша
ә) сөз мағынасын өзгертетін қосымша
б) түбір сөзге жалғанатын қосымша
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
1.жылы, құс, ұш, жақ.
Жалғау…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
10.Жұрнағы бар сөздерді белгіле.
а) биші
ә) балалар
в) іскер
2- нұсқа
1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін мағынасы бар бөлігі – ….. .
А) түбір
В) жалғау
С) жұрнақ
2.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша – ….. .
А) жалғау
В) буын
С) жұрнақ
3.Түбірлес сөздер қатарын белгіле.
А) оқулық, оқушы;
В) кітап, оқулық;
С) оқушы, шәкірт.
4.Сөз мағынасын өзгертпейтін қосымшаның атауын белгіле.
А) жалғау
В) жұрнақ
С) қосымша
5.Түбірге қосымшалардың жалғану ретін көрсет.
А) түбір + жалғау + жұрнақ;
В) түбір + жұрнақ + жалғау;
6.Түбір сөзді белгіле.
А) орын
В) бастық
С) атақты
7.Жұрнақ…
А) Сөздің мағынасын өзгертпейді
Ә) Сөздің мағынасын өзгертеді
8.Сөздерге тиісті қосымшаларды қосып, сөйлем құрастырып жаз.
Айгүл, бар, дүкен.
9.Мақалды аяқта
Оқу -білім …….., білім – өмір….. .
А. Бұлағы,шырағы
Ә. Асылы,өткелі
Б. Қайығы,бұлағы
10.Түбір дегеніміз не?
А.Сөздің одан әрі бөлінбейтін бөлігі
Ә. Сөзге қосылатын жалғауды
Б. Жұрнақсыз сөзді
Сөз таптарын қайталауға арналған тест тапсырмалары
1-нұсқа
Зат есім қандай сұрақтарға жауап береді?
а) қашан? қайда?
ә) кім? не?
б) неше? қанша?
Зат есімнің көпше түрін тап.
а) өсімдік
ә) кітап
б) ағаштар
Жалқы есімді тап.
а) құс
ә) Абай
б) орман
Жалпы есімді тап.
а) Тараз
ә) Іле
б) қайың
Етістік нені білдіреді?
а) заттың қимылын, іс-әрекетін
ә) заттың санын, сынын
б) заттың мөлшерін, көлемін
Етістіктің сұрақтарын тап.
а) қалай? қашан?
ә) не істеді? қайтті?
б) кімдер? нелер?
Күрделі етістікті тап.
а) жазды
ә) көрді
б) оқып отыр
Дара етістікті көрсет.
а) сүзіп жатыр
ә) оқып жүр
б) ойнады
Сын есім нені білдіреді?
а) Заттың түрін, түсін, сапасын
ә)заттың қимылын, іс-әрекетін
б) қимылдың қашан қайда болғанын
Сын есім қай сөз табымен байланысады?
а) етістікпен
ә) сан есіммен
б) зат есіммен
2-нұсқа
Қалың сын есіміне қарсы мағыналы сын есімді тап.
а) жіңішке
ә) жұқа
б) жуан
Сын есімнің сұрағын көрсет.
а) неліктен? қалай?
ә) қандай? қай?
б) қайтті, неғылды?
Қайсысы сын есім?
а) дала, құм
ә) ертең, биыл
б) жүйрік әдемі
Нешінші? Сұрағына жауап беретін сөзді тап.
а) жетінші
ә) тоғыз
б) жиырма
Сан есім қай сөз табымен байланысады?
а) етістікпен
ә) зат есіммен
б) сын есіммен
Сан есімнің сұрағын тап.
а) кім? не? кімдер? нелер?
ә) неше? қанша? нешінші?
б) қалай? қанша?
Сан есімді тап.
а) елік, емен
ә) елу, жетеу
б) бүгін, ертең
8.Заттың қимылын білдіретін сөз табы :
а) етістік
ә) сан есім
б) сын есім
9.Етістіктің сұрақтары:
а) кім? не?
ә) қандай?
Б) не істеді? не қылды?
10.Қимылды білдіретін сөзді көрсет :
а) оқыды
ә) гүл
б) жасыл
Павлодар қаласының №37 жалпы
орта білім беру мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Ә.М.Абдрахманованың « Қазақ тілінен
2-сыныпқа арналған жұмыс дәптеріне»
ПІКІР
Ә.М.Абдрахманованың ұсынып отырған «Қазақ тілінен 2-сыныпқа арналған жұмыс дәптері» атты әдістемелік құралы қазақ тілінен қосымша оқушылармен жеке жұмыс жасауға негізделген.
Мұғалім бұл құралды жасауда бастауыш сынып оқушыларын ана тілін оқытудың тиімді тәсілі-оларға тартымды, қызықты ойындар,тапсырмалар, ойын-жаттығулар беруді негізге алған.Оқушылармен жеке жұмыс жасауда грамматикалық ережелерді оқып-жаттап қана қоймай, қызықты тапсырмалар арқылы қазақ тілінен білім-білікті қалыптастыру, бекіту үшін дәптердің маңызы зор. Берілген жаттығулар, тапсырмалар баланың қызығып өз бетінше орындай алуына негізделіп құрылған.Тапсырмалар жүйесі деңгейлеріне лайықты жасалған.Оқушылардың тілдерін дамыту, сауатты жазу,сауатты сөйлеуге үйретеді.
Құрал әр оқушының өздігінен жұмыс істеуде қолданылады.
1-тапсырма. Бітеу
буын мысалдарын толықтыр.
Нан,
шаң,қаң-тар,күз,
.......................................
...........................................................................................
2-тапсырма.Берілген
сөздерге жұрнақтар қосып жаз және
түбірмен жұрнақтарды белгілерімен
көрсет.
ас – аспаз сурет - суретші
ән - ... заң - ...
күй - ... сәулет - ...
жылқы
- ... зер - ...
3-тапсырма. Сөйлемдердің
бастауышы мен баяндауышын
тап.Үлгі: Армансабақ оқып
отыр.
Айнұр
сурет салып отыр. Мен жүгіремін. Біз
мұражайға барамыз. Сендер ән айтыңдар.
1-тапсырма.
Үнді дауыссыздардан тұратын сөз
жаз.
Үнділер:
р,л,м,н,ң,й
.................................................................................
................................................................................
Дыбыс және әріпті қайталауға арналған тест сұрақтары
1 нұсқа
Дауысты у дыбысы бар сөзді тап.
а) тау ә) сусын б) әуен
Дауыссыз у дыбысы бар сөзді тап.
а) қауын ә) сурет б) елу
Қатаң дыбыстан басталған сөзді тап.
а) мал ә) бұлақ б) кітап
Ұяң дыбыстан басталған сөді тап.
а) ғарыш ә) ұршық б) парақ
Үнді дыбыстан басталған сөзді тап.
а) бұзау ә) қозы б) лақ
Дұрыс жазылған сөзді тап.
а) сайа ә) сая б) саий
Қандай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?
а) Ұ ә) У б) Ү
8.Жұп дауысты дыбыстар қатарын көрсет:
а) а-ә,ұ-ү,о-ө,ы-і. ә) а-я,у-ұ,о-е,и-ы б) ю-у,о-ө,с-з.
И қандай дыбыс?
а) дауысты ә) дауыссыз б) ашық
2 нұсқа
Дауысты дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) қалта В) етік С) шөп
Дауыссыз дыбыстан басталған сөзді белгіле.
А) аспан В) әке С) бала
У дыбысы дауысты болатын сөзді белгіле.
А) улану В) уық С) уәде
У дыбысы дауыссыз болатын сөзді белгіле.
А) сурет В) дәулет С) қурай
Қате жазылған сөзді тап.
А) сайман В) кйік С) ойын
Дұрыс нұсқаны белгіле
А) силық В) сиылық С) сыйлық
Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қоян В) қойан С) қойян
Дұрыс жазылған сөзді белгіле.
А) қойу В) қоу С) қою
Қатаң дауыссыздар қатарын белгіле
А) б, в, г, ж В) п, с, т, ц С) н, ң, р, л
Бірыңғай ұяң дыбыстардан тұратын қатарды белгіле
А) ч, ж, з, м
В) л, м, д, ф
С) ж, з, ғ, в
У - дыбысының жазылуы
У - әрпі кейде дауысты, кейде дауыссыз дыбысты білдіреді.
Уыс –дауыссыз, өйткені дауыстының алдында тұр.
Суға -дауысты дыбыс, екі дауыссыздың ортасында тұр.
Тауық -екі дауыстының ортасында келсе, дауыссыз дыбыс.
У дыбысына біткен қимылды білдіретін сөздерге у дыбыс қосылғанда екі у жазылады. Мысалы: Жуу, қуу, буу
Тапсырма
Берілген сөздердегі у қандай дыбыс екенін айт.
Уәзір, аудан, уыз, баяу, елу, саумал, зәулім, оқу, қурай, қауын, кесу, уық, сатушы, уыс.
Дауысты : __________________________________
Дауыссыз : __________________________________
Тапсырма
Берілген екі сурет бойынша екі бөлек әңгіме құра. Құраған әңгімелеріңде қандай ұқсастық және қандай айырмашылық болды, ол неге байланысты?
--------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
Кісінің атыҰя салмайтын құс
Жанғыш пайдалы қазба
Тағам түрі
... білім бұлағы
Жер қазатын құрал
Қыста ұйықтайтын жануар
Спорт түрі
Жәрдем жасау
Машина, автобус, трамвайдың жалпы атауы
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қой.
…ор, …иклон, …ертеж, тұ…ы, Гау...ар, … адиша, жи…аз, …оккей, қа….арман, пла…, …емпион, бор…, …ётка, кон...ерт, стан....ия, ....ифр, ...абар.
Тапсырма
ұ, ү дыбыстарына мысал келтір.
Мысалы: Ұядан, үйге, ұмытшақ, үйірсек.
* Мына сөздердің жазылуын есіңде сақта!
Тәрбиелейді, дағдысынша, баулиды, көгілдірі, баулудағы.
Тапсырма
Жұмбақты оқып, шешуін тап.
Қорада емес сарайда,
Аспанда емес тоғайда.
Отында жоқ кйеде,
Жылқыда жоқ, түйеде.
Қырда емес, сайда бар,
Құнанда жоқ, тайда бар.
Бұл жұмбақты шешетін
Тапқыр бала қайда бар?
Қай әріп? ........
Тапсырма
1.Берілген өлең жолдарынан ілік септігінің жалғауын тап.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің сарасы.
Бітпейді іштегі
Ғашықтың жарасы.
2. Көп нүктенің орнына н, ң әріптерін қойып, көшіріп жаз.
Адамны..., ананы..., қошақаны..., алақанны..., ауылды..., сананы..., жаманны..., түнні..., қолымны..., сезімі..., атаны..., баламны..., оқушымсы..., перзентімні..., балапаны..., арманымны....
Тапсырма
Төмендегі дауыссыз дыбыстардың ортасына оң жақтағы дауысты дыбысты араластырып, қосып оқыңдар. Сонда бір жұмбақ шығады. Шешуі не?
Ж П Н Д Б Р Н Р -
А а а і ә
С Б Р У З Ж Б Қ ,
Е а а ы а ы
Ш Л Р М З Г Л Н Д
А ы а е і і е
Б У Р Н Ж З П ,
А ы а ы
Ш Н Д Т Л П Ж Т -
І і е о ы о ,
К Н Қ З Н С Б Р ,
А а ы а ы а
Қ Р К Қ П П И Д -
О е ы а а
Л Н Р Т М М Х Л Қ ,
А а а а а ы
Сөйлем
Сөйлем бірнеше сөздерден құралады. Сөйлем аяқталған ойды білдіреді.Айтылу сазына қарай үш түрі болады. Сөйлемнен соң не нүкте (.), не сұрау белгісі (?), не леп белгісі (!) қойылады.
Тапсырма
Берілген сызба бойынша сөйлем құра.
________ __________ __________ .
__________ __________ __________ ?
__________ __________ __________!
Тапсырма
Берілген сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.
1. Біз баққа бардық. 2. Сәуле үшінші сыныпта оқиды. 3. М.Әуезов 1897 жылы туған. 4. Абай – ұлы ақын. 5. Ыбырай Алтынсарин балаларға арнап оқулық жазды.
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
Тапсырма
Жұмбақтар
Сидам аяқ, ұзын мойын:
Таң қаласың көрсең бойын.
Тілі - ұзын, жемі - тікен,
Мейірбан жуас айуан екен. (Керік)
Мүйізі бар тұмсықта,
Өте қатал мінезі.
Аяқтары қып-қысқа,
Сом денелі аң өзі. (Мүйізтұмсық)
Алшаң-алшаң басады,
Құйрығында шашағы,
Аң біткен одан қашады. (Арыстан)
Жұмбақтардың шешуі не туралы? Олар туралы баяндап бере аласыңба?
Тапсырма
«Балқарағай, омарташы, қанағат, ұсынылатын» сөздеріндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау
Үлгі:
«Балқарағай» сөзіндегі әріптерді пайдаланып, сөздер құрау
(Бал, қарағай, қара, бала, ағай, ара, ай, қар, балға, Арай, қарға, лақ, арал...)
Тапсырма
Тәуелсіздік жастар рухы ап келген,
Қазағыма бақыт берген, бақ берген.
Тәуелсіздік мерекеміз бүгінгі,
Мәңгілікке орын алшы нақ төрден.
өлеңдегі ойға назар аударып, қара сөзбен баяндап беріңдер. Қандай дыбыстар үндесіп тұр, неліктен деп ойлайсың?
Тапсырма
«Ұйқасын тап»
Өзінше ноян,
Қорқақ кім... (қоян)
Алмастан тыным,
Шабады ... (құлын)
Бата алмас түлкі,
Үсті тікен ... (кірпі)
Айбат шегер алыстан,
Аң патшасы ... (арыстан)
*Өздерің де осы үлгіде ойын құрастырып келіңдер.
Дидактикалық ойын
Мақсаты: Зат есім туралы түсініктерін кеңейте отырып, балалардың сенсорлық қабілетін (сипап сезу, иіс сезу, дәм сезу) дамыту.
Ойын шарты: Оқушының көзі байланады. Қорапшаның ішінен түйме, бор, бет орамал, алма, ермексаз, сақина т. б заттарды оқушылар кезек-кезек көзі байланып тұрған оқушыға ұстатады. Оқушы баланы да, затты да дұрыс таба білу керек.
Жұмбақ шешу
Белі қылдай, кең құрсақ,
Жұмыскер жәндік соны тап. (Құмырсқа)
Ызыңдауын қоймайды,
Қанға өмірі тоймайды. (Маса)
Ас көрсе-ақ болды жалайды,
Ауру содан тарайды. (Шыбын)
Жұмбақтың шешуінен нені аңғардың, олар туралы не айта аласың?
Жұрнақтар ойыны.
Қай жұрнақ жүр жайлауда?
Көп шалғынды қойнауда.
(сиыршы, қойшы, жылқышы, сауыншы)
Қай жұрнақ жүр құрылыста?
Қызып алған жұмыста.
(тас қалаушы, сылақшы, сүргілеуі)
Бір жұрнақ бар затқа қосылса,
Оның сапасына, сынына айналады.
(ат-ты, көрік-ті, еп-ті, қоным-ды...)
Шарада.
Бұрыл десем тезірек,
Түбірін тауып алдағы.
Ыс-ты жалға басына,
Пішініңді сал дағы,
Жаңа ұғымды табасың,
Оны біліп аласың. (бет-бұр-ыс)
Бір ақынның атында
Үш буын мен екі сөз.
Үш дауысты тірегі,
Айтшы кімдер біледі? (Тұ-ман-бай)
Етістікке ал деген,
Қоссам өлім жазасын.
Ертегіден, аңыздан,
Оны тауып аласың. (Ал-дар)
Сәйкестендіру тесті
1. Кім? 1.Сәкен, Ертіс, Байшұбар
2. Кімдер? 2. домбыра, гүл
3. Не? 3. оқушы , ана
4. Нелер? 4. әндер, құстар
5. Жалқы есім түрі 5. оқушылар, аналар
6.Жалпы есім түрі: 6. Қобыз, ән, құс
Тапсырма
Тұрақты тіркестердің мағынасын балама сөздермен ашыңдар.
Үлгі:
Аузына құм құйылды - аузын ашпау.
Жұлдызы қарсы -
Көз қырын салу –
Құрдай жэорғалау –
Дүние есігін ашу –
Жаны мұрнының ұшына келу –
Ат тонын ала қашты –
Тас бауыр –
Тапсырма
Суретке қарап, әңгіме құрап, сөйлемдегі зат есімдердің астын сыз.
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
_____________________________________________
Тапсырма
Өлеңнен зат есімдерді теріп жазып, мағынасын аш.
Мәз болады болысың
Мәз болады болысың,
Арқаға ұлық қаққанға.
Шілтірейтіп орыстың,
Шенді шекпен жапқанға.
Үйі мәз боп, қой сойды,
Сүйіншіге шапқанға.
Әуре қылды, салды ойран,
Үйдегі тыныш жатқанға.
Еш нәрсе емес жұбанар,
Ақыл көзбен баққанға.
Жас баладай қуанар,
Бір дәмдіні татқанға.
Үлгі:
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Өлеңнен таңдап алынған сөз
Түсініктеме
Болыс
Ел басқаратын адам. Өз қарамағындағы бүкіл халықтың қамын жейді. Оларға көмектеседі...
Тапсырма
«С»-дан басталатын сегіз сөз.
Ол сөздер төмендегі заттардың атауы болсын:
1.Сұйық зат
2.Зат немесе құбылыс атауы
3.Дақыл атауы
4.Жеміс аты
5.Қарудың аты
6.Жоғары оқу орнының оқушысы
7.Өсімдік атауы
8.Студентке төленетін айлық
С
С
С
С
С
С
С
С
Тапсырма
Қайсысы зат есім, қайсысы етістік?
Жақын қалды көмбе,
Бұл жерге оны көмбе!
Тапсырма
Сәйкестендіру тесті
1. Қандай? 1. таза
2. Қай? 2. ақылды
3. Негізгі сын есім: 3. қара
4. Туынды сын есім: 4. ойлы
Тапсырма
Тақырыпқа сай, тілдік қорын молайтуға, сөз мағынасын үйрететін ойын түрлері.
Мысалы: Үлгі.
«Өсімдік» сөзге байланысты, сонымен байланысқа түсетін сөздер.
Кәрі емен, селдір селеу, бұйра тал, шашақты қарағай, желекті сасыр, сұлу қайың, қайыспас емен, топтанған тобылғы, боз қараған, бұйра көкпек, иісті жусан, шашылған ши, мөлдіреген долана.
І
топ Бала..........................................................................................
ІІ
топ Құс..........................................................................................
Сан есім.
Заттың санын, ретін білдіретін сөздерді сан есім дейміз.
Қанша? Неше? алты, жеті, он бір.
Нешінші? бірінші, оныншы
Нешеу ? екеу, жетеу.
Дара сан есім: он, алты.
Күрделі сан есім: он бес, жиырма сегіз
Есептік: бір, екі, үш
Реттік: бесінші, алтыншы.
Тапсырма
Өлеңді оқып, сан есімдердің астын сыз.
Он саусақ
Жалғыз саусақ тіпте де,
Ұстай алмас жіпті де.
Екі саусақ бірікті,
Ине қолға ілікті.
Үш саусағым орамды,
Жүгіртеді қаламды.
Өнерлі екен он саусақ,
Қала салсақ, жол салсақ.
2. Өлеңді қара сөзге айналдыр.
Тапсырма
Сәйкестендіру тесті
1. Қанша? Неше? 1. жиырма сегіз
2. Нешінші? 2. екеу, жетеу.
3. Нешеу ? 3. жеті, он бір.
4. Дара сан есім: 4. он, алты.
5. Күрделі сан есім: 5. бесінші, алтыншы.
6. Есептік: 6. бірінші, оныншы
7. Реттік: 7. бір, екі, үш
Тапсырма
Сан есімге байланысты мақал-мәтел жаз.
1 ____________________________________________
2 ____________________________________________
3 ____________________________________________
Тапсырма
Лексикалық ойын.
Көп нүктенің орнына сан есімді қойсаң мақал толық шығады.
Білімді............... жығады, білекті............... жығады.
............ауыз сөздің тобықтай түйіні.
Етістік
Заттардың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді етістік дейміз.
Не істеді? Келді.
Қайтті? Кісінеді.
Неғылды? Ұшты
Негізгі етістік: біл.
Туынды етістік: шеге+ле, сап+а
Дара: оқы, кел.
Күрделі етісітік: оқып отыр, келе жатыр.
Болымды етістік: айт,бар, жүр
Болымсыз етістік: айтпа, барма, жүрме.
Тапсырма
Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрап жаз.
1.Айжан, бара жатты, Мәрия, мен, фермаға. 2.Олардың, ұша жөнелді, бір, үйрек, алдынан. 3.Ұшқан, жерге, олар, үйрек, келді. 4.Ұяда, жатыр, жері, жұмыртқа. 5.Олар, алмады, жұмыртқаны.
Етістіктерді тап. Олардың түбірін, қосымшасын тауып, мағыналық түріне ажырат. Соңғы сөйлемдегі сөздердің байланысын сызба арқылы көрсет.
Тапсырма
Өлеңнен адамның қимыл –қозғалысын бейнелейтін сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіруге тырыс.
Күлембай
Күштілерім сөз айтса,
Бас изеймін шыбындап,
Әлсіздің сөзін салғыртсып,
Шала ұғамын қырындап,
Сияз бар десе жүрегім
Орнықпайды суылдап...
Сыртқыларға сыр бермей,
Құр күлемін жымыңдап...
Жай жүргенде бір күні,
Үлгі:
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Өлеңнен таңдап алынған етістік сөз
Түсініктеме
Орнықпайды суылдап.
Суылдау сөзін көбіне шөптерге пайдаланады. Шөптердің салмағы болмағандықтан олар жел соқса да қасынан қатты жүгіріп өтсең де қозғалып кетеді. Бірақ бұл арадағы суыл адамның қорқақтығын айтып тұр.
Тапсырма
Он дара етістік жазыңдар. Біріншісі-бір, екіншісі-екі, үшіншісі-үш т.с.с оныншысы он әріптен, барлығы да «Е» әрпінен басталатын әр формадағы етістік болсын.
Ек
Тапсырма
Мақалдарды түсініп оқып, болымсыз етістіктерді тап.
Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.
Тапсырма
Сәйкестендіру тесті
1. Не істеді? 1. сапа
2. Қайтті? 2. оқып отыр
3. Неғылды? 3. айт,бар
4. Негізгі етістік 4. барма, жүрме.
5. Туынды етістік 5. оқы, кел.
6. Дара 6. оқыды
7. Күрделі етісітік 7. кісінеді.
8. Болымды етістік 8. ұшты
9. Болымсыз етістік 9. қаз
Тапсырма
Заттардың қандай әрекеті бар?
Үлгі.
Арық суы- сылдырап, күлімдеп, жүгіріп, ойнап, атқылап, шуылдап, ойнақтап, жарыса ағады.
Комбайн- орады, жинайды, шабады.
Мұғалім- айтады, түсіндіреді, оқиды, сүрайды, үйретеді.
Бозторғай-шоқиды, теріп жейді, сайрайды, ұшады.
Жел-
Бала-
Тапсырма
Антонимін тауып жаз.
К
Е
Ң
А
Р
А
З
Ж
А
Қ
С
Ы
Ж
А
Й
П
А
Қ
Е
Л
Г
Е
З
Е
К
Тапсырма
Жоғалса да атың,
Жоғалмасын атың.
Шашты олай өрме,
Тоғыз өрме қамшыны,
Бөтен кісіге берме.
Ж. Кәрімқызы.
Тапсырма
Мағынасы қарама-қарсы сөздерді жаз.
Жылы ____________ Биік___________________
Ақ ________________ Үлкен__________________
Жуан _____________ Ойық__________________
Тапсырма
Логогриф
Табиғаттың атауына қоссаң,
Егер бақаны
Ыстық жерде
Жәндік болып жатады. (тас-бақа)
Жоғарыда тұрағы,
Бәрін ойлап тұрады.
Қоссам егер бір буын
Кітап, журнал шығады. (бас-па)
Тапсырма
Жай сөйлемдерді жайылма сөйлемге айналдыр.
Оқушы келді. Жаңбыр жауды. Жел тұрды. Күн суытты.
Тапсырма
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жазыңдар.
Мирас … .2. Анасы жұмысқа …3. Балалар… жүр екен. 4. Назира … келді.
Керекті сөздер: келді, кетті, ойнап, мектептен.
Метаграмма
1.Ұ-дан бастасаң, темір түйген шебермін,
З-ны қоссаң, білім саған беремін. (...)
2. Әсем жермен, ұлы дүбір думанмын,
Қ-ны қоссаң пешке керек құралмын. (...)
3. Бұйырсаңыз, етістік боп кетеді,
С-ны қоссаң, айқасатын алаңда ол өтеді. (...)
Я, Ё, Ю дыбысы.
Жаңылтпашты оқы.
Ою ою ойым бар-ды,
Ойналмастан ойын қалды.
Орындалмай ойымдағы,
Ойылмады ою-дағы.
Орашолақ,
Олақпын ба,
Оя алмадым оюларды.
Жұмбақ шешейік.
Торпақта жоқ,
Қоянда бар,
Шортанда жоқ,
Шаянда бар.
(........................)
Тапсырма
Қарамен жазылған сөздермен сөйлем құра.
____________________________________________
____________________________________________
3. Мақал-мәтел жаттайық. Мағынасын түсіндір.
Әдептілік, ар -ұят - адамдықтың белгісі.
Тапсырма
Мақал- мәтелдің соңын тап.
1. Әрбір ғалым – хаким емес, әрбір хаким -……………................................
2.Досы жоқпен сырлас, досы көппен……………………................................
3. Шәкіртсіз ғалым-………………………………………...............................
4. Сақалын сатқан кәріден, еңбегін сатқан бала…………............................
Тапсырма
Кері мақалды, нақыл сөзді кім түзейді?
1. Әкесінің баласы адамның дұшпаны емес,
Адамның баласы бауырың емес.
2. Егер ісім өнсін десең, ретін тап па.
3. Мимен асқан қардан, бақпен асқан патша артық.
Қайғысызға жақ бол, қайғылыға сақ бол.
5. Адам баласына адам баласының бәрі- қас.
Ойлан тап.
Төмендегі тор көздердегі әріптердің ішінен киіз үйдің жабдықтарының атын оқи аласыздар.
Тапсырма
Берілген басқы және соңғы дыбыстарды пайдаланып, төмендегі тор көзге лайықты сөз жаз.
к
ө
м
е
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
К
к
к
Тапсырма
«ҒА» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.
ТА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
ҒА
Тапсырма
«ҒАҚ» буынына аяқталатын екі буынды зат есімді тауып жаз.
ЖАҢ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
ҒАҚ
Тапсырма
Шақпақ санына қарай әр түрлі буынды сөзді тауып, төмендегі баспалдақты толтыр. Әр буында екі ғана дыбыстың болуын ескер.
ЕК
АЙ
НА
Тапсырма
Төмендегі сөздердің мағынасын түсіндіріп бер.
Үлгі:
Оймақ мыстан не теріден жасалады. Тігіншілер саусағына ине батпауы үшін, кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады.
Оймақ
Саптама
Кебеже
Тошала
Құймақ
Қазы
Күлпара
Қылыш
Қорамса
Үлгі:
«Екі жақты түсініктеме күнделігі» стратегиясы
Мағынасын ашатын сөз
Түсініктеме
Оймақ
Мыстан не теріден жасалады. Тігіншілер саусағына ине батпауы және кірмеуі үшін саусақтарына киіп алады
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.
1. “Қазақ тілі дидактикалық материалдар”. Алматы. Атамұра.1999 жыл
Б.Сайлаубаева. Қазақ тілінен оқу дидактикалық құрал.
Ана тілім–азығым, адастырмас қазығым. М.Шәбжантайқызы. Көкшетау.2002 жыл.
«Айгөлек» журналы №3. 2009 жыл
«Менің алғашқы әліппем» Алматы. 2006 жыл
Г.Х. Сейсекенова. «Қазақ тілінен әдістемелік құрал» 2007 жыл
Ж. Кәрімқызы «Қазақ тілінен дидактикалық жаттығулар» Алматы. «Өлке» 2001 жыл.
20
‹›
1.
Әңгіме не жайында?
2. Балалардың
істеген ісітерінің қайсы дұрыс, қайсы
дұрыс емес?
3. Неге?
4. Сендер осылай
жасай аласыңдар ма?
Проблемалық сұрақтар қою арқылы сабақты қорытындылау.
Неге
сендер Асан жаман іс-әрекет жасады деп
ойлайсыңдар?
Не себепті Үсеннің
іс-әрекетін жақсы деп ойлайсыңдар?
Екеуінің
арасында қандай айырмашылықтар мен
ұқсастықтар байқайсыңдар? Бұл әңгімеден
өздеріңе не түйдіңдер?
Мұғалімнің қорытынды сөзі.
Адам баласы жақсы қасиеттерді бойына сіңіру керек. Сендер де осы Үсен секілді батыл, қамқоршы бола алуларың керек.
Мұғалім: Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз – қазақ тілі мемлекеттік тіл деп бекітілді. Қазақстан Республикасының “Тіл туралы Заңы” күшіне енді. Ана тілінсіз іс өрге баспайды. Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз. Ендеше, ана тілімізді құрметтей білейік!
Көрініс «Ауылдағы ата мен қаладағы немеренің әңгімесі»
Жарлыбай атайдың Аслан есімді немересі жазғы демалыста ауылға қыдырып келеді:
Асалаумагалейкум, ата! Калыныз калай?
Жақсы балам, өзіңнің жағдайың қалай?
Нормально
Ой, балам не болды? Біресе қазақша сөйлеп, біресе орысша сөйлеп.
Ия, ата! Мен орыс класында окимын. Сол себепті казакша дурыс сойлей алмаймын.
Өз ана тіліңді білмегенің ұят болады, балам. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атаң айтқандай, тек бір ғана тіл емес, үш тілді қатар меңгеруге көңіл бөліп жатыр емес пе. Ендеше, саған өз ана тіліңді демалыс біткенше үйретейін.
Жарайды, ата! Ендеше, бүгіннен бастайық.
Сұрақ – жауап:
Осы көріністен не ұқтыңдар?
Атасы балаға қандай көмек берді?
Осы әңгімені қозғау арқылы бүгінгі сабағымыз не туралы болмақ деп ойлайсыңдар?
Мағынаны тану.
Балалар, бүгін көрініс желісіне ұқсас, Алтай Аманжоловтың «Әке тәлімі» әңгімесімен танысамыз.
Топтастыру
Оқулықпен жұмыс:
ДЖИКСО стратегиясы (Әңгіме үш топқа бөлініп оқылады, талқыланады.)
1-топ: Басынан бастап, «… болып кетеді екен» жеріне дейін.
2-топ: «Жасымда …» жерінен бастап, «… шыдап бақтым» жеріне дейін.
3-топ: «Өз үйімнің …» жерінен бастап, аяғына дейін.
Сұрақ — жауап: (шыршада ілінген ойыншықтардағы сұрақтарға жауап береді.)
Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
(қазақ тілінде әңгімелесті, қазақ тілінде жазылған әдеби кітаптарды оқытты, мазмұнын айтқызды, түсініксіз сөздермен сөздік жүргізді)
Көп тіл білу не үшін керек деп ойлайсың? Қандай тілдерді үйренгілерің келеді?
(қазір дамыған заман. Келешекте көп тіл білсең, кез-келген жұмысты оңай алып кетуге болады. Сондықтан, көп тіл білудің артықшылығы жоқ.)
Алтайды әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
(шыдамдылыққа, қиындыққа төзе білуге, өтірік айтпауға)
Сөздікпен жұмыс: «Т» кестесі
Теория |
Анықтама |
Өзім құралпы |
Өзіммен жасты |
Жамбасы жерге тимеу |
Күрескенде ешкіммен жеңілмеген |
Міз бақпау |
Қозғалмау |
Ізім-қайым |
Із-түссіз жоқ болу, жоғалу |
Өгей бала |
Тумаған бала |
1. Ой толғаныс.
Тапсырмалармен жұмыс:
1-топ: «Венн» диаграммасы
Көгілдір түс — бейбітшіліктің, ынтымақтың белгісі. Ендеше көгілдір түстегі топ осы әңгіменің өзімізге «өмірлік сабақ» болатын жаман жағы мен жақсы жағын атап көрсетуі керек.
Жаман жағы Жақсы жағы
2-топ: «Екі
түрлі түсініктеме» күнделігі
Қызыл
түс —
жеңіске деген жігерді, құлшынысты
білдіреді. Оқушылар таратылып берген
парақты ортасынан вертикаль сызықпен
бөледі. Мәтінді оқу барысында:
Оң жағы |
Сол жағы |
Мәтіннің қатты әсер еткен тұстарын, үзінділерді жазады. Мысалы: Әкесінің баласына өзінің ана тілін үйретуі. |
Мәтіннен жай әсер еткен тұстарына, үзінділерге өз пікірлерін жазады Мысалы: Баласы үйіне жылап кіргенде әкесі бірден көңілін сұрап, ақылын беру керек еді. |
3-топ: Эссе жазу
Сары түс – адамды болашаққа бағыттайды, жаңалыққа талпындырады, жеңілдік пен қуаныштың белгісі. Оқушылар «Менің әкем» тақырыбында қысқаша эссе жазады.
Үйге тапсырма.
«Әке тәлімі» мәтінін оқып, түсінгенін айту.
Әңгіме мазмұнына жоспар құру.
Бағалау.
1. Өз тілін нашар білген баланы әкесі қалай үйретті?
2. Көп тіл білу не үшін керек деп ойлайсың? Қандай тілдерді үйренгілерің келеді?
3. Алтайды әкесі тағы қандай жақсы қасиеттерге тәрбиеледі?
Көрініс «Ауылдағы ата мен қаладағы немеренің әңгімесі»
Жарлыбай атайдың Аслан есімді немересі жазғы демалыста ауылға қыдырып келеді:
Асалаумагалейкум, ата! Калыныз калай?
Жақсы балам, өзіңнің жағдайың қалай?
Нормально
Ой, балам не болды? Біресе қазақша сөйлеп, біресе орысша сөйлеп.
Ия, ата! Мен орыс класында окимын. Сол себепті казакша дурыс сойлей алмаймын.
Өз ана тіліңді білмегенің ұят болады, балам. Президентіміз Н.Ә.Назарбаев атаң айтқандай, тек бір ғана тіл емес, үш тілді қатар меңгеруге көңіл бөліп жатыр емес пе. Ендеше, саған өз ана тіліңді демалыс біткенше үйретейін.
Жарайды, ата! Ендеше, бүгіннен бастайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген