жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары
Сабақтың тақырыбы: Біріккен сөздердің жазылуы
Сабақтың мақсаты:
-
Біріккен түбірлердің дыбыстық құрамы мен айтылуында, соған сәйкес жазылуында болатын өзгерістермен таныстыру; айтылуы бойынша және түбір тұлғасын сақтап жазылатын біріккен сөздерді айыра білуге үйрету.
-
Қатесіз жазу дағдыларын арттыру; сөздік қорларын дамыту.
3.Ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,
практикалық.
Сабақтық барысы:
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Үйден орындап келген жаттығу жұмыстары тексеріледі. Біріккен сөздер туралы білімді меңгеру деңгейлерін тексеру.
-
Біріккен сөздер дегеніміз не, олар қалай жазылады?
-
Біріккен сөздердің туынды түбір, түбірлес сөздерден қандай айырмашылығы бар?
-
Неге күрделі сөздер деп аталады?
-
Біріккен сөздердің құрамындағы түбірлердің бастапқы мағынасы өзгере ме?
II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Бұл сабақтарда түбір тұлғасын сақтап және дыбыстық өзгеріске түсіп бірігетін, айтылуы бойынша жазылатын біріккен сөздермен танысады.
1-жаттығу
жер-су аттарын білдіретін біріккен сөздерде қатар келген екі
дауысты дыбыстың сақталып жазылатынын меңгертуге
арналған.
Сары+ағаш, Сары+арқа,
Сары+өзек, Жаңа+өлке, Әулие+ата біріккен
сөздерін сөз құрамына талдатқызып, содан соң тақтаға жазылады.
Алғашқы түбірдің қандай дыбысқа аяқталып, келесі түбірдің қандай
дыбыстан басталып тұрғанына назарларын аудару. Бірігіп жазу кезінде
екі дауысты дыбыстың да сақталатынына көздерін
жеткізу.
2-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін пысықтауға арналған. Біріккен сөздерді тауып, оның ішіндегі Қараүңгір сөзінде екі түбірдің арасында дауысты дыбыстың сақталып жазылғанын айтады.
3-жаттығу арқылы, керісінше, адам аттарындағы қатар келген екі дауысты дыбыстың бірі түсіріліп жазылатынын біледі:
Қожа +Ахмет-Қожахмет, Жұма + Әділ -Жұмәділ, Әбді+Ахмет — Әбдахмет, Мыр-за +Ахмет - Мырзахмет, Жылы + Айдар - Жылқайдар.
4-жаттығу біріккен сөздер туралы алған білімдерін тереңдете түсуге арналады. 5-жаттығу күрделірек тапсырмалардың қатарына жатады. Сөз тіркестерінің мағыналарын анықтап, олардың қай уақытта біріккен сөз ретінде жұмсалатынын ауызша түсіндіріп айтады.
Мысалы: Ақ сақал +сақалдың түсін, яғни ағарғанын білдіріп тұр.
Ақсақал - үлкен қария кісі.
Ақбоз ат - аттың түсін білдіріп тұр.
Ақбозат - жұлдыз атауы.
Бота көз
- көздің ботаның көзіне ұқсайтындығын, яғни үлкендігін
айтып тұр. Ботакөз - қыздың аты,
т.с.с.
Келесі сабақта біріккен сөздердің жазылуына арналған. Адам аттарында алғашқы түбір дауысты, ұяң, үнді дыбыстарына аяқталып, кейінгі түбірдің басындағы қ, к дыбыстары ұяң болып айтылса, г, ғ әріптері жазылатындығы, қатаң болып айтылса, қ, к әріптері жазылатындығын меңгертуге арналған жаттығулар берілген. Яғни, екінші сыңары қ, к дыбыстарынан басталатынын, кісі аттарының естілуі бойынша жазылатынын естерінде қалдыру керек. Бұл ережені қалай меңгергендіктерін 2-жаттығуды орындату арқылы байқауға болады.
3-жаттығу
бойынша түбірлері сақталып жазылған біріккен сөздерді
бір бөлек, айтылу қалпын сақтап, дыбыстық өзгеріске ұшырап біріккен
сөздерді бір бөлек жазады.
4-жаттығу сөздердің біріккен сөз немесе жай сөз тіркесі екенін ажырата білуге үйрету үшін берілген.
Бірінші
сөйлемде қара көз - сөз тіркесі, бұл жерде
көздің түсін білдіріп тұр. Екінші сөйлемде
Қаракөз
— қыздың есімі және бірігіп жазылады.
Мұндай біріккен сөздер мен сөз тіркестері тілімізде көп кездеседі.
Тағы
басқа да көптеген мысалдар
келтіріп, айыра білуге дағдыландыру керек.
5-жаттығу екі түбірдің арасындағы үндестік заңын анықтауға арналған.
Сабақтың тақырыбы: Қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
-
Қос сөздер туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру; қос сөздердің екі түрлі сөдің өзара қосарлануы арқылы жасалып, жаңа ұғым тудыратынын ұғындыру; сөйлем ішінен қос сөздерді таба білуге, оның мағынасын ажырата алуға үйрету.
-
Сөздік қорларын дамыту.
3.Бір-біріне көмекке әрқашанда дайын болуға
тәрбиелеу.
Сабақтың
әдісі: әңгімелесу,
салыстыру, оқулықпен
жұмыс, жаттығу.
Сабақтың барысы:
Өтілген материалды тексеру, қайталау. Күрделі сөздер туралы алған білімдері еске түсіріледі. Күрделі сөздердің бірігу, тіркесу, қосарлану арқылы жасалған түрлеріне мысалдар келтіріледі. Мұндай сөздер екі сөзден құралғанымен, екеуі бірігіп бір ғана мағынаны білдіріп, бір сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын айтады. Күрделі сөздің жалаң сөзден айырмашылығын айтқызу.
Күрделі сөздің
өздеріне таныс түрі біріккен сөзді де естеріне
түсіріп,
қайталай кеткен жөн. Біріккен сөздердің жасалуы, жазылу емлесі мысалдар
арқылы нақтыланады.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қос сөздің тұлғалық ерекшелігі мен жасалу жолындағы айырмашылығын таныту мысалдарды салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Қос сөздердің тілімізде жаңа сөз жасаудағы басты тәсіл екендігіне оқушылардың көздерін жеткізе түсіндірген жөн.
Мысалы: Бет-аузын екі білегімен кезек-кезек сүртті.
Бұл сөйлемдегі бет-аузын, кезек-кезек сөздерін басқа түсті бормен жазып қойған жөн.
-
Сөйлемдегі басқа түспен жазылған сөздердің құрамы қандай?
-
Қалай жасалып тұр?
-
Бетін сүртті деп айтсақ, қандай мағынаны білдіреді?
Бетін сүртті
немесе аузын сүртті деп, бұларды жеке-дара күйінде айтсақ, тек бетін
не аузын сүртіп қойғанын аңғарамыз. Ал бет-аузын сүртті деп қосарлап айтсақ, жалпы жинақтау, көптік мағынада жұмсалғанын білеміз. Сөйтіп, бет-аузын дегенде оған маңдай да, бет те,
мұрын да, ауыз да, иек те жатады. Демек, екі
сөз қосарланып келгенде, олар жеке айтылуына қарағанда, кең
ұғымды
білдіреді. Сол сияқты кезек сөзінің түбір тұлғада білдіретін бір ғана
қимылдық ұғымын кезек-кезек деп қосарлап айтылғандағы көптік ұғыммен салыстыра түсіндіру
керек.
Кезек-кезек дегенде, қимылдың әлденеше рет қайталанғанын білдіреді.
Сол сияқты гүрс
етті, бір заттың
құлағанын білдіреді, гүрс-гүрс етсе,
құлаудың бір рет емес, бірнеше рет, үсті-үстіне
болғанын білдіреді.
Қос сөздердің мағыналарына осылайша жан-жақты талдау жасату арқылы екі түбір қосарланып келсе, екінші бір жаңа мағыналы сөз туатыны туралы қорытынды жасалады.
Осындай дайындық жұмысынан кейін оқулықтағы жаттығу жұмыстары арқылы ары қарай білімдері кеңейтіледі.
1-жаттығуда берілген қосарланып жасалған күрделі сөздердің құрамындағы түбір сөздердің жеке тұрғандағы мағынасы мен жаңа сөз жасалғаннан кейінгі мағыналарын оқушылар салыстыра отырып түсіндіреді. Олардың қалай жасалғанына, арасына қойылған дефиске назарларын аудару. Екі сөздің қосарланып айтылуынан жасалған сөздің қос сөз деп аталатынын оқушылар өздері қорытындылап айтады.
2,5-жаттығулардың барлығы оқушылардың қос сөздер туралы білімдерін тереңдетуге арналған. Олар қос сөздерді сөйлем ішінен табады, мағыналарын анықтайды, сөйлемдер құрастырады, біріккен сөздермен салыстырады. 5-жаттығу арқылы қос сөздерді тауып, тыныс белгісін өздері қойып үйренеді.
Сынып оқушыларының деңгейіне қарай мұғалім өз беттерінше орындайтын жұмысты, үйге берілетін тапсырманы өз қалауынша таңдап алады. Әртүрлі мысалдар орындау арқылы қос сөздердің тілімізде жиі қолданылатынына және олардың тұлғалары мен беретін мағыналары да сан түрлі екеніне, сөздің әсерлі бола түсетініне көздерін жегкізеді.
Сабақтың тақырыбы: Қайталама қос сөздер. Қосарлама қос сөздер. Күшейткіш буын арқылы жасалатын қос сөздер
Сабақтың мақсаты:
-
Қос сөздердің жасалу жолының түрлерімен таныстыру; бір сөздің
қайталануынан, екі түрлі сөздің қосарлануынан, күшейтіш буын арқылы
жасалатын қос сөздерді ажырата білу; олардың әрқайсысының білдіретін
мағыналарындағы айырмашылықты аңғара білуге үйрету. -
Қос сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрастыра алу дағдыларын дамыту.
-
Эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, практикалық.
Сабақтың барысы:
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Үйден орындап келген тапсырмалары бойынша талдау, тексеру жұмыстары жүргізіледі. Қос сөздер туралы алған білімдері тексеріледі.
- Қос сөздердің біріккен сөздер, сөз тіркесінен қандай айырмашылығы бар?
- Қос
сөздердің тілімізді байытуда қандай маңызы бар?
Оқушыларға қос сөздерге
байланысты әртүрлі тапсырмалар беріледі.
Қос
сөздерді жай сөздерге, жай сөздерді кос сөздерге айналдырады,
қос
сөздердің мағынасын анықтайды, жеке сөздерден қос сөздер
жасайды.
II. Жаңа сабақ бойынша істелетін жұмыс.
Қос сөздердің жасалу жолы әртүрлі. Бұл сабақтарда бір сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қосарлануы және күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздермен танысады.
1-жаттығу қайталама қос сөздер туралы түсініктерін қалыптастыру үшін берілген. Сылдыр-сылдыр, сыбдыр-сыбдыр, күрт-күрт, сырт-сырт қос сөздерінің бір сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалып тұрғанын айту оқушыларға қиындық әкелмейді. Бұл жаттығуды орындағаннан кейін оқушылар қайталама қос сөздің не екенін қорытындылап айтып бере алады. Оқушылар бір сөздің қайталануы арқылы жасалған қос сөздерге көптеген мысалдар келтіреді. Қайталама қос сөздердің мағынасы жеке тұрған кездегі мағынасымен салыстырылады.
2-жаттығуда оқушылар сөз тіркесі мен сол сөздің екі рет қайталануы арқылы жасалған қос сөздің мағынасын салыстырады. Сол арқылы қос сөздердің сөйлемнің мағынасын байытудағы рөліне көздерін жеткізеді.
3-жаттығуда берілген мәтін арқылы оқушылар түйені қалай шақыратынын, шөгеретінін, жайылымға шығаратынын үйренеді, сонымен қатар ол сөздердің қайталама қос сөздер арқылы жасалғанын біледі. Жаттығудың негізгі мақсаттарының бірі - қос сөздерді тауып, тыныс белгісін қоя білуге үйрету.
4-жаттығу мағынасы ұқсас қос сөздерді таба білуге үйретуді көздейді. Жаттығудағы мағынасы ұқсас қос сөздер: алуан-алуан, түрлі-түрлі; кір-кір, лас-лас; ала-ала, жолақ-жолақ; оқтын-оқтын, жиі-жиі; тоз-тоз, өрім-өрім. Сынып оқушыларының деңгейіне қарай жұмысты жалғастырып, осындай мағынасы ұқсас қос сөздерді оқушылардың өздеріне де тапқызуға болады.
5-жаттығуды оқушылардың жаңа сабақты қалай меңгергендерін тексеру мақсатында өздік жұмыс ретінде ұсынуға болады.
6-жаттығуда қос сөздердің мағынасын түсіндіруге көңіл бөлінгені дұрыс. Бұл қос сөздер оқушылардың сөздік қорларында үнемі қолданыла бермейді. Қос сөздерді дұрыс қолдана білу үшін оқушылар сөйлемдер құрастырады.
Қайталама
қос сөздермен танысқан оқушылар келесі сабақтың
1-жаттығуын орындау барысында қос сөздердің екі түрлі сөздің
қосарлануынан жасалып тұрғанын байкайды. Бұл жаттығуды орындағаннан
кейін оқушылар қосарлама қос сөздерге анықтама береді. Сондай-ақ
күшейткіш буын арқылы
жасалған қос сөздермен де танысады. Бұл
сабақтар алдыңғы сабаққа ұксас
жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбы. Қысқарған сөздер
Сабақтың мақсаты:
-
Қысқарған сөздердің тұрмыста жиі қолданылып жүрген таныс, жеңіл түрлерімен, олардың қысқартылу жолдарымен таныстыру; қысқарған сөздерді толық атауымен айтқызып жаттықтыру; басқа күрделі сөздерге қарағанда қандай ерекшелігі барын ұғындыру; қысқарған сөздерге қосымшаның жалғану тәсілімен таныстыру.
-
Күрделі сөздер туралы білімдерін ары қарай толықтыру; қысқарған сөздерді дұрыс оқуға дағдыландыру.
-
Сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: түсіндіру, талдау-жинақтау, жаттығу.
Сабақтыц барысы:
Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
Қос сөздер, олардың жасалу жолдары туралы алған білімдерін тексеру. Мысал келтіре отырып, дәлелдеулерін талап ету.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Қысқарған
сөз - сөз құрамының түбір сөз, қосымша, туынды сөз, біріккен сөз,
қос сөз сияқты түрлерінен өзіндік ерекшелігі мол, оларға ұқсамайтын
тұлға. Туынды сөз, біріккен сөз, қос сөз жаңа сөздер жасайды. Жаңа
қоғамның тууымен, экономиканың өркендеп, техниканың
жетілуіне байланысты
жаңа ұғымдар мен атаулар пайда болды.
Қысқарған сөздер түрлі мекеме, ұйым
орындарының, құрал-жабдықтардың аттарын білдіретін күрделі ұғым
екенін айту.Қысқарған сөздің күрделі тұлғасы мен қысқарғаи түрін
түсіндіруде
оқушыларға күнделікті кездесіп жүрген, мағынасы таныс сөздерді
мысалға алу керек. Олардың қысқартылу жолдары
таныстырылады.Дайындық жұмысы кезінде бірнеше сөзден құралған
мемлекет,ұйым, мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының атаулары толық
түрінде жазылады да, содан кейін олардың қысқартылған түрі
келтіріледі.
III. Оқулықпен жұмыс
1-жаттығуда қысқарған сөздердің қандай
тәсілмен қысқартылып тұрғаны айтылады.Кейбір күрделі сөздерді
қысқартып айтудың қандай маңызы бар
екені төңірегінде оқушылардың өздері ойланып көргені
дұрыс.
2-жаттығудағы қысқарған сөздердің толық атаулары: МАИ Мемлекеттік автомобиль инспекциясы, АҚШ - Америка Құрама Штаттары, см - сантиметр, педкеңес - педагогикалық кеңес. Толық атаулары жазылғаннан кейін күрделі сөздердің қалай қысқартылғанын өздері айтып береді.
3-жаттығуда қысқарған сөздерге
қосымша жалғап жазуды үйренеді:
ХШЖК-не,
ЖШС-на. Басқа жаттығулар да қысқарған
сөздермен таныстыруға арналған. Қысқарған сөздерді дұрыс оқуға да
үйрету керек. Ұзындық, салмақ, уақыт өлшемдерінің қысқартылған
түрлерімен оқушылар математика пәнінен таныс. Өлшем бірліктері де
еске түсіріліп, олардың да қысқарған сөздерге жататыны
айтылады.
Қысқарған сөздердің 2-сабағында қысқарған сөздерге қосымшаның жалғануы тәсілімен танысады. Жалғау соңғы дыбыстың әріптік атауына сәйкес жалғанады. Сондай-ақ бірнеше сөзден тұратын атаулардың бәрі бірдей қысқартыла бермейтіні және қалай бола солай, әркімнің қалауынша қысқарта беруіне болмайтыны туралы жаттығуларды орындау барысында ескертіледі.
Күрделі атаулардың қысқартылу жолдары жеке-жеке көрсетіліп, арнайы түсіндірілмейді. Бірақ жаттығулардағы қысқарған сөздердің қалай қысқартылып тұрғанын оқушыларды қатыстыра отырып, түсіндіре кету керек (басқы әріптерінен, басқы буын мен қалған сөздерінің бас әріптерінен, басқы буындарынан, т.б.).
Сабақтың тақырыбы: Зат есім
Сабақтың мақсаты:
-
Зат есім туралы алған білімдерін саралап, жинақтау, одан әрі тереңдету.
-
Оқушылардың сауатты жазу дағдыларын жетілдіру; оқушылардың сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеу дағдыларын одан әрі дамыту.
-
Тілді құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: қайталау, сұрақ-жауап, жаттығу.
Сабақтың барысы:
Зат есім 2-сыныптан бері оқытылып келе жатқан тақырып. Зат есім туралы алған білімдерін тереңдете отырып, 4-сыныпта зат есімнің септелу жүйесін және септік жалғауларының емлесін меңгерту, сөйлеу кезінде септік жалғауын дұрыс қолдана білуге үйрету мақсаттары көзделеді. Сондай-ақ зат есімнің жіктелуі туралы түсінік беріледі және олардың, көпше түрімен танысады. Осы тақырыптарды бастамас бұрын бұл сабақта зат есімге қатысты берілген ұғымдарды еске түсіру үшін жаттығулар беріледі.
1-жаттығу негізгі, туынды зат есімдерді еске түсіруге арналған. Сөйлем ішінен негізгі, туынды зат есімдерді табады. 2-жаттығу арқылы жалпы, жалқы есімдерді қайталайды. Жалқы есімдердің бас әріппен жазылатынын естеріне түсіреді. 3-4-жаттығулар бойынша екпінділер,мал, қол сөздерін пайдаланып, әртүрлі зат есімдер жасайды. 5-жаттығуда негізгі зат есімдерден туынды зат есімдер жасап жазады. Зат есім тудыратын жұрнақтар туралы арнайы тақырып өтілмесе де, балалар күнделікті өмірде естіп жүрген сөздері болғандықтан, бұл сөздерден туынды зат есімдер жасай алады. Мысалы: құлыншақ, қалқатай, тұлымшақ, төбешік, ботақан. Бұл жерде тұлым деген сөздің мағынасын калай түсінетіндіктерін сұрау керек.
6-жаттығу төмендегідей орындалады. Оқушылар әртүрлі нұсқалар айтуы мүмкін.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің септелуі
Сабақтың мақсаты:
-
Зат есімнің көптік жалғауы, тәуелдік жалғауы, жіктік жалғауы туралы алған білімдерін пысықтау. Зат есімнің септік жалғауы туралы жалпы мағлұмат беру.
-
Зат есімді септей білу дағдыларын қалыптастыру.
-
Сабақ барысында ізгілік, кішіпейілділік, мейірімділік сияқты адами қасиеттерді қалыптастыру.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім
Сұрақ-жауап әдісі арқылы зат есім жайлы алған білімдері пысықталады. Осыдан кейін зат есімнің жалғауларына тоқталу.
а) Зат есімнің көптік жалғауы туралы алған білімдерін төмендегі кестені толтырту арқылы еске түсіру ұсынылады.
ә) Сол сияқты зат есімнің тәуелдік жалғауы да осылай еске түсіріледі.
б) Зат есімнің жіктік жалғауы
-Осы жалғаулардың қызметі қандай? (Сөз бен сөзді байланыстырып, оларды өзара қарым-қатынасқа түсіретіндігі айтылады).
II. Негізгі бөлім
-Сонымен зат есімнің көптік жалғауы, жіктік және тәуелдік жалғаулары барын білеміз. Бүгін зат есімнің септік жалғауымен танысамыз. Қазақ тілінде жеті септік бар. Бұл септіктермен мына өлеңді оқи отырып танысамыз.
а) Ақын Қадыр Мырза Әлидің «Септеу» атты өлеңі оқылады.
Өлеңді оқу барысында «Зат есімнің септелуі» тақырыбы тапсырмаларды орындата отырып түсіндіріледі (Өлеңнің тәрбиелік мәнін де қарастырып кеткен жөн). Осыдан кейін күнделік сөзі септеліп жазылады.
Сонымен қазақ тілінде неше септік бар екен? Әрқайсысын жеке-жеке атап шығыңдар.
-
Септік жалғауларының қызметі қандай? (Жауап: Сөз бен сөзді байланыстырады).
-
Сонымен әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұраққа жауап береді. Септіктің сұрақтары кім? не? деген негізгі сұрақтан өрбиді. Сондай-ақ осы сұрақтардың соңына қосылып тұрған жалғау септелген сөздерге де қосылады. Септік жалғаулары дыбыс үндестігі, буын үндестігіне байланысты әр қилы жалғанады. Атау септігіне назар аударайық. Атау
септігіндегі сөдерде өзіне тән жалғаулары болмайды.
ә)
Оқулықтағы 1-жаттығу орындалып, ереже түсіндіріледі.
б) 2, 3, 4-жаттығулар «Зат есімнің септелуі» тақырыбын бекітуге
арналған.
Жаттығулар жазбаша түрде орындалады. Зат есімді тапқызып, олардың қай септікте тұрғаны анықталады.
-
Сабақты қорытындылау
-
Үйге тапсырма: 5-жаттығу.
Сабақтьщ тақырыбы: Атау септік
Сабақтың мақсаты:
-
Атау септігіндегі сөз жекеше, көпше түрде қолданыла беретіндігі,
өзіне тән жалғауы болмайтындығын түсіндіру. -
Әртүрлі сөйлем үлгілерінің ішінен атау септіктегі сөзді айыра білу дағдысын қалыптастыру.
3. Сабақ барысында
туысқандар арасындағы бауырмалдық және
бейбітшілік сүйгіштік, сонымен
қатар жануарларға деген қамқорлық жасау
сияқты қасиеттерін тәрбиелеу
Сабақтың барысы:
Бұл
сабақтарда әр септіктің беретін мағынасы мен сөйлемде атқаратын
қызметі болатыны айтылады. Атау формадағы сөздер жекеше,
көпше түрде қолданыла беретіні, өзіне тән жалғауы болмайтыны
түсіндіріледі. «Атау септігі» тақырыбы
бойынша 1-сабақтың 1-жаттығуын қарастырып көрейік:
Сөйлемдер
оқылады, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойылады.
(Құсбегі — кім?)
Құсбегі - қыран құсты баулып, аңга салатын
адам.
2. Қарамен жазылған сөздер
сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын тапқызу. Оқушылар жаттығуды
орындау барысыпда атау септігінде
тұрған сөз сөйлемнің түрлаулы мүшесі (бастауыш) бола алатындығын
түсінеді. Жалпы «Атау септігі»
тақырыбына арналған жаттығуларды орындатып, атау септігінде тұрған
сөздер арқылы басқа септіктер мен сол сөздердің мағыналары
ажыратылатындығы ұғындырылады.
Сабақтың тақырыбы: Ілік септік
Сабақтық мақсаты:
-
Ілік септігінің сұрақтары және жалғауларымен таныстыру.
-
Ілік септігінің жалғаулары буын үндестігі, дыбыс үндестігі бойынша әрқилы жалғанатынын түсіндіріп, аталған септіктің жалғауын дұрыс жалғай білу дағдыларын қалыптастыру.
-
Оқушыға кішіпейілділік, адамгершілік тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Ілік
септігінің сұрақтары (кімнің? ненің? кімдердің? нелердің?)
және жалғаулары (ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің) таныстырылады.
Ілік септігінің жалғаулары дыбыс үндестігіне, буын үндестігіне
қарай сөздерге әрқалай жалғанатыны түсіндіріледі.
Ең
алдымен буын үндестігі бойынша жуан буындардан кейін -ның,-дың,
-тың, жіңішке буындардан кейін -нің, -дің, -тің жалғаулары
жалғанады. Мысалы, қала-ның, тау-дың,
алғыс-тың, эже-нің, әскер-дің,күшік-тің.
2. Дыбыс үндестігі бойынша қосымша әркелкі жалғанады
(1-жаттығу).
Білімнің түбірі - білім, жалғауы - -нің. Түбір сөздің соңғы
дыбысы - үнді
дауыссыз м дыбысы. Оған жалғанатын қосымша да үнді дауыссыз
дыбыстан басталып тұр (білімдің емес, білімнің). Адамдардың -
үнді р дыбысына аяқталғанда,
-дың,
-дің жалғанады (адамдартың емес,
адамдардың).
Кітап,
мектеп, араб деген сияқты сөздерге -тың,
-тің жалғаулары
жалғанатыны түсіндіріледі.
«Ілік септік» тақырыбының 1-сабағының жаттығуларымен мынадай жүмыс жүргізіледі:
1.
Сөйлемдерден ілік септігіндегі сөздерді тауып, өзі
байланысатын
сөздерімен бірге теріп жазады.
Үлгі: Тұрсынның қуанышында, балалардың үйлеріне, балалардың
бәрі,
-
Көп нүктенің орнына ілік септік жалғауларын қойып, сөйлемдерді
көшіріп жазу. -
Берілген сөз тіркестері ішінен ілік септіктегі сөзі бар сөз тіркесін
теріп жазу. -
Өлеңді оқытып, ілік септіктегі сөздерді тауып, оларға сұрақ қойғызу. Мысалы: Жетісудың, нудың.
Жаттығудағы сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне
талдап, ілік септіктегі
сөздердің түрлаусыз мүшелер болатынын айтып
кеткен жөн. Кейде ілік
септігінің жалғауы жасырын келетінін де түсіндіруге болады
(мысалы,
бала бесігі - баланың бесігі, көйлек етегі - көйлектің етегі,
тоғай іші -
тоғайдың іші, гүл иісі - гүлдің иісі, сабақ
мақсаты
- сабақтың мақсаты).
1 жартыжылдық бойынша
білімдерін бекітуге
арналған жұмыс үлгісі
Сабақтың мақсаты: оқушылардың I
жартыжылдықта қос сөздер,
біріккен сөздер, зат есімнің септелуі, бірыңғай мүшелер туралы
алған
білімдерін бекіту.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім
Бұл жұмыс түрі бойынша
осы уақытқа дейін өтілген оқу
материалдары (қос сөздер, біріккен
сөздер, зат есімнің септелуі, бірыңғай мүшелер)
қайталанады. Оқушылардан төмендегі үлгідегідей сұрақтарға жауап
ала
отырып, білімдері пысықталады.
Қос сөздер қалай жасалады?
Біріккен сөздер дегеніміз не?
Қазақтілінде неше септік жалғауы бар? Септік жалғаулары
сөйлемде
қандай қызмет атқарады?
Бірыңғай
мүшелер дегеніміз не? Олардың арасына қандай тыныс
белгісі қойылады?
II. Негізгі бөлөм
1. Қос сөздер:
Бір
сөздің қайталануы, екі түрлі сөздің қайталануы, күшейткіш
буындардың қосарлануы арқылы жасалатыны, қос сөздердің дефис арқылы
жазылатыны еске түсіріледі. Мысалы, үйір-үйір, бала-шага,
сал-дыр-сұлдыр, оп-оңай.
2. Біріккен сөз:
Сөзден
сөзді тудырудың бір тәсілі - сез бен сөзді біріктіру. Ал әр
алуан қоғамдық ұйымдар мен мекемелердің, әр түрлі шамалардың
атау-
ларын бірнеше сөз арқылы айтып жатпай-ақ, қысқарып жазуға
болатыны
еске түсіріледі. Мысалы: елтаңба, дүниетану, сиясауыт,
меймандостық,
құмсагат, өнеркәсіп,
алабұга.
Қыскарған сөздер:
Қысқарған
сөздер сөздердің басқы әріптерінен құралатыны айтылады.
Мысалы: БҰҰ, мм, ҚР,
МАИ, (Біріккен Ұлттар Ұйымы,
миллиметр,
Қазақстан Республикасы, Мемлекеттік
автоинспекция).
4. Зат есімнің
септелуі туралы алған білімдері
пысықталады.
Атау септігінде тұрған сөздердің астын сызу.
Су сөзін жатыс септігіне дейін септеп жазу.
Оқушылардың білімдерін бекіту мақсатында тест жұмысын жүргізуге болады.
Әр топтағы сөздерді оқып, бірыңғай мүшелерді белгіле:
а) жолбарыс, қасқыр, арыстан;
ә) қағаз,
сары, кішкентай;
б) жолбарыс, сары, аң, қасқыр.
Бірыңғай мүше сөйлемнің неше мүшесімен байланысады:
а) бірнеше
мүшесімен;
ә) бір ғана
мүшесімен байланысады;
б) білмеймін.
Бірыңғай мүшелердің арасына қандай тыныс белгісі қойылады:
а) леп белгісі;
ә) сұрақ
белгісі;
б) нүкте;
в) үтір.
Бірыңғай мүшелер қай сөз таптарынан жасалады:
а) зат есім, сын есім, сан
есім, етістік;
ә) тек зат
есімнен;
б) зат есім, сын есім.
Біріккен сөздерді көрсет:
а) КазМУ, ҚР;
ә) ақсүйек, саңырауқұлақ, Ботагөз;
б) кг, XXI ғасыр.
Қайталама қос сөздерді белгіле:
а) Сатұр-сұтыр, сарт-сұрт;
ә) тау-тау,
кезек-кезек;
б) тап-таза, үп-үшкір, әртүрлі.
Қосарлама қос сөздерді белгіле:
а) Ертелі-кеш, мән-мағына;
ә) ұп-ұзын, қып-қысқа, ұзын-ұзын;
б) қыңқ-қыңқ, отар-отар.
Шамаларды білдіретін қысқарған сөздерді белгіле:
а) тонна, килограмм, грамм;
ә) Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан;
б) пединститут, ТУ;
в) т, кг, г.
Жатыс септігінің жалғауы жалғанған сөзді белгіле:
а) мамықка;
ә) мамықты;
б) мамық;
в) мамықтың;
г) мамықта.
Сабақтың тақырыбы: Барыс септік
Сабақтың мақсаты:
-
Барыс септігі жайлы мағлұмат беру, етістіктен болған мүшемен
тікелей байланысатынын ұғындыру. -
Сөйлем ішінен ілік, барыс септіктегі сөздерді сөз құрамына тал-
дап, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу арқылы олардың
жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. -
Оқушыға сабақ барысында адамгершілік, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Оқушылар
осы екі сағатқа берілген сабақтарда барыс септігінің
сұрақтары (кімге? неге?
қайда?) және жалғауларымен (ға, -ғе,
-қа, -ке)
танысады.
Оқушыларға бірінші
сабақта 1-жаттығуда қарамен жазылған сөздерге
сұрақ қойғызылады,
олардың түбірі мен қосымшасы тапқызылады.
Бұлар
барыс септігінің сұрақтары мен
жалғаулары екендігі айтылады.
Аспанға сөзінің түбірі
аспан, -ға
-
қосымшасы болып табылады.
Бұл сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғаны анықталады.
Мысалы:
Аспанға
құмарсың. Бауға
апарады. Асқарға ұшқалы тұрған шығарсың.
Көктемге ұқсайсың. Яғни барыс септігіндегі сөздер
етістіктен болған
мүшемен тікелей байланысатыны көрсетіледі. Және де барыс
септігіндегі сөздер сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері болатындығы
айтылады.
Осындай
талдау жұмысынан кейін барыс септігінің сұрақтары мен
жалғауларын өздері-ақ табады. Сонымен қатар барыс септігінің
жал-
ғаулары сөздің мағынасын өзгертпейтіндігі, тек сөз бен
сөздің арасындағы
қарым-қатынасты жасайтыны баса
айтылады.
Сондай-ақ
осы тақырыпқа арналып берілген екі сабақтың да жатты-
ғулары барыс септігінің сұрақтары мен жалғауларын игеруге
арналған.
Жаттығуларды орындауда мынадай тапсырмалар
орындалады:
-
Барыс септіктегі сөздерді тауып, сұрақ қою.
-
Мәтіннен барыс септіктегі сөздерді сөздері байланысатын сөздермен
бірге теріп жазу.
Барыс септіктегі сөздердің түбірі мен қосымшасын белгілеу.
Барыс септіктегі сөздерге сұрақ қою.
Бұл
тақырыпты меңгертуде дидактикалық ойындар өткізіп, тірек
қағаздар таратып, диктанттар жазғызып, түрлі жұмыстар жүргізуге
болады. Сол жұмыстардың біреуі шығармашылық диктантты былайша
өткізуге болады.
Асқардың күшігі
Бір күні
көкесі... қара ала күшікті алып келді. Айбектің қуанышында шек
болмады. ... ат қойғанша асықты. Ол күшігін «Актөс» атағанды
жөн көрді. ... сүт құйып береді. Күшігі... тойып
алып,...басады.
Керекті сөздер;Асқарға, ыдысқа, сүтке, ұйқыға, күшігіне.
Мәтін тақтаға жазылады.
Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады.
Мәтіннен барыс септіктегі сөздердің астын сызғызу.
Мәтіндегі соңғы
сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдату арқылы
барыс
септігіндегі сөздер сөйлемнің
тұрлаусыз мүшесі болатындығы пысықталады.
Сабақтың тақырыбы: Табыс септік
Сабақтың мақсаты:
-
Табыс септігінің өзіндік белгілері жэне анықтамасымен таныстыру.
-
Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс септіктегі сөздерді сөз құрамына
талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазғызу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. -
Сабақ барысында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, отансүйгіштік сияқты қасиеттерін тәрбиелеп, жетілдіру.
Сабақтың барысы:
Оқушыларға атау, ілік, барыс септіктерін саналы білдіргеннен кейін, табыс септігінің өзіндік белгілері мен анықтамасы меңгертіледі.
Жаңа материалды мынадай кестені оқушылардың өздеріне толтырту арқылы түсіндірудің көмегі мол.
Оқушыларға берілетін тапсырмалар:
-
Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қойып, сұрағын кестенің екінші бағанына жазу.
-
Қарамен жазылған сөзге жалғанған қосымшаны кестенің үшінші
бағанына жазу.
Мұғалім оқушылардың жауаптарын қорытындылай келе, барыс септіктің төмендегідей өзіндік белгілерімен таныстырады:
Барыс
септіктің сұрақтары: кімді? кімдерді? нені?
нелерді?
Барыс септігінің жалғаулары:
-ды, -ді, -ты, -ті, -ны, -ні.
Барыс септіктегі сөздер үнемі етістікпен
байланысады.
Барыс септіктегі сөздер
сөйлемде түрлаусыз
мүше болады.
Осы тақырыпқа берілген оқулықтағы жаттығулар да табыс септігінің өзіндік белгілерін, анықтамасын танытуға, меңгертуге арналған.
Сабақтың тақырыбы: Жатыс септік
Сабақтың мақсаты:
-
Жатыс септігі жайлы мағлұмат бере отырып, жатыс септігінің
жалғаулары дыбыс үндестігі, буын үндестігіне қарай әркелкі жалғанаты-
нын түсіндіру. -
Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс септіктегі сөздерді сөз
құрамына талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен теріп жазу
арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын қалыптастыру. -
Сабақ барысында мейірімділік, инабаттылық туралы түсінік бере
отырып, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Жатыс септігін оқушыларға саналы да берік ұғындыру үшін, мұғалім тақтаға мынадай көрнекі құралды іліп, сол кесте бойынша жұмыс жасауға болады.
Мұғалім
осындай алдын ала жұмыстар жүргізіп алған соң, жатыс
септіктің өзіндік белгілері бар екенін, оны есте сактау керектігін
түсіндіреді:
Жатыс септіктің сұрақтары: кімде? неде? қайда?
Жатыс септіктің жалғаулары: -да, -де, -та, -те.
-да, -де, -та, -те
жалғаулары буын, дыбыс үндестігіне байланысты
жалғанатыны түсіндіріледі.
Тұрлаусыз сөйлем мүшесі болады.
Етістікпен болған мүшеге қызмет етеді.
Оқушылардың жатыс септіктің өзіндік белгілерін меңгерген
берік
дағдысы болу үшін, оларға оқулықтағы жаттығуларды
орындатудың
пайдасы мол.
Берілген мәтіндердің әр сөйлеміндегі қандай сөздердің
жатыс септіктегі сөздермен байланысып тұрғанын анықтау мақсатында
сұрақтар қойғызу. Жатыс септіктегі сөздердің етістікпен
байланысын (қалада болды,қцалада
көрді, суда дірілдеп, орманда кезіктіргенмен,
қарда көрінеді) қиналмай-ақ айтып
береді.
Сабақтың тақырыбы: Шығыс септік
Сабақтың мақсаты:
-
Бұл септіктің сұрақтары және жалғауларымен таныстыра отырып,
шығыс септіктегі сөздердің етістікпен байланысатынын түсіндіру. -
Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс септіктегі сөздерді сөз құрамына талдатып, оларды өздері байланысатын сөздерімен
теріп жазғызу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағдыларын
қалыптастыру. -
Сабақ барысында оқушыға эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
Алдыңғы
сабақтардан оқушылар зат есімнің септелуі жайында
әжептәуір білім алады. Мұғалім әр сабағында мына мәселелерді қамтып
отыруы қажет:
Септік жалғаулары сөз бен сөзді байланыстырады.
Қазақ тілінде жеті септік бар.
Әрбір септіктегі сөз белгілі бір сұраққа жауап береді.
Әрбір
септікте тұрған сөзге соңғы буындарының ыңғайына қарай
арнаулы қосымшалары жалғанады.
Сөздің
қай септікте тұрғанын оған сұрақ қою арқылы ажыратуға
болады.
Шығыс септігін меңгертуге байланысты мынадай жұмыс жүргізіледі.
Сабақтың тақырыбы мен максаты айтылады.
Кестеде жазылған сөйлемдер оқытылады.
Сөйлемдердегі қарамен
жазылған сөздерге сұрақ қойылып, олардың
түбірі мен жалғанған қосымшасы ажыратылады. (Мысалы, Кімнен алдым? Анардан алдым. Түбірі - Анар,
қосымшасы - -дан. Неден секіріп түсті? - арбадан секіріп түсті. Түбірі - арба,
қосымшасы - -дан. Қайдан алады? - Таудан алады. Түбірі - тау, қосымшасы -
-дан).
Шығыс септігінің сұрақтары жэне жалғаулары анықталады.
Шығыс
септіктегі
сөздердің кай сөзбен байланысып тұрғанын сызба
арқылы көрсету.
Сөйлем мүшелеріне талдату
арқылы шығыс септіктегі сөз тұрлаусыз
мүше болатындығын анықтату.Осындай жұмыстарды орындату
арқылы мұғалім жаңа материалды оқушыларға саналы түсіндірудің
алғышартын жасайды. Яғни шығыс септіктің өзіндік белгісін
танытады:
Сұраулары - кімнен? неден? қайдан?
Жалғаулары - -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен.
Етістіктен болған мүшемен байланысады.
Сөйлемде түрлаусыз мүше қызметін атқарады.
Мұғалім
жаттығу жұмыстарын оқушыларға көбірек орындатса, со-
ғұрлым
олардың білімі мен дағдысы берік дамиды.
Оқулықтағы 4-жаттығуға
берілген ребустың шешуі мынадай: мата,
жауын, жүзім, кірпіш.
Сабақтың тақырыбы: Көмектес септік
Сабақтың мақсаты:
-
Оқушыларға көмектес септігінің қызметі өрісінің кеңдігін жаттығуларды орындату барысында түсіндіру.
-
Сөйлем ішінен ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктегі сөздерді сөз кұрамына талдап, оларды өздері байланысатын сөз-
дерімен теріп жазу арқылы олардың жалғауларын ажырата білу дағды-
ларын қалыптастыру.
3.
Баланың бойында қоршаған ортаға деген адами қасиеттерін қа-
лыптастыру, жетілдіру.
Сабақтыц барысы:
Көмектес
септікті оқушыларға жеңіл де тез меңгерту үшін, мынадай көрнекі
құралды пайдалану тиімді болады. Тақтаға сөз тіркестері
жазылады.
Арамен кесу, балғамен ұру, велосипедпен келу, пойызбен кету.
Жалпы,
көмектес септікке тән ерекшеліктерді мұғалімнің жетекші
сұрақтары арқылы оқушылардың өздеріне айтқызған
дұрыс:
-
қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табу;
-
осы сөздерге сұрақ қою;
-
қай сөз табымен байланысып түрғанын анықтау.

Сұрақтары
кіммен? немен?
Жалғаулары
-мен, -бен, -пен
Оқушы
жауаптары тыңдалғаннан кейін, мұғалім
көмектес септіктің
мынадай негізгі белгілерін айтып
толықтырады:
Сұрақтары, жалғаулары айтылады.
Көмектес септіктегі сөз істің қандай құралмен істелгенін білдіретінін. Мысалы: Орындықты балғамен шегеледі.
Істің бірлесіп істелуін
білдіреді. Мысалы: Марат үйге Асқармен келді.
Көмектес септіктегі сөз
сөйлемде тұрлаусыз мүше болады.
Оқушыларға көмектес септіктен берік дағды беру үшін,
төмендегідей
жұмыстарды орындатқан жөн:
-
оқулыкта берілген жаттығуларды орындау;
-
көмектес септіктегі сөз кездесетін сөйлем құрастыру;
-
өлең, мақал-мәтел немесе мәтінді оққп, оның ішінен көмектес септіктегі сөздерді табу;
-
көмектес септіктегі сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату;
-
тірек қағаздар таратып, оларда көмектес септіктегі сөздердің бар-
жоғын айтуды талап ету.
Тактаға сөз тіркестері
жазылған плакат ілінеді. Балалар көп нүктенің
орнына тиісті септік жалғауларын жалғап
оқиды.
Сабақтың тақырыбы: Тәуелдік жалғаулы
зат есімдердің септелуі
Сабақтың мақсаты:
1. Зат есімдердің
тәуелденіп де, тәуелденбей де қолданылатынын
оқу-
шылардың естеріне
түсіру. Тәуелдеулі сөздердің
септелуіндегі өздеріне
тән
жалғауларымен таныстыру.
-
Тәуелдеулі зат есімдерге ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғауларын жалғап, сөз құрамына талдай білу дағдыларын
қалыптастыру. -
Тәрбиелік мәні бар көркем шығармалардан үзінділерді пайдалану
арқылы бауырмалдық, еңбекқорлық, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтын барысы:
Окушылар
екінші, үшінші сыныптардан-ақ тәуелдік жалғауды біліп келеді. Ал
4-сыныпта тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелуін
оқытудың басты міндеті - тәуелдік жалғаулы зат есімдердің
септелуінің
өзіндік белгілерін меңгерту. Сондықтан «Тәуелдік жалғаулы зат
есім-
дердің септелуі» тақырыбы бойынша сабақта тәуелдік жалғауы
туралы
білімдері естеріне түсіріледі.
Сұрақтар мен тапсырма:
Зат есімнің тәуелденуі деген не?
Тәуелдік жалғауларын ата.
Бала, кесе сөздерін жекеше, көпше түрде тәуелдету.
Алдыңғы сабақтарда септік жалғауларын өткен кезде зат есімдердің тәуелденіп те септелетіні айтылып кеткен. Енді бұл сабақта тәуелдік жалғаулы зат есімдердің септелу үлгісімен танысады. Оқулықта берілген кесте арқылы жай септелу мен тәуелдеулі зат есімдердің септелуіндегі айырмашылықтары аңғартылады (мұндағы септік жалғаулары. Мысалы, бауырыма - түбірі - бауыр, -ым тәуелдік жалғаудың бірінші жағы, жекеше түрі, -а барыс септігінің жалғауы).
А.
Бауырым
I. Бауырымның
Б. Бауырыма
Т. Бауырымды
Ж. Бауырымда
Ш. Бауырымнан
К.
Бауырыммен
Берік
дағды қалыптастыру мақсатында оқулықтағы жаттығулар мен
қосымша материалдар орындалады.
Сабақтың тақырыбы: Зат есімнің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
-
Жіктік жалғаулы сөз бастауышпен байланысып, үнемі баяндауыш
қызметінде жұмсалатынын ұғындыру. -
Зат есімнің жіктелуінің мәнді белгілерін ажырата білу дағдыларын
қалыптастыру, зат есімнің жіктелу үлгісі көрсетілген кесте арқылы зат
есімдерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазуға үйрету.
-
Спортты сүюге, еңбекқорлыққа баулу.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім
Сұрақ-жауап әдісі арқылы зат есімнің жалғаулары туралы алған білімдері пысықталады.
Зат есімдердің қандай жалғауларымен таныстық? (Көптік, тәуелдік, септік жалғаулары).
2. Осы жалғаулардың қызметі қандай?
II. Негізгі бөлім
1-жаттығуға берілген Б. Момышұлының өлеңі оқытылып, мазмұны ашылады.
Қарамен жазылған сөздердің сөйлемнің қай мүшесі екені анықталады. Мен (кіммін?) адаммын. Мен - бастауыш, адаммын - баяндауыш.
Қарамен жазылған сөздердің
түбірі мен қосымшасы ажыратылады (адам -
түбірі,
-мын - қосымша, ұл түбірі, -ы - тәуелдік жалғау,
III
жақ, -мын - қосымша).
Ереже түсіндіріледі.
Төмендегі
үлгідегідей кестеге зат есім болатын сөздер ойлап,
оларды
жекеше, көпше түрде жіктеп жазу.
Оқулықтағы жаттығулар орындатылады.Сабақты қорытындылау
Зат есімнің жіктелуі туралы алған білімдерін пысықтау мақсатында тест алынады.
Тест сұрақтары мен тапсырмалары
Жіктік жалғауы қандай мүшелерді байланыстырады?
а) тұрлаусыз мүшелерді;
ә) бастауыш пен баяндауышты;
б) бастауыш пен тұрлаусыз мүшені.
2. Жіктік жалғаулы сөз сөйлемнің кай мүшесі болады?
а) баяндауыш;
ә) бастауыш кейде баяндауыш;
б) тұрлаусыз мүше.
3. -мын, -мін, -бын, -бін, -пын, -пін косымшалары қай жақтікі?
а) III жақ;
ә) II жақ, көпше түр;
б) I жақ, жекеше түр.
Жіктік жалғаулы зат есімдерді белгіле.
а) анам, әкем, әкемнің;
ә) қарлығашқа, қарлығашым;
б) ұстазбын, балдыргансың, ұстазсыз.
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабактың мақсаты:
-
Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметін меңгерту.
-
Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дәл, дұрыс жұмсай білу дағдыларын дамыту.
-
Еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау, практикалық.
Сабақтың барысы:
Заттың қимылын білдіретін
сөздер жайлы оқушылар 2-сыныпта
аздаған мағлұмат алған болатын. Ал 3-сыныпта етістік
туралы толық
түсінік беріліп, білімдері кеңейтілді. Етістік туралы жалпы
мағлұмат
бе-
рілгеннен кейін етістіктердің күрделі түрімен таныстырылды.
Күрделі
етістіктер оқушылардың сөйлеу тілінде үнемі кездескенімен,
күрделі
етістік деп аталатыны жөнінде арнайы жеке айтылмайды.
Күрделі
етістіктерге
сұрак қойдыра
отырып, олардың бір сұраққа жауап
беретінін, екі
не үш етістіктің бірігіп, бір қимылдық ұғымды білдіретінін естеріне
түсіре кеткен
жөн.
Етістіктің болымды, болымсыз
түрлері, болымсыз етістіктердің
қандай жұрнақ арқылы жасалатыны қайталанады. Негізгі
етістіктер мен
күрделі етістіктер қатар қойып салыстыру арқылы естеріне
түсіріледі.
Жаңадан оқытылатын етістіктің жіктелуі, етістіктің
шақтарынан
бұрын 2, 3-сыныптарда етістік туралы алған
білімдері осы сабақта қай-
таланады.
1-жаттығу
заттың қимылын білдіретін сөздер туралы алған білім-
дерін еске түсіруге арналады.
2-жаттығу
арқылы болымды, болымсыз
етістіктер қайталанады.
Болымсыз етістіктерді (барма, келме, т.б.) -ма, -ме, -ба, -бе
буынына аяқ-
талатын кейбір болымды етістіктермен (жама, арба,
қама,
күрме, серме,
т.б.) салыстырған дұрыс. Мұндай жағдайда бастауыш сынып оқушылары
көп шатасады.
Бұл
сөздердің алдымен мағынасын анықтап алу керек.
3-жаттығуды
орындай отырып, дара,
күрделі етістіктерді қайталайды, оларды ажырата білуге үйренеді. Әр
бөлімдегі суреттерді салыстыра
отырып, қай бөлімнің артық екенін тауып, дәлелдейді. Бұл жерде барлық
көріністерде балалар іс-әрекет, қимыл жасауда, тек бір көріністегі
бала
тұмшаланып алып, бос қарап тұр.
Қимылдап жүрген балалар мен бекер
тұрған баланы салыстыра отырып,
мұғалім
тәрбиелік мәні бар әңгіме
жүргізуіне болады.
4-жаттығуда
көп
нүктенің орнына әріп қою арқылы негізгі етістік
жасайды.
Шашпа, шықшы, таста, аса, оқы, тоқта, шоқы.
Оқушылар басқа
нұсқаларын ұсынуы мүмкін. Бұл жерде аса сөзіне
жеке тоқтала
кеткен жөн. Мысалдар келтіре отырып, (аса биік, тамақты
аса) қай кезде етістік болатынын анықтайды.
5-жаттығуда
берілген туынды етістіктерді
сөз құрамына талдай
отырып, басқа сөз табынан жұрнақ жалғану арқылы жасалған туынды
етістіктермен танысады. Негізгі түбір сөздің мағынасы мен туынды
түбір сөздің мағынасы
салыстырылады.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің жіктелуі
Сабақтың мақсаты:
-
Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі
деп аталатынын түсіндіру. -
Етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеуді жаттығу, дағдыланды-
ру тапсырмалары арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыту. -
Сабақтар барысында туған жерге деген сүйіспеншіліктерін артты-
ру; білімпаз болуға баулу.
Сабақтың барысы:
Етістіктің жіктелуі - оқушылардың түсінуіне қиындық
келтіретін
күрделі тақырыптардың бірі. Бұл тақырыпты саналы меңгерту үшін
кестені пайдаланған тиімді:
Кестемен мынадай жұмыс жүргізіледі:
Оқушылар
кестеде берілген сөйлемдерді іштей оқып шығады.
Қарамен белгіленген қосымшалардың қай сөз табынан тұратын сөзге
жалғанғанын анықтау.
Сөйлем мүшелеріне
талдату (бастауышы мен баяндауышын
тапқызу).
Оқушы жауаптары тыңдалғаннан
кейін, мұғалім өзі толықтырады.
-
етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі
деп аталатындығы; -
жіктік жалғауы басқа қосымшалар сияқты сөз бен сөзді байланыс-
тыратындығы; -
баяндауыш қызметінде келетіндігі;
-
жекеше, көпше түрде жіктелетіндігі;
-
III жақта жіктік жалғауы болмайтындығы түсіндіріледі.
Оқушыларға берік білім беру
үшін, оқулықтағы жаттығуларға мы-
нандай негізгі
тапсырмаларды орындатқан тиімді:
-
мәтіннен жіктік жалғаулы етістіктерді тауып, олардың түбірі мен
жалғауларын ажырату; -
етістіктерді жекеше, көпше түрде жіктеп жазу;
-
көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі сөзге тиісті жіктік жалғауын жалғап жазу;
- сөйлем ішінен жіктік
жалғаулы етістікті тауып, жіктік жалға-
уының қай жақта тұрғанын анықтау.
Осы тақырыптың бірінші
сабағындағы 5-жаттығу бойынша төмен-
дегідей
сөйлемдер құрастырылады:
1. Мен інімнің сабағына көмектесемін. 2. Сен домбырамен күй
тарттың. 3. Сіздер ауланы сыпырасыздар (тазалайсыздар).
4. Олар
арықты тазалады. 5. Біз «Балдырған» журналындағы әңгімені
оқыдық.
Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтары
Сабақтың мақсаты:
-
Іс-әрекеттің орындалатын, орындалуға тиістілігі, орындалғанына
қарай үш шаққа бөлінетіндігін ұғындыру. -
Шақтық мағына белгілі бір мезгілде дара етістікпен де, күрделі
етістікпен де берілетіндігін түсіндіру; бұл арқылы олардың өзіндік бел-
гілерін меңгерту мақсатында дағдыландыру жұмыстарын жүргізу -
Сабақ барысында туған елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін
арттыру.
Сабақтың барысы:
Кіріспе бөлім
Етістіктің шақтарын оқушылардың терең ұғынуы олардың
етістікті жақсы білуімен тығыз байланысты. Сол себепті іс-әрекеттің
белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында болатынын біліп алудың
мәні зор.
Сондықтан жаңа материалды меңгертуге мынадай дайындық жұмыс-
тарын жүргізген дұрыс.
Тақтаға төмендегідей сөйлемдер жазылған плакат ілінеді.
Мен
болашақта мұғалім боламын. 2. Ақерке кітап оқып отыр.
Астанаға шетелден қонақтар келіпті.
Сөйлем ішінен етістікті тапқызу
Іс-әрекеттің қай мезгілде болғанын анықтату.
(Бірінші сөйлемде іс-
әрекет әлі жүзеге асқан жоқ. Болашақта болатыны айтылады.
Екінші
сөйлемде іс-әрекеттің нақты қазір болып жатқаны айтылады. Ал
үшінші сөйлемде іс-әрекеттің болып кеткендігі айтылып
тұр).
Іс-әрекеттердің белгілі бір уақыт кеңістігінің аралығында
(белгілі
бір мезгілде орындалатын) болатындығы айтылады.
II. Негізгі бөлім
1)
Оқулықтағы 1-жаттығу жазбаша орындалады. Іс-эрекеттің
бүрын
болып кеткенін білдіретін
сөйлемдерді бір бөлек, алдағы уақытта бо-
латынын білдіретін сөйлемдерді бір бөлек және қазір болып
жатқанын
білдіретін сөйлемдерді бір бөлек көшіріп жазады.
Іс-эрекеттің бүрын болып кеткенін білдіретін
сөйлемдер: Қазақстан Республикасының жаңа мемлекеттік мәртебелі
рәміздері
1992 жылы
қабылданды. 2. Төле би бала кезінен
шешендігімен елге тынылады. Іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын
білдіретінін сөйлемдер:
Кешке
теледидардан ақпарат хабарын тындаймын. 2. Біз Астанаға
қолөнер бұйымдарының көрмесіне барамыз. Ата-бабалардың өсиеті
ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып
қалады.
Іс-әрекеттің қазір болып жатқанын білдіретін сөйлемдер:
1. Марат
ақын М. Мақатаевтың өлеңдер жинағын оқып
отыр. 2. Сах-
нада «Айгүл» би ансамблі өнер керсетіп
жатыр. Шетелде тұратын
қазақтар атамекеніне оралып
жатыр
-
Етістіктерді тауып, астын сызу.
-
Үшке бөліп жазған сөйлемдер оқытылады.
Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың (іс-әрекеттің) өту мезгілін білдіру етістіктің шағы деп аталатындығы түсіндіріледі.
Етістіктің үш шағы (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) болатыны айтылады.
Етістіктің әр шағына мысал келтіріледі.
2-3-4-жаттығулар орындалады.
III. Сабақты
қорытындылау.
Етістіктің шағы дегеніміз не?
Етістіктің неше шағы бар?
Осы шақ
іс-әрекеттің қай мезгілде өтіп жатқанын
білдіреді?
Өткен шақ пен келер шақ туралы не айтуға
болады?
IV. Үйге тапсырма: 5-жаттығу.
Сабақтың тақырыбы: Осы шақ
Сабақтың мақсаты:
-
Етістіктің осы шағы қимылдың қазіргі кезде болып жатқандығын
білдіретінін түсіндіру. -
Оқушыларда етістіктің осы шағын басқа шақтардан ажырата білу
дағдысын қалыптастыру. -
Табиғатты сүюге баулу, жануарларға деген қамқорлық сезім-
дерін ояту.
Сабақтың барысы:
Оқушылар
зат есім заттың атын білдіретін болса, етістік заттың іс-
әрекетін, қимылын білдіретіндігін оқып білді. Осы шақты өтер
алдында
оқушылардың етістік және етістіктің шақтары жайлы алған
білімдерін
пысықтап алған дұрыс.
Осы
сабақта да сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың мезгілі
үш түрлі болатындығы айтылады. Соған сәйкес етістіктің шақ түрі
де
үшеу болатыны естеріне түсіріледі. Сөйлеп тұрған сәтке
байланысты,
яғни сол сәтте болып жатқан қимылды
осы
шақ, әлі болмаған, бірақ кейін болатын қимылды
келер шақ,
сөйлеп
тұрған сәттен бұрын болып өткен қимылды өткен
шақ білдіретіндігі алдыңғы сабақта
айтылып кетті. Міне, осылардың бәрін бір қайталатып алып, осы шақ
болатын етістіктер туралы түсіндірсе, оқушылар жаңа тақырыпты жақсы
меңгеріп шығады.
Осы шақ болатын етістіктердің мағыналық белгілері:
а) Сөйлеп тұрған кездегі іс-әрекеттерді білдіреді.
1. Әнші
сахнада ән салып тұр. 2. Сұлтан кітап оқып отыр. 3. Бала
бесікте жатыр.
Осы
сөйлемдердегі салып тұр, оқып отыр,
жатыр етістіктері - сөй-
леп тұрған сәттегі қимылдар.
э) Әрдайым қайталанып тұратын дағдылы іс-әрекеттерді көрсетеді.
1. Әнші
сахнада ән салады. 2. Сұлтан кітап оқиды. 3. Бала бесікте
жатады.
Бұл
сөйлемдердегі салады, оқиды,
жатады етістіктері қалыптас-
қан, дағдыға айналған іс-әрекеттер.
Етістіктің осы шағы істің дағдылы түрде қайталанып
тұратынын
және сөйлеп тұрған кезде істеліп жатқанын білдіретіндігін
осылайша
түсіндіруге болады.
б) Осы шақ етістіктерінің сұрақтарымен таныстырылады.
Осы шаққа арналған 1-сабақтың 5-жаттығуындағы Ә.Табылдының «Алатау» өлеңі бойынша төмендегі сөздерге сөздік жұмысы жүргізіледі:
Зау - биік деген магына. Биік бетте.
Ақық бағалы тас. Ақын мұнда қарды бағалы тасқа теңеп тұр.
Оқушылар
жаңа сабақтан алған білімді берік есте сақтау үшін, мы-
надай дағдыларды қалыптастыруы шарт:
-
берілген етістіктерді осы шаққа айналдырып айта және жаза
алуы;
-
етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтап алуы;
-
осы шақ етістіктерін жекеше және көпше түрде жіктеп жаза алуы;
-
келер шақ және өткен шақ етістіктерінен ажырата алуы.
Осы
тақырыпқа
арналған екі сағаттың жаттығулары да осы мақсаттарды көздейді.
Әрбір жаттығу орындалғаннан кейін оқушылар
тақырыпты түсінгендерін өздері
келтірген мысалдармен дәлелдеп отырса,
етістіктің осы шағын басқа шақтардан ажырата алатын мүмкіндіктерімол
болады.
Сабақтың тақырыбы: Өткен шақ
Сабақтың мақсаты:
-
Өткен шақ кимылдың, іс-эрекеттің сөйлеп тұрған сэттен бұрын
болып, істеліп кеткенін білдіретіндігін түсіндіру. -
Мәтіннен етістіктерді тапқызып, олардың қай шақта, қай жақта
тұрғанын анықтату арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. -
Сабақ барысында еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Осы уақытқа
шейін етістіктің шақтары, осы шақ өтілгеннен кейін,
өткен шаққа
кезек келеді. Бұл тақырыпқа да 2 сағат берілген.
Оқушыларға осы шақтағы
етістіктерді жеңіл де саналы меңгерту
үшін, алдымен мынадай жұмыс жүргізуге болады:
Көшіру диктантын алу.
1. Марат оқуды бітірді. 2.
Мен саяхатшылар туралы кітап оқыдым.
3. Ол елдің ақылды қариясы болыпты. 4. Демалыста
әжеме баратынмын.
Етістіктерді тауып, астын сызу.
Етістіктерге
сұрақ
қою. (Бітірді
- не істеді? Оқыдым не істедім?
Болыпты не
істепті? Баратынмын — не істейтінмін?)
Іс-әрекеттердің қашан болғанын білдіріп тұрғанын айтқызу.
Етістіктердің өткен шақ мағынасын білдіріп тұрғанын оқушылардың өздеріне айтқызу.
Бірінші сабақтың 1-2-жаттығулары да осы сипатта орындалады. Осыдан кейін ереже түсіндіріледі.
Өткен шақ
қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен бұрын
болып, істеліп кеткенін
білдіреді. Берілген жаттығулардағы, мысалы,
«Отырар» мәтіні
бойынша аталды, болды,
айналды, келіп кіретін,
аттанып
кетіп жатты деген етістіктер өткен шақтың
мағынаны білдіреді. Өткен
шақ етістіктері не істедім? не істедің? не
істеді? деген сұрақтарға жауап
береді.
Сондай-ақ
шақтық мағынаны білдіретін етістік көбінесе жіктеліп
келетіндігі осы сабақтарда да сөз болады. Яғни жіктік жалғаулы
етіс-
тіктерді табуға, олардың қай жақта, қай шақта екенін анықтауға
тапсырма беріледі.
Оқушылар
жаңа сабақтан алған білімді берік есте сақтау үшін, мы-
надай дағдыларды қалыптастыру шарт:
-
берілген етістіктерді өткен шаққа айналдырып айта және жаза алуы;
-
етістіктердің қай шақта тұрғанын анықтай алуы;
-
өткен шақ етістіктерін жекеше жене көпше түрде жіктеп жаза алуы;
-
келер шақ және өткен шақ етістіктерінен ажырата алуы.
Сабақтың тақырыбы: Келер шақ
Сабақтын мақсаты:
-
Келер шақ қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден кейін болатынын білдіретіндігін түсіндіру.
-
Мәтіннен етістіктерді тапқызып, олардың қай шақта, қай жақта
тұрғанын анықтату арқылы зейіндерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. -
Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтьщ барысы:
Келер шақты оқушылардың
саналы меңгеруі олардың осы шақ, өткен
шақ етістіктерін жақсы
білуімен байланысты. Сол себепті келер шақты
етер алдында олардың етістіктердің шақтары туралы
қандай
білім, білік, дағдылары барын білудің
мәні
зор. Ол үшін оқушыларға сұрақтар қойып, осы шақ пен өткен шақ қай кездегі
іс-әрекетті білдіретіндігін айтқызу керек. Сонымен бірге сөйлемдер құратып, олардың ішінен етістіктерді
тапқызып, олардың қай
жақта, қай шақта тұрғанын анықталады.
Мұғалім келер шақты мынадай ретпен түсіндіруіне болады:
-
Оқушыларға сөйлемдерді оқытып, етістіктерді тапқызып, ол сөз-
дердің қандай сүрақтарға жауап беретінін айтқызады. -
Ол сөздер қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен, мезгілден
кейін болатынын білдіріп тұрғанына назарларын аудартады.
Мұғалім
оқушы
жауаптарын толықтырып, түйіндеп, мынадай қоры-
тынды шығарады:
1. Келер шақ
қимылдың, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған
сәттен, мезгіл-
ден кейін, яғни алдағы уақытта болатынын білдіреді.
2. Келер
шақ етістіктері не істеймін? не істейсің?
не істейді? деген
сұрақтарға жауап береді.
Келер
шақтан берік дағды беру үшін, мына тәрізді жұмыстарды
орындатудың пайдасы зор:
-
мәтіннен келер шақ етістіктерін табу;
-
олардың қай сұраққа жауап беріп тұрғанын айтқызу;
-
мәтіннен етістіктерді тауып, олардың қай жақта, қай шақта тұр-
ғанын анықтау; -
көп нүктенің орнына жақшаның ішіндегі тиісті етістіктің тиісті
шағы болатын сөздерді қойып жазу; -
етістіктерді үш шақта (осы шақ, өткен шақ, келер шақ) жазу.
Сабақтың тақырыбы: Сын есім
Сабақтың мақсаты:
-
Сын есім, оның негізгі жэне туынды түрлері туралы алған білім-
дерін қайталау, кеңейту; -
Сын есімдерді сөйлеу, жазу кезінде стильдік тұрғыда орнымен
қолдана білу дағдыларын әрі қарай дамыту;
3.Халық ауыз әдебиетіне деген
сүйіспеншіліктерін арттыру.
Сабақтың әдістері: сұрақ-жауап, қайталау,
жаттығу.
Сабақтың барысы:
Қайталауға берілетін сұрақтар:
Сын есім дегеніміз не?
Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?
Заттардың түсі, көлемі, салмағы, сапасы т.б. қандай болады?
Сын есім қандай сөз табымен тығыз байланыста?
Мынадай кестені тақтаға сызып, толтыртуға болады.
II. Оқулықпен жұмыс.
Сын
есіммен оқушылар 2-сыныптан бастап таныс. Сын есімнің
заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөз табы екенін және
құрамына
қарай
негізгі және туынды болып бөлінетінін оқып білді. Бұл сабақта
сын есім туралы алдыңғы сыныптарда берілген ұғымдарды еске
түсіріп, толықтыра түсу мақсатындағы жаттығулар мен
тапсырмалар ұсынылады.
4-сыныпта сын есімдердің дара
және күрделі болып бөлінетінімен танысады.
1-жаттығу
бір-біріне мағынасы қарсы сын есімдердің қарсы мәндес
сын есім деп аталатыны туралы түсінікті қайталауды көздейді.
Осыған
орай берілген сын есімдерге мағынасы қарама-қарсы сын есімдерді
та-
бумен қатар, оларға мағынасы жуық сын есімдерді де тапқызу артықтық
етпейді.
2-жаттығу
негізгі, туынды сын есімдерді қайталау үшін берілген.
Туынды сын есімдерді сөз құрамына талдап, негізгі түбірдің қандай
сөз
табы екенін анықтайды.
3-жаттығу ізденуге жетелейтін
тапсырмалардың бірі. Берілген зат
есімдерге сол зат
есімдердің бірінші дыбысынан басталатын сын
есімдерді тауып жазады. Бұл тапсырманы
мынадай үлгіде орындауға болады: көңілді күй, ерен
еңбек, кең көше, суық су, күлімдеген күн, таудай
талап.
Жаттығуды өз беттерінше
орындауға ұсынуға болады. Оқушылардың
таңдап алған сын есімдерін тақтаға тізіп жазу арқылы жуық мәндес
сын
есімдер тізімі жасалады.
4-жаттығу сын есім мен зат есімнің байланысын көрсетуге арналған.
5-жаттығу оқушыларды ойлануға жетелейді.
Бос торкөздерге әріп
саны бірдей қарсы мәнді сын есімдерді тауып
жазады.
Кең -
тар, ескі - жаңа, жақсы - жаман, ақылды ақымақ, елгезек -
тілазар.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сын есім
Сабақтың мақсаты:
-
Дара және күрделі сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
-
Дара және күрделі сын есімнің өзіне тән қасиеттерін толығырақ
игерту барысында сөздің лексикалық және грамматикалық жактарына
көңіл бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру.
-
Сабақ барысында эстетикалық, экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың барысы:
«Дара және
күрделі сын есім» тақырыбы бойынша екі сағат қарас-
тырылған.
Бұл
сабақтарда
да жаңа сабақты оқушыларға жаттығу орындату, мұғалінің түсіндіруі,
сұрақ-жауап, демонстрациялау әдістерімен меңгертуге
болады.
Бұл сабақтарда дара және күрделі сын есімдердің өзіне тән белгілері танытылады:
1. Құрамына қарай сын есімдер дара және күрделі болып бөлінеді.
Дара сын
есім бір сөзден құралады. Мысалы: ақ шымылдық,
биік
төбе,
алып ғимарат.
Күрделі
сын есім екі немесе одан көп сөзден құралады, бір сұраққа
жауап береді. Мысалы: сары
ала дала,
кең-кең бөлмелер.
Күрделі сын есімдердің жасалу жолдарын түсіндіріп кетсе де болады:
-
сын есімдердің тіркесуі арқылы жасалады: қара көк, шұбар ала,
қызыл ала, т.б. -
қосарлану арқылы: үлкен-кіші, алыс-алыс.
Оқушыларға дара және күрделі сын есімдерді меңгерту үшін екі сағатқа жеткілікті түрде жаттығулар берілген. Жаттыгулар ауызша және жазбаша түрде орындатылады. Мысалы:
1-сабақтың 1-жаттығуында екі бағандағы қарамен жазылған
сын
есімдерді салыстыру.
торы торы
ажарлы аса ажарлы
ұзын ұзын бойлы
Салыстырып, айырмашылықтары табылғаннан кейін екі сөзден құралған сын есімдер көшіріліп жазылады.
2-жаттығуда М. Төрежановтың «Боксшылар» мәтінін оқытып, мазмұнын айтқызу.
-
Балалар егіз лақты «боксшы» деп атау себебін айтыңдар.
-
Екеуі қалай сүзіседі?
Мәтіннен сын есімдерді тапқыздырып, оларды салыстырту. Өзге-
шелігін айтқызу. (Мысалы: Бір сөзден тұратын сын есімдер: егіз, жылтыр,
әдемі лақ, көрші балалар, үлкен мән, кішкентай мүйіз. Екі сөзден
тұратын сын есімдер: көмірдей қара лақ, тықыр жүнді лақ).
Осыдан соң ережені оқушылардың өздері шығарады.
«Дара және
күрделі сын есім» тақырыбы бойынша жоғарыда көр-
сетілген жаттығулар сияқты көптеген жаттығулар орындатылады.
Соның нәтижесінде
берік білім, білік дағдылары қалыптасады.
Сабақтың тақырыбы: Қарсы мәндес сын есім
Сабақтың мақсаты:
-
Қарсы мэндес сын есімнің негізгі белгілерін меңгерту.
-
Қарсы мэндес сын есімнің өзіне тэн қасиеттерін толығырақ игер-
ту барысында сөздің лексикалық жэне грамматикалық жақтарына көңіл
бөле отырып, оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру. -
Сабақ барысында эстетикалық, экологиялық тэрбие беру.
Сабақтың барысы:
Қарсы мэндес сын есімді
оқушыларға саналы меңгертудің негізгі
жолдарының бірі - салыстыра түсіндіру. Мүғалім тақтаны бормен екіге
бөледі. Мағыналары бір-біріне қарама қарсы сын есімдерді
жазғызады.
цатты жұмсақ
ауыр жеңіл
ірі ұсақ
жуан жіңішке
қиын оңай
аласа биік
Немесе қарсы мэндес сөздерді жүптап жазғызады:
Қатты - жүмсақ, ауыр - жеңіл, т.б.
Мүндай мысалдарды окушылардың өздеріне келтіртуге де болады.
Қарсы мэндес сын есімнің
екінші сабағының 4, 5-жаттығуларын
орындату барысында заттың түрлі белгілерінің арасын анықтап, неғүр-
лым дәл
көрсету мақсатында қазақ тілінде түрлі
99
Мүндай сын есімдердің жасалу жолдарын былайша керсетуге болады:
1. Қосымшалар арқылы: -ырац, -рац, -ірек, -рек:
ұзынырақ;
-лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу:
алыстау:
-цыл, -гыл, кылт, -гылт:
бозгылт;
-шыл, -шіл: көкшіл.
-
Сын есімге күшейткіш буынды қосу арқылы жасалады: боп-боз,
аппац, цып-цызыл, т.б. -
Асырмалы өте, аса, тым, тіпті, керемет, т.б. осы сияқты сөздер-
дің (бүл кезде үстеулерді өтпейді) тіркесуімен жасалады: тым жацсы, ең
әдемі, өте цызыл, т.б.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты:
-
Сан есім туралы бүрынғы сыныптарда алған білімдерін қайталау,
еске түсіру; сан есімнің есептік, реттік түрлерін ажырата білу; сөйлем
ішінен сан есімдерді тауып, дүрыс сүрақ қоя білуге үйрету. -
Есептік сан есімді реттік сан есімге айналдыра білу, реттік сан
есімнің жалғауларын ажырата білу дағдыларын дамыту.
Сабақтың әдістері: қайталау, практикалық.
Сабақтың барысы:
I. Үй тапсырмасын тексеру, қорытындылау.
II. Сан есімді қайталауға арналған жүмыстар.
Сүрақ-жауап түрінде бүрынғы алған білімдерін қайталау.
Сан есім дегеніміз не?
Сан есімге қандай сүрақтар
қойылады?
Сан есім қандай сөз табымен байланысады?
Сан есімнің
қандай түрлерін білесің?
Есептік, реттік сан есімдер нені білдіреді?
Реттік сан есімдердің жүрнақтарын ата.
III. Оқулықпен жүмыс.
1-жаттығуды
орындау кезінде сан
есімдердің зат есіммен байланы-
сатынын естеріне түсіреді.
2-жаттығу
есептік сан есімдерді реттік
сан есімге айналдырып жа-
зуға арналған. Дауысты дыбыстармен аяқталған сан есімдерге -ншы,
-нші, дауыссыз дыбыстармен аяқталған сан есімдерге -ыншы, -інші
жүрнақтары жалғанатыны айтылады.
3-жаттығуға
берілген суретке сөйлем
қүрастырады жэне есептік
сан есімді, оның сүрақтарын қайталайды.
100
4-жаттығу
арқылы цифрмен жазылған сандарды сөзбен жазуды
қайталайды.
5-жаттығу
арқылы окушылар өлшемдердің
мелшерімен танысады.
Берілген
өлшемдерге
тиісті сөздерді тіркеп жазады.
Бір исымшым түз, бір жайым цамыр, бір шөкім
шай, бір асым ет,
бір
жүтым су, бір үрттам айран, бір ауыз өлец.
Бұл өлшемдердің мөлшерін
мұғалімнің
көмегімен оқушылар
көрсе-
теді немесе түсіндіреді.
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есім
Сабақтың мақсаты:
-
Сан есімнің дара, күрделі түрлерімен таныстыру; күрделі сан есім-
нің емлесін меңгерту; сөйлем ішіндегі дара, күрделі сан есімдерді ажы-
рата білу.
-
Сан есім туралы алған білімдерін дамыту.
-
Табиғатты сүюге тэрбиелеу.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, салыстыру.
Сабақтың барысы:
I. Сан есім туралы түсінікті қайталау.
Сан есім туралы алдыңғы
сыныпта өтілген материалдарды бірден
ауызша сұрақ қою арқылы естеріне түсіруге болады.
Сан есімдерге мысалдар келтіріңдер.
Аталған сан есімдердің қайсысы есептік, қайсысы реттік сан есім?
Реттік сан есімдердің жұрнақтарын ата.
Реттік сан есім тудыратын
жұрнақтардың жуан, жіңішке жалғану
себептерін айт.
II. Жаңа сабақты түсіндіру.
Тақтаға екі бағанға сан есімдер жазылады.
бес жүз тоқсан тоғыз
он бес алтыншы
тоғыз бір мың тоғыз жүз он алтыншы
Салыстыру жұмысы дара,
күрделі сын есімдерді салыстыру жұмысы
тэрізді өткізіледі.
Оқулықтағы
1-жаттығуды
орындағаннан кейін
оқушылар сан есім-
дердің неше сөзден құралғанына назар аударады. Дара жэне
күрделі
сөздер туралы
білімдерін еске түсіре отырып, бірнеше сөзден құралған сан
есімдерді күрделі сан есімдер деп атауға болатынын өздері де айта
алады.
2-жаттығуды
көшіріп жазып, дара, күрделі
сан есімдерді тапқаннан
кейін, күрделі сан есімдердің құрамындағы сөздердің бөлек-бөлек жа-
101

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген