жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"Қазақ тілінен талдау түрлері " мұғалімдерге арналған әдістемелік құрал
«ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ»
мұғалімдерге арналған
әдістемелік көмек құралы
«Степногорск қаласының білім бөлімінің
Изобильный ауылының орта мектебі» ММ
Алибаева Алтынай Өмірбекқызы
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Көкшетау 2016
№6 орта мектебінің әдістеме бірлестігінде 8 желтоқсан
2015 жылы Хаттама №3 мақұлданған
Ұсынылып отырған көмекші құрал
Мұғалімдерге 5-11 сыныптар арасындағы оқушының теориялық алған білімін тереңдетіп, өздігімен талдау жұмысын орындауға жетелейтін мақсатпен ұсынылуда.
Алғы сөз
«ҚАЗАҚ ТІЛІНЕН ТАЛДАУ ТҮРЛЕРІ» атты ұсынылып отырған талдау әдістемесі өз жемісін берері анық. Үздіксіз жүргізілген жұмыс, оқушының теориялық алған білімін тереңдетіп, өздігімен талдау жұмысын орындауға жетелейді. Талдау арқылы өтілген тілдік құбылысқа байланысты материалды оқушының құр ережені ғана жаттап емес, саналы түрде қабылдап, түсіне алғаны, алған білімін өз бетінше практикада қолдана білу дағдысы байқалады.
Қалaлық олимпиадаға ең озық оқушылaр қатысaды десек, сол оқушылардың білімді бөлігінің біразы сөйлем талдауға шорқақ, сөйлемді талдаудың техникасын жетік меңгермегендігін байқатып жүр. Сондықтaн да бұл құралда сөйлем талдау үлгісі мен әдістері көрсетіледі. Талдау үлгілері бұрыннан қалыптасқан жолмен жүргізіліп отырды. Кейбір жағдайда уақыт үнемдеу мақсатымен және тілдік материал оқушының ойына толық жетіп, жедел қабылдануы үшін талдау сараланып жүргізіледі. Ондайда тым ұсақталып кетіп әр ұғымды айтқан сайын көп қайталанбау жағы да көзделді. Тағы бір мақсат-әр оқушы өз бетінше бөлек-бөлек талдап, талдаудың түрліше тәсілдерін жинақтай отырып, сөйлем талдау техникасын бір ізге түсіру, талдауды сөйлемдегі сөздер арасындағы грамматикалық байланысқа негіздеп, белгіліден белгісізге қарай табу әдісін бір ізге салып, талдаудың тұрақты тәсілін көрсетіп, шартты белгілерін қалыптастыру, тұрақтандыруда болмақ, сонымен қатар білімдерін бекітуде көмек береді.
Күтілетін нәтиже:
Оқушылардың талдау түрлерін талдауын өздері мұғалімнің көмегінсіз еркін талдай алатын болады.
Сауаттылықтары артады, әдемі, таза жазуға қызығушылықтары артады.
Әр тақырыпты ережесімен, сұрақтарына қарай талдауды еркін меңгереді.
Фонетикалық талдау
Жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілінің жүйелі курсының бір саласы-фонетика. Фонетика мектептерде мына көлемде оқытылады. Тіл дыбыстары деген не, дыбыстау мүшелері, олардың қызметі, тілдегі дыбыстардың құрамы мен түрлері, дыбыстардың үндесуі, екпін; буын; орфография және орфоэпия. Талап етілетін фонетикалық талдаудың көлемі: дауыстылардың 6-ға бөлінуі, /жуан, жіңішке, ашық, қысаң,еріндік, езуліктер/;дауыссыз дыбыстардың дауыс қатысына қарай 3-ке бөлінуі/қатаң, ұяң, үнді/ жасалу орнына қарай бөлінуі /ерін, тіс пен ерін, тіс, тіл ұшы, тіл алды, тіл ортасы, көмей/ жасалу жолына қарай/шұғыл, ызың/ бөлінуі.Соңғы бөлу мектеп бағдарламасында жоқ. Бұлармен бірге буын, дыбыстардың үндесуі мәселелері де фонетикалық талдаудан тыс қалмауы керек. Бағдарламалық материалдардың берілуі сатылы және жүйелі түрде өсуіне орай талдаулардың да күрделене түсуі сөзсіз.Осыған орай фонетикалық талдауды оңайдан қиынға қарай сатылап көшу керек.
І. Фонетикалық талдау үлгісі
1.Сөз Бәйтерек
Әріп саны- 8; дыбыс саны-8
2.Дауысты дыбыстар 3 (ә,е,е)
Тілдің қатысына қарай
Жуан - Х
Жіңішке -3( ә,е,е)
Жақтың қатысына қарай
Ашық - 3( ә,е,е)
Қысаң – Х
Еріннің қатысына қарай
Еріндік - Х
Езулік – 3( ә,е,е)
3.Дауыссыз дыбыстар- 5(б,й,т,р,к)
Ұяң- 1(б)
Қатаң- 2(т, к)
Үнді -2 (й, р)
4.Буын, буын түрлері
б.б, а.б, б.б
Бәй-те-рек
5.Тасымал 1.Бәй-терек ; 2.Бәйте- рек
ІІ. Дауыссыз дыбыстарға талдау жасау
Дауыссыздардың дауыс, үннің, салдырдың қатысына қарай жіктелуі.
Дауыссыздарды үшке бөлеміз.
Үнді дауыссыздар:й,л,м,н,ң,р,/у/,
Қатаң дауыссыздар: к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.
Ұяң дауыссыздар: б,в,г,ғ,д,ж,з,һ.
Үні басымын-үнді дауыссыздар, тек салдырдан тұратынын -қатаң, үннен гөрі салдыры басымын-ұяң деп жіктеп жүрміз.
1.Ең алғашқы фонетикалық талдаулар-дауысты және дауыссыз дыбыстарды танытқызу. Мысалы, мына үлгіде:
1. Көлдің орта шенінде ноқаттай бір қара көрінеді. /Д.Ә./
Осы сөйлемдегі 2 сызықпен сызылған дыбыстарды дауысты, бір сызықпен сызылған дыбыстарды дауыссыз деп атап шығу керек.
К-д-сыз, Р-д-сыз, Б-д-сыз,Е-д-ты, т.б.немесе
2. Кейде жазылған сөйлемнің ішінен дауысты дыбыстарын бір бөлек, дауыссыз дыбыстарын екінші бөлек теріп алып, қоршаймыз да, олардың өзіндік белгілерін не ауызша, не жазбаша айтқызамыз., жаздырамыз.
Мысалы, мына үлгіде:
Ө,І,О,А,Е –дауыстылар, себебі:
1. Өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешқандай кедергіге ұшырамайды.
2. Бұлармен ән салуға болады.
3. Сөздерді буынға бөледі.
4. Айтқанда дауыс шымылдығы дірілдейді.
5. Бұл дыбыстарды айтқанда дыбыстау мүшелері түгел қатысады.
6. Бұлар дыбыстау мүшелерінің жан-жақты қимылымен жасалады.
К,Р,Д,Т,Ш,Қ,И-дауыссыз дыбыстар, себебі:
1. Өкпеден шыққан ауа қандай да бір кедергіге ұшырайды.
2. Бұларда үн бәсең болады.
3. Сөздерді буынға бөле алмайды.
4. Айтқанда дауыс шымылдығы баяу дірілдейді.
5. Бұлар дыбыстау мүшелерінің біржақты қимылынан жасалады.
Ендігі талдау дауысты дыбыстар төңірегінде болмақ.
Дауысты дыбыстардың 6-ға бөлінуін түсіндіргеннен кейін кестемен жұмыс жасауға болады.
Жуан |
Жіңішке |
Ашық |
Қысаң |
Езулік |
Еріндік |
Бұл кестенің аралас түрін де толтыруға болады.
Бір графаны ғана толтыр
Тілдің қатысына қарай немесе жасалу орнына қарай |
|
|
А, ы/и/,о,ұ/у/ |
ә, е,/э/,і,/и/ө,ү,/у/
|
|
Еріннің қатысына қарай немесе жасалу жолына қарай |
|
|
А, ә, е/э/,і,/и/ |
О, ө,ұ,ү,/у/ |
|
Жақ пен иектің қатысына қарай |
|
|
А, ә, е/э/,о,ө |
Ы/и/,і,ұ,ү/у/ |
Бір ғана графа толтырылған қалғанын өзің толтыр
|
жуан |
жіңішке
|
|
|
|
|
еріндік |
езулік |
|
|
|
|
ашық |
қысаң |
|
|
Тілсіз графаны өздерің шешіп, толтырыңдар
|
|
|
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Осындай жартылай ашық, не мүлдем ашық кестелерді толтыру арқылы оқушылар дауысты дыбыстар бойынша алған білімдерін орнықтырады әрі логикалық ойын дамытады.
Дауысты дыбыстарды талдауға арналған фонетикалық талдау:
А-жуан, езулік, ашық дауысты;
Ә-жіңішке, езулік, ашық дауысты;
О-жуан, еріндік, ашық дауысты;
Ө-жіңішке, еріндік, ашық дауысты;
Е-жіңішке,езулік, ашық дауысты;
Ұ-жуан, еріндік, қысаң дауысты;
Ү-жіңішке, еріндік, қысаң дауысты;
Ы-жуан, езулік, қысаң дауысты;
І-жіңішке, езулік, қысаң дауысты;
И-жуан да жіңішке де, езулік, қысаң дауысты.-бұлай талдау арқылы уақыт үнемдейміз.
Демек, фонетикалық талдау-тіл дыбыстарының әрі практикалық, әрі теориялық мәселелерін үнемі қайталап, ауызша айтылған қағиданы іс жүзінде көрсете отырып, нығайтудың бірден-бір жолы.
Тіл дыбыстарынан кейінгі сөздің бөлшегі-буын. Сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болатыны белгілі.Сөздерді буынға жіктеуде:
1.Ашық буын: Ә-ке, а-па;
2. Тұйық буын: от,өрт,ант;
3. Бітеу буын: бал, кел, бұлт.
Буынның жуан, жіңішке болуы дауысты дыбыстардың жуанды, жіңішкелігіне байланысты дей отырып, К-Г; Қ-Ғ дауыссыздарының да жуан –жіңішкелігіне байланысты болатындығын мысалдар арқылы /қа-ғаз,та-ға; кө-гіл-дір,и-не.лік/ түсіндірген жөн.
ІІ Грамматикалық талдау
Грамматикалық талдау
Грамматикалық талдау- грамматикада айтылған мағлұматтарға, ережелерге, анықтамаларға негізделіп жүргізіледі. Ол-оқушылардың логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге, олардың ана тілінен алған білімдерін өмірде саналы қолдана алуына, емлелік және тыныс белгілері жөніндегі алған мағлұматтарын тұрақтандыру үшін қолданылады.
Мазмұны жағынан грамматикалық талдау екі үлкен салаға бөлінеді: Морфологиялық және синтаксистік талдау. Осы екі грамматикалық талдауды жүргізудің 2 тәсілі бар. Бірі-ауызша талдау, екіншісі-жазбаша талдау. Жазбаша талдау арқылы оқытушы оқушылардан грамматикалық ұғымдар мен олардың тілдік элементтерін жетік білуін оқушылардың ұқыптылығын талап етіп отыруы қажет. Сол арқылы оқушылардың сөйлемді дұрыс та толық талдау дағдысын қалыптастырады.
Морфологиялық талдау
Сөздің грамматикалық тұлғасын білмей тұрып, оқушының сөз байлығын дамыту мүмкін емес. Грамматикалық талдауды саналы жүргізу, сөзді дұрыс қолдану, олардың сөз тұлғасын жетік білуіне байланысты.
Морфологиялық талдаудың алғашқы баспалдағы-сөздерді тұлғасына қарай талдау. Ол үшін мына кестені пайдалануға болады.
Сөз құрамы
Түбір сөз |
Туынды сөз |
Қос сөз |
Біріккен сөз |
Сөз тіркесі |
Қысқарған сөз |
Ж |
Жалғау
|
Ана Бас Қобыз |
Егін-ші Қобыз-шы |
Биік-биік Ап-аласа |
Аққу,тас бақа |
Темір жол, қара торы |
ҚарМУ ҰБТ, МАБ |
Сөз тудырушы |
1.Көптік 2.Септік 3.Жіктік 4.Тәуелдік |
Біл-гіш, ас-паз |
|||||||
|
Сөз түрлендіруші |
|
|||||
Көл-шік |
|||||||
Бұл кесте оқушылардың сөздерді құрамына қарай талда деген тапсырманы бірден түсінуге көмектеседі. Қазақ тіліндегі сөздерді құрамына қарай талдау аса қиындық келтірмейді.
Морфологиялық талдауда қысқарған белгілері арқылы талдаудың белгілі бір жүйесі болады. Мысалы:1. Түбір сөз, 2. Қосымша-жұрнақ, жалғау. 3. Сөз табы, негізгі-туынды, дара-күрделі, септік, көптік, тәуелдік, жіктік жалғау деген орын тәртібімен талдауға дағдыланған жөн.
Мысалы, сөздің құрамы мен сөз тұлғасының жиі кездесетін бір түрі:
Есе--ле-ген-мін
Есе-түбір
ле-сөз тудырушы жұрнақ
ген-сөз түрлендіруші жұрнақ
мін-жалғау
Сөздерді тұлғасына қарай талдау
Терезенің тұсында мектептің бағы бар.(Б.Соқпақбаев)
Талдау
Терезе-түбір, -нің-ілік с. жалғауы, тұс-түбір, -ы 3-жақ тәуелдік жалғау, -нда-жатыс септігінің жалғауы, мектеп-түбір, -тің-ілік септігінің жалғауы, бақ-түбір, -ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, бар-түбір.
Көлдің бурадай буырқануы Ботагөздің қуанышты сезімін өзгертпеді. /С.Мұқанов/
Талдау
Көл-негізгі түбір, -дің-қосымша, ілік септік жалғауы,бура-негізгі түбір, -дай-қосымша, сөз тудырушы жұрнақ, буырқан-негізгі түбір, -у-қосымша, тұйық етістік жұрнағы, -ы-3 жақ тәуелдік жалғауы, Ботагөз-күрделі морфема, біріккен сөз/түбір/, -дің-қосымша, ілік септік жалғауы, өкінішті-туынды сөз: қуан-негізгі түбір, -ыш-сөз тудырушы жұрнақ,, -ты-сөз тудыратын жұрнақ, сенім-туынды сөз: сөз-негізгі түбір, ім-сөз тудыратын жұрнақ, -і-қосымша, 3-жақ тәуелдік жалғауы, -н- қосымша, табыс септігі жалғауы.Өзгер-түбір, -т сөз түрлендіретін жұрнақ, өзгелік етіс жұрнағы –ді –сөз түрлендіретін жұрнақ, жедел өткен шақ жұрнағы.
Сөздерді құрамына қарай талдау-сөз таптарына бағытталған талдаудың алғашқы баспалдағы. Сөздерді бұлай талдау сөз таптарын түгелдей өтіп болғанша жүргізіле береді.Әрбір сөз табына қатысты грамматикалық категориялар мен грамматикалық формаларды өзінің атымен атаймыз.Мысалы, зат есімді өткенде, оның жұрнақтарын өзінің атымен атаймыз, «сөз тудыратын, сөз түрлендіретін жұрнақ» дегеннің орнына зат есімнен зат есім тудыратын жұрнақ тіркесін енгіземіз. Мұны мына мысалдан көреміз:
Зат есімді өткеннен кейін
Жаз бойына теңіз жағасындағы жұмыс бір тынған жоқ. /М.Иманжанов/
Талдау
Жаз-деректі, жалпы, жалаң түбір тұлғалы зат есім, бой-түбір, -ы-3-жақ тәуелдік жалғауы,-на –барыс септік жалғауы, теңіз-деректі, жалпы, жалаң, түбір тұлғалы зат есім, ілік септіктің жасырын түрінде тұр, ол келесі тәуелдік жалғауы /жағасындағы/ сөзбен байланысынан көрінеді. Жаға-түбір, -сы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нда-жатыс септік жалғауы, -ғы- сөз тудырушы морфема. Жұмыс—деректі, жалпы, жалаң, атау тұлғалы зат есім, бір—негізгі түбір сөз, -тын-негізгі түбір сөз, -ған сөз түрлендіретін жұрнақ, жоқ-түбір сөз, 3-жақ жіктік жалғау тұлғасында тұр.
Қазақ тілі грамматикасында зат есімнің түбір тұлғасы, атау септік дегендер бір ұғым ретінде жұмсалады.
Сын есімді өткеннен кейін
Енді сол көп қыздардың ішнен бөлініп қалған бір ғана ұзын бойлы, ақ сары қыз бар./М.Әуезов/
Енді-түбір сөз, сол- түбір сөз, көп-түбір сөз, қыздардың-деректі, жалпы, жалаң,зат есім, түбірі-қыз, дар –көптік жалғауы, -дың-ілік септік жалғауы, іш-негізгі түбір сөз, -і-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нен-шығыс септік жалғауы, бөл-негізгі түбір сөз, -ін-сөз түрлендіретін жұрнақ, -іп-сөз түрлендіретін жұрнақ, қал-негізгі түбір сөз, -ған- сөз түрлендіретін жұрнақ, бір-түбір сөз, ғана-түбір морфема, ұзын бойлы-күрделі тіркесті түбірлер, -ды-сөз тудырушы жұрнақ, сөйтіп барып ол қатыстық күрделі сын есім, ақ сары-күрделі түбір, сапалық күрделі сын есім, қыз-деректі, жалпы, жалаң, атау тұлғалы зат есім, бар-негізгі түбір сөз.
Сан есімді өткеннен кейін
Төртінші шахтаға баратын-он екі адам./Ғ.Мұстафин/
Талдау
Төртінші-реттік сан есім: төрт-түбірі,-інші-қосымша , реттік сан есім жұрнағы, шахтаға-деректі, жалаң зат есім: шақта-түбірі, -ға-барыс септік жалғауы, бар-түбір сөз, -атын-сөз түрлендіретін жұрнақ, он екі-күрделі есептік сан есім, адам-деректі, жалпы, жалаң, 3-жақ жіктік жалғау тұлғалы зат есім, ол бұл жерде арнайы грамматикалық формамен беріліп тұрған жоқ, яғни формасыз нөлдік формада тұр.
Есімдікті өткеннен кейін
Осы оқиғаны Гүлмизаның өзі айтқан еді- маған./З.Ш./
Талдау
Осы –сілтеу есімдігі, түбір тұлғада тұр, бір-белгісіздік есімдік, түбір тұлғада тұр, оқиғаны-деректі, жалпы, жалаң зат есім: оқиға-түбір, -ны-табыс септік жалғауы, Гүлмиза-деректі, жалқы, күрделі зат есім, /Гүл-миза/, -ның –ілік септік жалғауы, өзі-өздік есімдігі: өз-түбір, -і-тәуелдік жалғаудың 3-жағы, айт-түбірі, -қан-сөз түрлендіргіш жұрнақ, е-түбір морфема, -ді-сөз түрлендіргіш қосымша морфема,/жедел өткен шақ жұрнағы/, маған-жіктеу есімдігі, түбірі-мен.
Етістікті өткеннен кейін
Етістік-грамматикалық категорияларға да, мағынаға дабай. Күрделі сөз табы. Етістіктің мағынасын, морфологиялық, синтаксистік белгілерін қаншалықты егжей-тегжейлі оқытқанмен, морфологиялық талдауда мұның бәрін қамтып, толық көрсету қиын. Дегенмен морфологиялық талдауда етістіктің грамматикалық белгілеріне мән беріп, көрсетіп отыру қажет. Ол белгілер мыналар:
Етістік
етіс (4етіс) |
Болым ды болым сыз |
салт сабақты |
шақ тары |
райлары |
Кө семше |
есімше |
жақ |
тұйық етістік |
Сондықтан етістікті талдауда басқа сөз таптарына қарағанда барынша сақ, сергек болу керек.
Майпаны мен қандай білсем, Майпа Ардақты сондай біледі. /Ғ.Мұстафин/
Майпаны-деректі, жалқы, жалаң зат есім: Майпа-түбір, -ны-табыс септік жалғауы, мен-жіктеу есімдігі, атау тұлғада тұр, қандай -өлі түбір морфема,/әуелгі түбірі қан екені белгілі/, білсем-түбірі:-біл, -се-шартты рай жұрнағы, -м-1-жақ жіктік жалғауы, Майпа-деректі, жалқы, атау тұлғада тұрған зат есім, Ардақты-деректі, жалқы, жалаң зат есім: Ардақ түбірі, -ты-табыс септік жалғауы, сондай –тарихи тұрғыдан сол/сон/ түбірден және –дай жұрнағынан тұратын үстеу, біледі-сабақты етістік: біл-түбірі,-е-ауыспалы шақтық көсемшенің жұрнағы, -ді-жіктік жалғауының 3-жағы.
Жағалауда жарқыраған күн сәулесі мен мал жайылған шалғындар, егін даласы мен кішкентай қайың тоғайлар көрініп тұрды. /С.Голубов/
Талдау
Жағалауда-деректі, жалпы, туынды, зат есім: жаға-түбір, -ла-зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, сонда жағала-туынды түбір етістік, -у-етістіктен зат есім тудырып тұрған жұрнақ, себебі, жағалау-бұл жерде зат есім, ал тарихи тұрғыдан келгенде бұл жұрнақ/-у/ тұйық етістік –да-жатыс септік жалғауы, тұлғасына саяды. жарқыраған- өткен шақтық есімше, жарық түбір, -ыра-зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ған-өткен шақтық есімше жұрнағы, күн сәулесі-жалпы, күрделі зат есім:күн-түбір, -нің ілік септік жалғауы жасырын келген, сәулесі-деректі, жалпы зат есім,: сәуле-түбір, -сі-тәуелдік жалғауының 3-жағы, мен-түбір морфема, көмекші сөз/жалғаулық шылау/, мал-деректі, жалпы, дара зат есім, жайылған-өткен шақтық есімше тұлғасында тұрған етістік, жай-түбірі, ыл-ырықсыз етіс жұрнағы, -ған-өткен шақтық есімше жұрнағы, тоғайлар-деректі, жалпы, дара, зат есім, түбірі-тоғай, -лар-көптік жалғауы, көрініп тұрды-күрделі болымды етістік, көрініп-негізгі етістік, көр-түбірі, -ін-ырықсыз етіс жұрнағы, -іп-өткен шақтық көсемше жұрнағы, тұрды-көмекші етістік: тұр-түбір ет., ды-жедел өткен шақтың жұрнағы.
Үстеуді өткеннен кейін
Бұл бағана, кеште, Құнанбайдың қасында тұрған қаба сақал, қара Қамысбай еді. /М.Әуезов/
Талдау
Бұл-сілтеу есімдігі, бағана-мезгіл үстеуі, кеште-мезгіл үстеу: кеш-түбірі,-те-көнеленген жатыс септік жалғауы, Құнанбайдың-деректі, жалқы зат есім, Құнан-бай-біріккен түбір, -дың –ілік септік жалғауы, қасында-көмекші есім: қас-түбір, -ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нда-жатыс септік жалғауы, тұрған –етістік:тұр-түбір, -ған-өткен шақтық есімшенің жұрнағы, қаба сақал-деректі, жалпы, күрделі зат есім, қара-сапалық, дара сын есім, Қамысбай-деректі, жалқы, күрделі зат есім,/Қамыс-бай сөздерінен біріккен/, еді-болымды, өткен шақтық формадағы көмекші етістік, е-түбірі, -ді-жедел өткен шақ жұрнағы.
Үстеуді белгінің белгісі деп те атайды, себебі үстеунегізінен етістіктің жай-күйін, мекенін, мезгілін, білдіреді.Бірақ әр уақыттабұлай бола бермейтінін ескерген жөн. Мысалы,соншама адам қайда бармады деген сөйлемдегі соншама зат есімді анықтап тұр.
Еліктеуіш сөздерді өткеннен кейін
Гүлшаттың ызыңдаған даусы ызың-ызың естіледі./Б.Т./
Гүлшаттың-деректі, жалқы, дара зат есім: Гүлшат-түбір, -тың-ілік септік жалғауы, ызыңдаған-етістік, ызың-түбір/еліктеуіш сөз/, -да-еліктеуіш сөзден етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ған-өткен шақтық есімшанің жұрнағы, даусы-деректі, жалпы, дара зат есім: дауыс-түбір,-ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, ызың-ызың-қайталана қосарланған еліктеуіш сөз, естіледі-болымды етістік: түбірі-есті-сабақты етістік,-л-ырықсыз етіс жұрнағы, -е-ауыспалы шақтық көсемшенің жұрнағы, -ды-жіктік жалғауының 3жағы.
Шылауды өткеннен кейін
Аздан соң орнынан тұрды да, аяғын селсоқтау басып үйге қарай тартты./Б.Т./
Аздан-мезгіл үстеуі: аз-түбірі,-дан-шығыс септіктің көнеленген түрі, соң-септеулік шылау, орнынан-деректі, жалпы, дара зат есім: орын-түбір,-ы-3 жақтық тәуелдік жалғау, соның әсерінен түбірдегі-ы түсіп қалып, орны болған –нан-шығыс септік жалғауы, тұрды-болымды, салт, өткен шақтың жұрнағы, да-жалғаулық шылау /екі сөйлемді байланыстырып тұр/, аяғын-деректі, жалпы, дара зат есім:аяқ-түбір, -ы-тәуелдік жалғауының 3 жағы, -н-табыс септігінің жалғауы, селсоқтау-үстеу /қимыл-сын/, селсоқ-түбір,-тау-сын есімнің салыстырмалы шырай жұрнағы, /кейде шырай жұрнақтарыкейбір үстеуге жалғанатын белгілі: тез-ірек, ақырын-дау, жоғары-лаут.б/, -ып-өткен шақ түбір, -ге-барыс септік жалғауы, қарай-септеулік шылау, тартты-етістік, тарт-түбір,-ты-жедел өткен шақтың жұрнағы.
Одағайды өткеннен кейін
Әттеген-ай, көре алмай қалдым-ау./С.Мұқанов/
Әттеген-ай-өкінішті білдіретін күрделі одағай/әйт-деген-ай болу керек/, әттегене-түбірі, -ай-демеулік шылау, көре алмай қалдым-ау-өткен шақ, сабақты, күрделі етістік:көр-түбір, -е-ауыспалы шақ көсемшенің жұрнағы, алмай-көмекші етістік: ал-түбір, -ма-болымсыз етістіктің жұрнағы, -й-ауыспалы шақ көсемшенің жұрнағы, қалдым-көмекші етістік, -ал-түбір, -ды-жедел өткен шақ жұрнағы, -мжіктік жалғауының бірінші жағы, -ау-демеулік шылау.
Сөйтіп, зат есімнен бермен қарайәрбір сөз табының тұсында морфологиялық талдауды күрделендіре отырып, уақытша алынған «морфема», «сөз» деген сөздерден біртіндеп ажыраймыз.Біздіңше, осылай талдау, жеңілден ауырға қарай біртіндеп көшу, тиімді әдіс тәрізді.
Морфологиялық талдауда сөйлемдегі сөздер қалайда белгілі бір сөз табына жатады, дегенмен қазақ тілінде керек, жоқ,бар секілді біраз сөздердің тобы бар, бұлар сөз таптарымен салыстырғанда мағынасы бар сөздерге ұқсайды, түрленуі екінші бір сөз табына ұқсайды. Мұндай сөздерді қазақ тілінде бейтарап, әртарап, модаль сөздер деп атайды.
Морфологиялық талдаудың толық үлгісіне тағы бір мысал келтірейік:
Қолындағы елу сиырды жүз елуге жеткізді.
Қолындағы-қатыстық сын есім: қол-түбір, -ы-тәуелдік жалғауының 3-жағы, -нда жатыс септік ,-ғы-зат есімнен сын есім тудыратын жұрнақ, елу-есептік, дара, сан есім, сиырды-деректі, жалпы, дара зат есім: сиыр-түбір, -ды-табыс септік жалғауы, жүз елуге-күрделі, есептік сан есім, жүз елу-түбір,-ге-барыс септік жалғауы, жеткізді-негізгі етістік, жет-түбір, -кіз-өзгелік етіс жұрнағы, -ді- жедел өткен шақ жұрнағы.
Морфологиялық талдаудың екінші түрі:
Қақтаған ақ күмістей кең маңдайлы.../Абай/
Қақтаған-есімше тұлғалы етістік басқа сөзбен/ақ күмістей/ анықтауыштық қатынаста жұмсалған, сұрауы-қандай? Қақ-түбір, -та-зат есімнен етістік тудырып тұрған жұрнақ, -ған-есімшенің жұрнағы, ақ-сапалық сын есім, түбір тұлға, күмістей-туынды қатыстық сын есім, сұрауы-қандай? Түбірі –күміс, -тей-зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ,кең маңдайлы-күрделі сын есім: кең-негізгі сапалық сын есім, түбір тұлға, сұрауы-қандай? Маңдайлы-туынды қатыстық сын есім, сұрауы-қандай? Маңдай –түбірі, -лы-зат есімнен сын есім тудырып тұрған жұрнақ.
Морфологиялық талдауды түгел қамтып жүргізуге де, іріктеп жүргізуге де болады.Ол сабақтың алдына қойылған мақсатына байланысты және оқушылардың теориялық материалдарды білу дәрежесіне қарай айқындалуы керек. Оқушылардың бірсыпырасы көмектес септік пен жалғаулық шылауды/мен, пен, бен/ бір-бірінен ажырата алмайды. Мұндай жағдайда берілген мысалдардың ішінен оларды іріктеп, бөліп алып талдау керек. Мысалы, Рақым әйелі мен баласын ертіп, машинамен елге кетті.- деген сөйлемнің бәрін талдап жатпай, «әйелі мен баласын» және «машинамен» деген сөзерді ғана алып талдаймыз да бірінші мен-жалғаулық шылау, екінші мен-көмектес септік жалғауы екенін түсіндіреміз.
Сонымен морфологиялық талдауды екі ыңғайда жүргіземіз:
1). Сөз құрамына қарай талдау
2). Сөз таптарына қарай талдау.
Фонетикалық талдаулар дағыдай кестелерді толтыру арқылы да оқушы білімін тексеруге болады.
1.Зат есімге
Негізгі түбір зат есім |
Туынды зат есім |
Біріккен түбірлі зат есім |
Қос сөзді зат есім |
Сөз тірке сінен жас зат есім |
Қысқарған сөзден жасалған зат есім |
|
түбір |
жұрнақ |
|||||
|
|
|||||
1/ Мысалмен толтырыңдар
2/Мысалмен толтырыңдар
Деректі |
Дерексіз |
Жалпы |
Жалқы |
Дара |
Күрделі |
|
|
|
|
|
|
Қалғанын өздерің толтырыңдар
Зат есімнің мағынасы |
МЫСАЛДАР |
1.Құбылыс аты |
Дауыл,жел,боран,қар,жаңбыр,т.б. |
2. |
|
3. |
|
4. |
|
5. |
|
6. |
|
7. |
|
8. |
|
|
|
Жаттығу жұмысы
реті
|
мысалдар |
жал пы |
жалқы |
деректі |
дерексіз |
негізгі |
туынды |
дара |
күрделі |
1 |
әке |
+ |
|
+ |
|
+ |
|
+ |
|
2 |
Мұхтар Әуезов |
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Құлагер |
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
қуаныш |
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
өнер |
|
|
|
|
|
|
|
|
Сын есімге
1/ Жартылай толтырылған кестені толықтыр
Етістік |
дара |
күрделі |
негізгі |
туынды |
болымды |
болымсыз |
Тұйық етістік |
|
таппай |
+ |
|
тап |
+ |
|
+ |
|
|
мақтанба |
0 |
|
|
|
|
|
|
|
орын |
|
|
|
|
|
|
|
|
баптанба |
|
|
|
|
|
|
|
|
Негізгі/сапалық/сын есім |
Туынды/қатыстық/ сын есім |
Туынды сын есімдердің жасалуына мысал келтір |
|
|
1. жұрнақ арқылы: жел-сіз |
|
|
2. |
|
|
3. |
2/Сын есімнің мағынасы мен құрамына қарай бөлінуін көрсет
Сын есімнің түрлері |
Мағынасына қарай |
Құрамына қарай |
Мысалдар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3/Сын есімнің шырайларын кестеге түсіріңдер
Шырай түрлері |
Салыстырмалы шырай |
Күшейтпелі шырай |
Жасалулары және мысалдар |
|
|
3. Сан есімге
1/
Сан есімдердің құрамына қарай |
Мағынасына қарай |
||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
Есімдікке
1/ есімдіктің түрлерін мысалдар арқылы көрсет
|
|
|
|
|
|
|
Етістікке
Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба. /Абай/ Сөйлемді талда.
|
|
|
|
|
|
|
Үстеуге
1/ үстеудің түрін көрсетіп, мысалдар келтір
|
|
|
|
|
|
|
6.Шылауға
1/ Септеулік шылаулардың тіркесетін сөздеріне мысал жаз
Атау |
Барыс |
Шығыс |
Көмектес |
Демеулікке жасалған кестені толтыр
Сұраулық
|
демеулік |
||
шектік |
лептік |
күдіктік |
|
СИНТАКСИСТІК ТАЛДАУ
Синтаксистік талдау да оқушыларға синтаксистік білім беріп, дағдысын қалыптастыруда, олардың білімін тексеруде морфологиялық талдаумен қабаттаса жүреді. Мысалы,сөз тіркесін өткенде, алдымен тіркестің құрамына енген сөздердің қай грамматикалық формада тұрғаны айтылады, одан ары олардың байланысу тәсілі де морфологиялық талдау жолымен түсіндіріледі. Сол сияқты жай сөйлемнің бастауышы, баяндауышы қандай сөз табынан жасалғаны үнемі талданып отырады. Синтаксистік талдау да ауызша және жазбаша орындатылады.Уақытты барынша үнемдеу үшін, синтаксистік талдау арнаулы жүйемен, әр сабақтың/әр тақырыптың/ мақсатына орайлас жүргізіледі. Ол үшін көбіне талдаудың толық емес түрін жүргізген пайдалы. Оңайдан күрделіге қарай өте отырып, қайталау сабақтарында синтаксистік талдаудың толық түріне біртіндеп көшіріледі.
Сөз тіркесіне қарай талдау
Синтаксистегі күрделі тақырыптардың бірі-сөз тіркесі.Талдар алдында сөз тіркесінің басыңқы және бағыныңқы сыңарлары болатыны.басыңқының қай сөз табынан болса, соған қарай есімді сөз тіркесі және етістікті сөз тіркесі болып бөлінетіндігі жайында қысқаша болса да мағлұмат беріп, мұны да кестеде көрсеткен жөн.
Сөз тіркесі Кемінде екі сөздің мағыналық әрі тұлғалық жақтан байланысуы. Айрықша белгілері: Ең кемі толық мағыналы екі сөзден тұрады. Өзара грамматикалық тәсілдер арқылы бірі екіншісіне бағынып сабақтаса байланысады. Зат, құбылыс жайында кеңірек, нақтылы түсінік береді.
|
Сөз тіркесінің түрлері
Есімді сөз тіркесі-басыңқы сыңары есім сөзден болған сөз тіркесі |
Етістікті сөз тіркесі-басыңқы сыңары етістіктен болған сөз тіркесі |
жақсы оқушы балаға келді
айтуға құмар соғыс аяқталды
оқуға ыңғайлы жел соқты
1. Талдау-үлгі
Жақсы жолдас-есімді сөз тіркесі, Біреуге күлу-етістікті сөз тіркесі, өйткені бұл тіркестердегі басыңқы сөз жолдас есім /зат есім/сөз де, күлу-етістік.
Біз кемшілікті мойындауға арланбаймыз. /М.И./
2. Талдау-үлгі
А) Біз арланбаймыз-қосымша арқылы байланысқан./-мыз-жіктік жалғауы/, бірақ сөз тіркесі емес.
Ә) мойындауға арланбаймыз-қосымша арқылы байланысқан/-ға барыс септігі/ етістікті сөз тіркесі.
Б) Кемшілікті мойындауға-қосымша арқылы байланысқан/-ты табыс септік/ етістікті сөз тіркесі.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Жалғау арқылы |
Септеулік, жалғаулық шылаулар арқылы |
Орын тәртібі арқылы |
Дауыс ырғағы арқылы |
|
Сөйлемдегі сөздер жіктік,септік, тәуелдік жалғауларымен байланысады. |
септеулік |
жалғаулық |
|
|
Септеулік шылаулармен байланысады. |
Жалғаулық шылаулармен байланысады. |
Сөйлемдегі сөздер ешбір жалғаусыз қатр тұрып орын тәртібі арқылы байланысады. |
Сөйлемдегі сөздер дауыс ырғағы (интонация) арқылы байланысады. |
|
Мен-оқушымын. Балаға берді. Қораның қақпасы. |
Біз сабақ туралы сөйлестік |
Ол ақылды, бірақ жалқау. |
Алыс жер, атақты адам |
Бұл-біздің ауылдың шамдары. |
Сөздердің байланысу түрлері
|
||||
Қиысу
|
матасу
|
меңгеру
|
қабысу
|
жанасу
|
Мен -жазушымын |
Сәуле-нің гүл-і. |
Жаңғақ-ты шақты. |
Қызықты оқиға |
Кешке келді, әдейі жасады. |
І Қиысуға
Студенттер-біздің болашағымыз, біздің орнымызды басатын адамдар./ «Орталық Қазақстан»/
А) Студенттер – болашағымыз, студенттер-адамдар -қиысу. Мұнда студенттер деген сөз атау тұлғада тұрып, бастауыш болып болашағымыз, адамдар деген сөздермен жіктік жалғауының 3 жағында байланысып тұр.Бұл бастауыш пен баяндауыш арасындағы байланыс.
ІІ Меңгеруге
Бағыныңқы сөз |
Басыңқы сөз |
Барыс-ға, -ге, -қа, -ке,,на,-не,-а,-е. Табыс-ды,-ді,-ты,-ті,-ны,-ні,-н. Жатыс-да, -де,-та,-те,-нда,-нде. Шығыс-нан,-нен,-дан,-ден,-тан,-тен. Көмектес-мен,-менен,-бен,-бенен,-пен,-пенен |
Етістіктен болған сөйлем мүшесі және кейбір осы сөз табынан болған мүшелер. |
Талдау
Отбасында сыйласқан адамдар ғана өзге адамдарды сыйлай алады, өзге адамдармен сыйлас болады, өзге адамдарға өзін сыйлата алады. / «Қаз мектебі»/
Адамдар сыйлай алады-атау септігіндегі сөз мағынасы жағынан 3-жақты білдіріп, баяндауыш 3-жақ жіктік жалғау-ды арқылы қиысу.
Адамдар сыйлас болады-бұл да сондай
Адамдар сыйлата алады-бұл да сондай
Отбасында сыйласқан-етістікті сөз тіркесі, меңгеру /жатыс септігіндегі сөз есімшемен байланысқан/
Адамдарды сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /табыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/
Адамдармен сыйлас болады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /көмектес септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/
Адамдарға сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /барыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/
Өзін сыйлата алады- етістікті сөз тіркесі, меңгеру /табыс септігіндегі сөз етістікпен байланысқан/, сонымен бірге есімдік/өзін/ пен етістіктің арасындағы байланыс.
ІІІ Матасуға
Машиналардың гүрілі, ас үйдегілердің аяқ тықыры солғын естіліп тұр./Ғ.Мұстафин/.
Машиналардың гүрілі-есімді сөз тіркесі, матасу
Ас үйдегілердің аяқ тықыры- есімді сөз тіркесі, матасу
Еркін тіркестің өрбіген күрделі түрлері болатындығын мына мысалдардан көруге болады:
Мұражайдың бастығы
Мұражайдың бастығының орынбасары
Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинеті
Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинетінің есігі
Мұражайдың бастығының орынбасарының кабинетінің есігінің алды.
ІҮ Қабысуға
Қабысу қиысумен, жанасумен сырттай ұқсас келеді.Мына кестеден байқауға болады.
Қабысу |
қиысу |
меңгеру |
матасу |
Күрделі сөз |
Темір күрек |
Мен оқушымын |
Сөз сөйлеу |
Біздің мектебіміз |
Боз қырау |
Биік тау |
Ол-дәрігер |
Балық аулау |
Аудан әкімі |
Торы ала |
Тез кел |
Біз ұқтық |
Әңгіме айту |
Мектеп директоры |
|
Кестедегі мысалдардың ұқсастығы мен айырмашылығы:
Қабысу мен қиысудың бірінші сөздері арнайы тұлғасыз тұр. Бұл-сырттай ұқсастығы. Қабысуға алған сөздер қатар тұрып ешқандай қосымшасыз орын тәртібі арқылы байланысқан, ал қиысуда атау тұлғалы сөзбен екінші сөздегі жіктік жалғауы арқылы бастауыш пен баяндауыш байланысқан.Бұл-екуінің айырмашылығы.
Меңгерудегі сөздер кейде қатар тұрғанда алдыңғы сыңарындағы жалғаулар түсіп қалып, қабысудың сыңарына ұқсайды. Бірақ меңгерудегі сыңарда жалғаудың барлығы аңғарылып тұрады. Хат жаздым. Хатты мен жаздым. Мен осы хатты жаздым.
Матасу да кейде, жалғауы түсіп қалғанда, қабысуға ұқсайды, бірақ бұлардың матаса байланысқанын соңғы сөздегі тәуелдік жалғаудан байқауға болады.Сондықтан бұл сырттай ғана ұқсастық.
Күрделі сөздермен салыстырғанда күрделі сөздердің құрамындағы компоненттері мағыналық жағынан тұтас бір сөздің баламасы ретінде жұмсалатынын, орны тұрақты ауыстыруға да, арасына сөз салуға да келмейді.
Қабыса байланысқан сөз тіркесінің құрамындағы сөздердің орындары бірде еркін болса,бірде тұрақты болатынын және оның құрамындағы сөздердің барлық сөз табынан келе беретіндігін мысал арқылы түсіндіру қажет. Мысалы, жұмысшы адам/зат есіммен зат есім/, қызық кітап /сын есім мен зат есім/, жиырма бес күн/сан есім мен зат есім/, бұл қала /сілтеу есімдігі мен зат есім/, оқыған адам /есімше мен зат есім/, үлкен қаладағы /сын есім мен сын есім/.
Жиырма жігіт суға қарғып-қарғып түсе қалдық. (диктанттар жинағы)
Талдау
Жиырма жігіт-есімді сөз тіркесі, қабысу.
Суға түсе қалдық-етістікті сөз тіркесі, меңгеру
Қарғып-қарғып түсе қалдық-етістікті сөз тіркесі, жанасу
Суық жел киіз үйде отырған ауылдарды тегіс бүрістірді. /М.Ә./
Талдау
Жел бүрістірді.-3-жақ жіктік жалғау арқылы сөйлем ыңғайындағы қиыса байланысу.
Суық жел-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.
Киіз үйде-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.
Үйде отырған-жатыс септігі арқылы байланысқан етістікті меңгеру.
Отырған ауыл-орын тәртібі арқылы байланысқан есімді қабысу.
Ауылдарды тегіс бүрістірді-табыс септік жалғауы арқылы байланысқын етістікті меңгеру.
Тегіс бүрістірді- орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті жанасу. –орын тәртібі арқылы байланысқан етістікті жанасу.
Жай сөйлемдерді талдау
Сөйлемді мүшелеп талдауға көшпес бұрын оқушылар сөйлем туралы алған әрі практикалық, әрі теориялық білімдерін төмендегі кестеге жинақтап береміз де , талдау үстінде бұлардың ескеріліп отыратындығы көзделеді.
№1 кесте Құрылысына қарай
№2 кесте Құрамына қарай
№3 кесте Айтылу мақсатына қарай
№4 кесте Құрамына қарай
№5 кесте Байланысу тәсілдеріне қарай
Сөйлемді талдауда оқушылардың дағдысы қалыптасқан кезде , қайталау, пысықтау кездерінде көрсетілген кестелерді біріктіріп, төмендегідей бір кесте етіп, сөйлемнің түрлеріне қарай талдауды соның негізінде жүргізіп отыруға болады
№6 кесте
Бұл жай сөйлемдерді талдаудың ең алғашқы баспалдағы, жартылай талдау.
1. Мен оған мамыр айының бір көңілді күні келген едім.
Талдау
Сөйлем хабарлы, жайылма, толымды, жай сөйлем. Осыны тарата, түсіндіре талдасақ:
Айтылу мақсатына қарай-хабарлы сөйлем. Сөйлем мүшелерінің қатысына қарай-жайылма /өйткені тұрлаулы мүшелерден басқа да тұрлаусыз мүшелер бар/. Тұлғасы жағынан –жақты/бастауыш пен баяндауыш қиыса байланысып келген/, толымды /айтылған ойға қатысты сөйлем мүшелері түгел қатысқан/.
Талдаудың қай түрін жүргізсек те, көп сөзділікке жібермеу керек. Себебі, мұғалім мен оқушы арасындағы диалог көпке созылып, талдаудың басқа түрін жүргізуге уақыт жетпей қалады. Одан құтылудың жолы жеке мәселелер төңірегінде бірер сұрақпен шектелу.
-Бұл сөйлемді неге жақты дейсің?
-Мен бастауышы мен келген едім баяндауышы І жақта , жекеше жіктік жалғауы арқылы қиысып тұр.
2. Тағы бір пьеса жайында айта кетуге болатын шығар./Р.Ғамзатов/
Талдау
Хабарлы, жайылма, жақсыз, толымды, жай сөйлем.
-Неге жақсыз сөйлем дейсің?
-Бұл сөйлемде бастауышы жоқ және оның қажеттігі болып та тұрған жоқ.. Баяндауышы арқылы табуға да болмайды.
3. Біздің тіліміз өте бай. Сіздер оны бұрмалап бүлдірмеңіздер, балаларды да соған үйретіңіздер.
Талдау
Екінші сөйлем бұйрықты, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.
-Бұл неге бұйрықты сөйлем?
-Мұнда тілді бүлдірмеуге, балаларды үйретуге ұмтылдыру мағынасы бар.
-Лепті сөйлемнен айырмашылығы қандай?
-Лепті сөйлем болса, көтеріңкі әуен болар еді, мұнда ондай интонация жоқ.
4. Түн. Қойлы ауылдың қотаны.
Талдау
Бұлар атаулы сөйлемдер.
Бұдан кейін жай сөйлемді талдаудың негізгі басқышы-мүшелеп талдау.
Сөйлем мүшесі әр жақтан қарастырылады. Оның бастысы сөйлем мүшесінің құрылысы, қызметі, сұрауы және басқа мүшелермен ара қатынасы. т.б.
Сөлем мүшесіне қарай дұрыс талдау ретін оқушылар біле бермейді.Себебі:
Егер сөйлем талдаса, талдап отырған сөзге ғана сұрау қояды, яғни оның басқа сөзбен байланысын ескермейді.
Кейде сөйлем талдаса, бүкіл сөйлемді қайталап барып сұрақ қояды.
Сөйлемді мүшелеп талдаудың ең алдымен сөйлем ішінен қай сөйлем мүшесін табуды, яғни ретін, жүйесін біле бермейді.
Сұрақ қоюдың ең дұрыс жолы-сұрауды өзі қатысты мүшемен байланыстыра қою. Мысалы, Ол Алматыдан келді –деген сөйлемге сұрау былай беріледі.
Ол не істеді?-келді.
Кім келді?-Ол.
Қайдан келді?-Алматыдан.
Екінші, бастауышпен қоса баяндауыштың сұрауын қойып, баяндауышты тауып алу керек, содан кейін баяндауышпен қоса бастауыштың сұрауын айтып, бастауышты тиянақтап аламыз.Талдауды бұндай ретпен жүргізудің басты себебі-баяндауыштың сөйлемді аяқтап, тиянақтап тұруында. Жай сөйлемнің баяндауышын табу онша қиын емес. Оның үстіне баяндауыштың орны да біршама тұрақты-ол сөйлемнің соңында келіп, сөйлемді аяқтап тұрады. Бұл бір.Екінші, атаулы сөйлемді, кейбір диалогты сөйлемдерді ескермегенде баяндауышсыз сөйлем болмайды, ал бастауыш кейде сөйлемде болмауы да мүмкін./жақсыз/ Сондықтан да талдауды баяндауышты табудан бастап, әрі қарай сөздердің сөйлемдегі грамматикалық байланысының негізінде белгілі болған мүшеден белгісіз сөзге сұрақ қою арқылы жүргізу қажет.
Мысалы, Қаракөздің аулына амандасып қайтқалы Әзімхан келген. /М.Әуезов/
Сұрауы:
Әзімхан не істеген?-келген-баяндауыш.
Келген кім?-Әзімхан-бастауыш.
Қайда келген?-аулына-мекен пысықтауыш.
Кімнің аулына?-Қаракөздің-анықтауыш.
Не мақсатпен келген?-амандасып қайтқалы-мақсат пысықтауыш.
Мұндай сұрақтарды ықшамдап қойып, жауапты да қысқа беру қажет.Жоғарыда көрсетілгендей сөйлемнен ең алдымен баяндауышты сұрақ қою арқылы тауып, сосын бар болса бастауышты тауып, осы тұрлаулы мүшелерден сөйлемдегі жеке сөздердің байланыс бағыты негізінде белгілі болған сөзден белгісіз сөзге сұрақ қою арқылы басқа мүшелерін айқындаймыз.
Жазбаша талдауда сұрақты ауызша қойып, жауабын жазбай-ақ, шартты белгілермен әрбір сөйлем мүшесін сызып көрсетуге болады. Шартты белгілер төмендегідей:
Б
астауыш
Б
аяндауыш
Толықтауыш _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
А
нықтауыш
Пысықтауыш _ . _ ._ . _ . _ . _ . _ . _ . _ . _
Аталған жерлерде қонақ үйлер де, ас үйлер де тігілген екен. /М.Әуезов/
Талдау Хабарлы, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.
1.Қонақ үйлер, ас үйлер не істелген?-тігілген екен-күрделі баяндауыш, тігілген-есімше, негізгі ет., екен-есімше, көмекші етістік.
2. Не тігілген екен ?- қонақ үйлер де, ас үйлер де –бірыңғай күрделі бастауыштар зат есімнен жасалған.
3. Қайда тігілген?- жерлерге-мекен пысықтауыш, барыс септіктегі зат есім.
4. Қай жерлерге?-аталған-есімшеден болған анықтауыш.
Ашыққан жылқы кетпендей тұяғымен қалың қарды бұрқ-бұрқ лақтырады. /Ғ.Мүсірепов/
Талдау
Хабарлы, жайылма, жақты, толымды жай сөйлем.
1, Жылқы қайтеді?-лақтырады-етістіктен болған баяндауыш.
2. Не лақтырады?-жылқы-зат есімнен болған бастауыш.
3. Нені лақтырады?- қарды-табыс септіктегі зат есімнен болған толықтауыш.
4. Немен лақтырады?-тұяғымен-жанама толықтауыш.
5.Қалай лақтырады?-бұрқ-бұрқ-қайталанған еліктеуіш сөзден болған қимыл-сын пысықтауыш.
6. Қандай жылқы-ашыққан-есімшеден болған анықтауыш.
7. Қандай қарды?- қалың-сапалық сын есімнен болған анықтауыш.
8. Қандай тұяғымен?-кетпендей-туынды сын есімнен болған анықтауыш.
Құрмалас сөйлемді талдау
Құрмалас сөйлемдердің өзіндік белгілері мен түрлерін төмендегі кестелер арқылы еске түсіріп, қысқаша шолу жасаймыз.
№1 кесте Құрмалас сөйлем
№2 кесте Салалас құрмалас
Ауызша пысықтау үшін салалас құрмаласқа мына секілді сұрақтар қоюға болады:
-Құрмалас сөйлемнің қандай түрін салалас құрмалас дейміз?
-компоненттері мағына, орын тәртібі, интонация, жалғаулық шылаулар арқылы байланысып, баяндауыштары тиянақты формада келген құрмаласты салалас құрмалас сөйлем дейміз.
Мысалы, Іс бітті, қу кетті./Крылов/ Талап қою бар да, қаталдық бар. /Б.Момышұлы/
2. Салалас құрмаластың қандай өзіндік белгілері бар?
А) Салаластың құрамындағы компоненттерінің баяндауыштары тиянақты болады. /Үш жақтың бірінде тұрады/
Ә) Салаластың компоненттері жеке-жеке сөйлем бола алады.
Б) Салаластың құрамындағы сөйлемдер өз ара жалғаулық шылаулар, интонация, орын тәртібі арқылы байланысады.
3. Салаластың мағыналық түрлерін ата.
В) Олар: ыңғайлас, қарсылықты, себеп-салдар, талғаулықты, кезектес, түсіндірмелі, болып бөлінеді. Осы тәрізді сұрақтар арқылы қайталауға болады.
Қар есіліп кетті, жер дүрілдеп ерте көктей бастады. /Т.Сланов/
Талдау
Сөйлемнің түрін анықтау. /жай, құрмалас/Компоненттерін сабақтас болса, бағыныңқы, басыңқы сыңарларын айқындап, әрбір компонентті сөйлем мүшелеріне қарай талдап, шартты белгілермен көрсету керек.
Жалғаулықсыз, ыңғайлас салалас, құрмалас сөйлем.
Сұрақ –жауап әдісін жүргізіп отырамыз.
-Неге құрмалас?
-Бұл сөйлемнің құрамында екі жай сөйлем бар, күрделі ойды білдіріп тұр.
-Неге салалас?
-Мұндағы компоненттерінің баяндауыштары тиянақты болып тұр.
-Неге жалғаулықсыз?
- Компоненттері еш жалғаулықсыз ыңғайластық мағынада байланысқан.
Таяқ тиген жер жаныма батып барады, алайда сыр берген жоқпын. /Б.Момышұлы/
Талдау
Жалғаулықты, қарсылықты салалас құрмалас сөйлем.
-Неге қарсылықты дейсің?
-Бірінші сөйлемдегі ой екінші сөйлемдегі ойға қарама-қарсы айтылып тұр.
-Неге жалғаулықты?
-Компоненттері алайда жалғаулығы арқылы байланысқан.
Сабақтас сөйлемнің формалық ерекшелігі-оның бағыныңқы компонентінің баяндауышы тиянақсыз болатындығы.Оны мына кестеден көруге болады.
Осы кестелерден бұл екі сөйлемнің екі түрлі жолмен құрмаласып тұрғандығын байқауға болады.
1. Сөйлемдер тең дәрежеде байланысқан.
2. Бірінші сөйлем екінші сөйлемге бағына байланысқан.
Сабақтас құрмалас сөйлемнің оқушыларға қиындық келтіретіні-оның түрлері. Мұнда ең алдымен, басыңқыдан бағыныңқыға қарай сөйлем мүшесі сияқты сұрақ қойылатынын ескертіп алу керек. Мысалы, Қонағы домбыра тартса, ол әнімен қосылады. /Ұ. Бағаев/ деген сөйлемге «Қайтсе ол әнімен қосылады?»- «Қонағы домбыра тартса»-деп талдап көрсету керек.
№3 кесте Сабақтас құрмалас сөйлем
Мағынасына қарай |
Мысалдар |
Шартты бағыныңқылы |
Мен саған сенбесем, /қайтсем?/ бұл сырды айтпас та едім ғой. /Ә.Әбішев/ |
Қарсылықты бағыныңқылы |
Амантайды Балтабек танығанымен, /қайткенмен?/ Ботакөз танымайтын еді. |
Себеп бағыныңқылы |
Кеш тым ыстық болғандықтан, /не себепті?/ жұрт әдеті бойынша далаға шығып отырған секілді. /І.Есенберлин/ |
Мезгіл бағыныңқылы |
Бай долданып өз сақалын өзі бытырлатып жұлғанда, /қашан?/тұла бойым тік тұрды. |
Қимыл-сын бағыныңқылы |
Құс жоғары-төмен ұшып,/қалай?/ бір қанатын сабалап қаша берді. |
Мақсат бағыныңқылы |
Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып,/не мақсатпен?/ аттарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді. /М.Әуезов/
|
№4 кесте Аралас құрмалас сөйлем
Салалас+сабақтас+салалас |
сабақтас+ салалас +салалас |
сабақтас+салалас +сабақтас+салалас |
салалас+сабақтас сабақтас +салалас |
Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қаурыт еріп еді, сай- салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы кемерлеп тұр. |
Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан шайдай ашық екен де, шуақты күн түске тармасып қалған екен. |
Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, әке-шешесінің дауыстары үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөздерінің аяқталмай тоқталғаны аңдалды. |
Ол бастықтың бөлмесіне келген еді, бірақ басқа келгендер болып, көпке дейін кезек келмей, есік алдында күтіп қалды. |
Тапсырма. Берілген үлгіге сүйене отырып, сөйлемнің графикалық моделін құрастырыңыз.
Үлгі: Бұл ауыл биыл жайлауға жылдағыдан ерте көшті.
ауыл көшті
Б
ұл
биыл жайлауға жылдағыдан ерте
Күзектің суық, сұрқыл жүдеу күні бүгін Қшамада отырған Тәкежен ауылының үстінде тұр.
Мақсаты – графикалық модель құра білуге үйрету. Нәтижесінде сөздерді байланыстыра отырып, сөйлем талдаудың ретін үйренеді. Әр сөзге сұрақты дұрыс қоя білуге дағдыланды.
Өздік жұмыстың түрлері тақырыпқа байланысты түрлендіріліп беріліп отырылды. Мәтін, реферат тақырыбы бойынша жоспар жасау; мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, жоспар құру; еңбектерді жинақтап картотека жасау (сөз тіркесі немесе жай сөйлем синтаксисі бойынша т.б.); синтаксис саласы бойынша тезаурус құру; ғалымдардың еңбектері мен жарияланған мақалалар бойынша қысқа тезис дайындау; синтаксистің тіл білімі салаларымен байланысын көрсету т.б. жұмыстар іске асырылды.
Құрмалас сөйлем
а) екі
немесе бірнеше жай сөйлемнен құралып,
күрделі ойды білдіретін сөйлем
ә)
екі я одан да көп жай сөйлемдерден болып,
күрделі ойды білдіретін сөйлем
б)
екі жай сөйлем, не бірнеше жай сөйлемнен
тұрып күрделі ойды білдіретін күрделі
сөйлем
Құрмалас
сөйлемнің түрлері
Сабақтас,
салалас, аралас
Салалас
Ыңғайлас,
қарсылықты, себеп-салдар, талғаулы,
кезектес,түсіндірмелі.
Салалас
құрмалас сөйлем
а) құрамындағы
жай сөйлемдердің баяндауыштары тиянақты
болып, өзара тең дәрежеде байланысқан
құрмалас сөйлем түрі
ә) құрамындағы
екі,не одан да көп жай сөйлемдердің
баяндауыштары тиянақты болып байланысқан
құрмалас сөйлем түрі
Салалас
құрмалас сөйлем (мысал)
а) Айгүл аттан
түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай
екен.
ә) Еңбектің наны тәтті,
жалқаудың жаны тәтті.
б) Оның бұл
халіне өзгеден гөрі Гүлнардың тынышы
кетті, сондықтан ол Қызылордадан
Алмалыққа біржола көшіп келді.
Ыңғайлас
салалас құрмалас сөйлем
а)
құрамындағы жай сөйлемдердің бірінде
айтылған ойдың екіншіге мезгілдес,
бағыттас, ыңғайлас қарым-қатынаста
болатын салалас түрі.
ә) құрамындағы
жай сөйлемдердің біріндегі ойға
екіншісіндегі ой мезгілдес, бағыттас,
ыңғайлас қарым-қатынаста болып келетін
салалас
Ыңғайлас салалас құрмалас
сөйлем (мысал)
а) Қостың ар жағынан
қара кер аттың басындағы жүген сылдырады,
шөп суылдады.
ә) Көмірден май да
шығады, темір қорытатын кокс те шығады.
б)
Мен бұл арада үндемедім және үндеуді
қажет те көрмедім.
Қарсылықты
салалас
а) құрамындағы жай сөйлемдері
бір-біріне қарама–қарсы мәнде
айтылғандықты білдіретін салаластың
түрі
ә) салалас құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдері бір-біріне
қарама-қарсы мәнде айтылған
түрі
Қарсылықты салалас (мысал)
а)
Ән басылып қалды, бірақ гитара сазы
тоқталған жоқ-ты
ә)Күн сайын бір
жаңалық болады, алайда бұл жаңалық
бұрынғыдай мазасыздандырмайды
б)
Бас болмақ оңай,- бастамақ қиын.
Түсіндірмелі
салалас құрмалас
а) құрамындағы жай
сөйлемдердің алдыңғысы соңғысына
нұсқап, ал соңғысы алдыңғы сөйлемнің
мазмұнын ашатындай қарым-қатынаста
болатын салалас түрі
ә) құрамындағы
жай сөйлемдердің бастапқысы соңғысына
меңзеп, ал соңғысы бастапқы сөйлем
мазмұнын ашатындай қатынаста болатын
салаластың түрі
Түсіндірмелі салалас
құрмалас сөйлем (мысал)
а) Байжанның
әлі дағдылана алмай жүрген бір ғана
нәрсесі бар еді:
ол-Сырдария бойының
маса-сонасы мен құрт-құмырсқа, бақа-шаян
деген сияқты шақпалы жәндіктері
ә)
Оның өлеңінің балаларға әсер еткендігі
сонша – олар әлгі партизан шалды көз
алдарында шын көріп тұрғандай болды
б)
Көпшілік екі мәселеге көбірек тоқтады:
бірі-жеміс отырғызу мәселесі, бірі- ағаш
қондыру мәселесі
Себеп-салдар
салалас құрмалас
а)
құрамындағы жай сөйлемдердің алдыңғысы
соңғысының немесе соңғысы алдыңғысының
себебін білдіретін салаластың
түрі
ә)құрамындағы жай сөйлемдердің
бастапқысы кейінгісінің, не кейінгісі
бастапқысының себебін білдіретін
салалас түрі
Себеп-салдар салалас
(мысал)
а) Жүрген жерін білетін
шығар, өйткені ол да жақында Жайық
бетінен келді
ә) Бұл егіннің дәнін
қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі
менің жаным қаттырақ ауырар еді
Талғаулы
салалас құрмалас
а) құрамындағы
жай сөйлемдердің тек біреуіндегі
іс-оқиғаның жүзеге асатындығына болжам
жасауды білдіретін салаластың үрі
ә)
құрамындағы жай сөйлемдердің тек
біреуіндегі іс-оқиғаның орындалуын
болжайтын түрі
Талғаулы салалас
(мысал)
а) Бұл істің шындығын не
көзімен көрген айтар, немесе құлағымен
естіген айтар
ә) Бұл жерде я сен
тұрарсың, я мен тұрармын
б) Ауылдан
тура келесің бе, әлде жолдағы ауылдарға
соқтың ба?
в) Дәулеткелді бұның
не сөзінен қызық күтеді, не бір мінінен
әлдеқандай қызық күтеді
Кезектес
салалас құрмалас
а) құрамындағы жай
сөйлемдері арқылы берілген істің,
оқиғаның кезектесіп келуін білдіретін
салалас түрі
ә) құрамындағы жай
сөйлемдердегі іс-оқиғалар кезектесіп
келетін іс салалас түрі
Кезектес
салалас құрмалас (мысал)
а) Клубта
кейде кино болады, кейде қызықты
баяндамалар оқылады
ә) Машина
жүрісін шапшаңдатады, бірде баяулатып
әндетеді
б) Біржан біресе бұлбұл
нақысты көп ырғақты «Жиырма бесті»
созады,
біресе назды қоңыр кең тынысты
«Жанбота» шығады
Сабақтас
құрмалас сөйлем
а) құрмаластың
құрамындағы жай сөйлемдердің алғашқысы
тиянақсыз болып, соңғысына бағына
байланысқан түрі.
ә) құрмалас ішіндегі
жай сөлемдердің бастапқысы тиянақсыз
болып, кейінгісіне бағына байланысқан
түрі
Сабақтас
Шартты бағыныңқылы,
қарсылықты бағыныңқылы , себеп бағыныңқылы,
мезгіл бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы,
мақсат бағыныңқылы.
Шартты
бағыныңқы сабақтас құрмалас
а)
бағыныңқы сөйлемі басыңқы сөйлемдегі
істің шарты болып келетін сабақтастың
түрі
ә) сабақтастың бағыныңқы
бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің шарты
болып келетін түрі
Шартты бағыныңқы
(мысал)
а) Жақсы ұстаздық етсең,
болашақтан тірек табасың
ә) Көмір
неғұрлым көбейсе, өнеркәсіп соғұрлым
күшейеді
б) Ат өнері білінбес,
бәйгеге түсіп жарыспай
Қарсылықты
бағыныңқы сабақтас құрмалас
а)
басыңқыдағы іске бағыныңқыдағы айтылған
іс немесе бағыныңқыдағы айтылған іске
басыңқыдағы іске қарсы қойыла айтылған
сабақтастың түрі
ә) сабақтас
құрмалас сөйлемнің басыңқы бөлігіндегі
іске бағыныңқы бөліктегі айтылған іс
немесе бағыныңқы бөліктегі іске басыңқы
бөліктегі іс қарсы қойыла айтылған
сабақтас түрі
Қарсылықты бағыныңқы
сабақтас (мысал)
а) Абай Дәндібай
сөзінен жақсы пейілді аңғарса да, ол
кезде көмектерін алмаған-ды
ә)
Ұлберген кедей болғанмен, киім –
кешектерін таза ұстайтын
б) Жастар
білім жағынан артық бола тұра, тәжірибелі
жұмысшылардың жәрдеміне мұқтаж болады
екен
Себеп
бағыныңқы сабақтас құрмалас
а)
Бағыныңқысы басыңқыда айтылған
ойдың себебін білдіретін түрі
ә)
Сөйлемнің бағыныңқы бөлігі басыңқы
бөлігінде айтылған ойдың себебін
білдіретін түрі
Себеп бағыныңқы
(мысал)
а) Қастарында көлденең
кісілер болғандықтан, Оспан Абайға
айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ
б)
Аяғын баса алмаған соң, еңбектеп есікке
келді
в) Мұғалімнің сөйлегеніне
Кәрім шыдап отыра алмай, біресе орнынан
ұшып тұрады, біресе отырады
Мезгіл
бағыныңқы сабақтас құрмалас
а)
Бағыныңқысы басыңқыдағы істің мезгілін
білдіретін түрі
ә) Бағыныңқы
бөлігі басыңқы бөлігіндегі істің
мезгілін білдіретін түрі
Қимыл-сын
бағыныңқы сабақтас құрмалас
Бағыныңқысы
басыңқыдағы істің, амалдың қалай
орындалғанын білдіреті түрі
Қимыл
– сын бағыныңқы (мысал)
а) Сұрғылт
тұман дым бүркіп, барқыт бешпет сулайды
.
ә) Жалтыр мұзда ешбір салмақ түсірмей,
шана өзі сырғанап келе жатқан тәрізді
б)
Мезгілсіз үркіп кеткен ұйқының қайта
оралуын тоспай-ақ, жол аушылар тағы да
жолға шықты
Мақсат
бағыныңқы сабақтас
а) Бағыныңқысы
басыңқыдағы істің мақсатын білдіретін
түрі
ә) бағыныңқы бөлік басыңқы
бөліктегі істің мақсатын білдіретін
түрі
Мақсат бағыныңқы сабақтас
(мысал)
а) Ана мен балның бақытты
сәттеріне бөгет болғысы келмей,
жүріс-тұрысының сыбдырын сездірмеуге
тырысты
ә) Тұрмыс жақсы болу үшін,
еңбеккүн көп болуға тиісті
б)
Білмегенін білсем деп, оқушылар ынтығар
Көп
бағыныңқы сабақтас
а) құрамында
екі, не одан да көп бағыныңқы сөйлем бар
сабақтас түрі
ә) Құрамындағы
екіден көп бағыныңқы сөйлемі бар сабақтас
түрі
б) Бағыныңқы сөйлемдердің
әрқайсысы басыңқы сөйлеммен тікелей
байланысқан түрі
в) Бағыныңқы
сөйлемдері басыңқымен тікелей
байланыспай, өзара біріне –бірі бағынып
барып байланысқан
Аралас
құрмалас
Құрамындағы жай сөйлемдері
бір-бірімен салаласып та, сабақтасып
та байланысқан құрмалас түрі
Аралас
құрмалас (мысал)
а)Кү шығып, ел
тұра бастады, Нұрлан жоқ
ә) Қорған
кезінде топырақ араластыра тастан алған
екен де, бұл кезде қорғанның үстінде
жыңғыл мен шеңгел аралас шығып өзінше
ол да бір сән беріп тұр
б) Ақбоз
алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынан
тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай
тұқырта басып қалып еді ат етпетінен
түсті
Пайдаланылған әдебиеттер:
Ғ.Бегалиев «Қазақ тілі әдістемесі»
Исаев С.М. «Сөйлемді грамматикалық талдаудың тәсілдері», А.,1985ж.
М.Шәбжантайқызы «Ана тілім-азығым, адастырмас қазығым», Көкшетау,2002.
Тілдерді оқыту үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану. Алматы2010ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген