Қазақ тілінен қосымша жаттығу тапсырмалары. 4 сынып.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Қазақ тілінен қосымша жаттығу тапсырмалары. 4 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілінен қосымша жаттығу тапсырмалары. 4 сынып. Тақырыбы "Денсаулық - зор байлық". Лексикалық және грамматикалық тапсырмалары бар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Салауатты өмір салты.

1.Мәтінді түсініп оқып, кестені толтыр.

ДPicture 1 енсаулық адам өміріндегі ең асыл дүние. Оны сақтап, күту әр адамның өзіне байланысты. Әрқашанда адамдар салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. Салауатты өмір салтына дене шынықтыру, спорт, табиғатта серуен, таза ауада жүру жатады. Ол үшін әрқайсымыз дене тәрбиесімен айналысамыз, дұрыс тамақтанамыз, жат әрекеттерден аулақ боламыз.

Етістік

Зат есім

Сын есім

Есімдік





2. Сөз тіркестеріндегі көп нүктенің орнына тиісті сөз таптарын қойып жаз.

Адам өміріндегі ең қымбат дүние ... . ...адамдар салауатты өмір салтын қалыптастыру керек. ... – зор байлық. Денсаулық жақсы болу үшін спортпен .... . Тазалық пен санитария шараларын ...

3.Берілген тірек сөздер бойынша шағын мәтін жаз.

Дұрыс тамақтану, салауатты өмір салты, қалыптастыру, дене тәрбиесі, тазалық шараларын сақтау, жақсы болу үшін, денсаулық.

4. Бұрыс жазылған сөйлемдерді дұрыс сөйлемдерге айналдыр.

Таза жаттығу пайдалы денсаулыққа ауада өте. Денсаулық – ең сыйы табиғаттың қымбат. Жақсартады айналысу денсаулықты спорпен. Үшін зиянды аулақ салауатты қалыптастыру өмір әрекеттерден боламыз салтын.

5. Жоғары көрсетілген сөз таптарының сұрақтарын пайдалана отырып, сұраулы сөйлемдер құрастыр.

6. Денсаулық туралы қорытынды жаса.

Қандай аргументтердің көмегімен өз жауабын негіздейсің?

Аргументтер---------------------------------------------------

2 сабақ

Денсаулық – табылмас байлық.

«Дені саудың – жаны сау» дейді қазақ мақалы. Денсаулықты сатып ала алмайсың. Оны тек өзіңнің тынымсыз еңбегің арқылы ғана табасың. Тек табанды еңбек арқасында қайратты боласың, ұзақ жасайсың, сарқылмас денсаулықтың қызығын көресің. Ауру, шаршау дегенді атымен білмеймін. Суға шомылғанды жақсы көремін. Билегенді өте ұнатамын.

1. Мәтіннің негізгі мазмұны бойынша бірнеше сұрақ құрастыр.

2. Сөздерге тиісті қосымшаны жалға.

Сіз денсаулықты сатып ала алмай ды

Мұрат еңбек арқасында қайратты бола мыз

Сен ауру дегенді білмей сыз

Біз билегенді ұната сің

3. Төмендегі сөйлемдердің дұрыс-бұрысын тексер.

Дені сау адам ұзақ жасайды. Денсаулықты сатып алуға болмайды. Ауру адамның денсаулығы қайратты. Салауатты өмір сүрген адамның денсаулығы өте нашар. Денсаулық – зор байлық емес.

4. . «Кім жылдам?» ойыны. Бір оқушы мәтіннен етістікті тауып айтады, ал екінші оқушы сол сөзден етістіктің шағын жасайды, ал үшінші оқушы сол сөзден сөйлем құрайды.

5. Мақал- мәтелдерден есімдіктерді тап.

Өзі тазаға бәрі таза. Дені сауға бәрі сау. Ешкім екі рет жас болмас. Біреуді төсек жазады, біреу жатқаннан азады. Өзіне жаны ашымағанның өзгеге жаны ашымайды. Әр күннің өз таңы бар, әр таңның өз қамы бар.

6 . Егер менің денім сау болсын десем, не істеуім керек? Сұрағына жауап бере отырып, пайымдау мәтінін құрастыр. Өзіңнің жазғаның мен досың жазған мәтінді салыстыр. Олардың ұқсастығы мен өзгешелігін ажырат.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.11.2021
1227
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі